Ауылдағы шаруаның күзетшісі - ауылдық кеңес

08.12.2012 2120
  Қазақта егін салу жұмысы әлі етек алған жоқ. Малдан қолын үзіп, егінге сеніп қана отырған қазақ жоқ десе де болады. Бірақ біріндеп болса да отырықшы болған, оңдап болса да, егіннің соңында жүрген қазақ әр жерден табылады. Сонда да әлі күнге егінші қазақ шыққан жоқ. Өйткені ғылым жолы түгіл, өз тәжрибесіне сүйеніп қолдан келмейтіні түгіл, оңайын істеп егін салу ісін тәртіпке салған қазақ жоқ. Көбі әлі күнге соқаға жарыған жоқ, боронаны (маланы) білмейді. Тұқым сұрыптау түсіне де кірмеген, кез келген жерге қалай болса солай жырта салып, біз егін салдық деп жүр. Егінші болу оңай жұмыс емес. Өзі туып, өзі есетін мал баласы да бағып-қағуды керек қылады. Егіншіліктің шартын орнына келтірмесең, бейнетің далаға кетеді. Қай кәсіпке еңбегін, неғұрлым көп сіңсе, соғұрлым пайдасын көрмексің. Егінді шаша салып, айғыздай салып, жүріп кету көп айналдырудан кері жеңілірек болса да, екеуінің беретін пайдасы бірдей емес қой! «...Ексең орарсың» дегенде, егу сияқты еккенді айтатын шығар, болмаса оңайлықпен пайда табыла беретін болғанда, тіпті екпей қоюдан оңай ма? Тұрмыс түртпеген қазақ егінді қолқа қылсаң да салмайды. Егінге айналған қазақтың шын егінші болуға жатпай-тұрмай ойлануы керек. Бізден әлденеше жыл бұрын егінмен көзі шыққан орыс мұжығы да ғылым жолына тегіс түсініп жетпегендіктен, бейнетті көріп жүр. Біз қазақтық егіншісіне бір к,үнде агроном болып шық! демесек те, хат танығаның, газет, журналға үйір болып, егін жайын жазған кітаптарды оқып, жылдан-жылға, жаңадан-жаңа түр табуға тырыс дей аламыз. Егінші талабына, тәжрибесіне қарай егін жұмысына мойын қояр-ақ. Бірақ әрбір егіншінің жеке ой, жеке талабының, кепке үлгі болатын, болмайтындығы бар. Егінді бетімен кез келген жерге салатын қазақтың бірі мен бірінің мұңы өмірі бір жерден шығар ма? Бірінен бірі үлгі алар ма? Сол үшін бір маңайдағы егіншілері айлас, істес, ақылдас болуы керек. Егіншілер бірі мен бірі түгіл көрші отырған мал бағушылармен ынтымақтасып отырғаны мақұл. Қазақ егіншілерінің көбі, қай жер болса сонда түкіретіні сияқты, егінді де көңілі соққан жерге бет-бетімен салып жүр. Бұл әдет — шаруа жүзінде зор кеселді әдет. Кейбір қазақ егінді жақын деп үйінін, маңайынан, жер қоримын деп жолдын аузынан, жер таңдаймын деп малдың өрісінен салады. Тәжрибе жүзінде сол есептердің бәрінің де пайдасынан зияны күшті болып шығады. Кез келген жерден егін салу көп жерді азайтады, аз жерді жоқ қылады. Егін жер таңдамайды, енбек таңдайды. Егінді ел болып бір ыңғай салса, мал өрісінің тарылмауына, күзетші қоюға, біреумен біреу жалғасуға, ең аяғы машина жалдауға себепші болады. Жыл сайын «егінімді пәленшенің малы жеді!» деп, «пәленше малымды даладан айдап алды!» деп зарлап жүретін даудың түп тамыры егінді бетімен салғандықтан шығып жүр. Ел болып егін салатын, мал бағатын жерлерін белгілеп, олардан қай мезгілде, қалай пайдаланудың жөнін күні бұрын байласып қойса, дау да, шар да болмақ емес, шаруа да күйзелмек емес. Бұл тәртіпті жеке шаруа өз беттерімен орната алмаса, елдің қамқоры ауылдық кеңестің, қалды болыстық атқару комитетінің назар салатын жөні бар. Жалпы жиылыста шаруа иелерінің келешекте не істемегіне жоспар жасалсын, ол жоспардан тентектік қылып ауа жайылғандар әкімшілік жолымен көндірілетін болсын, сонда барып шаруалардың бір-бірімен шатағы азаймақ. Ауылдағы шаруаның күзетшісі — ауылдық кеңес.   

