Қандастар Ассамблея

ЖАБЫЛА ІСКЕ ЖҰМЫЛСАҚ, ЖАҒДАЙ ТЕЗ ЖАҚСАРАДЫ

08.12.2012 2181
ЖАБЫЛА ІСКЕ ЖҰМЫЛСАҚ, ЖАҒДАЙ ТЕЗ ЖАҚСАРАДЫ Қадірлі қауым! Құрметті төрбасы! Сөз бергеніңізге рахмет! Биыл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030-шы жылға дейінгі дамуымыздың ұзақ мерзімді Стратегиясын ұсынды. Бұл өз қоғамымызда да, шетелдерде де дер көзінде жасалған батыл бастама ретінде бағалануда. Ол түсінікті де еді. Үш жылдан соң жиырма бірінші ғасырға аяқ басамыз. Әлемдегі жаңа ахуал қалай қалыптаспақ? Оған ешкім де енжар қарай алмайды. Бірақ, ғасыр тоғысында басталған тарихи құбылыстардың, әсіресе кешегі кеңес кеңістіктегіндегі өзгерістердің немен тынатынын білмей тұрып, ештеңе анықталмақшы емес. Ол ендігі жерде тәуелсіз мемлекеттердің өз даму бағыттарын қаншалықты дұрыс таңдап алғандығына және оны қаншалықты табандылықпен жүзеге асырып жатқандығына байланысты болмақшы. Бұл ретте «Қазақстан – 2030» Стратегиясы тек қазақстандықтардың ғана емес, күллі әлемдік қауымдастықтың да көңілін бірлей алды. Елбасымыз қалыптасқан жағдайды байыпты талдап, бүгін қай шамада жүргенімізді дәл көрсетіп берді. Сөйтсек, тәуелсіз алты жыл үшін аз жұмыс істелмепті. Тоталитаризм тәрк етілді. Демократия қалыптасу үстінде. Егемендігімізді дүние түгел мойындады. Соған сәйкестіріп, мемлекеттік билік үлгісін пішімдедік. Бірақ, бәрі де экономика түбегейлі жаңғырған күнде ғана өзін өзі ақтаған іс боп шықпақшы. Ал мұндағы өзгеріс өлі де болса баяу. Кешегі кеңес империясының түбіне жеткен экономикалық тоталитаризм өз бетімен өмір сүріп кете алатындай бір де бір аймақ, бір де бір сала, бір де бір кәсіпорын қалдырмашы. Бір кәсіпорынның тоқырауға ұшырауы ұлттық трагедияға айналып шыға келуінің сыры да сонда. Қайта құрудың қасіреті де осында. Билікке талас саяси истеблишментті алауыздыққа ұрындырды. Ол басқару жүйесін өз-өзінен қақырата күйретті. Әлсіреп бара жатқан орталық территориялардың астамсуына жол бермес үшін кәсіпорындардың бұйдасын тым ерте мойындарына үріп жіберді. Бірақ, ондай бостандық тырп еткізбес технологиялық кіріптарлық жағдайында экономикалық истеблишменттің бейбастақ ұры-қарылық жолына түсуін заңдастырғаннан басқа еш өзгеріс әкелмеді. Кейін бір кездегі қаһарлы империяның біржола құрдымға кетуіне түрткі болған кәсіпорындарды суға батыру эпопеясы осылай басталған-ды. Енді соның зардабын тәуелсіз мемлекеттер аямай тартуда. Өз беттерімен ешқандай түпкілікті бұйым шығармай, жол-жөнекей қосалқы операцияларға маманданған ұлттық кәсіпорындар да, ондағы жұмысшы-мамандар да технологиялық дәрменсіздікке әбден бой алдыртыпты. Соның салдарынан өндіріс ықтималданбай, шағын және орта бизнес дамымай отыр. Төбеден түскен реформаға кәсіпорындар сол өндіргенімізді өндіріп-ақ нарыққа көшіп, қарық боламыз деп сенді. Шикізат пен шала бұйымның (полуфабрикаттың) капиталға айналуының қиын жолын үйренуге құлықты болмады. Ол көбіне-көп көлеңкелі экономиканың қанжығасына бұйырды. Бір кезде бәсекеден әдейі аулақтатылған өндірісті қайта жандандырудың мүмкін еместігін енді-енді түсіне бастадық. Халықаралық сұранысы мол шикізатты тұрақты валюта мен озат технология базарына шығаратын жаңа бағыттар мен ықпалдастар тауып, сол арқылы бәсекеге төтеп бере алатын өз өндірісімізді қалыптастыруға енді-енді бет бұрдық. Бәрібір басқаларға ісіміз түседі екен, кешегі қалпымызда неге отыра бермедік деушілер де табылар. Кеше екінші бір мемлекетке тікелей тәуелді едік. Оның біздің мемлекеттік де, ұлттық та дербестігімізді қаншалықты қарқ қылғанын білеміз. Ал бүгін үлкен де, кіші де тікелей ісі түсетін халықаралық нарықпен ықпалдастыққа ұмтылып отырмыз. Әзір сұраушы болуға тура көп тұрғаны рас. Бірақ толыққанды ықпалдастыққа жетісе келе, әлемдік нарық тамырына қан құятындар қатарына көтеріле алуымызға жағдай жасайтындай экономикалық және геосаяси алғышарттарға түгел ие екендігімізді уақыт көрсетіп беріп отыр. Онымызды ұнатпайтындар іште де, сыртта да аз емес. Халық сөзін сөйлегенсіп, солардың жыртысын жыртып, іштен ұрып, аяқтан шалатын ала көңіл пиғылдар да ұшырасады. Реформаға кіріскелі де кеткен кемшіліктер көп. Кемшіліктерді жібергендер де аз емес. Солай екен деп, бір-біріміздің жағамызға жармасып, жағаласып кеткеннен жағдай түзеле ме?! Жоқ. Ал соның бәрін көріп, біліп, тырп етпей қарап отырғанды, әрине, ешкім кешпейді. Ендеше, ұзақ мерзімді стратегия жасақтау сияқты ең қиын шаруаны өз мойнына алған Елбасының нар тәуекелін жұртшылықтың сонша құлшына құптауын әбден түсінуге болады. Стратегияның ұғындыруынша, адамдарымызды іскерлік бастамашылдыққа ынталандырған дұрыс. Әйтпесе, реформаның әлеуметтік аясы қалайша кеңімек? Басқаша қандай жолмен жасампаз бәсекені оятып, экономика төңірегіндегі тартыс-талас пен айла-шарғылардың аяқтарына тұсау салмақпыз? Реформаны осындай баршаға түсінікті басы ашық жолдармен жан-жақты сауықтырмайынша, жағдайдың түзеле қоймасы түсінікті болды. Кешегі кеңес қоғамы – «еліріп» те көрді, «есеңгіреп» те көрді. Енді не істемекші – соқыр ызға мінбекші ме, жоқ есін жиып, белін буып іске кіріспек пе? Осыншалық жауапты кезеңде, бәрін билік жолындағы күреске сарп ету өте қауіпті. Одан да қоғам мен реформаны әлеуметтік құштарлықтар шарпысынан арашалап алуға күш салған дұрыс. Әсіресе, бұл басқа бір уақытта басқа біреулердің жіберген келеңсіздіктерінің зардабын шегіп айырған қазақстандықтар үшін айрықша есте болатын нәрсе. Ол үшін әркім өз жағдайы мен ортақ жағдайды жақсы білмегі шарт. Ал біздің бүгінгі нақты жағдайымызға келер болсақ, Холмз біліп айтқандай: «біздің қай шамадан табылатындығымыз емес, қай бағытқа бет алып келе жатқанымыз маңыздырақ». Біздің реформа революционаризм зардабын аз тартқан жоқ. Енді оны мейлінше эволюцияландыра түсуге күш салу керек. Эволюция дегеніміз үздіксіз өзгеріс үстіндегі дүниеге бүкіл қоғам боп, жеке адам боп, үздіксіз икемделе түсу деген сөз екені белгілі. Сондықтан да, Елбасымыз: «енді ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау және реформаларымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды», – деп ескертеді. Әлемдік тәжірибе... Оған жұрттың бәрі жүгінеді. Бірақ, әркім өзіне керегін іздеп жүгіреді. Біреулер сол арқылы осындай кезеңде өз табы мен қауымының бағасын асырғысы келеді. Екінші біреулер өз ұлты, мемлекеті, мәдениетінің ерекше маңызын дәлелдегісі келеді... «Қазақстан – 2030» авторы ондай әсіре мақсат қуалаудан аулақ. Ол кешегі кеңестік кеңістіктің кейбір білгіштеріндей айырықша жол немесе «дамуға айырықша бейім субъектілер» іздеп те әуре болмайды. Әдетте, ондай-ондайға империялық астамшылық үйір етеді. Біздің Елбасымыз енді-енді қалыптасып келе жатқан жаңа әлемдік тәртіпті ескере отырып, келешекте қапы қалмауды көбірек көздейді. Ол үшін бүгін жұрттың көбі жаппай үлгі тұтып, үйрене бастаған кейбір өзара дамып жатқан қауымдардың құпиясына бізге де мұқият зер салған дұрыс. Сүйтсек, батыс европалықтар ешқандай тылсым күштің әсерімен емес, адам көбейіп, жер тарылып, үйреншікті қорек айыру мүмкіндігі күрт азайып кеткендіктен күнкөрістің соны түрлеріне көше бастапты. Басқаны қойып, діни көзқарастары мен ұстанып келген әдет-ғұрыптарын да түбегейлі қайта қарауға мәжбүр болыпты. Макс Вебердің айтуынша, әлемдік діндердің шаруашылық этикасына айта қаларлық жаңалықтар