Қандастар Ассамблея

Қазақ тілін құтқарайық!!!

08.12.2012 1546
( Қазақ жұртшылығына үндеу.) Қазақ тіліне мемлекеттік статус берілсін! Қадірлі дос! Сен мың жылдық мәдениеті мен тарихы, асыл дәстүрлері бар, мөлдір бұлақ суындай, домбыраның қоңыр үніндей, мәңгілік махаббаттың сыбырындай шексіз бай тілі бар ұлттың, қазақ ұлтының өкілісің. Бірақ байғайсың ба? Сол мөлдір бұлақтың тартылар, махаббат тілінің байланар түрі бар. Дәлел жетерліктей: балаларымыз ғана емес, қырма сақалдардың сөздері өз тілінде сөйлегенді ар көретін заман туды. Жастарымыз өз тілінде ән айтқанды қор көретін заман туды. Кей қазақтар алқа топта, жұмыста өз тілін қорлауын аздай көріп, өз отбасында қазақша сөйлеуге тыйым салуда. Бұл қазақ ұлтының азуы емей немене? Терісі қалың, "ішкен мас, жеген тоқ" қазақ бастықтар қазақ тілінде мекеме ісін жүргізбек түгіл, өздерінің мәңгүрттігіне басып, қазақ тілінде жиындар жүргізуге де жүректері дауаламай жүр. Біздің қазақ халқына қояр тілек: 1.Мектеп табалдырығын аттайтын әр бөбек қазақ мектебіне ғана баратын болсын. 2.         Әр       қазақ жұмыста, үйде, жиында тек қана өз тілінде сөйлейтін болсын; 3.         Әрбір  қазақ / басқа ұлт та осылай істесе құттықтаймыз / өз мекемесіндегі жиынның қазақша жүруін талап ететін болсын; Талап орындалмаған жағдайда жиынды тастап кетуі керек. 4.         Қазақ емес ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне көмек көрсетілсін. Ол үшін олардың арыздары бойынша әр мекемеде ақылы топтар ұйымдастырылсын; Қазақ тілін үйретуші қазақ тілі мұғалімдері қол үшін беруге даяр. Сондай топтарда оқуға талаптанып жүрген, тілімізді сыйлайтындардың ғана орысша сөзі тыңдалып, жауап берілсін; 5.         Байланыс бөлімшелерінде, клуб, кітап дүкендерінде, жинақ кассаларында, автобустарда, банктерде, т.б.қоғамдық орындарда қазақ тұтынушыларына қазақша ғана жауап қайтарылсын; 6.         Қазақша баламасы жоқ мекеме, сауда, т.б.орындардағы жарнамалар 12 күн ішінде қазақша баламасымен жаңартылсын; 7.         Әрбір қазақ жеделхат пен хат сыртын / республика көлемінде / қазақша ғана жазатын болсын; Байланысшылардың қабылдамаған жағдайында ол туралы мәлімет осы қоғам кеңесіне хабарлансын; Мекеме басшылары үшін талаптар: 1.         Қазақша жұмыс жүргізгісі келмейтін мекеме басшылары жұмыстан босатылсын; 2.         Қазақша сөйлей білетін, қазақ тілін сыйлайтын, қазақ тілінде іс жүргізе алатын басқа ұлт өкілдері құрметке бөленсін, басшылық жұмысқа жоғарылатылсын; 3.         Әр мекемеде қазақша мәшіңкелер болып, іс қағаздары қазақша басылсын; 4.         Осы қоғам қала басшыларының алдына техникалық, т.б. мәселелердің шешілуі жайында мәселе қозғайтын болады. Қазақ тіліне мемлекеттік статус берілсін! Сонда ғана ұл-қыздарымыз өз тілінде орта, жоғарғы оқуларға да түсіп оқитын болады. 5.         Қазақ тілінің әр мекемедегі қамқорлары "Қазақ әдебиеті" газетінің 1989 жылы 26 мамыры күні жарық көрген "Тіл тағдыры - ел тағдыры" мақаласын және осы Үндеуді әр мекемеде талқылау ұйымдастырсын. 6.         "Қазақ тіліне - мемлекеттік статус!" деген қағазға қол қойдыру басталсын. 7.         Әр мекемеде "Тілім-дінім" ана тілі қоғамына мүше болғысы келетіндер өз іштерінен жетекші сайлап, соған тізілсін. Нәтижесі "Қалалық қазақ тілі" ұйымы әдіскеріне табыс етілсін; Қадірлі дос! Тіліңді сыйлағаның, ата-баба, әулиелерді сыйлағаның, ұрпағыңа бақыт сыйлағаның !  

