Қандастар Ассамблея

Тозбайтын толғау

07.12.2012 2734
  Тозбайтын толғау Көркем тірліктің көзі ашық, көкірегі сергек михнаткеші өзінің тоқсан жасын үздіксіз іспен тоғайтқанды қазақ интеллигенциясы өз шоғырынан көріп-білген емес. Ауық-ауық қатты сілкінетін таулар тарихындағы айтып келмейтін апат арты да өзінен кейінгі тылсым тіршілік жүйесіне көбіне берекелі биік пен еңіс, шұрайлы жазықтар жасап қалдырады. Әлгі мөлшердегі ата жасынын жартысын да бұйыртпай, тағдыр тәлкегіне душар еткен ақын-жазушыларымыздың ізін ала келгендерге алла тағаланың бұл да бір сондай рахымы мол, өнікті өтеуі шығар: «Тоқсанға һәм соған жетеқабыл аталар тізбегін көріп отырып, мен өмір заңының осындай жағын да ойлаймын. Өйткені, қарымды қаламгер толтырған тоқсаныңыз алдымен аузы дуалы, қаламы қағылез абыз арнасын кеңейтеді. Халықтың рухи қазынасы да көбінше солардан өнеді. Турасына көшсек, бұл біздің үзіліп қала жаздаған үдеміз. Еңкейе, үнсіз отырып ойларға берілгенде елдің ертеңімен қапысыз қауышатын көреген қария көз жұмғалы не заман! Бәлкім сол сәуегейдің атқан таңмен бірге хатқа түсіп, сәт сайын оқылып отыратын лебізі осы аталардың жан дүниесінен сыртқа сыр аңғарта бастаса-ше?.. Тіпті «бәлкім» емес-ау, көргенше әділ куәлік ете алатындар оны қазірдің өзінде байқап та үлгерсе керек («Мен кешеден келдім бүгінге» — Ә. Тәжібаев, «Ғасыр мен ғасыр беттесіп» — Ә. Сәрсенбаев т. б.) Бұл жолғы әңгімеміз өзінше бір тоға қызық адам хақында. Ащы-тұщы өмір сабағын әркім өз мүмкіндігіне қарай пайдаға асырады дегенде біз бастапқы, атаның қаны, ананың сүті дарытқан, мүмкіндікті айтатын-ақ шығармыз. Бүгін тоқсан жасына тоқырамай жеткен, еңбегін ел меншігіне көшіру үстінде көнеріп те көңілін көншіткен Әбу аға (Әбуғали) Сәрсенбаев сол бастапқы болмысында баршаға баладан бетер иланбақ үшін жаратылғандай. Оның ойынша, адам атаулы оған адалын ғана айтады. Қуанышына келсек, онысы — құдды құл мінездес: Лебізіңнен рахым райы белгі берсе — сөз бітті — ол сені құшырлана құшақтап, бетіңнен сүйеді. Ал шындық шіркін ойлаған жерінен шықпай қалғанда басқаша бапқа көшсе. ол оның өмір сабағынан жинақтаған, әділ емес әрекетке қарсылығы деп түсінбек керек. Сондай жағдайда ол өз бойында жоқ деп жүрген қаталдыққа да қайран қалып, әсіресе әбігерге ұрынады. Осыны байқамасам мен Әбекеңнің баяғы алпыс жылдығында: Әбу ақ қой шағала, желкеннен де, Қуанғанда сүйеді ол желкеннен де. Ақша бұлтқа қарайды ол аспандағы, Жердегі бір пасықтан жиіркенгенде, — деп жаза алмас та едім. Әлгіше тумыстан, тұрмыстан жинақтағанның қосындысын қорытсақ, осы арада сен тиіспегенде — мойны бос момақан, намысына жұғыссаң өз қайратына өзі нанбайтын нағыз қазақ жатыр. Осы бір нағыз қазақ — ақын болып, жазушы болып, жас ұрпаққа оқулық та жазып бере алатын педагог-жазушы болып жаратылса, оны халық мүддесімен қабысқан жерінен жік табамыз деп бос әуреге бой алдырудың қажеті қанша?! Әбекеңнің шығармашылық өміріндегі бары мен зары түгелдей халық қолына көшіп бoлғaны туралы жоғарыда айттық. Мен түрлі жанрда жазылған сол қазынаның негізінде бірі мен бірі сабақтас үш сала жатқанын ғана еске түсіремін (жарға, ерге, елге құлаған махаббатының бәрі соның ішінде). Бұл кісі — балықшы баласы, өзі де балықшы болған. Құндағынан