да осылай еніпті. Батыс Европа мен Солтүстік Американың, Индиядағы джайни дініндегілердің, Күнгей-Шығыс Азиядағы Қытай шашыранды топтары – хуасяоның елден ерек кәсіпкерлігінің түп себептері де осылай түсіндіріледі. Тіпті жапондардың да айрықша жолы болғыштығының арғы себебі сонау XVII-XIX ғасырлардағы Токугава дәуіріндегі будда секталары сіңірген діни-этикалық нанымдарда жатқан боп шығады. Жаңа вебершілдер Ресей өндіріс-сауда табының алпыс төрт процентін құрап, араларынан Рябушкин, Морозов, Солдатенков, Кокоревтарды туғызған ескі сенімдегілердің (старобядшылар) іскерлігін де осылай түсіндіреді. Істің шын жәйі осылай ма, жоқ па – гәп онда емес. Даусыз нәрсе – кез-келген мәдениетте өмірге деген белсенділікті, әрекетшілдікті, шаруақорлық пен сынақтылықты, дәулет жыюды қастерлейтін қағидалардың молынан табылатындығы. Алайда, олар, мәдениет түзілімінде, ұлт болып ұстанар құндылықтар жүйесінде әр елде әр қилы орындар иемденеді. Сол себепті де, олар бір мәдениеттің негізгі жұлын қағидасын құраса, екінші бір мәдениетте қосалқы қызмет атқарады. Осылай болғандықтан да, ондай қағидалар біреулердің ұлттық идеологиясына айналса, екінші бір жұрттардың ұлттық дүниетанымының әлі зерттеле қоймаған қалтарыс қабаттары болып саналды. Ондай жосықтар қазақ мәдениетінде де аз ұшыраспайды. Кез келген ертегімізде жалқаулық келеке етіліп, еңбекқорлық дәріптеліп жатады. Бірақ, бұны ешқашан басты мұрат, өзекті қағидаға айналдыра қоймаппыз. Демек, осыған негізделген құндылықтар жүйесін жасақтап, соған лайық мінез-құлық қалыптастырмаппыз. Ол, бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей туа біткен ұлттық самарқаулығымыздан емес. Тарихи тағдырымыздан. Ал тарихи тағдырдың сыртқы факторларға да аз тәуелді болмайтыны белгілі. Оның үстіне қай халың та оп-оңай және тез арада ұлт болып қалыптаса салмапты. Оны дәлелдейтін деректер жеткілікті. Олардың бәрі де экономикалық құнттылықтың объективті жағдайларға көбірек тәуелді екенін аңғартады. Қиын жағдайлар экономикалық ыждаһаттылыққа көбірек итермелепті. Демек, әуелден еңбекке бейім, не әуелден еңбекке енжар жаратылған халықтар болады деген бос әңгіме. Кез-келген қауым, бұдан әрі үйреншікті жолмен өмір сүріп, аман қала алмайтынына көзі жеткен сын жағдайдың бәрінде де қажыр-қайратына шындап мінеді екен. Біздің қазіргі бастан кешіп жатқан кезеңімізді сондай сын кезеңге жатқызуға бола ма? Әбден болады. Ол үшін дағдарысты ахуалымызды сипаттайтын көңілсіз статистиканы көлденең тартып жатудың қажеті шамалы. Бір біз ғана емес, қажет десеңіз күллі адамзат аума-төкпе ауыспалы кезеңде өмір сүріп жатыр. Бұған дейінгі ұстанып келген қағидаларымыз сыр білдіре бастады. Қоршаған табиғи және рухани ортаға деген жаңа қарым-қатынас әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Қорек көздеріміз таусылуға тақау. Оларды немен алмастыратынымыз белгісіз. Қоскіндікті дүние күйреді. Дүние үйлесімінің жаңа үлгісі әлі беймәлім. Қолда бар жетімсіз ресурстар мен игіліктерді ақылға сыйымды қып бөлісуді жүйелеуге ешкім тәуекел етпей отыр. Осындай әр-сәрі кезеңде жас мемлекетіміз бен байлығымыз көз жұмбай бөлістің оңай олжасына айналып кетпес пе екен? Табиғаттық және жамиғаттық мүмкіндіктерімізді жаңа жағдайда қайтып жарастықты дамыта аламыз? Көзіміз жетіп тұрған жалғыз ақиқат: өзі жей алмайтын шөпті қорып, шөмеле үстінде арам қатқан иттің де, үйренбеген ыдыспен ас беріп, меймандарын тойғызып, өзі аш қалған көк құтанның да күлкілі әрі күйікті ахуалдары бізді еш қызықтырмаса керек. Міне, біз үшін ең басты уайым осы болса керек. Оны мұншама ушықтырып тұрған ресурстардың жетіспеуі де, мүмкіндіктердің тапшылығы да емес, сана дағдарысы, Кеше ешкімге ұқсамаймыз деп алжассақ, бүгін өзгелердің көсегесін көгерте білген өнегеге үйренісе алмай дағдарып отырмыз. Бүкіл қауым боп әуре-сарсаңға түсіп, аномия ахуалындамыз. Ондай әрі-сәріліктен не сырттан тап болған тосын пәрмен, не намысқа мініп, бар күш-қуатты тосын дағдарыстан тез арылуға тегіс жұмсай алатын өз жігеріміз ғана шығара алады. Ондай мақсатқа өз білдігіңмен жұмыла білу өзгелердің итермелегенінен әлдеқайда тиімді екенін әлемдік тәжірибе әлденеше рет дәлелдеп берген. Латын Америкасы мен Африка-Азия елдері өткен ғасырда-ақ өркениетке күштеп көшіріле бастады. Бірақ, екінші дүниежүзілік соғыстан соң ғана өзгеріс жолына түскен Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхит елдері олардан әлдеқайда озып кетті. Өйткені, олар батыс европалық үлгілерді көзсіз көшіре салмай, өз дәстүрлеріне лайықтап өзгерте білді немесе тел мәдениеттерінен әлгілерден кем түспейтін баламалар тапты. Мәселен, жапондар экономикалық белсенділікті ұлттың ішкі құрылымының иерархиялық өзгешеліктерімен шебер үйлестіре білді. Ежелгі Русь дәстүрлеріне адалдықты айрықша күйттеген ескі сенімдегі орыстар іскерлікке келгенде былайғы орыстардан көп ілгерілік танытты, Тірі мақұлықты жеу күнә деп есептейтін джайни дініндегі үнділіктер шаруа қумай, коммерция мен финанс жолына түсіп, зор табыстарға ие болды. Демек, жаңарудың рухани алғы шарттарын іздеу дегеніміз дәстүрді не қатаң қадағалау, не атымен жоққа шығару емес екен. Қолда бар мәдени-әлеуметтік мүмкіндіктерімізді бүгінгі талаптар тұрғысынан қайта зерделеп, қайта сараптау екен. Түптеп келгенде, кез-келген мәдениеттен қоғам күш-жігерін жаңа өрелі міндетке жұмылдыруға негізгі арна болуға жарайтын ұтымды қағида тауып алуға әбден болады. Ол бұрын оқта-текте болмаса, көбіне еске түсе қоймайтын сирек қолданыстағы нақыл болуы да ғажап емес. Бірақ, қоғам тағдырын шешіп тынатын жаңа міндет оны жаңа өмірлік идеологияның өзекті тініне айналдыра алады. Қоғамдық жігерді мұншама кең қарымда іске жұмылдыру үшін, ең алдымен, мақсат саралығы, бағыт айқындығы басты шарт болып табылады. Сондықтан да, Елбасымыз күшті және әлсіз жақтарымызды, ішкі және сыртқы қауіп-қатерді мейлінше тәптіштей талдады. Ол ештеңені жасырып та қалмапты, асырып та бағаламапты. Мұндай ағынан ақтарыла сөйлеуге тек қазіргідей әуре-сарсаңға өз еркімен ұрынбаған, енді ол тығырықтан өз күшімен шығуға талаптанып жатқан мемлекеттің басшысы ғана құқылы. Бізді тәуекелге мінгізетін екі күш – табиғи байлығымыздың молдығы мен дәріптеліп жатады. Демек, жаңарудың рухани алғы шарттарын іздеу дегеніміз дәстүрді не қатаң қадағалау, не атымен жоққа шығару емес екен. Қолда бар мәдени-әлеуметтік мүмкіндіктерімізді бүгінгі талаптар тұрғысынан қайта зерделеп, қайта сараптау екен. Түптеп келгенде, кез-келген мәдениеттен қоғам күш-жігерін жаңа өрелі міндетке жұмылдыруға негізгі арна болуға жарайтын ұтымды қағида тауып алуға әбден болады. Ол бұрын оқта-текте болмаса, көбіне еске түсе қоймайтын сирек қолданыстағы нақыл болуы да ғажап емес. Бірақ, қоғам тағдырын шешіп тынатын жаңа міндет оны жаңа өмірлік идеологияның өзекті тініне айналдыра алады. Қоғамдық жігерді мұншама кең қарымда іске жұмылдыру үшін, ең алдымен, мақсат саралығы, бағыт айқындығы басты шарт болып табылады. Сондықтан да, Елбасымыз күшті және әлсіз жақтарымызды, ішкі және сыртқы қауіп-қатерді мейлінше тәптіштей талдады. Ол ештеңені жасырып та қалмапты, асырып та бағаламапты. Мұндай ағынан ақтарыла сөйлеуге тек қазіргідей әуре-сарсаңға өз еркімен ұрынбаған, енді ол тығырықтан өз күшімен шығуға талаптанып жатқан