Қандастар Ассамблея

Жүректерді толқытқан кеш (Байқау)

07.12.2012 2562
  Жүректерді толқытқан кеш (Байқау)             «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігінің С.Сейфуллин атындағы Халықтар Достығы үйінде өткізген «Өмірге ғашық өлеңім» атты концертін тамашалап отырып ойға қалдық. Күнделікті күйбең тіршілік қамытымен жүргенде арамызда тағдыр тауқыметін арқалаған  мүмкіндігі шектеулі жандардың бар екенін естен шығарып алатынымыз жасырын емес. Ал олардың бастарына түскен  қиындыққа мойынсұнбастан, қоғам өміріне етене  араласып кетуі баршамызға үлгі боларлық іс.          Қасиетті Рамазан айының келуімен қатар ұйымдастырылған іс-шарада мүгедек жандар өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Өңірімізге есімі таныс ақын Эльмира Омарбекова бүгінгі таңда бес бірдей  өлеңдер жинағын жарыққа шығарып үлгеріпті. Арбаға таңылғанына қарамастан Эльмира еңбексүйгіштік қасиетінің арқасында өз оқырмандарын қалыптастыра білді. Кеште облыстық, республикалық ән байқауларының лауреаты, әнші Гүлмира Мұса көпшілікті өзінің өнерімен тәнті етті. Гүлмира сахнада «Керек екен бір жүрекке бір жүрек...» деп ән шырқағанда залда көзіне жас алмаған адам қалмаған шығар-ау. Екі қолынан бірдей айырылған талантты қыз Әйгерім Бейбатырдың қайсарлығы көрермендерді тәнті етті. Қос қолы шынтақ тұсынан кесілген арудың микрафонды өзі ұстап ән салып, концертті жүргізгенін көріп оның өмірге шексіз құштарлығын аңғардық. Он екі мүшесі сау, тепсе темір үзетін кейбір жастардың болмашыны себеп етіп өз-өзіне қол жұмсауы, бір-біріне қару кезеуі, әлімжеттік жасауы   үлкендерді қиындыққа тіреп жатқанда тағдыр тауқыметіне мойымаған мүгедек жандардың өршелене өрге ұмтылуы жан сүйсінтер өнеге емес пе?!      Қос жанарынан айырылған І-топ мүгедегі Нұржан Төребаев – «Асау тағдырым», «Махаббатым – ақ құсым» әндерінің авторы. «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Жайлымысова да концертке келген көрерменге өнерден кенде емес екенін дәлелдеді. Терме орындап, ән салды. «Сахнада тұрғанда бір аяғымның протез екенін ұмытып кетемін. Көрермендердің көзіне тура қарап өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт. Өзге айлармен салыстырғанда игі істер мен сауаптар еселеніп жазылатын Рамазан айында баршаңызды бір-біріңізге мейірімді болуға шақырамын», - деді Г.Жайлымысова.            Көңілдерді толқытып, жанарларға жас үйірткен кеште қаладағы орталық мешіт  пен облыстық кардиоорталық ұжымы «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігіне қаржылай көмек көрсетті. Ораза айында  бірлестік ұжымы Астана, Алматы қалаларында шығармашылық кешін өткізеді.                                                                                Жанерке ЖҮСІПБЕКОВА. Суретті түсірген Қ.ШЕРІМ.      

 

  • Жүректерді толқытқан кеш (Байқау)

 

          «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігінің С.Сейфуллин атындағы Халықтар Достығы үйінде өткізген «Өмірге ғашық өлеңім» атты концертін тамашалап отырып ойға қалдық. Күнделікті күйбең тіршілік қамытымен жүргенде арамызда тағдыр тауқыметін арқалаған  мүмкіндігі шектеулі жандардың бар екенін естен шығарып алатынымыз жасырын емес. Ал олардың бастарына түскен  қиындыққа мойынсұнбастан, қоғам өміріне етене  араласып кетуі баршамызға үлгі боларлық іс.

         Қасиетті Рамазан айының келуімен қатар ұйымдастырылған іс-шарада мүгедек жандар өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Өңірімізге есімі таныс ақын Эльмира Омарбекова бүгінгі таңда бес бірдей  өлеңдер жинағын жарыққа шығарып үлгеріпті. Арбаға таңылғанына қарамастан Эльмира еңбексүйгіштік қасиетінің арқасында өз оқырмандарын қалыптастыра білді. Кеште облыстық, республикалық ән байқауларының лауреаты, әнші Гүлмира Мұса көпшілікті өзінің өнерімен тәнті етті. Гүлмира сахнада «Керек екен бір жүрекке бір жүрек...» деп ән шырқағанда залда көзіне жас алмаған адам қалмаған шығар-ау. Екі қолынан бірдей айырылған талантты қыз Әйгерім Бейбатырдың қайсарлығы көрермендерді тәнті етті. Қос қолы шынтақ тұсынан кесілген арудың микрафонды өзі ұстап ән салып, концертті жүргізгенін көріп оның өмірге шексіз құштарлығын аңғардық. Он екі мүшесі сау, тепсе темір үзетін кейбір жастардың болмашыны себеп етіп өз-өзіне қол жұмсауы, бір-біріне қару кезеуі, әлімжеттік жасауы   үлкендерді қиындыққа тіреп жатқанда тағдыр тауқыметіне мойымаған мүгедек жандардың өршелене өрге ұмтылуы жан сүйсінтер өнеге емес пе?!

     Қос жанарынан айырылған І-топ мүгедегі Нұржан Төребаев – «Асау тағдырым», «Махаббатым – ақ құсым» әндерінің авторы. «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Жайлымысова да концертке келген көрерменге өнерден кенде емес екенін дәлелдеді. Терме орындап, ән салды. «Сахнада тұрғанда бір аяғымның протез екенін ұмытып кетемін. Көрермендердің көзіне тура қарап өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт. Өзге айлармен салыстырғанда игі істер мен сауаптар еселеніп жазылатын Рамазан айында баршаңызды бір-біріңізге мейірімді болуға шақырамын», - деді Г.Жайлымысова.

           Көңілдерді толқытып, жанарларға жас үйірткен кеште қаладағы орталық мешіт  пен облыстық кардиоорталық ұжымы «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігіне қаржылай көмек көрсетті. Ораза айында  бірлестік ұжымы Астана, Алматы қалаларында шығармашылық кешін өткізеді. 

 

                                                                            Жанерке ЖҮСІПБЕКОВА.

Суретті түсірген Қ.ШЕРІМ.

 

 

 

Ұқсас материалдар