бас шығарып бастапқы көргені—теңіз. Шығармалығында терең түбін түптемей тынбаған тақырыбы да — теңіз. Ұлы өзеннің теңізге еңсеріле құлаған жерінен «Еділ толқыны», «Ақ маралдың жүрегі» атты дастандар туып, Әбекеңнің ақындығын оқытса, «Толқында туғандар» мен «Теңіз әуендері» оның роман ауқымынан шыға алатын шежіре жазушылығын, ал «Теңіз махаббаты»—драматург екендігін елге танытты. Менің шамалауымша Әбекең поэзиясының лирикалық жан жүйесінен өте жиі ұшырасатын теңіз тебіреністері ақынның ой тереңдігіне өлшем болғандай. Ақ бас толқыннан көтерілген «Ақша бұлт» арулар басындағы шаршыдай шаққан шалқыса, қалың қара бұлттар қорғасындай ауыр ақуалдарға қызмет қылады. Белгілі бес томдығының қай тұсында да теңіздей телегей толғаныстардан қаламгер қайрат жинайтұғын. Балық батағасындағы озбырлыққа қарсы күресте жетілген, балықшы тұрмысы оңғарылып, басқаша бақыт ұстағанда соған да басшылық ете білген кемеңгер кейіпкерлер Әбекең шығармаларында көркем бір көрме залын толтырғандай болған. Сөйткен теңіз жыршысын бүгінгі құрдымға бет алған Арал, тартылған талай дариялар, уланған толқындар, ол аз дегендей, төңірегін түгел жалмап жұтқалы бас көтерген Атырау теңізінің аждаһа мінезі шерменде күйге душар еткенін оның соңғы парақтардағы пақырына күрсінісінен және көріп отырмыз. Әбекеңнің бір сәт тізгінін босатпай берік ұстайтын, қайта айналып соққан сайын жаңа ойларға ойысып отыратын тақырыбының бірі — өзі қатысқан Ұлы соғыс оқиғалары, сондағы жеңіске жетелеген ерлік пен бірлік көріністері. Осыдан біраз жыл бұрын «Қасиетті махаббат» атты өлең-роман жанрына келіңкірейтін еңбегінде мүлде бір жаңа, тартымды тәсілмен сол соғыс туралы жылнама, шешен шежіре жариялаған еді. Одан кейінгі публицистикалық толғаныстарында ұлтаралық қатынастар төңірегіндегі адамның жарым жасын кемітетін опасыз қылықтарды — есіктен кіріп, төр менікі дейтіндер сықылдыны кінәраттай отырып та, соғыстағыдай жандар жарастығын аңсайды. «Жар рухымен сырласу» делінетін дастаны арқылы өзінің ең бір ежелгі арнасы — махаббаттың құдіретті күшін тағы да алға тартады. Поэмадағы асыл жардың өмірдегі өзін көрсем-ау дейтіндер де болуы мүмкін, әрине. Бұл арада жырдың сиқырлы сыры, тартымды табиғаты да жаңағыдай жақсы адам бітіміне бірегей тәнті қылмақ өз алдына, бұның бұлайша егіле-төгіле жаратылуының басқа да бір жағы барын жұрттың бәрі біле де бермейді. Оны мына бізден сұраңыз. Біз сізді талайғы таныс аяулы апаңызбен табыстырсақ, оның рухымен өзіңіз де жеке шүйіркелесіп, бәлкім оған Сіз де іштей бүгінгі тіршіліктің бағзы бір тігісі сөтіліп тұрған жерлерін айтып, шама келгенінше шағынып бағарсыз. Бұл кісіні өмір бойы шығыс қызының шырағданын жоғары көтеріскен атақты журналист Ләзиза Серғазина апаңыз деп біліңіз. Егер ол кісі Әбекеңнің сүйікті зайыбы болмағанда сонау «Ақмаралдың жүрегінен» бергі жердегі ағыл-тегіл махаббат хикаясы тап сол өз дәрежесінде жыр достарының жан жүйесіне отты қуатымен орныға алар ма еді?.. Осынын өзі — өз алдына дербес тұрған бір жауапсыз сұрақ... Ләзкен қиын, қызық делінетін тауқымет те, тамаша да кезеңнің бәрін бастан кешірген баяғы Қызыл Отау қызы еді ғой. Ақын оның қадір-қасиетін қазбалай жоқтаса, оның да, басты себебі бір ғана жалғызсырауда жатқан жоқ (құдай ісіне құм шашпақ та жоқ). Әйелдің жақсы қылығымен жан тоғайтып дағдыланған ақын осы шығармасының өзінде-ақ шолақ қабілеттен қатты шошынады. Оны оқып отырғанда сіз өзіңіз-ақ бүгінгі баянсыз некелердің бет пердесін паршаласам дейсіз. Әбекеңді кеудесін қарыс айыра күрсіндіретін махаббат азасы — туған жерді — қазақ жұртының қасиетті мекенін шексіз сүюмен сабақтас жатыр. Оны өз алдына таратып айтпай-ақ, ақынның тағы бір экологиялық элегиясынан көреміз. Айтып отырған шығармам — жанағы сөз басында жақша ішінде алынған «Ғасыр мен ғасыр беттесін». Бұнда табиғатқа ғана емес, адамның өзіне, оның бүкіл болашағына төтесінен төнген апат сөз болады. О баста бұл шығарма «Кезектегі ғасыр перзентінің жан дауысы» деген атпен жарық көрген-ді. Атының өзінен-ақ байқап отырған шығарсыз, абыз қартыңыз әлі дүние есігін ашпаған, ұлты қазақ перзенттің жан түршіктіре шырқыраған құлындағы даусына құлақ түргізеді: «Баяғы замандардан соры арылмаған осы халыққа мынау мыстан ғасыр опа берген бе, сірә?.. Дүниеге келе қалғанда мен қандай күй кешермін?.. Басар жер, ішіп-жерлік несібем, жұтар ауам у болмаса нетсін?! Ол тұрғай әуелі, тағдыр маған адамға тиесілі жеті мүшені түгел бұйыртар ма?!. Тіпті осы халықтың өзі бүтін күйде өмір сүрдім дей ала ма екен?.. Осынау қатыгез ғасыр тең жартысын қырып салғанда, қалғанын қалай бүтін деп санауға болар?.. Усойқы кезең жұртын соңынан ерткен ерлерді екі талмап бір жұтқанда басқаларының иығында қалған басы қайсы? Құр бекер кеудемен кимелеген бассыз нәсілде баба болған ба?!. Бабасыз ескен баланың ұлт, жұрт болғанын кім көрген?».. Ақын дүниеде жоқ сәби пірін осыншалық үреймен жыр қанатына қондырып алып, зар биікке зауласа. сіз де одан үзіліп қала алмайсыз... Ендеше сіз осы арада, сөз басында «Әлде қашан көз жұмғаны» айтылған көсем сәуегеймен кездесіп те қалғандайсыз. Шеңбері шексіз кең жатқан кемел махаббат деп осыны айтсақ керек!.. Қилы-қилы кезеңдерде ат құрғатпай жол жүруге дағдыланған, елдің әлеуметтік өміріне етене араласып әбден ысылған қалам һәм қоғам қайраткері осынау сын сағаттарды ашық айтыстарға белсене араласуын тоқтатқан жоқ. Әсіресе әлсіреп қалған қазақ тілінің, мешеулеген мектептердің тағдыры оны ерекше алаңдатты. Әбекеңнің бір кездерде баспа жұмысын басқарысып, оқулықтар жасасқанын әлгі бір сөз арасында да аңғарттық. Елдің осы бағыттағы жоғын жоқтап алыс-алыс сапарларға шығып кетіп жүрді. Көрмей қалған көз, жүрмей қалған аяқ, босап қалған буындар қай сағатта да мазасыз шал жарлығына шарасыздан көнді. Осыдан аздаған жылдар бұрын ол Астрахань облысындағы қазақ елін аралап қайтқан бетінде үкімет басшыларына тура мағынасында жылап барған, эфир мен телеэкранды үсті-үстіне пайдаланғаны да бар. Еңбегі зая кетпеді. 1ске жауапты азаматгар сол өңірге барып қайтқаннан кейін қазақ тілінде мектептер ашылып, радио торабы іске қосылды, аймақтық қазақ газеті өмірге келді. Сол кезде жазылған бір мақаламда осы бір өнегелі іс өркенін ұзартып, республика жерінен сыртқары жатқан өзге тараптардағы қазақтар тұрмысына оңды әсерін тигізсе тамаша болар еді деген едім одан кейінгі жағдай маған мәлім емес. Аяулы ақын-жазушыларымыздың тірлігінде төңірегіне шам жарығындай шашыраған шарапатын күнделікті өмірімізге ауызекі