Қандастар Ассамблея

Рух және сезім

08.12.2012 3357
  Рух және сезім   Бір кезде Маяковский: "Ей, аспан, қалпағыңды ал, мен келемін!" – деп күркірегенде, біреулер күлген де болар, кім білсін.   Ал енді осыдан бірер жыл бұрын әлі жұрт көзіне түсе қоймаған балаң ақын Олжас: "Жер, Адамға табын!" – деп жар салып еді, адамдар құлақ түріп, елең ете қалды. Алайда, Жер-Ананы тізе бүктіретіндей Олжаста қандай күш бар? Алып жерге айғай салатындай қандай құқығы бар оның? – Бұлай деп жар салмаса, Олжас Олжас болмас еді! Ғарышқа жол тартқан ұлы көшке ұлағатты сөз керек болды. Ғасырдың құдіретін, адамның құдіретін айқындайтын жыр керек болды жұртқа.   "Жер, Адамға табын!" несімен жақсы, несімен Одақ оқушыларының қолдауын тапты? Бірер сөз осы тұрғыда.   Ақын нысанасында – бүкіл әлем. Космос та, космонавт та бір сәтке біздің назарымыздан тыс қалады да, жердің өткені мен бүгіні сөз болады. Ғажап жері, поэмада ақын қаншама бұлтарыстар, кілт шегіністер жасағанмен, біздің сезімде бүгінгі күннің, дәуіріміздің тынысы тұрады да қояды. Бақсақ ақынның өзі айтқандай, дүние осы өзгерісті, осы ғажайыпты баяғыдан бері күткен екен. Адам баласы қан кешіп, қара жамылып, асыл мақсатқа – бүгінге – ұмтылған екен.   Поэма космос жайлы, космонавт Юрий Гагарин жайлы еді ғой. Олай болса, бұл тұста жердің өткені мен бүгініне барудың қажеті қанша? Поэмаға арқау болған негізгі тақырыптан ақын неге ауытқыған?   Біріншіден, Гагарин – адамзаттың ғасырлар бойғы арманын көктен әрмен алып ұшқан тарихтың тұла бойы тұңғышы, жердің әлемдік кеңістікке аттандырған алғашқы қарлығашы. Демек, оның ғарышқа шығып алып, әлемге әлемдік, жалпы адам баласының көзқараспен қарауы ақиқат. Екіншіден, космосты меңгеру адам санасының, ақыл-ойының ғаламат өскендігін көрсетеді. Мұншама ұлылықты жыр ету үшін де космос кораблінің жылдамдығындай ұшқыр сезім керек. Поэзияның ұлы ғасырмен қатарласып қана қоймай, одан көш ілгері жүргісі келетіні содан.   Мүсін зерлеген скульптор әсте те сараңдыққа бармайды, өзінің фантазиясындағы сұлу мүсін жасалып біткенше қырнай береді, жона береді. Ол мүсінін керексіз тозаңдардан тазартады да, сом тұлға жасап шығарады. "Жер, Адамға табын!" – сол іспеттес дүние. Ақынның таразы ойы әрбір сөздің, әрбір оқиғаның ең керекті, ең салмақтысын талғап алған да, қауқарсыз, әлжуаз детальдарға бұрылып та қарамаған. Поэзияның ерекшелігі де, поэзияға керегі де осы ғой.   Бұл арада Әбішпен келіспеске болмайды. Поэзия – адам баласының рухы. Поэзияға тән рухты әдебиеттің басқа жанрларынан табу қиын.   Олжас поэмасын сюжетсіз поэмалар қатарына қойдық Мұнда қиян-кескі қырқыс, тағдырлар тартысы жоқ. Оқушыны еліктіріп отыратын тізбекті оқиға да ұшырата алмайсыз.   Ақынның әрбір сөзінде, әрбір шумағында көзге бірден ұра қоймайтын құпия да терең философия, зор азаматтық үн жатыр.   Шытырман оқиғаларға толы, жағымды, жағымсыз геройлары бар, лепіріп шалқуы бар дастандармен салыстырғанда "Жер, Адамға табын!" тұрғылас поэмаларды, рас, оқу да, түсіну де біршама қиын. Себебі, мұнда ақын айтпақ болған ойын алдымызға жайып салмай, тереңде ұстайды, оқушының бір сәт ойлауын талап етеді. Демек, мұндай жағдайда, ақынның әрбір сөзіне, тіпті оқыс қойылған тыныс белгісіне үңілуге, ақынға артылған зор талапты поэманың ұзына бойынан ғана емес, әрбір әріптен де іздеуге тұра келеді.   Поэмадағы көптеген шумақ қисса-хикаяттардағыдай сылдыратып оқып өтуді көтермейді. Оқушы сәл-пәл ойлануы керек. Тіпті, сырт көзге қораш, әншейін айтыла салған мына бір жолды қараңыз: "Вот они – медленные Мадриды", байқайсыз ба, бұл – Испания. Ал Испания әлі де азаттық үшін күресте. Бірақ жеңе алмай жатыр... Қырағы, салауатты ақын ойындағысын бір-ақ сөзге төкті бұл арада.   "Жер, Адамға табын!" орыс поэзиясының Блок, Маяковскийлерден басталып, қазір тамырын тереңге жайған ең жаңа формасына, үлгісіне оранған. Поэзияның түрін ақын саналы түрде, қасақана өзгертпек болса, онда бәрінің де оңбағаны. Түр ізделмесе керек, ол – ақынның ішкі тебіреніс, толғанысынан пайда болатын заңды құбылыс.   