Қандастар Ассамблея

Газетке хабар жазушы жастарға

08.12.2012 2381
  Газет жақсы болып шығуына толып жатқан себептер бар. Сол себептердің ең күштілері — жазылған хабардың шын болуымен бірге, оны жазғаннан халыққа өнеге шығарлық болуы. «Қазақ тілі» нің тілшілері алғашқы кездегісінен көп түзелді. Әсіресе жазғытұры съезге қатысқандарының көбі шын мағынасымен тілші болды. Тегінде тілшілікке ынта қойған кісі, тілшіліктің шарттарына өзінен-өзі үйренбек. Ол қалайша екені талай айтылып жүр. Бірақ, жұрттық көбі қолы босағанда жазады. Не біреуге ыза болғанда ғана қызады. Ол сияқты тілшілер өнемейін жалпы жақсылық-жамандықты салыстырғыш келмейді. Ондай тілшінің бастапқысынан пайда аз, (өйткені қашанғы қолын босатып отырамыз). Соңғысынан (біреуге ыза болғанда ғана жазатындардан) пайда орны¬на зарар шықпақ. Әрбір азамат ол сияқты тілшілікке қарсы болуы керек. Ел қызметімен қатынасы бар, газетке көптен жазып жүретін үйірлігі бар тілші атанып жүрген азаматтардың ішінен де сондай «мысы» шығып қалатындар болғанда, ел жұмысының маңайынан жүрмеген, газет дегенді естімесе көрмеген, хатты шала танитын жаңа оқып жүрген жастардың газетке қатынасуларында үлкен сақтық болу керек. Осы кезде қазақ жастарының іштерінен тілшілікке талабы барлар көбейіп келеді (көбінесе қысқа қарсы). Бірақ олар жас ұялар, комитеттер арқылы саяси беттерін түзеп тілшілікке азды-көпті даярлану керек (жалғыз тілшілерге емес-ау әр нәрсеге). Оның үшін қабырға газетіне көп қатынас жасасын. Сонда ғана баспа газетіне не жазу, қалай жазу керектігін біледі. Сөйтпегендіктен талапты жастардың көбінің ілгері баса алмай жүргендігі бар. Бірақ жас болғанмен, жастың бәрі бірдей емес. Бір жастық талабы таудай, ниеті түзу болып, тек білмегендігі ғана бөгет қылып жүрсе, кейбір жас білмегендігінің үстіне, былықтырғысы келгендіктен сау емес. Ондайларды екі күннің бірінде көзіміз көріп отыр. Әсіресе қысқа қарсы оқуға келген жастардың көбі газетке сөз бергіш болады (қолы биттей босап кетсе). Жазылған хабар өз тұрмыстарының жалпы халі болса жарар еді, тіпті газетке басылғанды әлдеқандай көріп, өлең сияқты бір нәрсені жазып беретіндерін де білген нұсқауыңды берудің өзі сабақ дер едік. Бірақ ен жаманы жастар елдің жаман әдетін қалаға әкеліп жүргені. Жастың көбі қалада жатып, елдегі хабарды жазады. Өзі түрін де анықтап танымайтын бір қызметкердің қылмыстарын «суреттейді». Соның бәрін әрине біреу арқылы біледі. Елден келген хатқа қарап, кезбен көргендей хабар жазады. Өзі анығын білмесе де, өз атынан жазғаны бір сәрі ғой, кейбіреуінде кісінің атынан жаза салатын бір әдет бар. Болмаса біреудің жазған хабарын беріп тұрып, өзі со бола кетуден тайынбайды. Былтыр бір баланың әкесі (Темірші болысында) пәленшемен келісе алмай жүрміз, соны сірә газетке беремісің қайтесің деп жазған хатын баласы бір себеппен бізге көрсеткені де бар еді. Елдегі жаман тәрбиеден алған жаман әдетін мәдениетті жерге (қалаға) келіп тастамақшы болып жүрген жастар езі мидай араласып біліп отырмаған әңгімесін жазудан сақ болмаса, біреудің атын жамылып өтірік айтуды әдет қылатын болса, ондай жас түбінде әлеумет қызметкері болып шыға алмайды, өзгелерді де өзінен тез бездіреді. Соның үшін жастардың естерінде болатын нәрсе, ең әуелі хат танып, саяси сауатын ашумен қатар, қабырға газетін шығарысып ысылуы, газетке не жазу керектігін танысуы. Бұ да кейін әрбір жазған хабарына өзінің жақыннан таныс болуы лайық. Ұшқары бірер хабарды жазу — жастардың әуес болмайтын нәрсесі. Ондай әдетті елдің ескілікті қайыс аяқтарынан қарызға алмай-ақ қояйық.  

