Қандастар Ассамблея

Бүркіт түбіне жетті

08.12.2012 2062
  Налог малдарын жазатын хабар естіле бастаған кезде, болыстың егіні пісіп, оратын уақыты жақындағандай көңілі қуаныш шаттықта еді. Жексенбі күні Бөгембай байдың үйіне түстеніп құлын сойғызып отырғанда, болыстың құрметіне жиналғаны бар, жұмыспен келгені бар айналасы 15-20 шамалы адамдар үйді басына көтеріп жатыр еді. Болыстың қалаға кеткен почтовойы Жұмабай екі танауы езуінде шүйінші сұраған кісідей мойнында ақ кигіз сөмкесі бар, кіріп келді. Қымыздың қызуы бар, құлынның буы бар шуласып отырған жұрт су сепкен оттай басыла қалды. Бәрінің көзі Жұмaбaйдa, не хабар айтар екен дегендей көздері тесіліп, Жұмабайды жеп барады. Екі қолын төбесіне қойып кестелі ақ жастықтың үстінде шалқасынан жатып сөйлеп, сұрағанға шалқасынан жатып жауап беріп, анда-санда оң қолымен маңдай шашын артына қайырып салып, ешкімді бойына теңгермей жатқан мырза, почтовой кіріп келгенде, шошыған адамдай басын жұлып алды. Жиылып отырған жұрт Жұмабайдан сөз сұрауға аузы бара алмады. Сұрағанмен Жұмабайдың мінезі шадыр, анау-мынау оңайлықпен менсініп жауап бермейтіні өздеріне аян. Болыстың төр ағасының туған жиені болып ел оны болыстан кем көрмейтін Жұмабай жалғыз жүргенде, құлын сойғызбаса да, андай-мындай жаман тоқты, лақ-мылақ сойғандарына оңай болмайтын кіші болыс еді. Енді болыс басын көтеpiп, бүйірін таянып, шашын әрі-бері түзетіп шылымын тұтатып алды да Жұмабайға қарап: — Кәне, Жұмаш (Жұмабайды Жұмаш деп еркелетіп айтқаны), не хабарың бар, айта бер жаңадан ауысқан - түйіскен үкімет бара ма екен? Почта әкелдің бе? — деп асығып үсті-үстіне керегін сұрап жатыр. Жұмабай: — Бөтен хабар жоқ, бұрынғы ауатком төр ағасы басқа жерге кететін болып, оның орнына басқа біреу келетін болыпты. — Ол кім деген екен, жаңадан келетін? — Атын айтып еді, ұмытып қалдым. Болыс күрсініп «мынаның кететін болғаны маған ұнамайды екен, үлкен сырлас едік, мені бір түрлі жақсы көруші еді. Кей кезде айтпаған сыр болмайды. Былтырғы менің үстімнен жүргізген жаман тікіректің арыздарын осы кісінің беделімен сот қалдырды ғой» деп, әкесі жаңа өлгендей болып почтаны ашып оқуды тіпті ұмытты. Жарты сағат шамасынан кейін тілмаш (қатшысы): —        Енді қайтесіз, мына келетін кісі ықтимал онан да жақсы болар, мына почта көрейік — деп, тілмаш ашып оқи бастады. Бірсыпыра қағаздарды ақтарып қарады да, ең артынан бір үлкен кек конвертті жыртып қараған кезде, болыстың орнынан түсіп, қызметін басқа біреуге, өзінің орынбасарына тапсырып, тез қалаға келуі көріне кетті. Бұрынғы қайғы қайғы ма, шықпаған жаны қалды. Почтовой (Жұмабай) болыстың түскенін, почта әкелсе де, білмейді екен. Даяр тұрған почтаны уездің кеңсесінен салып алған да жөнелген. Оның екі езуі екі құлағында болып қуанып жүргені налог жазатын қағазды алып келген. Мал жазғанда қу құлқынына бір нәрсе іліне ме деп қомағайланып, бар тілеуі сонда ғана. Жиналып отырғандар болыстың түскенін білісіп қалды. Олардың ішінде мұның түскеніне қуанатындар да бар, күйінетіндер де бар. — Болыс пен тілмаштан басқаларын, шыға тұрыңдар, — деп, Жұмабай үйдегілерді айдап жіберді. Жұмабай: — Бұл не? Түсіп қалыпсың ба? Болыс: — Түсіп қалғаны құрысын, оңашалап неге алып келмедің, жұрттың бәрі біліп қалды. Жұмабай: — Мен қайдан білейін, қалада маған ешкім айтқан жоқ, өзім хат танымаймын. Тілмаш: — Әйтеуір осы бір қазақша жазу деген пәле болды ғой, почта оқытпайтын болды. Аша бастасаң-ақ қамалап, үңіліп, не жазылғанын біліп қоймай ма? Жана мен оқып отырғанда жанымда Төлеу мұғалімнің көзі түсіп отырды, оны мен артынан байқап қалдым. Енді тамақ ішіп тез атқа мініп ауылға барып, керек жұмысты бітіріп алайық та, жұмысты бермей тұрғанда 10 шақты табақ қағазға мөр басып алайық. Және старшындар хабарланбай тұрғанда, таза адал қызмет қылған нағыз кедейшіл дегізіп мөр бастырып приговор алайық десіп, сез байласты. — Құлынның еті пісіпті. Дәм даяр болды,— деп бір кісі хабар қылды. Болыс бұрынғыдай емес жалтақтап: — Олай болса, даладағылардың бірін қалдырмай шақырыңдар, бірге жейік, — деп еді, үй иесі: — Оларды басқа үйге кіргіздік, ездеріңіз оңаша отырыңыздар, — дегеніне болмай, бірсыпыра ақсақалдарды таңдап шақырып алды. Ақсақалдар болыстық түскен- түспегендігінен бір ауыз сез де сұраған жоқ. Іштері білді де қойды. Айтайын десе, көңіліне келеді ғой деп, мүсіркеп отыр. Бұл болыс түстеніп отырған үйде сол елдің мұғалімі Телеу де бар еді. Ол әкесі тірілгендей мына болыстың түскеніне қатты қуанып отыр. Еңбек жанғандай болды. Себебі, қыстай школдың хал-жайына көзін салмай, отын-су жинатып бермей, балалар оқып алмай сандалып шыққаны кез алдына елестеп отыр. Қысты күні болыстық елден алған-салғандарын газетке жазып соттарға түсіріп жүретін. Сөйтіп, бүл түскенін сонан болды деп ойлап отыр. Оның арызының ішінде, әсіресе бір уезд елге мәлім болған Ахметжанның түйеге сатып алған бүркіті де бар еді. Бұл бес түйелік бүркітті осы болыс тамыр болып, алғашқы болыс болып барғанда, байғазың деп бар малый берсе де болмай, сол бүркітін алған. Болыс пен тілмаш тамақтанып алып, екінді-ақшам арасында жүріп кетті. Жиналғандар: — Бүркіт түбіне жеткен екен,— деп күңкілдесіп, ауыл ауылдарына тарасып қайтты.  

 

Налог малдарын жазатын хабар естіле бастаған кезде, болыстың егіні пісіп, оратын уақыты жақындағандай көңілі қуаныш шаттықта еді. Жексенбі күні Бөгембай байдың үйіне түстеніп құлын сойғызып отырғанда, болыстың құрметіне жиналғаны бар, жұмыспен келгені бар айналасы 15-20 шамалы адамдар үйді басына көтеріп жатыр еді.

Болыстың қалаға кеткен почтовойы Жұмабай екі танауы езуінде шүйінші сұраған кісідей мойнында ақ кигіз сөмкесі бар, кіріп келді. Қымыздың қызуы бар, құлынның буы бар шуласып отырған жұрт су сепкен оттай басыла қалды. Бәрінің көзі Жұмaбaйдa, не хабар айтар екен дегендей көздері тесіліп, Жұмабайды жеп барады. Екі қолын төбесіне қойып кестелі ақ жастықтың үстінде шалқасынан жатып сөйлеп, сұрағанға шалқасынан жатып жауап беріп, анда-санда оң қолымен маңдай шашын артына қайырып салып, ешкімді бойына теңгермей жатқан мырза, почтовой кіріп келгенде, шошыған адамдай басын жұлып алды. Жиылып отырған жұрт Жұмабайдан сөз сұрауға аузы бара алмады. Сұрағанмен Жұмабайдың мінезі шадыр, анау-мынау оңайлықпен менсініп жауап бермейтіні өздеріне аян. Болыстың төр ағасының туған жиені болып ел оны болыстан кем көрмейтін Жұмабай жалғыз жүргенде, құлын сойғызбаса да, андай-мындай жаман тоқты, лақ-мылақ сойғандарына оңай болмайтын кіші болыс еді. Енді болыс басын көтеpiп, бүйірін таянып, шашын әрі-бері түзетіп шылымын тұтатып алды да Жұмабайға қарап:

— Кәне, Жұмаш (Жұмабайды Жұмаш деп еркелетіп айтқаны), не хабарың бар, айта бер жаңадан ауысқан - түйіскен үкімет бара ма екен? Почта әкелдің бе? — деп асығып үсті-үстіне керегін сұрап жатыр.

Жұмабай:

— Бөтен хабар жоқ, бұрынғы ауатком төр ағасы басқа жерге кететін болып, оның орнына басқа біреу келетін болыпты.