мемлекеттің басшысы ғана құқылы. Бізді тәуекелге мінгізетін екі күш – табиғи байлығымыздың молдығы мен мәдени-әлеуметтік ахуалымыздың салауаттылығы. Рас, біздің мәдени-рухани құндылық жүйеміз әлемдік тәжірибенің өзекті қағидаларымен көп ретте үйлесе бермейді, бірақ оларды зерттеп үйренуге септігін тигізе алады. Әрине, кез-келген қоғамның қандай түбегейлі өзгеріс тұсында да тапжылмайтын, сүйтіп, келесі өзгерістер көзінде негізгі рухани тірекке айнала алатын өзекті қасиеттері болады. Таптық идеология бізді ондай рухани діңгектерден жұрдай қылып, үгітке оңай көнетін, иі жұмсақ қауымға айналдырды. Ондай қоғамды қандай бағытқа да бұйдасынан ұстап жетелей жөнелу қиынға түспейді. Бірақ, Мұндай «осалдығымызды» орнымен пайдалану осындай шешуші көзде тарихи ерік көрсетпекші тұлғалардың ерекше жауапкершілікті талап ететіні түсінікті. Өзіміз жайлаған кеңістіктегі геомәдени ара салмақ бізді екі құрлық өркениетін де жатырқамауға бейім етті. Ол осы заманғы жаңаша ықпалдасуға өте-мөте қажет ашық қоғам орнатуымызға құлықты етеді. Естен шығармайтын бір нәрсе: бұдан былай ұлтты да, ұлттық мәдениетті де баяғы бір кезде қалыптасып, енді сол қалыптан ешқашан тапжылмайтын, қатып-семген реликт деп қарау дұрыс емес, тарихи қалыптасқан этно-мәдени дербестік пен аумақтық тұтастыққа ие қауымның қалған дүниемен жарастықты өмір сүруіне жағдай жасайтындай боп, үзбей толығып, үзбей жетіліп, демек үзбей өзгеріп отыратын ылғи даму үстіндегі диалектикалық тірі құбылыс деп қарастырған дұрыс. Стратегияның «Біз бүгін қай жердеміз», «Қазақстанның миссиясы» деп аталатын тараулары қазақстандықтардың реформаға артып отырған мүдделері мен үміттерін, көздейтін мақсаттарын саралап көрсетуге арналыпты. Егер олар басым маңыздылығы жағынан саты-сатыға, кезек-кезекке бөлініп, тәртіпке келтіріліп, егжей-тегжейлі жүйеленбесе, бұл құжат күллі ұлттың күш-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын стратегия мен тактика қызметін атқара алмас еді. Үшінші негізгі тарау міне, осыған еншіленіпті. Бұл ретте, ұлттық қауіпсіздіктің неге бірінші орынға қойылғаны осы көзден дау туғыза бастады. Бірақ, шындап келгенде, бұл арада таласатындай ештеңе жоқ. Баршамыз «ортақ отанымыз» саналынған Кеңес одағынан әлдеқашан айырылдық. Оны қайта оралтамыз деп дәмету енді естір құлаққа ерсі. Өйткені, ол бүгінгі әлем түгел мойын ұсынып отырған даму тенденцияларына атымен қайшы келеді. Сондықтан да тәуелсіз жас мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі азаматтарымыздың көгеріп көркеюі мен жүргізіліп жатқан реформамыздың табысқа жетуінің басты кепілі болып табылады. Оны қамтамасыз етудің алғы шарты – қоғамның ынтымағы мен ішкі саяси орнықтылығы. Бұл әуелден көп нәсілді, оның үстіне одан әрмен жіктеле түскен біздің алабажақ қоғам үшін анау айтқандай оңай міндет емес. Алайда Елбасымыз көп құрамды қоғамның орнықтылықты қамтамасыз етуде біріне-бірі бақылаушы әрі қолғабысшы бола алатындығын да байыпты ашып бере алыпты. Бұл – ешқашан өткірлігін жоғалтпайтын мәселе. Сондықтан, жақтас күштердің де, қарсылас күштердің де әсіре әупірімдігіне жол беруге болмайды. Бір өкініштісі, кеңестен кейінгі реформаны бастағандар Фридрих Хайектің белгілі ақылына құлақ аспады. «Институттарды біртіндеп жақсарту» орнына «түгелімен өзгертуден» бастады. Макроэкономикалық фанатизм әлеуметтік мәселелерді атымен қалтарыста қалдырады. Кәсіпорындардағы жаппай тұралау жаппай кедейленуді өршітті. Ол әлеуметтік әділетті сыңаржақ ұғынатын кертартпа пиғылдардың бел алуына жағдай жасады. Бұл тап пәлендей елеп-ескермейтіндей осал қауіп емес. Алексие де Токвильдің айтуынша, демократиялық мәдениеті әлі жетіспеген қоғамды реформалаудағы асығыстық кереғар күштердің текетіресін күшейтеді. Ал ол өкіметте қатал әдістер мен әрекеттерге итермелеуі ықтимал. Әдетте мұндай алғы шарттар қоғамның жаман ахуалы одан әрмен нашарлаған көзде емес, керісінше, жаман ахуал әбден нашарлап барып, енді едәуір жақсара бастаған, бірақ жұрт оны одан сайын жақсарта түсуге асығатын кезде бой көрсететін көрінеді. Сондықтанда, Стратегия қоғамдық орнықтылыққа шешуші маңыз беріп отыр. Демек, реформаның жаңа кезеңіне көшкенде макроэкономикалық процестерден гөрі микроэкономикалық процестер, саясаттан гөрі іс, саяси белсенділіктен гөрі экономикалық әрекетшілдік үстем түссе лазым. Ол үшін алдағы мақсат айқын болу керек. Сол себепті де, стратегиялық басты басымдылықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы тыңайтып, азаматтарымыздың денсаулығын, білімін және әл-ауқатын арттыруға бағышталады. Бұл арқылы, Қазақстанның көгеріп көркеюінің шын мүмкіндіктері, олардың жүзеге асуының ықтимал кескіндемесі егжей-тегжейлі нақтыланады. Еліміздің өзге дүниемен ықпалдасуының тарихи зәрулігі мен заңдылығы да әсерлі дәйектеледі. Әлгінің бәрін жүзеге асыруда мемлекеттің алатын орны мен оған қойылатын талаптар да мейлінше сарапталады. Ал соның бәрі алыс арман, құрғақ қиял боп көрінбес үшін 1998-2000 жылдары атқарылар жеті басымдық пен Үкіметке 1998 жылға қойылар сегіз нақты міндет жеке-жеке талданады. Сол арқылы ұзақ мерзімді бағдарламаны кезең-кезеңге бөліп іске асырудың, алыс келешекті біртіндеп жақындата түсудің ұғынықты әдістемесі жасалынған. Ұзақ мерзімді бағдарлаудың мұндай әдістемесі адамдардың реформаның мәні мен мақсатын, ықтимал салдарларын айқын түсіне алмаудан туындайтын әлеуметтік абыржушылықты сейілтіп, қоғамдық санаға сергек серпін бітіреді. Расын айту керек, ел ішіндегі мұндай сары уайымшылдық көбіне-көп саяси мәдениетіміздің төмендігінен өрістеп отыр. Көпшілікке демократияны пікірдегі бейпілдік, әрекеттегі дөкірлік, жаппай баққұмарлық пен жанжал құмарлық деп ұғындыруға ынтызарлық азаймай отыр. Біздің плюрализм әзірге болып жатқан өзгерістерді жоққа шығару арқылы бедел асыруды, дау-дамаймен билікке жетуді көбірек күйттеп жүр. Көп нәрсенің байыбына бармай, көпшіліктің көңілін бұзатын күйдіргі әңгімелерді қоздыруға үйір. Егер қазіргі дағдарысымыз жайында жиі айтылып жүрген пікірлерді жинақтай тұжырымдасақ, мынаған саяр еді: Президент шын жағдайды білмейді. Төңірегіндегілер мен төмендегілер жауырды жаба тоқиды. Содан өндіріс құлдырап, қылмыс көбейіп, жұмыссыздық асқындап, әл-ауқат нашарлап отыр. Қысқасы: бәріне басшылық кінәлі. Ол өзгерсе, жұмақ өз-өзінен орнай қалады. Патернализмнің бағзыдан бергі тапжылмайтын тар ұғымы. Енді осының несі теріс, несі дұрыс екенін елеп-екшеп көрелікші. Елбасы ештеңеден хабарсыз еместігіне, басқаны былай қойғанда, сөз болып отырған стратегияның өзі-ақ айқын айғақ бола алғандай. Төңірегіндегілер мен төмендегілер дұрыс мәлімет бермейді десе, кей ретте солай екені рас. Оны талай рет Президент өзі де айтып өтті. Ал бірақ, өндірістің құлдырауына тек басшылық кінәлі деп санау шын жағдайды дұрыстап түсінбейтін не әдейі түсінгісі келмейтін қияңқы көкіректен ғана туындауы мүмкін. Ондай көзқарас тек шындықты бұрмалап қоймай, күллі реформаның мән-мағынасын атымен теріс ұғындырады. Бұған сенсек, қоғам реформаның субъектісі емес, тек объектісі ғана болып шығады. Пәленің дудай қара басы да осы түсінікте жатыр. Көпшілік арасында сондай ұғым бел алып кеткендіктен де, реформа өрге баспай келеді. Оған түрткі болатын қырсыздықтар мен қырсықтардың әлі де көп екені белгілі. Әрине, қызметін