Қандастар Ассамблея

Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен іс-шаралар туралы ақпарат

07.12.2012 6604
  Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен іс-шаралар туралы ақпарат   Халықаралық қатынас төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: ТМД-ға қатысушы  мемлекеттер шеңберіндегі ынтымақтастық, Еуропа Кеңесінің шеңберіндегі жастар саясаты,  шет мемлекеттермен екі жақтық қол қою  жоспарлары мен қол қойылған келісімдер негізінде,  халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру.               2010 жылы жастар саясаты саласындағы барлық іс-шаралар Ұлы Отан соғысының 65 жылдық жеңісіне арналды. 2010 жылғы 13-15 сәуір аралығында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.        2010 жылғы 15-18 сәуір аралығында Беларус Республикасының Минск қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің еріктілер бастамасының халықаралық форумы өтті. Бірлескен іс-шаралар жоспары аясында Германияда жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған 4 іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстаннан  жастар ұйымдарының 15 өкілі қатысты. 2010 жылғы 28 мамырмен 8 маусым аралығында Беларусь Республикасында ТМД мемлекеттерінің халықаралық жастар лагері өтті. Іс-шараның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жағдай жасау, ТМД-ға  мүше мемлекеттердің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы жастарды ақпараттандыру, бейбіт қарым-қатынастарды нығайту, ТМД-ға  мүше мемлекеттер туралы жастардың көзқарасын кеңейту. Үстіміздегі жылдың 14-16 маусым аралығында Стамбул қаласында (Түрік Республикасы) БҰҰ Конвенциясының 12-бабына сәйкес балалар құқығы туралы балалар мен жастардың қатысуына қатысты жалпы тәртіптегі ескертпелерді жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізілді. 2010 жылғы 14-20 маусым аралығында Мюнхен қаласында Қазақстан студенттер Альянсы белсенділерінің «The Jugendinformationszentrum JIZ» (Жастар ақпарат орталығы) өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың, жастар саясатын жүзеге асыру саласында тәжірибе бөлісудің өзекті мәселелері талқыланды. 2010 жылғы 1-9 шілде аралығында Ресей Федерациясында өткізілген  «Селигер» халықаралық жазғы лагеріне құрамында жастар ұйымдарының           8 өкілі бар Қазақстандық делегация қатысты. Аталған лагерьге                             80 мемлекеттен 3000 жас азамат қатысты. Сонымен қатар, 2010 жылғы шілдеде Ереван (Армения Республикасы) қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің IV Дельфийлік ашық ойындарында 17 номинация бойынша ойындар өтіп, Қазақстан құрамасы              2 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Еуропалық мемлекеттердің жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметтерін қарастыра отырып, Еуропалық Одақ пен Еуропалық Кеңес  тиімді жүзеге асырып отырған халықаралық жастар бағдарламаларын бөліп көрсетуге болады. Осыған орай, Еуропалық Кеңес аясында өз қызметін жастар картасы арқылы жүзеге асыратын Жастардың тұтастығы жөніндегі ішінара келісімге Қазақстанның қосылуы туралы келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасы Отбасы, қарт адамдар, әйелдер және жастар жөніндегі федералдық министрлігі арасында жылына 1 рет Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады. Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келісім әлеуметтік жастар құрылымдары, жазғы каникул кезінде жастардың демалысын өткізу мүмкіндіктері, жастардың әлеуметтік қызметтері мен бағдарлары, құқықбұзушылық пен ішімдіктің, есірткіге тәуелділіктің, ЖҚТБ мен темекі шегудің алдын алу, жастар саясаты саласындағы мамандар үшін қысқа мерзімді сынақтар, есірткіге тәуелділерге көмек көрсету сұрақтары мен неміс тілін үйрену бойынша ұсыныстардан тұрады. Осындай іс-шараға 2010 жылдың 31 қазаны мен 6 қарашасында Германия Федеративтік Республикасы мамандарының қатысуымен өткен «Ауылдық жерлердегі жастар кәсіпкерлігі саласында тәжірибе алмасу» арнайы бағдарламасын жатқызуға болады. Іс-шараға Германия жастар ұйымдарының 4 өкілі қатысты. Биыл Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Жастар ісі  жөніндегі кеңесіне төрағалық етті. Нақты шешім 2010 жылдың 4 шілдесінде Санкт-Петербург қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. Осыған орай, 2011 жылы жазда Қазақстанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер жастарының саммитін өткізу жоспарлануда. Бірлескен халықаралық байланыс жоспарларына сәйкес 2007 жылы       39 іс-шара, 2008 жылы 48, 2009 жылы 62, 2010 жылы 75 іс-шара өткізілді. 