— Ол кім деген екен, жаңадан келетін?

— Атын айтып еді, ұмытып қалдым.

Болыс күрсініп «мынаның кететін болғаны маған ұнамайды екен, үлкен сырлас едік, мені бір түрлі жақсы көруші еді. Кей кезде айтпаған сыр болмайды. Былтырғы менің үстімнен жүргізген жаман тікіректің арыздарын осы кісінің беделімен сот қалдырды ғой» деп, әкесі жаңа өлгендей болып почтаны ашып оқуды тіпті ұмытты. Жарты сағат шамасынан кейін тілмаш (қатшысы):

—        Енді қайтесіз, мына келетін кісі ықтимал онан да жақсы болар, мына почта көрейік — деп, тілмаш ашып оқи бастады.

Бірсыпыра қағаздарды ақтарып қарады да, ең артынан бір үлкен кек конвертті жыртып қараған кезде, болыстың орнынан түсіп, қызметін басқа біреуге, өзінің орынбасарына тапсырып, тез қалаға келуі көріне кетті. Бұрынғы қайғы қайғы ма, шықпаған жаны қалды.

Почтовой (Жұмабай) болыстың түскенін, почта әкелсе де, білмейді екен. Даяр тұрған почтаны уездің кеңсесінен салып алған да жөнелген. Оның екі езуі екі құлағында болып қуанып жүргені налог жазатын қағазды алып келген. Мал жазғанда қу құлқынына бір нәрсе іліне ме деп қомағайланып, бар тілеуі сонда ғана.

Жиналып отырғандар болыстың түскенін білісіп қалды. Олардың ішінде мұның түскеніне қуанатындар да бар, күйінетіндер де бар.

— Болыс пен тілмаштан басқаларын, шыға тұрыңдар, — деп, Жұмабай үйдегілерді айдап жіберді.

Жұмабай:

— Бұл не? Түсіп қалыпсың ба?

Болыс:

— Түсіп қалғаны құрысын, оңашалап неге алып келмедің, жұрттың бәрі біліп қалды.

Жұмабай:

— Мен қайдан білейін, қалада маған ешкім айтқан жоқ, өзім хат танымаймын.

Тілмаш:

— Әйтеуір осы бір қазақша жазу деген пәле болды ғой, почта оқытпайтын болды. Аша бастасаң-ақ қамалап, үңіліп, не жазылғанын біліп қоймай ма? Жана мен оқып отырғанда жанымда Төлеу мұғалімнің көзі түсіп отырды, оны мен артынан байқап қалдым. Енді тамақ ішіп тез атқа мініп ауылға барып, керек жұмысты бітіріп алайық та, жұмысты бермей тұрғанда 10 шақты табақ қағазға мөр басып алайық. Және старшындар хабарланбай тұрғанда, таза адал қызмет қылған нағыз кедейшіл дегізіп мөр бастырып приговор алайық десіп, сез байласты.

— Құлынның еті пісіпті. Дәм даяр болды,— деп бір кісі хабар қылды.

Болыс бұрынғыдай емес жалтақтап:

— Олай болса, даладағылардың бірін қалдырмай шақырыңдар, бірге жейік, — деп еді, үй иесі:

— Оларды басқа үйге кіргіздік, ездеріңіз оңаша отырыңыздар, — дегеніне болмай, бірсыпыра ақсақалдарды таңдап шақырып алды. Ақсақалдар болыстық түскен- түспегендігінен бір ауыз сез де сұраған жоқ. Іштері білді де қойды. Айтайын десе, көңіліне келеді ғой деп, мүсіркеп отыр.

Бұл болыс түстеніп отырған үйде сол елдің мұғалімі Телеу де бар еді. Ол әкесі тірілгендей мына болыстың түскеніне қатты қуанып отыр. Еңбек жанғандай болды. Себебі, қыстай школдың хал-жайына көзін салмай, отын-су жинатып бермей, балалар оқып алмай сандалып шыққаны кез алдына елестеп отыр. Қысты күні болыстық елден алған-салғандарын газетке жазып соттарға түсіріп жүретін. Сөйтіп, бүл түскенін сонан болды деп ойлап отыр. Оның арызының ішінде, әсіресе бір уезд елге мәлім болған Ахметжанның түйеге сатып алған бүркіті де бар еді. Бұл бес түйелік бүркітті осы болыс тамыр болып, алғашқы болыс болып барғанда, байғазың деп бар малый берсе де болмай, сол бүркітін алған.

Болыс пен тілмаш тамақтанып алып, екінді-ақшам арасында жүріп кетті.

Жиналғандар:

— Бүркіт түбіне жеткен екен,— деп күңкілдесіп, ауыл ауылдарына тарасып қайтты.

 

Ұқсас материалдар