жеке басына пайдалану ұят. Бармақ басты, көз қысты бизнес – нағыз қылмыс. Ал, көпшілік әлі ештеңеге түсінбей тұрғанда, реформа үстінен жем айырып қалуға тырысу – бар індеттің басы. Бұның бәріне қосылуға болады. Бірақ соның бәріне тікелей себепші болып отырған жаппай экономикалық бойкүйездікті реформа жолындағы ең басты кедергі деп емес, тек әншейін дүмбіл өз басшылар жіберіп отырған көп кемшіліктің бірі ғана деп санауға қосылу әсте мүмкін емес. Бүйтіп тұралауымыздың түп себебін тым жайдақтатып ұғындыру қоғамымыздың да, азаматтарымыздың да мүддесінен шықпайды. Осындай ең басты келеңсіздікпен көп болып күресудің орнына, тек билік орындарымен біржақты шайқас салу жағдайды жақсартпайды, ушықтырады. Ондайды көздейтін күштерді қанша ант су ішкендерімен, оң пиғылдағы оппозиция деп бағалау қиын. Оң пиғылдағы оппозиция өзінің тілеулестік келбетін тәуелсіздікті нығайтуда, реформаны тереңдетуде, халықты дағдарыстан тезірек шығаруда үкіметтің өзімен бәсекелесе алатындай нақты істерімен ғана дәлелдей алмақшы. Ол үшін өкімет те, оппозиция да қоғамның өзін-өзі жігерлендіре алатындай ішкі мүмкіндіктеріне мейлінше нәзік қарап, орнымен іске қосып отырса лазым. Ең бастысы, штаттағы қызметтен басқаны жұмыс деп қарамаушылықтан бас тартатын, соған көпшіліктің де көзін жеткізетін көз әлдеқашан келді. Қай дінге айтқызсаңыз да: пендені көкте бір тәңір, жерде тек өзі жарылқай алмақшы. Тәңір де тек сақтанғанды ғана сақтамақшы. Сақтанудың басты шарты – адал жүріп күнкөріс айыру. Демек, еңбектену. Сондықтан да қай мәдениеттің өкілі де жұмысы бар болса, ақша сұрамаған. Ақшасы бар болса, шикізат сұрамаған. Шикізат бар болса, жұмыс та, ақша да сұрамаған. Біреуі болса, қалғандарын өзі тапқан. Құдай жарылқағанда, біз шикізатқа бай елміз. Табиғи ресурсты қаржыға не технологияға айырбастау қиын емес. Тек үйлестіре білсек жарағаны. Әркім әуелі еңбекті көп қажет ететін қызмет істеп ауқаттанады. Одан қаржыны, сосын ақыл-ойды көп қажет ететін күрделі қызметтерге көбейе алады. Тап осындай жолдан өтпейінше, кез-келген ел де кемелдене алмайды. Ол да әуелі еңбекті көп қажет ететін өндірісті қолға алады, сосын әуелі қаржыны, кейін ғылыми-техникалық ойды көп қажет ететін өндірістерді жолға қояды. Нарық жағдайында басы байлаулы, аяғы тұсаулы ештеңе жоқ. Бәрі де тек өзіңе, өз қабілетіңе байланысты. Ең бастысы – табиғи шикізатқа әуелден кенде емеспіз. Соны дұрыстап ұқсата алсақ, пендеміздің де, әмбеміздің де жұлдызымыз жарқырамақшы. Ол үшін әрқайсымызға белді бекем буғызатын тәуекел, баршымызға – ауыз бірлік қана керек. Сол екеуіне қол байлау болып отырған әлеуметтік-психологиялық құрсауларды қалай бұзып шығуды дұрыс көрсетіп бере алса, жұрт – өкіметтің бе, оппозицияның ба – кімнің соңынан еретінін өздері шешеді. Президент келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтып жүзеге асатынын қалай пайымдайтынын ортаға салып, көп көңіліндегі көп күмәнді сейілтті. Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алуға, сосын жаппай көгеріп-көркею жолында жабыла еңбектенуге шақырды. Бұны не деп атасақ та, құрғақ қиял дей алмаймыз. Үйтер болсақ, билік алсам, бәріңді қарық қылам деп бәлденуді қалай атамақшымыз? Шамасы, бұндай ұшқарылыққа экономикасының жетпіс проценті жекешеленіп кеткен қоғамда мемлекет билікші емес, ықпалдас ретінде ғана әрекет ете алатындығынан бейхабар адамдар ғана ұрына алатын шығар. Ондай барлық нәрсенің бәріне бірдей билігі жүре бермейтін мемлекет отандастарын қай мәселеде де тек өз күш-жігеріне сенуге шақыруға мәжбүр. Ал өзі көпшілікке тек әрекет бостандығын қамтамасыз етуге, сосын қай тараптың да, соның ішінде мемлекеттің өзінің де, заңдастырылған ойын ережесін бұзбауын қатаң қадағалауға уәде бере алады. Осы себептен де, «Қазақстан - 2030» Стратегиясы адам факторын дамудың ең мықты басымдығы ретінде ең жоғарғы орынға қояды. Сүйтіп, адамдарды өздеріне сенуге шақырады. Тек сондай адам ғана қалыптасып отырған жағдайға қапысыз қаныға алады. Тек сондай адам ғана өз мүмкіндіктерін жете бағалап, қандай іске қалай жұмылу керектігі жайында дұрыс қорытындылар жасай алады. Тек сонда ғана жалқының ғана емес, жалпының да келешегімізге деген сенімі нығайып, күллі ел боп іске жұмыла аламыз. Бұл арада Елбасы өз парызын абыроймен атқарып шықты. Ендігісі – әрқайсымыздың өз қолымызда. Көп нәрсе Стратегияның көздеген мақсатын көпшілікке дұрыс жеткізуге байланысты болмақшы. Оны да қасаң қағидаға айналдыру қиын емес. Қазіргідей кім-кімнің де тісі қышып, тілі ұзарып тұрған тұста не қилы бейпіл әңгімеге беріліп, қай бастаманың да қадірін түсіру оп-оңай. Бірақ, олай ету – өзіңе жаның ашымау, еліңе жаның ашымау болып шығар еді. Саяси цинизм дегеніміз де осыдан өрбиді. Олай болса, Президент бастамасын қолдап, сөз болып отырған стратегиялық міндеттерді әр қилы дәрежедегі мүдделі топтардың, әр адамның өз шама-шарықтарына қарай шақтап, өз бойларына сыйымды қып кесіп-пішілген өз бағдарламаларын жасауларына жәрдемдесу – саяси кемелділіктің белгісі болып табылмақшы. Қандай Стратегия да тек осылай нақтыланғанда ғана іске аса алады. Бұл арада біз өзіміздің де, өзгелердің де пайдалы тәжірибесіне көп жүгінуге мәжбүр боламыз. Әсіресе, өзіміздің есепке алынбай жатқан ішкі мүмкіндіктерімізге айрықша назар аударғанымыз жөн. Біздіңше, ондай мүмкіндіктеріміз аз емес. Мәселен, қазақтар да, жапондар сияқты ұлттық тұтастықтың иерархиялық құрылымын жүйелі жасақтаған халық. Жапондар жаңару кезеңінде сондай жүйені ескі деп ысырып тастамай, жанұялық деңгейде де, фирма, компания, синдикат сынды корпоративті деңгейде де, тіпті бүкіл ұлттық деңгейде де ұйымшылдық ұйытқысына айналдырып, қоғамның экономикалық гүлденуіне жемісті қызмет еткізе алды. Ал біз неге өйте алмай отырмыз? Себеп біреу: біз өз дәстүрлерімізді өткен ұрпақтардың пайдалы не өнегелі тәжірибесі деп емес, кертартпа ескіліктің кесірлі қалдығы деп түсінуге үйренгенбіз. Оның үстіне, көп жұрт, мәселен, батыс европалықтар жаңаруды өзінің ұлттық дамуының заңды жалғасы ретінде жайбарақат қабылдады. Жапондар да оған өз ұлттық дамуын ешқашан үзбестен келді. Сондықтан, олардың қоғамдық санасындағы сабақтастық тіні өте мықты. Ал қазақтарға басқа жазмыш бұйырыпты. Патшалы Ресей оларды мемлекеттіліктен, өз билеу үрдісінен, тарихи қалыптасқан ұйымшылдық ұйытқысынан айырды. Баяғыдағы Жер реформасы ежелгі шаруашылық жүйесінің де тас-талқанын шығарды. Сүйтіп, қырдағы көшпелі қоғам өз бетімен тіршілік ете алардай жора-жолын үстіміздегі ғасырдың басына дейін түгел сарқып бітті. Бұндай дағдарыс Алаш қозғалысын дүниеге әкелді. Ол қазақтардың жалпы адамзаттық прогресс арнасында дамуға бет бұруына мұрындық болатындай өз мемлекетін қалыптастырғысы келді. Бірақ, коммунистік режим қазақтарды қайдағы бір құрғақ қиялдармен бастарын айналдырып, әлгіндей мақсаттан әбден күдер үздірді. Көбіміз өз қағымыздан өзіміз жеріп, жат болып кетуге айналдық. Тапшыл идеология жікшілдікті қоздырып, ұлттық татулық тамырына балта шапты. Ұжымдық ыңғайластық, қауымдық ыңғайластықтан да асып түсіп, жеке мүдденің жөлкесіне шүйілді. Сонда біздің экономикалық енжарлығымыз қайдағы туа біткен қасиет болады?! Бұл – шет аймақтағы жұртты адам ретінде де, ұлт ретінде де өздерінен өздері безіп кетулеріне күш салған жымысқы саясаттың