Қандастар Ассамблея

Тамаша ракета

07.12.2012 2076
  Тамаша ракета Жол мәнісін жүрген біледі. Ұзақ-ұзақ шерулеп отырып, бел-белестен асқан сайын кейінгі жаққа қайырылып қарайтынын бар-ау. Неше қайқаң сай-сала, ойдым-ойдым орман-тоғай, заңғар таулар көк жиектен әрі қарай ығысқан соң-ақ көзден таса болады да, белгі-бейнесі ғана көңілде жатталып қалады. Тіпті бағзы бір қорған төбе, шағын-шағын асулар ұзаған сайын ұмытылады-ау! Адам ұрпағы артта қалдырған тарих тұрқы да осыған ұқсас деседі. Әрине, оны бекерге саю жөн емес. Ғаламат зор танылған нелер оқиға «қағаз бетінен. қарт аузынан» дегендей, тым алыстан талып естіледі. Қазақ шежіресіндегі «ақтабан шұбырынды» секілді азап-сор тарихын қай жұрт бастан кешпеген, қашан ұмытқан?! Ел біткеннің күллісі неше айтса да бел-белес, асу деп сондайын айтқан, бақытсыздыққа төтеп берген елдігі мен ерлігін ғана жырлаған. Ал, пәлен тұста бақыт бұлағының бастауы, қайнары қалды дегенді ешбір жұрт тарихынан естімедік. Адамзат тарихында алғаш рет еркіндікпен егіз туған совет ұрпағына келсек, оның жыры басқаша басталады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының алып тұлғасына қайырылып қарасаңыз, сіз одан ұзаған сайын ол зорайып, бір жағынан арқаңызға асқар зәулім тіреу болып көрінеді де, екінші жағынан ол кейінгі тарихта қалған оқиға сияқты болмай, маңдай алдыңыздан жарқырайды, құс жолындай даңғыл тартып, ілгері қарай шексіз созылып жатады. Мезгіл-керуенді адам зәузатымен бірге алға бастырады, жетер мақсатқа жетелеп, асықтырады. Ұлы Октябрьдің ғажайып тұлғасы біздің көзімізге ғана бұлайша көріне ме? Жоқ, ол жер бетіндегі ақ тілекті адам атаулының баршасына арайлаған таң тәрізді. Ұйқы — дамылсыз түнімен жүрген жолаушыдай шаршап-шалдыққан жұрттар көзі оның нұр-шапағына қанша қараса да тоймайды, оны өздерінің арман-қиялы, ертеңгі жарқын келешегі деп біледі. Россия. Ленин, Октябрь, Совет, Социализм. Коммунизм делінетін ұлы-ұлы атауларды әр жұрт өз бақытының мөлдір бастауы, мол қайнары, ендігі тірліктің тірегі деп таниды. Ұлы Октябрьден бақыт тарихы басталды да, бұл күндерде миллиардқа жуық мұңсыз жандар шежіресі жасалды. Қасірет көлеңкесі қара жердің қалған бетінен де бірте-бірте шегініп барады. Ешбір кемеңгер ақын жаза алмастай даналық дастаны ай сайын дүниеге келіп жатқан осынау кезеңде менің ойыма, сөз жоқ, сіздің ойыңызға да, өткен айдың екінші жартысы оралады. Бас-аяғы, бар болғаны екі аптадай ғана уақыт еді-ау ол! Ал, сол аз ғана уақыт адам баласының келешегі үшін мың дастан тудырып кетті десем де, бұл айтқаным жеткіліксіз, анағұрлым аз көрінеді. —        Бейбітшілік, Еңбек, Бостандық, Теңдік, Туысқандық, Бақыт! Осынау терең мағыналы алты сөз біздің қасиетті жұлдызымыздың бас тармағына алтын нұрмен жазылды да, адамзат көзінің алдына жарқырап тұра қалды. —        Барлығы да адам, адамның игілігі үшін! Коммунизм Программасы таяудағы жиырма жыл ішінде өзге молшылықтармен бірге адам мазмұнын өлшеусіз байытатынын бір сәт ойлап көрсеңіз. Ар-ұят, ожданмен, өз жүрегіңнің әмірімен мінсіз жұмыс атқаратын, біріміз үшін бәріміз, бәріміз үшін біріміз жан аямай еңбек ететін, қасиетті адам атының беделін бұрынғыдан бетер жоғары көтеретін мезгілде осы жүрген әр біріміздің өмірбаянымыз жасалады екен. Тамаша ісі, өмірбаяны бар азамат болудан артық мақсат қайсы?! Бүгінгі біздің ұрпақты дәл осы заманмен тұстас тапқан ата-анадан мың мәртебе айналайын! — десең де артық па?! Олардың қарызы өтелер ме, сірә?! Арманға қарай асығып, Азапты бірдей бөлгендер, Тоқшылық үшін ашығып, Өмір үшін өлгендер, — есімі коммунизм адамдарының жүрегінде мәңгі сақталады. Совет коммунистерінің XXII съезінде Орталық Комитет жасаған баяндамада Программа үш сатылы ракетамен салыстырылды. «Мұның бірінші сатысы — біздің елімізді капиталистік дүниеден құтқарды, екінші сатысы — елімізді социализм шыңына көтерді, ал үшінші сатысы — елімізді коммунизм орбитасына шығаруға тиіс. Мұның өзі тамаша ракета!» — делінді. Иә, жолдастар, бұл тамаша ракета. Бұл ракетаның кабинасында біреуміз не екеуміз ғана емес, баршамыз түгел бармыз. Баршамыз заулап келеміз. Біз коммунизм орбитасына жарқырап шыға