айтысып, естелік түрінде жазып та жүрміз ғой. Арамызда ардақ тұтып отырған Аға кісі туралы да осындай бірер ауыз жылы лебіз білгізсек, одан шындық шырайланбаса жұтамасын білудей-ақ білеміз-ay... кісінің үстінен кінәрат сөз жүгіртпесе іші ауыратын біреулер де бoлaды-ay... Сол біреулердің біреуі бір орайда ұялмай-қызармай осы адамды да жершіл-жікшілдер қатарына қосты. Егер соның қиқымдай шындығы болса, туған топырағымыздың жуықтастығы үшін-ақ мен бұл кісіден бойымды аулақ ұстар едім. Жаңағыдай «Әбу ақ «қой шағала, желкеннен де» деген сөзімнің жалпыға жария түрде қайтып алар едім. Қаратау маңайының Зияш Қалауовасы, Талдықорғаннан Қанипа Бұғыбаевасы — екеуі де осы үйдің бой жеткен қызы болатын. Екеуін де әз әке Әбу, аяулы ана Ләзиза өз қолдарынан ұзатқан. Екеуі де осы ұядан ақын боп ұшты. Жезқазғанның Баубек Бұлқышеві, тағы да Талдықорғанның Құдаш Мұқашеві, Ақтөбенің Қуандық Шаңғытбаевы, Жымпитының Абдолла Жұмағалиеві — бәрі де Әбекеңнің әр жерден теріп дегендей, өз үйіне жетелеп әкелген жеткіншектері болған. Аталғандардың ішіндегі майданда қаза тапқан екі марқұм өле-өлгенше осы үймен хат жазысып, майдан газетіндегі Әбекеңмен де байланыстарын үзбеген. Осыдан артық оған қандай мінездеме қажет?.. Құбылмалы құлқы мол тентек теңіз үстінде он екі он үш жасынан дүлей дауылдар азабын күн демей, түн демей үлкендермен бірге бөліскен кісі елгезек те бейнетқор дағдысынан бір сәт жаңылмаған ғой. Кәрілік төсегі қимыл-әрекетін қысқартып тастаған бүгіндері де жалғыз қызы Райханға түннің бір уағында ойына оралғанды сол мезетте қағазға түсіртетін көрінеді. Осы қылығы мынадай бір эпизодты менің есіме еріксіз түсіреді: Бұл адам жалпы жағдай тығырыққа тірелгенде тура мағынасында өзін өзі ұмытқандай. Баяғы оқулық шығаратын баспа директоры кезінде жанын сірідей қысқан қауырт жұмыс бұның өзін де, қарауындағы өзгелердің екеу-үшеуін де түнгі жұмысқа жеккен. Сондай күндердің бірінде, түнгі сағат екілер шамасында Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Шаяхметов (ол кісі де түнгі жұмысты күндізгіден кем пайдаланбаған) телефон соғып: —        Бұл кім? — десе керек. Қолжазба әуресімен әбден қалжырап отырған Әбекең әкесінің атын да қапелімде есіне түсіре алмай, сондағы бар тапқан амалы: —        Әй, айтып жіберіңдерші, осы менің фамилиям қалай еді? Алыс-алыс гүлдерден шырын тамшыларын тасыған бал арасындай қазақ тәржімешілерінің бірі де — осы Әбекең. Бұл кісі қазақ тіліне аударғандардан А.Пушкин мен М.Лермонтовты, Ш.Петефи шығармаларын атасақ та жетер. Орыс, түрік, эстон тілдеріне өз шығармалары да аударылды. Әңгіменің ақырында оны да айта кетелік. Аударма тұрғай, түпнұсқасының әлі оқылмаған талай дүниесі «қарт қойнында қалаш» күйінде қалып тұр. Ел пайдасына сарқа жұмсалған маңдай-тер, табан-ет дегендеріңіз есте елеусіз қалған ба, — салтанатты сағаттарының бірінде оның омырауына көз жүгіртсеңіз көп медальдар үстінен жеті орденін көрер едіңіз. Соның біреуі — тәуелсіз Қазақстан Президент өз қолынан тапсырған «Парасат» ордені. Зейнетке қоса бейнетінің өзін парызындай құптаған тоқсан жастағы абыз адамға: —        Қартайдым деп қажыма, еңбегің — ел аузында тозбайтын толғау! — дегеннен асып не айта аламыз, — иншалла, расы да сол. 1995 жыл.  