қасіретті салдары. Ол мақсатқа әлгі әзәзіл саясат біздің дәстүрлеріміздің бірқатарын атымен жоққа шығарып, екіншілерінің тонын айналдырып, теріс пайдаланып, үшіншілерін қасақана әспеттеу арқылы жетті. Нәтижесі адам таңғалатындай! Осы ғасырдың басында даму жағынан бізден әлдеқайда кейін жатқан аңшы, балықшы, терімші, жартылай егін егумен шұғылданған талай-талай «қауымдар» басқа тарихи жағдайда нарық қатынастарына баулынып, іскерлік пен кәсіпкерлікте бізден әлдеқашан ілгері озып кетті. Ал біздің бұл саладағы кенделігімізді бір-ақ мысалдан көруге болады. Басқаны былай қойғанда, біздің бабаларымыз бір кезде көшпелілер, демек, кең байтақ кеңістіктерді жедел меңгеріп, күллі құрлықтардың геосаяси жағдайын түбегейлі өзгертуге мәжбүр еткен, сүйтіп өз тұсындағы айта қаларлықтай бастамашыл қауым болды дегенге бүгін айтсаң ешкім сенбейтіндей. Социалистік отаршылдық бізді жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданатын жартылай патриархалдық резервацияларға қуып тықты. Өз жерімізден табылып жатқан байлықты игерісуге, жедел дамып жатқан жаңа өндірістерге тартуға ықыластық көрсетпеді. Сөйтіп, қоныс аударғанды жанымыз сүймейтін, төңірегіміздегі табиғи орта мен жаңа еңбек салаларын игеруге зауқымыз соқпайтын әлеуметтік самарқаулыққа аямай бой алдырдық. Бұл бүгін реформаны жеделдетуге, еңбек күштерін геоэкономикалық және демографиялық ерекшеліктерімізді ескере отырып, ақылға сыйымды қып жаңаша орналастыруға, елімізді қалалық тұрмысқа жақындатуға, инфрақұрылымдар мен байланысты ықтималдандыруға көрер көзге қолбайлау болып отыр. Бәрін жоспарлап, алдын-ала кесіп-пішіп отыратын орталықтың жымысқы есептері салдарынан түпкілікті халықтың басым көпшілігі табысы жоқ, шығыны мол, жетілуге бейім емес, ең болмаса, өзі өндірген өнімді өз керегіне ұқсата алмайтын қарабайыр агрошаруашылықпен шұғылданып келді. Егер Қазақстанды индустрияландырудың соншалықты кең қарымы мен жұмсаған қыруар қаржысын ескерсек, бұндай кереғарлықты жұмыс орны немесе жалақы қоры тапшылығынан болған деп түсіндіре алмасақ керек. Аудандастыруда да арам пиғылдар аз болмаған. Аумақтық бөліну патриархалдық этноқұрылымның жіктелу шекараларымен сәйкес түседі. Ал, бірақ, оны билеу жүйесі бұрынғы қауымдық демократияға тән жариялылықпен, ашық талас пен сөзге тоқтауға, жақсыларды сұрыптау мен ұлықтаудың жоралы жолдарымен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Мұндай анохронизм ішкі ықпалдастықтың бір кездегі хандық мемлекеттілік тұсындағыдан күрт төмендеп, аталастық, руластық, тайпаластық дәрежеге дейін құлдырауына жол берді. Сөйтіп, кеңес саясаты, шынтуайтқа келгенде, қазақ қауымының қауқарсыздана, қазақ санасының құнарсыздана түсуіне мүдделі болды. Бұл үшін ұлтты емес, жылдар бойы оны төл сипатынан айырып, әдейі тоқыратып, біржолата жойылып тынғанын көздеген жымысқы саясатты күстаналауымыз керек. Сыннан өткен дәстүрлерін ұмытып, меридиан бойымен көшіп-қонатын үйреншікті шаруашылығына қажетті ұлан-ғайыр өрістері мен табиғи суаттарынан ада болған қазақ ауылы ғасырлап қалыптасқан өзін-өзі асырау, өзін-өзі қастерлеу, өзін-өзі сақтау иммунитеттерін де біртіндеп жоғалта бастады. Кеңестік кезең индустриялану ауылшаруашылығын бүгінгі ғылыми-техникалық прогресспен қаруланған агроөнеркәсіпке айналдыра алмай-ақ кетті. Сөйтіп, таптық интернациоанализм мен социалистік гуманизм қазақтардың ұлттық қасиеттерінен – тілін де, дінін де, тарихын да, дәстүрлі ұлттық құрылымын да емес, көпіртіп көп айтыла беретін атадан балаға ауысып келе жатқан мал баққыштығын ғана мейлінше қолдап бағыпты. Соның қырсығынан, міне, бүгін не шаруа, не жұмысшы бола алмаған әрі-сәрі қауым нарыққа бейімделудің парқына жетісе алмай, азап тартуда. Осыншама ақылға сыймастай боп жұлмаланған экономгеографиямыз бен экономпсихологиямыз қоғамымызды қайтадан ықтималдандыруды көз апара қиындатып отыр. Енді, міне, ауылдың әлгіндей күйзелісті халін түзетпейінше, Қазақстан реформасы қарыштап кете алмасы хақ. Ал ол үшін ауыл тұрғындарын, әсіресе, жастарды осы заманғы нарық экономикасына, индустрияға, инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласына мейлінше көптеп тартудан басқа амал қалмайды Тек бір нәрсені ес көрген жөн. Ауылды ұлттық болмысымыздың көсегесін көгертетін бірден-бір ая ретінде асыра әспеттеумен де, оны ешқандай өзгертіп-жаңартуға болмайтын әлеуметтік реликт, тіпті отандық реформаның астына қойылған ең қауіпті қопарылғыш бомба ретінде сипаттап, асыра күстаналаумен де еш келісуге болмайды. Түптеп келгенде, ауыл біздің реформамыздың ең маңызды, ең басты басымдығы болып табылады. Біз бұны өткен үшін біреуден өш алу үшін айтпаймыз. Бүгінгі тақсіреттің тек бүгіннен өрбімегенін, оның бәріне тек өзіміз ғана немесе тек бүгінгі ұрпақ қана айыпты емес екенін, бірақ одан тездетіп құтылуды тек өзіміз ғана – тек бүгінгі ұрпақ қана жүзеге асыра алатындығымызды түсінуіміз үшін айтамыз. Бүгінгі тоқтап қалған өндіріс, тұралап қалған тұрмыс, азып жатқан тәрбие, арып жатқан мәдениет үшін жап-жас тәуелсіздігіміздің титтей де кінәсі жоқтығын ұғыну үшін айтамыз. Оны жариялауға бір күн жетеді. Шындап тәуелсіз болу үшін көп жыл керек. Отаршылдық өзінен құтылса да, сорынан құтыла алмайтындай қып, құзғын қақпандарын құжынатып құрып кеткен. Даламызға ғана емес, санамызға да құрып кеткен. Келешегіміздің де тірсегін қырықпасын десек, оның бәрін біз іздеп тауып, біз жүріп аршып алуымыз керек. Демек, стратегиялық міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін тек жоғарыдағыларға ғана емес, төмендегілерге де, әсіресе, әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық болмысымызға байланысты бірқатар мәселелер төңірегінде мықтап ойлануға тура келеді. Бұл арада, реформаның тарихи процесс екенін ешқашан естен шығармаған абзал. Ұқсас жағдайлар ұқсас шешімдер талап етері хақ. Бұндай көзде алдыңғы ұрпақтар қалдырған тәжірибені аттап өте алмаймыз. Оларға өзіміздікі не өзгенікі екендігіне емес, қазіргі қалыптасып отырған жағдайымызға қаншалықты сәйкес келетіндігіне қарап, маңыз берсек ғанибет. Ең бастысы, осы заманғы саясат тек ұлттық мүдделерді ғана емес, ең алдымен, адамзаттық мүдделерді қапысыз ескеруді талап етеді. Нарық пен демократия, сол арқылы индустрияланудан кейінгі үрдіс дамуға батыл бет бұру – дәл сондай күллі адамзаттық мүдде. Ол үшін тарих алдында өкімет пен қоғам бірге жауап береді. Ырғақты даму тұсында отаншылдық тіршілік аясын мейлінше кеңейту арқылы көрінсе, үрдіс даму тұсында сол кеңістік мүмкіндіктерін жете игеру арқылы көрінеді. Ол үшін кез келген ел мен ұлт кез келген салада есесін ешкімге жібермейтіндей боп, бәсекеге төтеп бере алуы керек. Ал ол тек азаматтары соған жарай алған қоғамдардың ғана қолынан келмекші. Бұл реформа, кәсіпкерлік төңірегіндегі ахуалды мейлінше ізгілендіре түсуге, олардың тартымдылығын барынша арттыруға баса көңіл бөлуді талап етеді. Ол үшін ең алдымен прагматистік сана қалыптастыруға басты маңыз бермесек болмайды. Бұрын білімді тым идеологияландырып жіберіппіз. Оны гумандандыру деп түсіндірдік. Шын гуманизм – адамдарды өзіне-өзі риза болатындай өмір сүруге, ұрпақтарының қамын қапысыз қамдастыра білуге баулу ғой. Білім мен мәдениет те сол үшін керек қой. Ал біз балаларымыз санасын ешқашан тікелей қажетіне жарамайтын