Олжас поэмасы төңірегіндегі сөздің түйіні: сюжетсіз поэма дүниеге келді. Оның лирикасы да, эпикасы да бар.   Қайсысының басым жатқанын оқушы өзі көрер. Алайда бір нәрсе талассыз: "Жер, Адамға табып!" – дәуір тынысын арқалаған, мол арналы, эпикалық дастан.   Еркеш Ибрагимнің "Өмір өлмейді" дастанындағы адамдар тағдыры оқушысын қызықтырады, тартады, күйінтеді, сүйінтеді. Қаламы ұшталып қалған сергек ақын өткен өміріміздің белгілі, сүбелі бір кезеңін келісті жырлай білген. Жалпы, ауыр жылдардағы ауыл тірлігін, оның үлкен полотносын поэзиямен нақыштауға ұмтылады. Үлкен талпыныс, ізгі іс, қарсы емеспіз. Алайда, осы ізгі мақсат қалай басталып, қалай тынды, ақын талғам нысанасына жетті ме, жетпеді ме, әңгіме осында жатыр.   Ұзақ, сюжетті дастанның сюжетінен бастайық. Оқушыларға да, Еркенже де белгілі, А.Толстойдың "Орыс мінезі", К.Треневтің "Өз үйінде" деген әңгімелері бар. Сюжеттері ортақ. Екі әңгімеге де арқау болған – соғыста жазушы П.Павленко кездестірген, өртенген самолеттен алмағайып тірі қалған кавказдық ұшқыштың тағдыры. Оның беті адам танығысыз күйген, бүлінген. П.Павленко бұл оқиғаның сюжетін Треневке айтқан, әлдеқайдан АТолстой да естіген. Сонымен, белгілі бір сюжетке, бір тақырыпта бірінен соң бірі екі әңгіме жазылған. "Өмір өлмейді" дастаны да осы оқиғаны қайталайды.   Мәселе тіпті де сюжетте, ұқсастықта емес. Мәселе адамның ет жүрегін езілтетін осы бір қайғылы халдің Еркеш поэмасында қаншама шарықтау шегіне көтеріліп, қаншама дәрежеде жариялануыңда.   Поэмадағы көзге ұратын басты кемшілік автор баяндауға ұрына береді. Поэзияға жалаң баяндау араласқаннан кейін-ақ болмағаны.   Рас, ақын айтар оқиғасының неғұрлым тұжырымды, қысқа болуын қатаң бақылайды. Бірақ бәрібір бос тартылған жыр желісі қайыра ширатуға оншама көне бермейді. Бұл оқиға психологиялық ішкі дерттің, сезімінің дүниесі ғой. Дастандық дәрежеге көтеріп тұрған да сол. Жұбан –Жарастың басындағы емдеуге келмейтін үрейлі трагедиясы. Бар оқиға, бар ақындық толғаныс, түйін Жұбан – Жарас басына топталуы керек еді.   Автор өзін бір сәт қана ұмытып, айнала төңірекке Жарастың психологиясымен, Жарастың көзқарасымен қарауы қажет еді. Құлашты кеңінен сілтейтін эпикаға барған екенсің, – адам характерлері, адам образы жан-жақты көрінуге тиіс. Геройлар бір-бірінен даралануы, саралануы шарт. Әрбір жанның өзіне тән қимылы, іс-әрекеті, тіпті тілі, сөйлер сөзі болмай ма? Ал біз поэмадағы Толғанай қылығын, харакетін қалай аңғарамыз? Біле алмай, көре алмай тұрамыз.   "Мөлдірге үңіледі, күлімдейді,  Япырым-ау, мынау таныс кімім дейді.  Толқының көк торғынын желпілдете,  Қос анар қос алмадай дірілдейді.  Қолына айырды да жиі алады.  Қайтсын-ай бос тұруға ұялады,  Келбеті Толышымның осылайша,  Әркімнің жанарына ұялады".   Адам жаны – күрделі, Адам сезімі – тұңғиық. Оның тереңіне бойлау үшін ақын суреткер болуға тиіс. Тірі персонаждар жалаң сөзбен, "ол сондаймен" жасалмаса керек.   Поэманың композициясы сырт қарағанда дұрыс-ақ сияқты, алайда ақын тым оңай тәсіл тапқан. Жарасты бетке ұстап, шығармасын бөлім-бөлімге жіктеп алған да тарта берген, ішкі динамика әлсіз.   Әңгіменің басындағы осы поэманың сюжеті, тақырыбы жөніндегі ойымыз бекер айтылмаған-ды. Осы сюжет поэмаға тән бе еді? Турасын айтайық жоқ. Бұл–қалтарыс, бұлтарысы көп, толғануы кең прозаның ісі еді. Осы сюжетпен адам тағдыры туралы тамаша эпикалық повесть шығар еді, әрине, иесі табылса. Бұл ретте Әбіш Кекілбаевтың поэма жанрының табиғаты жайлы айтқан пікірлеріне де қосылмауға болмайды.   Поэзия – сезім мен рухтың құймасы. Алдымен поэзия болсын, ал эпика, лирика дегендеріңіз шын поэзияның ғана шымылдығы.   Pyx пен сезім! Поэманың ғана емес, жалпы поэзияның туы осы екеуі.  