 

Тозбайтын толғау

Көркем тірліктің көзі ашық, көкірегі сергек михнаткеші өзінің тоқсан жасын үздіксіз іспен тоғайтқанды қазақ интеллигенциясы өз шоғырынан көріп-білген емес.

Ауық-ауық қатты сілкінетін таулар тарихындағы айтып келмейтін апат арты да өзінен кейінгі тылсым тіршілік жүйесіне көбіне берекелі биік пен еңіс, шұрайлы жазықтар жасап қалдырады. Әлгі мөлшердегі ата жасынын жартысын да бұйыртпай, тағдыр тәлкегіне душар еткен ақын-жазушыларымыздың ізін ала келгендерге алла тағаланың бұл да бір сондай рахымы мол, өнікті өтеуі шығар: «Тоқсанға һәм соған жетеқабыл аталар тізбегін көріп отырып, мен өмір заңының осындай жағын да ойлаймын. Өйткені, қарымды қаламгер толтырған тоқсаныңыз алдымен аузы дуалы, қаламы қағылез абыз арнасын кеңейтеді. Халықтың рухи қазынасы да көбінше солардан өнеді. Турасына көшсек, бұл біздің үзіліп қала жаздаған үдеміз. Еңкейе, үнсіз отырып ойларға берілгенде елдің ертеңімен қапысыз қауышатын көреген қария көз жұмғалы не заман! Бәлкім сол сәуегейдің атқан таңмен бірге хатқа түсіп, сәт сайын оқылып отыратын лебізі осы аталардың жан дүниесінен сыртқа сыр аңғарта бастаса-ше?.. Тіпті «бәлкім» емес-ау, көргенше әділ куәлік ете алатындар оны қазірдің өзінде байқап та үлгерсе керек («Мен кешеден келдім бүгінге» — Ә. Тәжібаев, «Ғасыр мен ғасыр беттесіп» — Ә. Сәрсенбаев т. б.)

Бұл жолғы әңгімеміз өзінше бір тоға қызық адам хақында. Ащы-тұщы өмір сабағын әркім өз мүмкіндігіне қарай пайдаға асырады дегенде біз бастапқы, атаның қаны, ананың сүті дарытқан, мүмкіндікті айтатын-ақ шығармыз. Бүгін тоқсан жасына тоқырамай жеткен, еңбегін ел меншігіне көшіру үстінде көнеріп те көңілін көншіткен Әбу аға (Әбуғали) Сәрсенбаев сол бастапқы болмысында баршаға баладан бетер иланбақ үшін жаратылғандай. Оның ойынша, адам атаулы оған адалын ғана айтады. Қуанышына келсек, онысы — құдды құл мінездес: Лебізіңнен рахым райы белгі берсе — сөз бітті — ол сені құшырлана құшақтап, бетіңнен сүйеді. Ал шындық шіркін ойлаған жерінен шықпай қалғанда басқаша бапқа көшсе. ол оның өмір сабағынан жинақтаған, әділ емес әрекетке қарсылығы деп түсінбек керек. Сондай жағдайда ол өз бойында жоқ деп жүрген қаталдыққа да қайран қалып, әсіресе әбігерге ұрынады. Осыны байқамасам мен Әбекеңнің баяғы алпыс жылдығында:

Әбу ақ қой шағала, желкеннен де,

Қуанғанда сүйеді ол желкеннен де.

Ақша бұлтқа қарайды ол аспандағы,

Жердегі бір пасықтан жиіркенгенде, —

деп жаза алмас та едім. Әлгіше тумыстан, тұрмыстан жинақтағанның қосындысын қорытсақ, осы арада сен тиіспегенде — мойны бос момақан, намысына жұғыссаң өз қайратына өзі нанбайтын нағыз қазақ жатыр.

Осы бір нағыз қазақ — ақын болып, жазушы болып, жас ұрпаққа оқулық та жазып бере алатын педагог-жазушы болып жаратылса, оны халық мүддесімен қабысқан жерінен жік табамыз деп бос әуреге бой алдырудың қажеті қанша?!

Әбекеңнің шығармашылық өміріндегі бары мен зары түгелдей халық қолына көшіп бoлғaны туралы жоғарыда айттық. Мен түрлі жанрда жазылған сол қазынаның негізінде бірі мен бірі сабақтас үш сала жатқанын ғана еске түсіремін (жарға, ерге, елге құлаған махаббатының бәрі соның ішінде).

