Қандастар Ассамблея

Ата-баба рухымен өткен мереке

08.12.2012 2761
    Құрбан айт қабыл болсын халайық! Құрметіне бозқасқаны талайық. Ұмытпасын ұрпағымыз дәстүрін, Бабаларды бүгін еске алайық. Тілегі бір бауырластар, келіңіз, Есік ашық, дайын сізге төріміз. Тірлігіміз бірлік пенен достықта, Ниетімді дастарханнан көріңіз. Кей басшының қате кеткен қадамы Жазықсыздар болып шықты ажалы Сондықтан да тіл-дәстүрім тапталды, Тұмшалады, көмескілеп санамды. Бұрмаланды талай жылдар салтымыз, Жойылуға аз-ақ қалды халқымыз. Бұл жырлар жақында қаламызда өткен құрбан айт мерекесіне арнап жас ақын Рейімбаев Қаржаубайдың өлеңінен үзінді. Шынында да Наурыз мейрамы сияқты Құрбан айт та - кеп жылдар бойы қуғын-сүргінге ұшырап, жаңадан ғана ақталуға қол жеткізген ұлттық мерекеміз. Бұл күндері тілі мен тамыры жойылмаған иісі мұсылман дініндегі халық әулеті мен ата-бабаларын еске алып, өз өміріне қорытынды жасайды. Бабалар өсиет еткен бауырмалдық, бірлік, достық, имандылық, мейірім, үлкенді сыйлап, кішіге ағалық парыз,кемтарға көмек сияқты жақсы қасиеттерді сақтай алдық па, жамандықтан өзімізді аулақ ұстай алдық па,- міне, осындай адамгершілік баптарын бағамдайды. Сондықтан да ықылым заманнан бері тойланып, бергі жылдары қыспаққа ұшырғанмен, аты ғана емес заты да ел зердесінен жойылмаған бұл мерекенің қайта құру мен рухани түлеу, сонымен бірге осы бірге қиындығы мол кезеңдегі тәрбиелік қызметін ешкім жоққа шығара қоймас. Енді мейрамның өту суретін көз алдымызға келтірейік. Сенбі күнгі тойдың дайындығы жұма күні басталды. Шілденің осы бір салқын да самиян кешінде ,"Мұнайшылар" мәдениет үйінің алдындағы алаңға Технологиялық сұйықтарды дайындау басқармасы мен Скважиналарды күрделі жөндеу, №1 технологиялық көліктер басқармасы ( УУТТ-1) және Маңғыстау газ құрылысы тресіне қарасты құрылыс құрастыру басқармаларының үш киіз үйі тігілді. Олардың араларынан №9 мектеп Шегендеу, №2 технологиялық көліктер басқармасы , Мұнай газ өндіру басқармасы, Мұнараларды құрастыру кеңсесінің шатыр, үйлері де орын тепті. Осы кештің өзінде-ақ үй тігу, қазан-ошақ даярлау, ән-күй концерттерін ұйымдастыру сияқты жұмыстардың басы-қасында жүрген Әбішаев, Қалиев, Айтмұханбетов, Кетебаев, Мизамбаев, Ұлықпанов, Тағалбаев, Шалабаев, Телеғұсов сияқты жолдастар. Мерекелік шай Технологиялық сұйықтарды дайындау мен скважиналарды күрделі жөндеу мекемелерінде сол жұма күні кеште беріліп, өнер сайысы да басталып кетті. Мерекені құттықтауға келген Оразов пен Аяпов ақын, жыршылар айтысқа шығып, біраз жыр толғап, жиналғандар көңілін бір көтеріп тастады. Мерекенің негізгі бөлігі ертеңіне жалғасты. Сағат 10-нан өте бере-ақ киіз үй, шатыр манына көрермендер жайғасты. Талай думанды атқарып жүрген майталман жүргізушілер Қарамбетова Гүлжамал мен Рейімбаев Қаржаубай мерекенің басталғанын хабарлап, алғашқы сөзді Айдаров Асылбекке берді. Одан кейін қаламыздың имамы Ідіріс молла сөз алып, құрбан айт мерекесінің ғасырлық тарихынан мағлұмат берді. Бұл салтанаттың, жас буын тәрбиесіне игі әсерін сөз етті. Отан соғысының ардагері Досанов Сұлтанмұрат аға ұрпақ атынан айт мерекесімен құттықтады. Содан кейін мерекелік концерт жалғасын тапты. Жиналғандар дирижер Хамитов басқарған домбыра ансамблінің орындауында "Мереке", "Балбырауын", "Адай" күйлерін, "Сүйінбевтың орындауындағы Шынболат Ділдебаевтың "Шындық туралы" термесіне қол соқты. Таңқұлов, Сахиев, Мергенова, Ақшагүл Қыдырова сияқты өнерпаздардың орындаған Сәттіғұл, Нұрым, Ақтан, Наурызбек дүлдүлдердің жыр үзінділері мен термелерін тыңдаушылар жылы қабылдады. Әсіресе белгілі жыршы әрі термеші облыстық сайыстың жүлдегері Аяпов Мақсат пен облыстық ақындар айтысының жеңімпазы Оразов Қамбар арасындағы айтыста тұрмысымыздағы көлеңкелі құбылыстар сыналды. Олар мекеме басшыларының, елдің тілі мен салт-дәстүріне қырсыздықпен қарайтынын, өнер адамдарын бағалай білмейтінін жырларына арқау етті. Аяпов Мақсат "Нефтяник" мәдениет сарайын Қашаған есімімен атауды ұсынды. "Теңге, "Өзен" ауылдарына су жүргізу мен газдандырудың шабандығын сынады. Айтса айтқандай, осы Құрбан айт сияқты мерекені тойлауға қаладағы 50-дей мекемеден 9-ы ғана қатысты. Ал қалған кәсіпорындардың еңбекшілері өз басшылары туралы не ойлайды екен? Ал басшылардың халықтың ұлттық тілі мен әдет - дәстүрлерін аяқасты өте берсе, оның неге апарып соғарын сезе ме екен? Мереке соңында киіз үй иелері Ізтұрғанов Амантайға, Кемалиева Ізбидаға, Бимағанбетов Нұрбергенге және 9 мекеме ұжымдарына Құрмет грамотасы мен қазақ жазушыларының шығармалары тапсырылды. Құрбан айт халқымыздың бірлігі мен ұйымшылдығын оның ата-салты мен дінін құрмет тұтатынын тағы да дәлелдеді. 1990 ж.  