 

Қазақта егін салу жұмысы әлі етек алған жоқ. Малдан қолын үзіп, егінге сеніп қана отырған қазақ жоқ десе де болады. Бірақ біріндеп болса да отырықшы болған, оңдап болса да, егіннің соңында жүрген қазақ әр жерден табылады. Сонда да әлі күнге егінші қазақ шыққан жоқ. Өйткені ғылым жолы түгіл, өз тәжрибесіне сүйеніп қолдан келмейтіні түгіл, оңайын істеп егін салу ісін тәртіпке салған қазақ жоқ. Көбі әлі күнге соқаға жарыған жоқ, боронаны (маланы) білмейді. Тұқым сұрыптау түсіне де кірмеген, кез келген жерге қалай болса солай жырта салып, біз егін салдық деп жүр.

Егінші болу оңай жұмыс емес. Өзі туып, өзі есетін мал баласы да бағып-қағуды керек қылады. Егіншіліктің шартын орнына келтірмесең, бейнетің далаға кетеді.

Қай кәсіпке еңбегін, неғұрлым көп сіңсе, соғұрлым пайдасын көрмексің. Егінді шаша салып, айғыздай салып, жүріп кету көп айналдырудан кері жеңілірек болса да, екеуінің беретін пайдасы бірдей емес қой! «...Ексең орарсың» дегенде, егу сияқты еккенді айтатын шығар, болмаса оңайлықпен пайда табыла беретін болғанда, тіпті екпей қоюдан оңай ма?

Тұрмыс түртпеген қазақ егінді қолқа қылсаң да салмайды. Егінге айналған қазақтың шын егінші болуға жатпай-тұрмай ойлануы керек.

Бізден әлденеше жыл бұрын егінмен көзі шыққан орыс мұжығы да ғылым жолына тегіс түсініп жетпегендіктен, бейнетті көріп жүр. Біз қазақтық егіншісіне бір к,үнде агроном болып шық! демесек те, хат танығаның, газет, журналға үйір болып, егін жайын жазған кітаптарды оқып, жылдан-жылға, жаңадан-жаңа түр табуға тырыс дей аламыз.

Егінші талабына, тәжрибесіне қарай егін жұмысына мойын қояр-ақ. Бірақ әрбір егіншінің жеке ой, жеке талабының, кепке үлгі болатын, болмайтындығы бар. Егінді бетімен кез келген жерге салатын қазақтың бірі мен бірінің мұңы өмірі бір жерден шығар ма? Бірінен бірі үлгі алар ма? Сол үшін бір маңайдағы егіншілері айлас, істес, ақылдас болуы керек. Егіншілер бірі мен бірі түгіл көрші отырған мал бағушылармен ынтымақтасып отырғаны мақұл.

Қазақ егіншілерінің көбі, қай жер болса сонда түкіретіні сияқты, егінді де көңілі соққан жерге бет-бетімен салып жүр. Бұл әдет — шаруа жүзінде зор кеселді әдет. Кейбір қазақ егінді жақын деп үйінін, маңайынан, жер қоримын деп жолдын аузынан, жер таңдаймын деп малдың өрісінен салады. Тәжрибе жүзінде сол есептердің бәрінің де пайдасынан зияны күшті болып шығады. Кез келген жерден егін салу көп жерді азайтады, аз жерді жоқ қылады. Егін жер таңдамайды, енбек таңдайды. Егінді ел болып бір ыңғай салса, мал өрісінің тарылмауына, күзетші қоюға, біреумен біреу жалғасуға, ең аяғы машина жалдауға себепші болады.

Жыл сайын «егінімді пәленшенің малы жеді!» деп, «пәленше малымды даладан айдап алды!» деп зарлап жүретін даудың түп тамыры егінді бетімен салғандықтан шығып жүр. Ел болып егін салатын, мал бағатын жерлерін белгілеп, олардан қай мезгілде, қалай пайдаланудың жөнін күні бұрын байласып қойса, дау да, шар да болмақ емес, шаруа да күйзелмек емес. Бұл тәртіпті жеке шаруа өз беттерімен орната алмаса, елдің қамқоры ауылдық кеңестің, қалды болыстық атқару комитетінің назар салатын жөні бар.

Жалпы жиылыста шаруа иелерінің келешекте не істемегіне жоспар жасалсын, ол жоспардан тентектік қылып ауа жайылғандар әкімшілік жолымен көндірілетін болсын, сонда барып шаруалардың бір-бірімен шатағы азаймақ.

Ауылдағы шаруаның күзетшісі — ауылдық кеңес. 

 

Ұқсас материалдар