Бұл кісі — балықшы баласы, өзі де балықшы болған.

Құндағынан бас шығарып бастапқы көргені—теңіз. Шығармалығында терең түбін түптемей тынбаған тақырыбы да — теңіз. Ұлы өзеннің теңізге еңсеріле құлаған жерінен «Еділ толқыны», «Ақ маралдың жүрегі» атты дастандар туып, Әбекеңнің ақындығын оқытса, «Толқында туғандар» мен «Теңіз әуендері» оның роман ауқымынан шыға алатын шежіре жазушылығын, ал «Теңіз махаббаты»—драматург екендігін елге танытты. Менің шамалауымша Әбекең поэзиясының лирикалық жан жүйесінен өте жиі ұшырасатын теңіз тебіреністері ақынның ой тереңдігіне өлшем болғандай. Ақ бас толқыннан көтерілген «Ақша бұлт» арулар басындағы шаршыдай шаққан шалқыса, қалың қара бұлттар қорғасындай ауыр ақуалдарға қызмет қылады. Белгілі бес томдығының қай тұсында да теңіздей телегей толғаныстардан қаламгер қайрат жинайтұғын. Балық батағасындағы озбырлыққа қарсы күресте жетілген, балықшы тұрмысы оңғарылып, басқаша бақыт ұстағанда соған да басшылық ете білген кемеңгер кейіпкерлер Әбекең шығармаларында көркем бір көрме залын толтырғандай болған. Сөйткен теңіз жыршысын бүгінгі құрдымға бет алған Арал, тартылған талай дариялар, уланған толқындар, ол аз дегендей, төңірегін түгел жалмап жұтқалы бас көтерген Атырау теңізінің аждаһа мінезі шерменде күйге душар еткенін оның соңғы парақтардағы пақырына күрсінісінен және көріп отырмыз.

Әбекеңнің бір сәт тізгінін босатпай берік ұстайтын, қайта айналып соққан сайын жаңа ойларға ойысып отыратын тақырыбының бірі — өзі қатысқан Ұлы соғыс оқиғалары, сондағы жеңіске жетелеген ерлік пен бірлік көріністері. Осыдан біраз жыл бұрын «Қасиетті махаббат» атты өлең-роман жанрына келіңкірейтін еңбегінде мүлде бір жаңа, тартымды тәсілмен сол соғыс туралы жылнама, шешен шежіре жариялаған еді. Одан кейінгі публицистикалық толғаныстарында ұлтаралық қатынастар төңірегіндегі адамның жарым жасын кемітетін опасыз қылықтарды — есіктен кіріп, төр менікі дейтіндер сықылдыны кінәраттай отырып та, соғыстағыдай жандар жарастығын аңсайды.

«Жар рухымен сырласу» делінетін дастаны арқылы өзінің ең бір ежелгі арнасы — махаббаттың құдіретті күшін тағы да алға тартады. Поэмадағы асыл жардың өмірдегі өзін көрсем-ау дейтіндер де болуы мүмкін, әрине. Бұл арада жырдың сиқырлы сыры, тартымды табиғаты да жаңағыдай жақсы адам бітіміне бірегей тәнті қылмақ өз алдына, бұның бұлайша егіле-төгіле жаратылуының басқа да бір жағы барын жұрттың бәрі біле де бермейді. Оны мына бізден сұраңыз. Біз сізді талайғы таныс аяулы апаңызбен табыстырсақ, оның рухымен өзіңіз де жеке шүйіркелесіп, бәлкім оған Сіз де іштей бүгінгі тіршіліктің бағзы бір тігісі сөтіліп тұрған жерлерін айтып, шама келгенінше шағынып бағарсыз. Бұл кісіні өмір бойы шығыс қызының шырағданын жоғары көтеріскен атақты журналист Ләзиза Серғазина апаңыз деп біліңіз. Егер ол кісі Әбекеңнің сүйікті зайыбы болмағанда сонау «Ақмаралдың жүрегінен» бергі жердегі ағыл-тегіл махаббат хикаясы тап сол өз дәрежесінде жыр достарының жан жүйесіне отты қуатымен орныға алар ма еді?.. Осынын өзі — өз алдына дербес тұрған бір жауапсыз сұрақ... Ләзкен қиын, қызық делінетін тауқымет те, тамаша да кезеңнің бәрін бастан кешірген баяғы Қызыл Отау қызы еді ғой. Ақын оның қадір-қасиетін қазбалай жоқтаса, оның да, басты себебі бір ғана жалғызсырауда жатқан жоқ (құдай ісіне құм шашпақ та жоқ). Әйелдің жақсы қылығымен жан тоғайтып дағдыланған ақын осы шығармасының өзінде-ақ шолақ қабілеттен қатты шошынады. Оны оқып отырғанда сіз өзіңіз-ақ бүгінгі баянсыз некелердің бет пердесін паршаласам дейсіз.