 


 

Құрбан айт қабыл болсын халайық!

Құрметіне бозқасқаны талайық.

Ұмытпасын ұрпағымыз дәстүрін,

Бабаларды бүгін еске алайық.

Тілегі бір бауырластар, келіңіз,

Есік ашық, дайын сізге төріміз.

Тірлігіміз бірлік пенен достықта,

Ниетімді дастарханнан көріңіз.

Кей басшының қате кеткен қадамы

Жазықсыздар болып шықты ажалы

Сондықтан да тіл-дәстүрім тапталды,

Тұмшалады, көмескілеп санамды.

Бұрмаланды талай жылдар салтымыз,

Жойылуға аз-ақ қалды халқымыз.

Бұл жырлар жақында қаламызда өткен құрбан айт мерекесіне арнап жас ақын Рейімбаев Қаржаубайдың өлеңінен үзінді. Шынында да Наурыз мейрамы сияқты Құрбан айт та - кеп жылдар бойы қуғын-сүргінге ұшырап, жаңадан ғана ақталуға қол жеткізген ұлттық мерекеміз. Бұл күндері тілі мен тамыры жойылмаған иісі мұсылман дініндегі халық әулеті мен ата-бабаларын еске алып, өз өміріне қорытынды жасайды. Бабалар өсиет еткен бауырмалдық, бірлік, достық, имандылық, мейірім, үлкенді сыйлап, кішіге ағалық парыз,кемтарға көмек сияқты жақсы қасиеттерді сақтай алдық па, жамандықтан өзімізді аулақ ұстай алдық па,- міне, осындай адамгершілік баптарын бағамдайды. Сондықтан да ықылым заманнан бері тойланып, бергі жылдары қыспаққа ұшырғанмен, аты ғана емес заты да ел зердесінен жойылмаған бұл мерекенің қайта құру мен рухани түлеу, сонымен бірге осы бірге қиындығы мол кезеңдегі тәрбиелік қызметін ешкім жоққа шығара қоймас.

Енді мейрамның өту суретін көз алдымызға келтірейік.