 

Газет жақсы болып шығуына толып жатқан себептер бар. Сол себептердің ең күштілері — жазылған хабардың шын болуымен бірге, оны жазғаннан халыққа өнеге шығарлық болуы. «Қазақ тілі» нің тілшілері алғашқы кездегісінен көп түзелді. Әсіресе жазғытұры съезге қатысқандарының көбі шын мағынасымен тілші болды.

Тегінде тілшілікке ынта қойған кісі, тілшіліктің шарттарына өзінен-өзі үйренбек. Ол қалайша екені талай айтылып жүр. Бірақ, жұрттық көбі қолы босағанда жазады. Не біреуге ыза болғанда ғана қызады. Ол сияқты тілшілер өнемейін жалпы жақсылық-жамандықты салыстырғыш келмейді. Ондай тілшінің бастапқысынан пайда аз, (өйткені қашанғы қолын босатып отырамыз). Соңғысынан (біреуге ыза болғанда ғана жазатындардан) пайда орны¬на зарар шықпақ. Әрбір азамат ол сияқты тілшілікке қарсы болуы керек.

Ел қызметімен қатынасы бар, газетке көптен жазып жүретін үйірлігі бар тілші атанып жүрген азаматтардың ішінен де сондай «мысы» шығып қалатындар болғанда, ел жұмысының маңайынан жүрмеген, газет дегенді естімесе көрмеген, хатты шала танитын жаңа оқып жүрген жастардың газетке қатынасуларында үлкен сақтық болу керек. Осы кезде қазақ жастарының іштерінен тілшілікке талабы барлар көбейіп келеді (көбінесе қысқа қарсы). Бірақ олар жас ұялар, комитеттер арқылы саяси беттерін түзеп тілшілікке азды-көпті даярлану керек (жалғыз тілшілерге емес-ау әр нәрсеге). Оның үшін қабырға газетіне көп қатынас жасасын. Сонда ғана баспа газетіне не жазу, қалай жазу керектігін біледі. Сөйтпегендіктен талапты жастардың көбінің ілгері баса алмай жүргендігі бар. Бірақ жас болғанмен, жастың бәрі бірдей емес. Бір жастық талабы таудай, ниеті түзу болып, тек білмегендігі ғана бөгет қылып жүрсе, кейбір жас білмегендігінің үстіне, былықтырғысы келгендіктен сау емес. Ондайларды екі күннің бірінде көзіміз көріп отыр. Әсіресе қысқа қарсы оқуға келген жастардың көбі газетке сөз бергіш болады (қолы биттей босап кетсе). Жазылған хабар өз тұрмыстарының жалпы халі болса жарар еді, тіпті газетке басылғанды әлдеқандай көріп, өлең сияқты бір нәрсені жазып беретіндерін де білген нұсқауыңды берудің өзі сабақ дер едік. Бірақ ен жаманы жастар елдің жаман әдетін қалаға әкеліп жүргені. Жастың көбі қалада жатып, елдегі хабарды жазады. Өзі түрін де анықтап танымайтын бір қызметкердің қылмыстарын «суреттейді». Соның бәрін әрине біреу арқылы біледі. Елден келген хатқа қарап, кезбен көргендей хабар жазады. Өзі анығын білмесе де, өз атынан жазғаны бір сәрі ғой, кейбіреуінде кісінің атынан жаза салатын бір әдет бар. Болмаса біреудің жазған хабарын беріп тұрып, өзі со бола кетуден тайынбайды.

Былтыр бір баланың әкесі (Темірші болысында) пәленшемен келісе алмай жүрміз, соны сірә газетке беремісің қайтесің деп жазған хатын баласы бір себеппен бізге көрсеткені де бар еді.

Елдегі жаман тәрбиеден алған жаман әдетін мәдениетті жерге (қалаға) келіп тастамақшы болып жүрген жастар езі мидай араласып біліп отырмаған әңгімесін жазудан сақ болмаса, біреудің атын жамылып өтірік айтуды әдет қылатын болса, ондай жас түбінде әлеумет қызметкері болып шыға алмайды, өзгелерді де өзінен тез бездіреді. Соның үшін жастардың естерінде болатын нәрсе, ең әуелі хат танып, саяси сауатын ашумен қатар, қабырға газетін шығарысып ысылуы, газетке не жазу керектігін танысуы. Бұ да кейін әрбір жазған хабарына өзінің жақыннан таныс болуы лайық. Ұшқары бірер хабарды жазу — жастардың әуес болмайтын нәрсесі. Ондай әдетті елдің ескілікті қайыс аяқтарынан қарызға алмай-ақ қояйық.

 

Ұқсас материалдар