 

Рух және сезім
 
Бір кезде Маяковский: "Ей, аспан, қалпағыңды ал, мен келемін!" – деп күркірегенде, біреулер күлген де болар, кім білсін.
 
Ал енді осыдан бірер жыл бұрын әлі жұрт көзіне түсе қоймаған балаң ақын Олжас: "Жер, Адамға табын!" – деп жар салып еді, адамдар құлақ түріп, елең ете қалды. Алайда, Жер-Ананы тізе бүктіретіндей Олжаста қандай күш бар? Алып жерге айғай салатындай қандай құқығы бар оның? – Бұлай деп жар салмаса, Олжас Олжас болмас еді! Ғарышқа жол тартқан ұлы көшке ұлағатты сөз керек болды. Ғасырдың құдіретін, адамның құдіретін айқындайтын жыр керек болды жұртқа.
 
"Жер, Адамға табын!" несімен жақсы, несімен Одақ оқушыларының қолдауын тапты? Бірер сөз осы тұрғыда.
 
Ақын нысанасында – бүкіл әлем. Космос та, космонавт та бір сәтке біздің назарымыздан тыс қалады да, жердің өткені мен бүгіні сөз болады. Ғажап жері, поэмада ақын қаншама бұлтарыстар, кілт шегіністер жасағанмен, біздің сезімде бүгінгі күннің, дәуіріміздің тынысы тұрады да қояды. Бақсақ ақынның өзі айтқандай, дүние осы өзгерісті, осы ғажайыпты баяғыдан бері күткен екен. Адам баласы қан кешіп, қара жамылып, асыл мақсатқа – бүгінге – ұмтылған екен.
 
Поэма космос жайлы, космонавт Юрий Гагарин жайлы еді ғой. Олай болса, бұл тұста жердің өткені мен бүгініне барудың қажеті қанша? Поэмаға арқау болған негізгі тақырыптан ақын неге ауытқыған?
 