Әбекеңді кеудесін қарыс айыра күрсіндіретін махаббат азасы — туған жерді — қазақ жұртының қасиетті мекенін шексіз сүюмен сабақтас жатыр. Оны өз алдына таратып айтпай-ақ, ақынның тағы бір экологиялық элегиясынан көреміз. Айтып отырған шығармам — жанағы сөз басында жақша ішінде алынған «Ғасыр мен ғасыр беттесін». Бұнда табиғатқа ғана емес, адамның өзіне, оның бүкіл болашағына төтесінен төнген апат сөз болады. О баста бұл шығарма «Кезектегі ғасыр перзентінің жан дауысы» деген атпен жарық көрген-ді. Атының өзінен-ақ байқап отырған шығарсыз, абыз қартыңыз әлі дүние есігін ашпаған, ұлты қазақ перзенттің жан түршіктіре шырқыраған құлындағы даусына құлақ түргізеді: «Баяғы замандардан соры арылмаған осы халыққа мынау мыстан ғасыр опа берген бе, сірә?.. Дүниеге келе қалғанда мен қандай күй кешермін?.. Басар жер, ішіп-жерлік несібем, жұтар ауам у болмаса нетсін?! Ол тұрғай әуелі, тағдыр маған адамға тиесілі жеті мүшені түгел бұйыртар ма?!. Тіпті осы халықтың өзі бүтін күйде өмір сүрдім дей ала ма екен?.. Осынау қатыгез ғасыр тең жартысын қырып салғанда, қалғанын қалай бүтін деп санауға болар?.. Усойқы кезең жұртын соңынан ерткен ерлерді екі талмап бір жұтқанда басқаларының иығында қалған басы қайсы? Құр бекер кеудемен кимелеген бассыз нәсілде баба болған ба?!. Бабасыз ескен баланың ұлт, жұрт болғанын кім көрген?».. Ақын дүниеде жоқ сәби пірін осыншалық үреймен жыр қанатына қондырып алып, зар биікке зауласа. сіз де одан үзіліп қала алмайсыз... Ендеше сіз осы арада, сөз басында «Әлде қашан көз жұмғаны» айтылған көсем сәуегеймен кездесіп те қалғандайсыз. Шеңбері шексіз кең жатқан кемел махаббат деп осыны айтсақ керек!..

Қилы-қилы кезеңдерде ат құрғатпай жол жүруге дағдыланған, елдің әлеуметтік өміріне етене араласып әбден ысылған қалам һәм қоғам қайраткері осынау сын сағаттарды ашық айтыстарға белсене араласуын тоқтатқан жоқ. Әсіресе әлсіреп қалған қазақ тілінің, мешеулеген мектептердің тағдыры оны ерекше алаңдатты. Әбекеңнің бір кездерде баспа жұмысын басқарысып, оқулықтар жасасқанын әлгі бір сөз арасында да аңғарттық. Елдің осы бағыттағы жоғын жоқтап алыс-алыс сапарларға шығып кетіп жүрді. Көрмей қалған көз, жүрмей қалған аяқ, босап қалған буындар қай сағатта да мазасыз шал жарлығына шарасыздан көнді. Осыдан аздаған жылдар бұрын ол Астрахань облысындағы қазақ елін аралап қайтқан бетінде үкімет басшыларына тура мағынасында жылап барған, эфир мен телеэкранды үсті-үстіне пайдаланғаны да бар. Еңбегі зая кетпеді. 1ске жауапты азаматгар сол өңірге барып қайтқаннан кейін қазақ тілінде мектептер ашылып, радио торабы іске қосылды, аймақтық қазақ газеті өмірге келді. Сол кезде жазылған бір мақаламда осы бір өнегелі іс өркенін ұзартып, республика жерінен сыртқары жатқан өзге тараптардағы қазақтар тұрмысына оңды әсерін тигізсе тамаша болар еді деген едім одан кейінгі жағдай маған мәлім емес.