( Қазақ жұртшылығына үндеу.)

Қазақ тіліне мемлекеттік статус берілсін!

Қадірлі дос! Сен мың жылдық мәдениеті мен тарихы, асыл дәстүрлері бар, мөлдір бұлақ суындай, домбыраның қоңыр үніндей, мәңгілік махаббаттың сыбырындай шексіз бай тілі бар ұлттың, қазақ ұлтының өкілісің. Бірақ байғайсың ба? Сол мөлдір бұлақтың тартылар, махаббат тілінің байланар түрі бар. Дәлел жетерліктей: балаларымыз ғана емес, қырма сақалдардың сөздері өз тілінде сөйлегенді ар көретін заман туды. Жастарымыз өз тілінде ән айтқанды қор көретін заман туды. Кей қазақтар алқа топта, жұмыста өз тілін қорлауын аздай көріп, өз отбасында қазақша сөйлеуге тыйым салуда. Бұл қазақ ұлтының азуы емей немене? Терісі қалың, "ішкен мас, жеген тоқ" қазақ бастықтар қазақ тілінде мекеме ісін жүргізбек түгіл, өздерінің мәңгүрттігіне басып, қазақ тілінде жиындар жүргізуге де жүректері дауаламай жүр.

Біздің қазақ халқына қояр тілек:

1.Мектеп табалдырығын аттайтын әр бөбек қазақ мектебіне ғана баратын болсын.

2.         Әр       қазақ жұмыста, үйде, жиында тек қана өз тілінде сөйлейтін болсын;

3.         Әрбір  қазақ / басқа ұлт та осылай істесе құттықтаймыз / өз мекемесіндегі жиынның қазақша жүруін талап ететін болсын; Талап орындалмаған жағдайда жиынды тастап кетуі керек.

4.         Қазақ емес ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне көмек көрсетілсін. Ол үшін олардың арыздары бойынша әр мекемеде ақылы топтар ұйымдастырылсын;

Қазақ тілін үйретуші қазақ тілі мұғалімдері қол үшін беруге даяр. Сондай топтарда оқуға талаптанып жүрген, тілімізді сыйлайтындардың ғана орысша сөзі тыңдалып, жауап берілсін;

5.         Байланыс бөлімшелерінде, клуб, кітап дүкендерінде, жинақ кассаларында, автобустарда, банктерде, т.б.қоғамдық орындарда қазақ тұтынушыларына қазақша ғана жауап қайтарылсын;

6.         Қазақша баламасы жоқ мекеме, сауда, т.б.орындардағы жарнамалар 12 күн ішінде қазақша баламасымен жаңартылсын;

7.         Әрбір қазақ жеделхат пен хат сыртын / республика көлемінде / қазақша ғана жазатын болсын; Байланысшылардың қабылдамаған жағдайында ол туралы мәлімет осы қоғам кеңесіне хабарлансын;

Мекеме басшылары үшін талаптар:

1.         Қазақша жұмыс жүргізгісі келмейтін мекеме басшылары жұмыстан босатылсын;

2.         Қазақша сөйлей білетін, қазақ тілін сыйлайтын, қазақ тілінде іс жүргізе алатын басқа ұлт өкілдері құрметке бөленсін, басшылық жұмысқа жоғарылатылсын;

3.         Әр мекемеде қазақша мәшіңкелер болып, іс қағаздары қазақша басылсын;

4.         Осы қоғам қала басшыларының алдына техникалық, т.б. мәселелердің шешілуі жайында мәселе қозғайтын болады.

Қазақ тіліне мемлекеттік статус берілсін!

Сонда ғана ұл-қыздарымыз өз тілінде орта, жоғарғы оқуларға да түсіп оқитын болады.

5.         Қазақ тілінің әр мекемедегі қамқорлары "Қазақ әдебиеті" газетінің 1989 жылы 26 мамыры күні жарық көрген "Тіл тағдыры - ел тағдыры" мақаласын және осы Үндеуді әр мекемеде талқылау ұйымдастырсын.

6.         "Қазақ тіліне - мемлекеттік статус!" деген қағазға қол қойдыру басталсын.

7.         Әр мекемеде "Тілім-дінім" ана тілі қоғамына мүше болғысы келетіндер өз іштерінен жетекші сайлап, соған тізілсін. Нәтижесі "Қалалық қазақ тілі" ұйымы әдіскеріне табыс етілсін;

Қадірлі дос! Тіліңді сыйлағаның, ата-баба, әулиелерді сыйлағаның, ұрпағыңа бақыт сыйлағаның !

 

Ұқсас материалдар