Біріншіден, Гагарин – адамзаттың ғасырлар бойғы арманын көктен әрмен алып ұшқан тарихтың тұла бойы тұңғышы, жердің әлемдік кеңістікке аттандырған алғашқы қарлығашы. Демек, оның ғарышқа шығып алып, әлемге әлемдік, жалпы адам баласының көзқараспен қарауы ақиқат. Екіншіден, космосты меңгеру адам санасының, ақыл-ойының ғаламат өскендігін көрсетеді. Мұншама ұлылықты жыр ету үшін де космос кораблінің жылдамдығындай ұшқыр сезім керек. Поэзияның ұлы ғасырмен қатарласып қана қоймай, одан көш ілгері жүргісі келетіні содан.
 
Мүсін зерлеген скульптор әсте те сараңдыққа бармайды, өзінің фантазиясындағы сұлу мүсін жасалып біткенше қырнай береді, жона береді. Ол мүсінін керексіз тозаңдардан тазартады да, сом тұлға жасап шығарады. "Жер, Адамға табын!" – сол іспеттес дүние. Ақынның таразы ойы әрбір сөздің, әрбір оқиғаның ең керекті, ең салмақтысын талғап алған да, қауқарсыз, әлжуаз детальдарға бұрылып та қарамаған. Поэзияның ерекшелігі де, поэзияға керегі де осы ғой.
 
Бұл арада Әбішпен келіспеске болмайды. Поэзия – адам баласының рухы. Поэзияға тән рухты әдебиеттің басқа жанрларынан табу қиын.
 
Олжас поэмасын сюжетсіз поэмалар қатарына қойдық Мұнда қиян-кескі қырқыс, тағдырлар тартысы жоқ. Оқушыны еліктіріп отыратын тізбекті оқиға да ұшырата алмайсыз.
 
Ақынның әрбір сөзінде, әрбір шумағында көзге бірден ұра қоймайтын құпия да терең философия, зор азаматтық үн жатыр.
 
Шытырман оқиғаларға толы, жағымды, жағымсыз геройлары бар, лепіріп шалқуы бар дастандармен салыстырғанда "Жер, Адамға табын!" тұрғылас поэмаларды, рас, оқу да, түсіну де біршама қиын. Себебі, мұнда ақын айтпақ болған ойын алдымызға жайып салмай, тереңде ұстайды, оқушының бір сәт ойлауын талап етеді. Демек, мұндай жағдайда, ақынның әрбір сөзіне, тіпті оқыс қойылған тыныс белгісіне үңілуге, ақынға артылған зор талапты поэманың ұзына бойынан ғана емес, әрбір әріптен де іздеуге тұра келеді.
 
Поэмадағы көптеген шумақ қисса-хикаяттардағыдай сылдыратып оқып өтуді көтермейді. Оқушы сәл-пәл ойлануы керек. Тіпті, сырт көзге қораш, әншейін айтыла салған мына бір жолды қараңыз: "Вот они – медленные Мадриды", байқайсыз ба, бұл – Испания. Ал Испания әлі де азаттық үшін күресте. Бірақ жеңе алмай жатыр... Қырағы, салауатты ақын ойындағысын бір-ақ сөзге төкті бұл арада.
 
"Жер, Адамға табын!" орыс поэзиясының Блок, Маяковскийлерден басталып, қазір тамырын тереңге жайған ең жаңа формасына, үлгісіне оранған. Поэзияның түрін ақын саналы түрде, қасақана өзгертпек болса, онда бәрінің де оңбағаны. Түр ізделмесе керек, ол – ақынның ішкі тебіреніс, толғанысынан пайда болатын заңды құбылыс.
 
Олжас поэмасы төңірегіндегі сөздің түйіні: сюжетсіз поэма дүниеге келді. Оның лирикасы да, эпикасы да бар.
 
Қайсысының басым жатқанын оқушы өзі көрер. Алайда бір нәрсе талассыз: "Жер, Адамға табып!" – дәуір тынысын арқалаған, мол арналы, эпикалық дастан.
 
Еркеш Ибрагимнің "Өмір өлмейді" дастанындағы адамдар тағдыры оқушысын қызықтырады, тартады, күйінтеді, сүйінтеді. Қаламы ұшталып қалған сергек ақын өткен өміріміздің белгілі, сүбелі бір кезеңін келісті жырлай білген. Жалпы, ауыр жылдардағы ауыл тірлігін, оның үлкен полотносын поэзиямен нақыштауға ұмтылады. Үлкен талпыныс, ізгі іс, қарсы емеспіз. Алайда, осы ізгі мақсат қалай басталып, қалай тынды, ақын талғам нысанасына жетті ме, жетпеді ме, әңгіме осында жатыр.
 