Аяулы ақын-жазушыларымыздың тірлігінде төңірегіне шам жарығындай шашыраған шарапатын күнделікті өмірімізге ауызекі айтысып, естелік түрінде жазып та жүрміз ғой. Арамызда ардақ тұтып отырған Аға кісі туралы да осындай бірер ауыз жылы лебіз білгізсек, одан шындық шырайланбаса жұтамасын білудей-ақ білеміз-ay... кісінің үстінен кінәрат сөз жүгіртпесе іші ауыратын біреулер де бoлaды-ay... Сол біреулердің біреуі бір орайда ұялмай-қызармай осы адамды да жершіл-жікшілдер қатарына қосты. Егер соның қиқымдай шындығы болса, туған топырағымыздың жуықтастығы үшін-ақ мен бұл кісіден бойымды аулақ ұстар едім. Жаңағыдай «Әбу ақ «қой шағала, желкеннен де» деген сөзімнің жалпыға жария түрде қайтып алар едім. Қаратау маңайының Зияш Қалауовасы, Талдықорғаннан Қанипа Бұғыбаевасы — екеуі де осы үйдің бой жеткен қызы болатын. Екеуін де әз әке Әбу, аяулы ана Ләзиза өз қолдарынан ұзатқан. Екеуі де осы ұядан ақын боп ұшты. Жезқазғанның Баубек Бұлқышеві, тағы да Талдықорғанның Құдаш Мұқашеві, Ақтөбенің Қуандық Шаңғытбаевы, Жымпитының Абдолла Жұмағалиеві — бәрі де Әбекеңнің әр жерден теріп дегендей, өз үйіне жетелеп әкелген жеткіншектері болған. Аталғандардың ішіндегі майданда қаза тапқан екі марқұм өле-өлгенше осы үймен хат жазысып, майдан газетіндегі Әбекеңмен де байланыстарын үзбеген. Осыдан артық оған қандай мінездеме қажет?..

Құбылмалы құлқы мол тентек теңіз үстінде он екі он үш жасынан дүлей дауылдар азабын күн демей, түн демей үлкендермен бірге бөліскен кісі елгезек те бейнетқор дағдысынан бір сәт жаңылмаған ғой. Кәрілік төсегі қимыл-әрекетін қысқартып тастаған бүгіндері де жалғыз қызы Райханға түннің бір уағында ойына оралғанды сол мезетте қағазға түсіртетін көрінеді. Осы қылығы мынадай бір эпизодты менің есіме еріксіз түсіреді:

Бұл адам жалпы жағдай тығырыққа тірелгенде тура мағынасында өзін өзі ұмытқандай. Баяғы оқулық шығаратын баспа директоры кезінде жанын сірідей қысқан қауырт жұмыс бұның өзін де, қарауындағы өзгелердің екеу-үшеуін де түнгі жұмысқа жеккен. Сондай күндердің бірінде, түнгі сағат екілер шамасында Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Шаяхметов (ол кісі де түнгі жұмысты күндізгіден кем пайдаланбаған) телефон соғып:

—        Бұл кім? — десе керек. Қолжазба әуресімен әбден қалжырап отырған Әбекең әкесінің атын да қапелімде есіне түсіре алмай, сондағы бар тапқан амалы:

—        Әй, айтып жіберіңдерші, осы менің фамилиям қалай еді?

Алыс-алыс гүлдерден шырын тамшыларын тасыған бал арасындай қазақ тәржімешілерінің бірі де — осы Әбекең. Бұл кісі қазақ тіліне аударғандардан А.Пушкин мен М.Лермонтовты, Ш.Петефи шығармаларын атасақ та жетер. Орыс, түрік, эстон тілдеріне өз шығармалары да аударылды. Әңгіменің ақырында оны да айта кетелік. Аударма тұрғай, түпнұсқасының әлі оқылмаған талай дүниесі «қарт қойнында қалаш» күйінде қалып тұр. Ел пайдасына сарқа жұмсалған маңдай-тер, табан-ет дегендеріңіз есте елеусіз қалған ба, — салтанатты сағаттарының бірінде оның омырауына көз жүгіртсеңіз көп медальдар үстінен жеті орденін көрер едіңіз. Соның біреуі — тәуелсіз Қазақстан Президент өз қолынан тапсырған «Парасат» ордені.

Зейнетке қоса бейнетінің өзін парызындай құптаған тоқсан жастағы абыз адамға:

—        Қартайдым деп қажыма, еңбегің — ел аузында тозбайтын толғау! — дегеннен асып не айта аламыз, — иншалла, расы да сол.

1995 жыл.