Қандастар Ассамблея

Keмeл шақ

08.12.2012 3324
Keмeл шақ Жетпісінші жылдардың басында «Жалын» альманағы (қазіргі журнал) жанынан балалар мен жас өспірімдерге арналған үздік шығармалар үшін жабық бәйге жарияланды. Түңғыш жүлдегерлер Оралхан Бөкей («Қайдасың, қасқа құлыным»), Тынымбай Нұрмағамбетов («Қош бол, ата») сынды кейін әдебиетіміздің, белді саңлақтарына айналған жас жазушылар еді. Солардың қатарына бұған дейін аты белгісіз Несіпбек Дәутайұлы деген жігіт осы бәйгені бірінен соң бірін үш рет иеленді. «Алма ағаштың бұтағы», «Әнім сен едің», «Ақ көгершін» атты повестерімен ол оқырмандар ықыласына бөленді. Бұл шығармалар туралы әдебиетіміздің беделі Әбіш Кекілбай: «... Несіпбек Дәутайұлы дүниелері казіргі рухани зәруімізді жіті аңғартумен қуантады»,—десе, Қадыр Мырза Әли: «Несіпбек Дәутайұлының ауқымы кең әлеуметтік мәселелерге тереңдеп бара білетіні ұнады. Повестерінде боямасыз, шынайы өмір бар, іштей күйініп, жалғандықпен жағаласып жүрген, азаматтық болмысы аппақ характерлер бар», — деп баға береді. Бұл кезде терең тарихты жіті зерттемей, бұрмалап, өңін өзгертіп шығарма жазғыштар көбейіп кетті. Несіпбек «Жол» повесінде сондай жалған жазушыларды әшкерелеп, тарихты бұрмалаудың масқара ауыр күнә екенін, ондай жазушысымақтардың зауалсыз қалмайтынын қатаң ескертеді. Қазір Н. Дәутайұлы «Құдірет пен қасірет» романын аяқтады. Кітап жазу қиынның қиыны. Ол құдірет берген таланттың ғана қолынан келеді. Ал сол кітапты басып шығару одан да қиындап кетті. Бұйырса, бүл роман да оқырманның қолына тиіп қалар. Н. Дәутайұлы жазушылығымен қоса, белгілі публицист. Баспасөзге келген ширек ғасыр ішінде ел мен жердің тарихы, тағдыры, тілі мен діні, мәдениеті мен енері, салт - дәстүрі хақында көтерген көптеген проблемалары оқырманның рухани деңгейін байытуға қызмет етіп келеді. Оның азаматтық белсенділігі, тарихи терең танымы, қандай жағдайда да шындықты жазып, ақиқаттан айнымайтын қайраткерлігі баршаға белгілі. Ешкімнің ойында әлі ешнәрсе жоқ кезінде, яғни 1980-жылдардың ортасында - ақ ол Қордай жерінде жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің шешуші шайкасы өткен Аңырақай даласының тарихын зерделеп жазып, казак халқының осы өлмес ерлігіне мәңгілік ескерткіш орнатуды алғаш ұсынып, «Аңырақай шайқасы» қорын ашты. Сондай-ақ ұлт-азаттық көтерілістерінің көсемі, Қордай жерінде мерт болған қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов туралы да баспасөзде айтылмай жүрген кейбір ақиқатты айтып жазып, оған да бүкілхалықтық ескерткіш орнату үшін «Кенесары» қорын ашқан. Жазушы осы мақсат жолындағы белсенділігін әлі де тоқтатқан жоқ. Биылғы жылдың, шілде айында әр дәуірде Қордай жерінде шоғырланған тәуелсіздіктің үш ұлы құбылысы — Қазақ хандығының алғаш шаңырақ көтергені, «Аңырақай шайқасы» және Кенесары қозғалысы туралы тарихи танымы терең телехабap түсіріп, тәуелсіздіктің осы ұлттық ерлігіне ескерткіш орнату арқылы қазақ халқының қаһармандығын ұрпақтан - ұрпаққа мәңгі өшпес өнеге етіп қалдыру мұратын тағы алға тартты.  