Ұзақ, сюжетті дастанның сюжетінен бастайық. Оқушыларға да, Еркенже де белгілі, А.Толстойдың "Орыс мінезі", К.Треневтің "Өз үйінде" деген әңгімелері бар. Сюжеттері ортақ. Екі әңгімеге де арқау болған – соғыста жазушы П.Павленко кездестірген, өртенген самолеттен алмағайып тірі қалған кавказдық ұшқыштың тағдыры. Оның беті адам танығысыз күйген, бүлінген. П.Павленко бұл оқиғаның сюжетін Треневке айтқан, әлдеқайдан АТолстой да естіген. Сонымен, белгілі бір сюжетке, бір тақырыпта бірінен соң бірі екі әңгіме жазылған. "Өмір өлмейді" дастаны да осы оқиғаны қайталайды.
 
Мәселе тіпті де сюжетте, ұқсастықта емес. Мәселе адамның ет жүрегін езілтетін осы бір қайғылы халдің Еркеш поэмасында қаншама шарықтау шегіне көтеріліп, қаншама дәрежеде жариялануыңда.
 
Поэмадағы көзге ұратын басты кемшілік автор баяндауға ұрына береді. Поэзияға жалаң баяндау араласқаннан кейін-ақ болмағаны.
 
Рас, ақын айтар оқиғасының неғұрлым тұжырымды, қысқа болуын қатаң бақылайды. Бірақ бәрібір бос тартылған жыр желісі қайыра ширатуға оншама көне бермейді. Бұл оқиға психологиялық ішкі дерттің, сезімінің дүниесі ғой. Дастандық дәрежеге көтеріп тұрған да сол. Жұбан –Жарастың басындағы емдеуге келмейтін үрейлі трагедиясы. Бар оқиға, бар ақындық толғаныс, түйін Жұбан – Жарас басына топталуы керек еді.
 
Автор өзін бір сәт қана ұмытып, айнала төңірекке Жарастың психологиясымен, Жарастың көзқарасымен қарауы қажет еді. Құлашты кеңінен сілтейтін эпикаға барған екенсің, – адам характерлері, адам образы жан-жақты көрінуге тиіс. Геройлар бір-бірінен даралануы, саралануы шарт. Әрбір жанның өзіне тән қимылы, іс-әрекеті, тіпті тілі, сөйлер сөзі болмай ма? Ал біз поэмадағы Толғанай қылығын, харакетін қалай аңғарамыз? Біле алмай, көре алмай тұрамыз.
 
"Мөлдірге үңіледі, күлімдейді, 
Япырым-ау, мынау таныс кімім дейді. 
Толқының көк торғынын желпілдете, 
Қос анар қос алмадай дірілдейді. 
Қолына айырды да жиі алады. 
Қайтсын-ай бос тұруға ұялады, 
Келбеті Толышымның осылайша, 
Әркімнің жанарына ұялады".
 
Адам жаны – күрделі, Адам сезімі – тұңғиық. Оның тереңіне бойлау үшін ақын суреткер болуға тиіс. Тірі персонаждар жалаң сөзбен, "ол сондаймен" жасалмаса керек.
 
Поэманың композициясы сырт қарағанда дұрыс-ақ сияқты, алайда ақын тым оңай тәсіл тапқан. Жарасты бетке ұстап, шығармасын бөлім-бөлімге жіктеп алған да тарта берген, ішкі динамика әлсіз.
 
Әңгіменің басындағы осы поэманың сюжеті, тақырыбы жөніндегі ойымыз бекер айтылмаған-ды. Осы сюжет поэмаға тән бе еді? Турасын айтайық жоқ. Бұл–қалтарыс, бұлтарысы көп, толғануы кең прозаның ісі еді. Осы сюжетпен адам тағдыры туралы тамаша эпикалық повесть шығар еді, әрине, иесі табылса. Бұл ретте Әбіш Кекілбаевтың поэма жанрының табиғаты жайлы айтқан пікірлеріне де қосылмауға болмайды.
 
Поэзия – сезім мен рухтың құймасы. Алдымен поэзия болсын, ал эпика, лирика дегендеріңіз шын поэзияның ғана шымылдығы.
 
Pyx пен сезім! Поэманың ғана емес, жалпы поэзияның туы осы екеуі.
 

Ұқсас материалдар