ЖАБЫЛА ІСКЕ ЖҰМЫЛСАҚ, ЖАҒДАЙ ТЕЗ ЖАҚСАРАДЫ

Қадірлі қауым!

Құрметті төрбасы!

Сөз бергеніңізге рахмет!

Биыл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030-шы жылға дейінгі дамуымыздың ұзақ мерзімді Стратегиясын ұсынды. Бұл өз қоғамымызда да, шетелдерде де дер көзінде жасалған батыл бастама ретінде бағалануда.

Ол түсінікті де еді. Үш жылдан соң жиырма бірінші ғасырға аяқ басамыз. Әлемдегі жаңа ахуал қалай қалыптаспақ? Оған ешкім де енжар қарай алмайды. Бірақ, ғасыр тоғысында басталған тарихи құбылыстардың, әсіресе кешегі кеңес кеңістіктегіндегі өзгерістердің немен тынатынын білмей тұрып, ештеңе анықталмақшы емес. Ол ендігі жерде тәуелсіз мемлекеттердің өз даму бағыттарын қаншалықты дұрыс таңдап алғандығына және оны қаншалықты табандылықпен жүзеге асырып жатқандығына байланысты болмақшы.

Бұл ретте «Қазақстан – 2030» Стратегиясы тек қазақстандықтардың ғана емес, күллі әлемдік қауымдастықтың да көңілін бірлей алды.