Keмeл шақ

Жетпісінші жылдардың басында «Жалын» альманағы (қазіргі журнал) жанынан балалар мен жас өспірімдерге арналған үздік шығармалар үшін жабық бәйге жарияланды.

Түңғыш жүлдегерлер Оралхан Бөкей («Қайдасың, қасқа құлыным»), Тынымбай Нұрмағамбетов («Қош бол, ата») сынды кейін әдебиетіміздің, белді саңлақтарына айналған жас жазушылар еді.

Солардың қатарына бұған дейін аты белгісіз Несіпбек Дәутайұлы деген жігіт осы бәйгені бірінен соң бірін үш рет иеленді.

«Алма ағаштың бұтағы», «Әнім сен едің», «Ақ көгершін» атты повестерімен ол оқырмандар ықыласына бөленді.

Бұл шығармалар туралы әдебиетіміздің беделі Әбіш Кекілбай: «... Несіпбек Дәутайұлы дүниелері казіргі рухани зәруімізді жіті аңғартумен қуантады»,—десе, Қадыр Мырза Әли: «Несіпбек Дәутайұлының ауқымы кең әлеуметтік мәселелерге тереңдеп бара білетіні ұнады. Повестерінде боямасыз, шынайы өмір бар, іштей күйініп, жалғандықпен жағаласып жүрген, азаматтық болмысы аппақ характерлер бар», — деп баға береді.

Бұл кезде терең тарихты жіті зерттемей, бұрмалап, өңін өзгертіп шығарма жазғыштар көбейіп кетті. Несіпбек «Жол» повесінде сондай жалған жазушыларды әшкерелеп, тарихты бұрмалаудың масқара ауыр күнә екенін, ондай жазушысымақтардың зауалсыз қалмайтынын қатаң ескертеді.

Қазір Н. Дәутайұлы «Құдірет пен қасірет» романын аяқтады. Кітап жазу қиынның қиыны. Ол құдірет берген таланттың ғана қолынан келеді. Ал сол кітапты басып шығару одан да қиындап кетті. Бұйырса, бүл роман да оқырманның қолына тиіп қалар.

Н. Дәутайұлы жазушылығымен қоса, белгілі публицист. Баспасөзге келген ширек ғасыр ішінде ел мен жердің тарихы, тағдыры, тілі мен діні, мәдениеті мен енері, салт - дәстүрі хақында көтерген көптеген проблемалары оқырманның рухани деңгейін байытуға қызмет етіп келеді. Оның азаматтық белсенділігі, тарихи терең танымы, қандай жағдайда да шындықты жазып, ақиқаттан айнымайтын қайраткерлігі баршаға белгілі. Ешкімнің ойында әлі ешнәрсе жоқ кезінде, яғни 1980-жылдардың ортасында - ақ ол Қордай жерінде жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің шешуші шайкасы өткен Аңырақай даласының тарихын зерделеп жазып, казак халқының осы өлмес ерлігіне мәңгілік ескерткіш орнатуды алғаш ұсынып, «Аңырақай шайқасы» қорын ашты. Сондай-ақ ұлт-азаттық көтерілістерінің көсемі, Қордай жерінде мерт болған қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов туралы да баспасөзде айтылмай жүрген кейбір ақиқатты айтып жазып, оған да бүкілхалықтық ескерткіш орнату үшін «Кенесары» қорын ашқан. Жазушы осы мақсат жолындағы белсенділігін әлі де тоқтатқан жоқ. Биылғы жылдың, шілде айында әр дәуірде Қордай жерінде шоғырланған тәуелсіздіктің үш ұлы құбылысы — Қазақ хандығының алғаш шаңырақ көтергені, «Аңырақай шайқасы» және Кенесары қозғалысы туралы тарихи танымы терең телехабap түсіріп, тәуелсіздіктің осы ұлттық ерлігіне ескерткіш орнату арқылы қазақ халқының қаһармандығын ұрпақтан - ұрпаққа мәңгі өшпес өнеге етіп қалдыру мұратын тағы алға тартты.

 

Ұқсас материалдар