 

Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен

іс-шаралар туралы ақпарат

 

Халықаралық қатынас төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: ТМД-ға қатысушы  мемлекеттер шеңберіндегі ынтымақтастық, Еуропа Кеңесінің шеңберіндегі жастар саясаты,  шет мемлекеттермен екі жақтық қол қою  жоспарлары мен қол қойылған келісімдер негізінде,  халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру.              

2010 жылы жастар саясаты саласындағы барлық іс-шаралар Ұлы Отан соғысының 65 жылдық жеңісіне арналды.

2010 жылғы 13-15 сәуір аралығында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.       

2010 жылғы 15-18 сәуір аралығында Беларус Республикасының Минск қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің еріктілер бастамасының халықаралық форумы өтті.

Бірлескен іс-шаралар жоспары аясында Германияда жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған 4 іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстаннан  жастар ұйымдарының 15 өкілі қатысты.

2010 жылғы 28 мамырмен 8 маусым аралығында Беларусь Республикасында ТМД мемлекеттерінің халықаралық жастар лагері өтті. Іс-шараның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жағдай жасау, ТМД-ға  мүше мемлекеттердің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы жастарды ақпараттандыру, бейбіт қарым-қатынастарды нығайту, ТМД-ға  мүше мемлекеттер туралы жастардың көзқарасын кеңейту.

Үстіміздегі жылдың 14-16 маусым аралығында Стамбул қаласында (Түрік Республикасы) БҰҰ Конвенциясының 12-бабына сәйкес балалар құқығы туралы балалар мен жастардың қатысуына қатысты жалпы тәртіптегі ескертпелерді жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізілді.

2010 жылғы 14-20 маусым аралығында Мюнхен қаласында Қазақстан студенттер Альянсы белсенділерінің «The Jugendinformationszentrum JIZ» (Жастар ақпарат орталығы) өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың, жастар саясатын жүзеге асыру саласында тәжірибе бөлісудің өзекті мәселелері талқыланды.

2010 жылғы 1-9 шілде аралығында Ресей Федерациясында өткізілген  «Селигер» халықаралық жазғы лагеріне құрамында жастар ұйымдарының           8 өкілі бар Қазақстандық делегация қатысты. Аталған лагерьге                             80 мемлекеттен 3000 жас азамат қатысты.

Сонымен қатар, 2010 жылғы шілдеде Ереван (Армения Республикасы) қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің IV Дельфийлік ашық ойындарында 17 номинация бойынша ойындар өтіп, Қазақстан құрамасы              2 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Еуропалық мемлекеттердің жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметтерін қарастыра отырып, Еуропалық Одақ пен Еуропалық Кеңес  тиімді жүзеге асырып отырған халықаралық жастар бағдарламаларын бөліп көрсетуге болады.

Осыған орай, Еуропалық Кеңес аясында өз қызметін жастар картасы арқылы жүзеге асыратын Жастардың тұтастығы жөніндегі ішінара келісімге Қазақстанның қосылуы туралы келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасы Отбасы, қарт адамдар, әйелдер және жастар жөніндегі федералдық министрлігі арасында жылына 1 рет Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.

Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келісім әлеуметтік жастар құрылымдары, жазғы каникул кезінде жастардың демалысын өткізу мүмкіндіктері, жастардың әлеуметтік қызметтері мен бағдарлары, құқықбұзушылық пен ішімдіктің, есірткіге тәуелділіктің, ЖҚТБ мен темекі шегудің алдын алу, жастар саясаты саласындағы мамандар үшін қысқа мерзімді сынақтар, есірткіге тәуелділерге көмек көрсету сұрақтары мен неміс тілін үйрену бойынша ұсыныстардан тұрады.

Осындай іс-шараға 2010 жылдың 31 қазаны мен 6 қарашасында Германия Федеративтік Республикасы мамандарының қатысуымен өткен «Ауылдық жерлердегі жастар кәсіпкерлігі саласында тәжірибе алмасу» арнайы бағдарламасын жатқызуға болады.

Іс-шараға Германия жастар ұйымдарының 4 өкілі қатысты.

Биыл Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Жастар ісі  жөніндегі кеңесіне төрағалық етті. Нақты шешім 2010 жылдың 4 шілдесінде Санкт-Петербург қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. Осыған орай, 2011 жылы жазда Қазақстанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер жастарының саммитін өткізу жоспарлануда.

Бірлескен халықаралық байланыс жоспарларына сәйкес 2007 жылы       39 іс-шара, 2008 жылы 48, 2009 жылы 62, 2010 жылы 75 іс-шара өткізілді. 

Ұқсас материалдар