Елбасымыз қалыптасқан жағдайды байыпты талдап, бүгін қай шамада жүргенімізді дәл көрсетіп берді. Сөйтсек, тәуелсіз алты жыл үшін аз жұмыс істелмепті. Тоталитаризм тәрк етілді. Демократия қалыптасу үстінде. Егемендігімізді дүние түгел мойындады. Соған сәйкестіріп, мемлекеттік билік үлгісін пішімдедік. Бірақ, бәрі де экономика түбегейлі жаңғырған күнде ғана өзін өзі ақтаған іс боп шықпақшы. Ал мұндағы өзгеріс өлі де болса баяу. Кешегі кеңес империясының түбіне жеткен экономикалық тоталитаризм өз бетімен өмір сүріп кете алатындай бір де бір аймақ, бір де бір сала, бір де бір кәсіпорын қалдырмашы. Бір кәсіпорынның тоқырауға ұшырауы ұлттық трагедияға айналып шыға келуінің сыры да сонда. Қайта құрудың қасіреті де осында. Билікке талас саяси истеблишментті алауыздыққа ұрындырды. Ол басқару жүйесін өз-өзінен қақырата күйретті. Әлсіреп бара жатқан орталық территориялардың астамсуына жол бермес үшін кәсіпорындардың бұйдасын тым ерте мойындарына үріп жіберді. Бірақ, ондай бостандық тырп еткізбес технологиялық кіріптарлық жағдайында экономикалық истеблишменттің бейбастақ ұры-қарылық жолына түсуін заңдастырғаннан басқа еш өзгеріс әкелмеді. Кейін бір кездегі қаһарлы империяның біржола құрдымға кетуіне түрткі болған кәсіпорындарды суға батыру эпопеясы осылай басталған-ды. Енді соның зардабын тәуелсіз мемлекеттер аямай тартуда. Өз беттерімен ешқандай түпкілікті бұйым шығармай, жол-жөнекей қосалқы операцияларға маманданған ұлттық кәсіпорындар да, ондағы жұмысшы-мамандар да технологиялық дәрменсіздікке әбден бой алдыртыпты. Соның салдарынан өндіріс ықтималданбай, шағын және орта бизнес дамымай отыр. Төбеден түскен реформаға кәсіпорындар сол өндіргенімізді өндіріп-ақ нарыққа көшіп, қарық боламыз деп сенді. Шикізат пен шала бұйымның (полуфабрикаттың) капиталға айналуының қиын жолын үйренуге құлықты болмады. Ол көбіне-көп көлеңкелі экономиканың қанжығасына бұйырды. Бір кезде бәсекеден әдейі аулақтатылған өндірісті қайта жандандырудың мүмкін еместігін енді-енді түсіне бастадық. Халықаралық сұранысы мол шикізатты тұрақты валюта мен озат технология базарына шығаратын жаңа бағыттар мен ықпалдастар тауып, сол арқылы бәсекеге төтеп бере алатын өз өндірісімізді қалыптастыруға енді-енді бет бұрдық. Бәрібір басқаларға ісіміз түседі екен, кешегі қалпымызда неге отыра бермедік деушілер де табылар. Кеше екінші бір мемлекетке тікелей тәуелді едік. Оның біздің мемлекеттік де, ұлттық та дербестігімізді қаншалықты қарқ қылғанын білеміз. Ал бүгін үлкен де, кіші де тікелей ісі түсетін халықаралық нарықпен ықпалдастыққа ұмтылып отырмыз. Әзір сұраушы болуға тура көп тұрғаны рас. Бірақ толыққанды ықпалдастыққа жетісе келе, әлемдік нарық тамырына қан құятындар қатарына көтеріле алуымызға жағдай жасайтындай экономикалық және геосаяси алғышарттарға түгел ие екендігімізді уақыт көрсетіп беріп отыр. Онымызды ұнатпайтындар іште де, сыртта да аз емес. Халық сөзін сөйлегенсіп, солардың жыртысын жыртып, іштен ұрып, аяқтан шалатын ала көңіл пиғылдар да ұшырасады. Реформаға кіріскелі де кеткен кемшіліктер көп. Кемшіліктерді жібергендер де аз емес. Солай екен деп, бір-біріміздің жағамызға жармасып, жағаласып кеткеннен жағдай түзеле ме?! Жоқ. Ал соның бәрін көріп, біліп, тырп етпей қарап отырғанды, әрине, ешкім кешпейді. Ендеше, ұзақ мерзімді стратегия жасақтау сияқты ең қиын шаруаны өз мойнына алған Елбасының нар тәуекелін жұртшылықтың сонша құлшына құптауын әбден түсінуге болады. Стратегияның ұғындыруынша, адамдарымызды іскерлік бастамашылдыққа ынталандырған дұрыс. Әйтпесе, реформаның әлеуметтік аясы қалайша кеңімек? Басқаша қандай жолмен жасампаз бәсекені оятып, экономика төңірегіндегі тартыс-талас пен айла-шарғылардың аяқтарына тұсау салмақпыз? Реформаны осындай баршаға түсінікті басы ашық жолдармен жан-жақты сауықтырмайынша, жағдайдың түзеле қоймасы түсінікті болды. Кешегі кеңес қоғамы – «еліріп» те көрді, «есеңгіреп» те көрді. Енді не істемекші – соқыр ызға мінбекші ме, жоқ есін жиып, белін буып іске кіріспек пе? Осыншалық жауапты кезеңде, бәрін билік жолындағы күреске сарп ету өте қауіпті. Одан да қоғам мен реформаны әлеуметтік құштарлықтар шарпысынан арашалап алуға күш салған дұрыс. Әсіресе, бұл басқа бір уақытта басқа біреулердің жіберген келеңсіздіктерінің зардабын шегіп айырған қазақстандықтар үшін айрықша есте болатын нәрсе. Ол үшін әркім өз жағдайы мен ортақ жағдайды жақсы білмегі шарт.

Ал біздің бүгінгі нақты жағдайымызға келер болсақ, Холмз біліп айтқандай: «біздің қай шамадан табылатындығымыз емес, қай бағытқа бет алып келе жатқанымыз маңыздырақ».

Біздің реформа революционаризм зардабын аз тартқан жоқ. Енді оны мейлінше эволюцияландыра түсуге күш салу керек. Эволюция дегеніміз үздіксіз өзгеріс үстіндегі дүниеге бүкіл қоғам боп, жеке адам боп, үздіксіз икемделе түсу деген сөз екені белгілі. Сондықтан да, Елбасымыз: «енді ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау және реформаларымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды», – деп ескертеді.