Сенбі күнгі тойдың дайындығы жұма күні басталды. Шілденің осы бір салқын да самиян кешінде ,"Мұнайшылар" мәдениет үйінің алдындағы алаңға Технологиялық сұйықтарды дайындау басқармасы мен Скважиналарды күрделі жөндеу, №1 технологиялық көліктер басқармасы ( УУТТ-1) және Маңғыстау газ құрылысы тресіне қарасты құрылыс құрастыру басқармаларының үш киіз үйі тігілді. Олардың араларынан №9 мектеп Шегендеу, №2 технологиялық көліктер басқармасы , Мұнай газ өндіру басқармасы, Мұнараларды құрастыру кеңсесінің шатыр, үйлері де орын тепті. Осы кештің өзінде-ақ үй тігу, қазан-ошақ даярлау, ән-күй концерттерін ұйымдастыру сияқты жұмыстардың басы-қасында жүрген Әбішаев, Қалиев, Айтмұханбетов, Кетебаев, Мизамбаев, Ұлықпанов, Тағалбаев, Шалабаев, Телеғұсов сияқты жолдастар. Мерекелік шай Технологиялық сұйықтарды дайындау мен скважиналарды күрделі жөндеу мекемелерінде сол жұма күні кеште беріліп, өнер сайысы да басталып кетті. Мерекені құттықтауға келген Оразов пен Аяпов ақын, жыршылар айтысқа шығып, біраз жыр толғап, жиналғандар көңілін бір көтеріп тастады. Мерекенің негізгі бөлігі ертеңіне жалғасты. Сағат 10-нан өте бере-ақ киіз үй, шатыр манына көрермендер жайғасты. Талай думанды атқарып жүрген майталман жүргізушілер Қарамбетова Гүлжамал мен Рейімбаев Қаржаубай мерекенің басталғанын хабарлап, алғашқы сөзді Айдаров Асылбекке берді. Одан кейін қаламыздың имамы Ідіріс молла сөз алып, құрбан айт мерекесінің ғасырлық тарихынан мағлұмат берді. Бұл салтанаттың, жас буын тәрбиесіне игі әсерін сөз етті. Отан соғысының ардагері Досанов Сұлтанмұрат аға ұрпақ атынан айт мерекесімен құттықтады. Содан кейін мерекелік концерт жалғасын тапты. Жиналғандар дирижер Хамитов басқарған домбыра ансамблінің орындауында "Мереке", "Балбырауын", "Адай" күйлерін, "Сүйінбевтың орындауындағы Шынболат Ділдебаевтың "Шындық туралы" термесіне қол соқты. Таңқұлов, Сахиев, Мергенова, Ақшагүл Қыдырова сияқты өнерпаздардың орындаған Сәттіғұл, Нұрым, Ақтан, Наурызбек дүлдүлдердің жыр үзінділері мен термелерін тыңдаушылар жылы қабылдады. Әсіресе белгілі жыршы әрі термеші облыстық сайыстың жүлдегері Аяпов Мақсат пен облыстық ақындар айтысының жеңімпазы Оразов Қамбар арасындағы айтыста тұрмысымыздағы көлеңкелі құбылыстар сыналды. Олар мекеме басшыларының, елдің тілі мен салт-дәстүріне қырсыздықпен қарайтынын, өнер адамдарын бағалай білмейтінін жырларына арқау етті. Аяпов Мақсат "Нефтяник" мәдениет сарайын Қашаған есімімен атауды ұсынды. "Теңге, "Өзен" ауылдарына су жүргізу мен газдандырудың шабандығын сынады.

Айтса айтқандай, осы Құрбан айт сияқты мерекені тойлауға қаладағы 50-дей мекемеден 9-ы ғана қатысты. Ал қалған кәсіпорындардың еңбекшілері өз басшылары туралы не ойлайды екен? Ал басшылардың халықтың ұлттық тілі мен әдет - дәстүрлерін аяқасты өте берсе, оның неге апарып соғарын сезе ме екен? Мереке соңында киіз үй иелері Ізтұрғанов Амантайға, Кемалиева Ізбидаға, Бимағанбетов Нұрбергенге және 9 мекеме ұжымдарына Құрмет грамотасы мен қазақ жазушыларының шығармалары тапсырылды.

Құрбан айт халқымыздың бірлігі мен ұйымшылдығын оның ата-салты мен дінін құрмет тұтатынын тағы да дәлелдеді.

1990 ж.

 

Ұқсас материалдар