Қандастар Ассамблея

Бағай тоғаны

08.12.2012 2137
  Қарқаралының Ақшатау елінде Жамшы деген өзен бойында Құлжамбек баласы Бағай деген ақсақал бар, жасы 60-қа келіп қалған. Бағай ақсақал өмірінде өзінің еңбегін ғана сүйген адам, қазақ ішінде отырып, өзі қазақ бола тұрып, шақырмай бұл жасында бір адамның есігін ашқан емес. Енді мен осы Бағайдың бір еңбегін айтайын. Жоғарғы айтылған «Жамшы»нық бас жағында бір Қояншоқы теген төбенің түбінде үлкен көзі бар қарасу болатын еді. Бұл судың алды, қатарымен боз, бетеге, тарлау, қалың шоқы тобылғы адам айтқысыз құйқалы манызды еді. Бағай ойлайтын: «әттең осы судан тоған шығарып мынау жерге егін салса, қандай астықтың астында қалар еді» деп. Бағай мұны көптен ойласа да, арзаншылық мойын бұрғызбайтын. Сөйтіп біздің Бағай бір қойға бір пұт бидайды зорға тауып алатын уақытқа кездескен соң, көп ойлайтын қарасуына бұрынғыдан да артық құмар болды. Ана айтылған қарасумен егін жайдың арасында қиын, мойны қашық 2-3 шақырымдай мейлінше биік дөң тастақ бар. Бағай осы араны екі баласымен екі жыл қазып (бір адамды да көмекке алмай) былтыр егін салған. Қазып жүргенде бір болыс ел Бағайды мазақ қылып күлген. Бағайды түртіп жүрген не сор екен, бұдан не шығады деп әуре болады екен деп. Былтыр салғанда, Бағай 4-5 пұттан бидай алыпты. Биыл байларға салдырмай алғы кедейлерден 30 үйді көрші қылып алып егінді (тұқымды) былтырғыдан 2-3 есе артық салып, биыл егіннің астында қалатын түрі бар. Енбегі жанып, егіні аттың қара қапталынан болып шыққан. Мазақ қылып күлетіндер Бағай тоғанына қойларын айдап жалынып, бидай сат деп жүрген көрінеді. . Бағай айтады білем: «өздерің тоған қазып алыңдар, мен сатпаймын» деп. Бағай тоғанының кей жерлері, тереңдігі кісі бойы, қол ұсыным, Бағай ақсақалдық екі жылдай ерні кезеріп қазған тоғаны былтырдан бері алтын берді. «Телміріп алған теңгеден, тер сіңірген тыйын жұғымды» деген осы. Көп қазақ жаздай бос жүреді. Қыдырып ішкен қымызға мәз болып, қысқы өмірді ойламайды, ойласа қара суды теріс ағызып Бағайдай болу керек. Екі жыл екі баласымен қазған Бағайдың арығын осы «үні ел «Бағай тоғаны» деп жүр. 3 адамның еңбегі 30 үйлі жанға өмірлік азық болды. Бұл еңбек тарихтан, кішкене де болса, орын алу керек. Мынау 3 адамның бейнетімен азықтанып отырған 30 үй 50 жылдан кейін талай 30 үй болса, тұқым-тұқымы Бағайды ұмытар ма? «Еңбек тойдырады, еріншек жойдырады» деген мақалға иман келтіру керек. Енді Бағайдан көріп осы күні талай адамдар су жағалап, жер сығалап жүрген көрінеді. Мұжықтың астығы артылмаған соң, қазақтық өзі еңбек қыла бастады. Түбінде, құдай бермейді, еңбек береді. 

 

Қарқаралының Ақшатау елінде Жамшы деген өзен бойында Құлжамбек баласы Бағай деген ақсақал бар, жасы 60-қа келіп қалған.

Бағай ақсақал өмірінде өзінің еңбегін ғана сүйген адам, қазақ ішінде отырып, өзі қазақ бола тұрып, шақырмай бұл жасында бір адамның есігін ашқан емес.

Енді мен осы Бағайдың бір еңбегін айтайын. Жоғарғы айтылған «Жамшы»нық бас жағында бір Қояншоқы теген төбенің түбінде үлкен көзі бар қарасу болатын еді. Бұл судың алды, қатарымен боз, бетеге, тарлау, қалың шоқы тобылғы адам айтқысыз құйқалы манызды еді. Бағай ойлайтын: «әттең осы судан тоған шығарып мынау жерге егін салса, қандай астықтың астында қалар еді» деп. Бағай мұны көптен ойласа да, арзаншылық мойын бұрғызбайтын. Сөйтіп біздің Бағай бір қойға бір пұт бидайды зорға тауып алатын уақытқа кездескен соң, көп ойлайтын қарасуына бұрынғыдан да артық құмар болды. Ана айтылған қарасумен егін жайдың арасында қиын, мойны қашық 2-3 шақырымдай мейлінше биік дөң тастақ бар. Бағай осы араны екі баласымен екі жыл қазып (бір адамды да көмекке алмай) былтыр егін салған. Қазып жүргенде бір болыс ел Бағайды мазақ қылып күлген. Бағайды түртіп жүрген не сор екен, бұдан не шығады деп әуре болады екен деп. Былтыр салғанда, Бағай 4-5 пұттан бидай алыпты. Биыл байларға салдырмай алғы кедейлерден 30 үйді көрші қылып алып егінді (тұқымды) былтырғыдан 2-3 есе артық салып, биыл егіннің астында қалатын түрі бар. Енбегі жанып, егіні аттың қара қапталынан болып шыққан. Мазақ қылып күлетіндер Бағай тоғанына қойларын айдап жалынып, бидай сат деп жүрген көрінеді. .

Бағай айтады білем: «өздерің тоған қазып алыңдар, мен сатпаймын» деп.

Бағай тоғанының кей жерлері, тереңдігі кісі бойы, қол ұсыным, Бағай ақсақалдық екі жылдай ерні кезеріп қазған тоғаны былтырдан бері алтын берді. «Телміріп алған теңгеден, тер сіңірген тыйын жұғымды» деген осы. Көп қазақ жаздай бос жүреді. Қыдырып ішкен қымызға мәз болып, қысқы өмірді ойламайды, ойласа қара суды теріс ағызып Бағайдай болу керек. Екі жыл екі баласымен қазған Бағайдың арығын осы «үні ел «Бағай тоғаны» деп жүр. 3 адамның еңбегі 30 үйлі жанға өмірлік азық болды.

Бұл еңбек тарихтан, кішкене де болса, орын алу керек. Мынау 3 адамның бейнетімен азықтанып отырған 30 үй 50 жылдан кейін талай 30 үй болса, тұқым-тұқымы Бағайды ұмытар ма?

«Еңбек тойдырады, еріншек жойдырады» деген мақалға иман келтіру керек.

Енді Бағайдан көріп осы күні талай адамдар су жағалап, жер сығалап жүрген көрінеді.

Мұжықтың астығы артылмаған соң, қазақтық өзі еңбек қыла бастады. Түбінде, құдай бермейді, еңбек береді. 

Ұқсас материалдар