Әлемдік тәжірибе... Оған жұрттың бәрі жүгінеді. Бірақ, әркім өзіне керегін іздеп жүгіреді. Біреулер сол арқылы осындай кезеңде өз табы мен қауымының бағасын асырғысы келеді. Екінші біреулер өз ұлты, мемлекеті, мәдениетінің ерекше маңызын дәлелдегісі келеді... «Қазақстан – 2030» авторы ондай әсіре мақсат қуалаудан аулақ. Ол кешегі кеңестік кеңістіктің кейбір білгіштеріндей айырықша жол немесе «дамуға айырықша бейім субъектілер» іздеп те әуре болмайды. Әдетте, ондай-ондайға империялық астамшылық үйір етеді. Біздің Елбасымыз енді-енді қалыптасып келе жатқан жаңа әлемдік тәртіпті ескере отырып, келешекте қапы қалмауды көбірек көздейді. Ол үшін бүгін жұрттың көбі жаппай үлгі тұтып, үйрене бастаған кейбір өзара дамып жатқан қауымдардың құпиясына бізге де мұқият зер салған дұрыс. Сүйтсек, батыс европалықтар ешқандай тылсым күштің әсерімен емес, адам көбейіп, жер тарылып, үйреншікті қорек айыру мүмкіндігі күрт азайып кеткендіктен күнкөрістің соны түрлеріне көше бастапты. Басқаны қойып, діни көзқарастары мен ұстанып келген әдет-ғұрыптарын да түбегейлі қайта қарауға мәжбүр болыпты. Макс Вебердің айтуынша, әлемдік діндердің шаруашылық этикасына айта қаларлық жаңалықтар да осылай еніпті. Батыс Европа мен Солтүстік Американың, Индиядағы джайни дініндегілердің, Күнгей-Шығыс Азиядағы Қытай шашыранды топтары – хуасяоның елден ерек кәсіпкерлігінің түп себептері де осылай түсіндіріледі. Тіпті жапондардың да айрықша жолы болғыштығының арғы себебі сонау XVII-XIX ғасырлардағы Токугава дәуіріндегі будда секталары сіңірген діни-этикалық нанымдарда жатқан боп шығады. Жаңа вебершілдер Ресей өндіріс-сауда табының алпыс төрт процентін құрап, араларынан Рябушкин, Морозов, Солдатенков, Кокоревтарды туғызған ескі сенімдегілердің (старобядшылар) іскерлігін де осылай түсіндіреді. Істің шын жәйі осылай ма, жоқ па – гәп онда емес. Даусыз нәрсе – кез-келген мәдениетте өмірге деген белсенділікті, әрекетшілдікті, шаруақорлық пен сынақтылықты, дәулет жыюды қастерлейтін қағидалардың молынан табылатындығы. Алайда, олар, мәдениет түзілімінде, ұлт болып ұстанар құндылықтар жүйесінде әр елде әр қилы орындар иемденеді. Сол себепті де, олар бір мәдениеттің негізгі жұлын қағидасын құраса, екінші бір мәдениетте қосалқы қызмет атқарады. Осылай болғандықтан да, ондай қағидалар біреулердің ұлттық идеологиясына айналса, екінші бір жұрттардың ұлттық дүниетанымының әлі зерттеле қоймаған қалтарыс қабаттары болып саналды. Ондай жосықтар қазақ мәдениетінде де аз ұшыраспайды. Кез келген ертегімізде жалқаулық келеке етіліп, еңбекқорлық дәріптеліп жатады. Бірақ, бұны ешқашан басты мұрат, өзекті қағидаға айналдыра қоймаппыз. Демек, осыған негізделген құндылықтар жүйесін жасақтап, соған лайық мінез-құлық қалыптастырмаппыз. Ол, бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей туа біткен ұлттық самарқаулығымыздан емес. Тарихи тағдырымыздан. Ал тарихи тағдырдың сыртқы факторларға да аз тәуелді болмайтыны белгілі. Оның үстіне қай халың та оп-оңай және тез арада ұлт болып қалыптаса салмапты. Оны дәлелдейтін деректер жеткілікті. Олардың бәрі де экономикалық құнттылықтың объективті жағдайларға көбірек тәуелді екенін аңғартады. Қиын жағдайлар экономикалық ыждаһаттылыққа көбірек итермелепті. Демек, әуелден еңбекке бейім, не әуелден еңбекке енжар жаратылған халықтар болады деген бос әңгіме. Кез-келген қауым, бұдан әрі үйреншікті жолмен өмір сүріп, аман қала алмайтынына көзі жеткен сын жағдайдың бәрінде де қажыр-қайратына шындап мінеді екен. Біздің қазіргі бастан кешіп жатқан кезеңімізді сондай сын кезеңге жатқызуға бола ма? Әбден болады. Ол үшін дағдарысты ахуалымызды сипаттайтын көңілсіз статистиканы көлденең тартып жатудың қажеті шамалы. Бір біз ғана емес, қажет десеңіз күллі адамзат аума-төкпе ауыспалы кезеңде өмір сүріп жатыр. Бұған дейінгі ұстанып келген қағидаларымыз сыр білдіре бастады. Қоршаған табиғи және рухани ортаға деген жаңа қарым-қатынас әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Қорек көздеріміз таусылуға тақау. Оларды немен алмастыратынымыз белгісіз. Қоскіндікті дүние күйреді. Дүние үйлесімінің жаңа үлгісі әлі беймәлім. Қолда бар жетімсіз ресурстар мен игіліктерді ақылға сыйымды қып бөлісуді жүйелеуге ешкім тәуекел етпей отыр. Осындай әр-сәрі кезеңде жас мемлекетіміз бен байлығымыз көз жұмбай бөлістің оңай олжасына айналып кетпес пе екен? Табиғаттық және жамиғаттық мүмкіндіктерімізді жаңа жағдайда қайтып жарастықты дамыта аламыз? Көзіміз жетіп тұрған жалғыз ақиқат: өзі жей алмайтын шөпті қорып, шөмеле үстінде арам қатқан иттің де, үйренбеген ыдыспен ас беріп, меймандарын тойғызып, өзі аш қалған көк құтанның да күлкілі әрі күйікті ахуалдары бізді еш қызықтырмаса керек. Міне, біз үшін ең басты уайым осы болса керек. Оны мұншама ушықтырып тұрған ресурстардың жетіспеуі де, мүмкіндіктердің тапшылығы да емес, сана дағдарысы, Кеше ешкімге ұқсамаймыз деп алжассақ, бүгін өзгелердің көсегесін көгерте білген өнегеге үйренісе алмай дағдарып отырмыз. Бүкіл қауым боп әуре-сарсаңға түсіп, аномия ахуалындамыз. Ондай әрі-сәріліктен не сырттан тап болған тосын пәрмен, не намысқа мініп, бар күш-қуатты тосын дағдарыстан тез арылуға тегіс жұмсай алатын өз жігеріміз ғана шығара алады. Ондай мақсатқа өз білдігіңмен жұмыла білу өзгелердің итермелегенінен әлдеқайда тиімді екенін әлемдік тәжірибе әлденеше рет дәлелдеп берген. Латын Америкасы мен Африка-Азия елдері өткен ғасырда-ақ өркениетке күштеп көшіріле бастады. Бірақ, екінші дүниежүзілік соғыстан соң ғана өзгеріс жолына түскен Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхит елдері олардан әлдеқайда озып кетті. Өйткені, олар батыс европалық үлгілерді көзсіз көшіре салмай, өз дәстүрлеріне лайықтап өзгерте білді немесе тел мәдениеттерінен әлгілерден кем түспейтін баламалар тапты. Мәселен, жапондар экономикалық белсенділікті ұлттың ішкі құрылымының иерархиялық өзгешеліктерімен шебер үйлестіре білді. Ежелгі Русь дәстүрлеріне адалдықты айрықша күйттеген ескі сенімдегі орыстар іскерлікке келгенде былайғы орыстардан көп ілгерілік танытты, Тірі мақұлықты жеу күнә деп есептейтін джайни дініндегі үнділіктер шаруа қумай, коммерция мен финанс жолына түсіп, зор табыстарға ие болды.

Демек, жаңарудың рухани алғы шарттарын іздеу дегеніміз дәстүрді не қатаң қадағалау, не атымен жоққа шығару емес екен. Қолда бар мәдени-әлеуметтік мүмкіндіктерімізді бүгінгі талаптар тұрғысынан қайта зерделеп, қайта сараптау екен. Түптеп келгенде, кез-келген мәдениеттен қоғам күш-жігерін жаңа өрелі міндетке жұмылдыруға негізгі арна болуға жарайтын ұтымды қағида тауып алуға әбден болады. Ол бұрын оқта-текте болмаса, көбіне еске түсе қоймайтын сирек қолданыстағы нақыл болуы да ғажап емес. Бірақ, қоғам тағдырын шешіп тынатын жаңа міндет оны жаңа өмірлік идеологияның өзекті тініне айналдыра алады. Қоғамдық жігерді мұншама кең қарымда іске жұмылдыру үшін, ең алдымен, мақсат саралығы, бағыт айқындығы басты шарт болып табылады. Сондықтан да, Елбасымыз күшті және әлсіз жақтарымызды, ішкі және сыртқы қауіп-қатерді мейлінше тәптіштей талдады. Ол ештеңені жасырып та қалмапты, асырып та бағаламапты. Мұндай ағынан ақтарыла сөйлеуге тек қазіргідей әуре-сарсаңға өз еркімен ұрынбаған, енді ол тығырықтан өз күшімен шығуға талаптанып жатқан мемлекеттің басшысы ғана құқылы. Бізді тәуекелге мінгізетін екі күш – табиғи байлығымыздың молдығы мен дәріптеліп жатады.

Демек, жаңарудың рухани алғы шарттарын іздеу дегеніміз дәстүрді не қатаң қадағалау, не атымен жоққа шығару емес екен. Қолда бар мәдени-әлеуметтік мүмкіндіктерімізді бүгінгі талаптар тұрғысынан қайта зерделеп, қайта сараптау екен. Түптеп келгенде, кез-келген мәдениеттен қоғам күш-жігерін жаңа өрелі міндетке жұмылдыруға негізгі арна болуға жарайтын ұтымды қағида тауып алуға әбден болады. Ол бұрын оқта-текте болмаса, көбіне еске түсе қоймайтын сирек қолданыстағы нақыл болуы да ғажап емес. Бірақ, қоғам тағдырын шешіп тынатын жаңа міндет оны жаңа өмірлік идеологияның өзекті тініне айналдыра алады. Қоғамдық жігерді мұншама кең қарымда іске жұмылдыру үшін, ең алдымен, мақсат саралығы, бағыт айқындығы басты шарт болып табылады. Сондықтан да, Елбасымыз күшті және әлсіз жақтарымызды, ішкі және сыртқы қауіп-қатерді мейлінше тәптіштей талдады. Ол ештеңені жасырып та қалмапты, асырып та бағаламапты. Мұндай ағынан ақтарыла сөйлеуге тек қазіргідей әуре-сарсаңға өз еркімен ұрынбаған, енді ол тығырықтан өз күшімен шығуға талаптанып жатқан мемлекеттің басшысы ғана құқылы. Бізді тәуекелге мінгізетін екі күш – табиғи байлығымыздың молдығы мен мәдени-әлеуметтік ахуалымыздың салауаттылығы. Рас, біздің мәдени-рухани құндылық жүйеміз әлемдік тәжірибенің өзекті қағидаларымен көп ретте үйлесе бермейді, бірақ оларды зерттеп үйренуге септігін тигізе алады. Әрине, кез-келген қоғамның қандай түбегейлі өзгеріс тұсында да тапжылмайтын, сүйтіп, келесі өзгерістер көзінде негізгі рухани тір

Ұқсас материалдар