келгенде жердің күңгірт, қараңғы жағында жүргендер бізге басындағы тақиясы құлап түскенше қарайды да, қызығады, біздің бағытымызбен зымырай жөнелмек болады. Дәл сол оқиғаны осы жүрген біздің ұрпақ өз көзімен көреді екен. Неткен бай сыбаға, неткен бақыт десеңші! Тамаша ракетаны қозғаушы күштің құдіреттілігін айтсаңшы! Оған ең ұлы энергия — коммунизм құрылысшыларының энергиясы қуат беруде. Рас-ақ емес пе?! Қарашы Қазақстанға! Мен мынау бір бейнелі пікірді неше дүркін жазсам да, қайталап жаза бергім келеді. «Сары белден сарғайып таң атады» деп басталатын халық өлеңі тозығы жеткен көне мұра. Республиканың көп жерінде күннің кезі де бұрынғы ұясынан шығып, бұрынғы ұясына қонбайды. Күн көзі көбінше алып шахталар арасынан, қалың егін ішінен, магнитті завод трубаларының түбінен. ақ шаңқан мектеп үйлерінің шатырларынан жарқырап шыға келеді де, мұнай мұнараларының қалың ортасына, күріш, макта далаларына, мәуелеп тұрған жеміс бақтарына барып қонып жүреді. Тіпті теңізде де шығып келе жатқан күнді қаптап жүрген ақ желкендер арасынан көріп қаласыз. Еңбек біздің елде күнмен бірге көрініп, түнмен бірге жердегі қалың жұлдыз ішінде қайнап жатады. Біз Қазақстанды табиғат байлығының тамаша қоймасы деп атаймыз. Сол ұшан-теңіз байлыққа байланысты мынадай да бір ой келеді мұншалық мол жатқан ырыс-қазына бір жағынан адам қажетін өтесе, екінші жағынан сол адамның өз бейнесін де өзгертіп, оған артынша қабілет. атақ-даңқ, аса жоғары сана берді. Даңқты еңбек болмаса, даңқты ерлер де болмас еді. Жеке-жеке адам басы шамшырақ, тұтас-тұтас кәсіпорны шамшырақ, қалың шамшырақтан құралған қалалар қанша?! Біздер, журналистер түрлі-түрлі еңбеккерлерге жиі барамыз, шабытымыздың қайнар бұлағы солар болған соң, олардан қыл елі ажырауды қылмыс көреміз. Айтайын дегенім ол емес. Айтайын дегенім: біз қай тарапқа барсақ та қазіргі қарапайым еңбекшінің ой-пікірі бүкіл ел, бүкіл дүние тағдырымен сабақтастығын аңғарамыз. Әркім өзінше мемлекет қайраткері, қоғам қайраткері дәрежесінде тетелес тұрғанын байқатады да, бойына бір құдіретті күш құяды. Алжир, Конго, Лаос жайы, Берлин тағдыры — осының барлығына берер дұп-дұрыс бағасы бар ойлы жолдасыңды кенші, малшы, диқандар арасынан көргеніңде төбең көкке жетіп-ақ қалады-ау. Бір кезде мұнша байтақ далада жан күйзелтіп жалғыз Шоқан, жалғыз Абай ойлаған ел тағдыры өзіне баршамыздан қамқор тапты. Біздерді «коммунизм құлдары» деп көкитін мырзалар осыған не дейді екен? Еңбегі мен ақыл-ойы азаттық алған адам қабілетінде шек жоғын біле ме солар? Сірә, білетін болу керек: еркіндік дегеннен есі шыға, зәре-құты қалмай қорқады ғой өздері. Сондықтан да олар Қазақстанға Никсон сияқты «коммунизммен уланбайтын» сенімді өкілдерін ғана жібереді. Жүгері орудан тәжірибе алмасу үшін, біз диқандарды Америка Құрама Штаттарына іссапарға жұмсай береміз. Ал олар өздерінің қарапайым адамы Қазақстанға келейін десе, виза бермейді, қорқады. Міне, Ұлы Октябрьдің қасиетті Отанында бүгінгі адамдар осындай. Олар тамаша ракетамен шын зейнетті өмірдің шыңына, сана биігіне самғап келеді. Миллиард жылдар бойы өзінің жабайы орбитасынан жаңылмаған жұмыр Жер енді біздің орбитамен — коммунизм орбитасымен қозғалуға бет алды. Империалисттер космосқа еркін шырқап шыға алмаған соң, онымен де жауласты деуге болады. Жерден сыртқары жатқан қараңғы түкпірге неше миллион ине лақтырды. Лақтыра берсін, бәрі бір сол қараңғы космостың өзі де жарқын келешекке жақсы қызмет ететін болып келісім берді. Алдағы уақытта біздің тамаша ракета Жердің серігі емес, Жер де, космос та оның серігі болады. Баршамызды алға қарай заулатып алып келе жатқан сол тамаша ракета — коммунистік өміріміздің ұлы Программасы жасасын! 1962 жыл.  

 

Тамаша ракета

Жол мәнісін жүрген біледі. Ұзақ-ұзақ шерулеп отырып, бел-белестен асқан сайын кейінгі жаққа қайырылып қарайтынын бар-ау. Неше қайқаң сай-сала, ойдым-ойдым орман-тоғай, заңғар таулар көк жиектен әрі қарай ығысқан соң-ақ көзден таса болады да, белгі-бейнесі ғана көңілде жатталып қалады. Тіпті бағзы бір қорған төбе, шағын-шағын асулар ұзаған сайын ұмытылады-ау! Адам ұрпағы артта қалдырған тарих тұрқы да осыған ұқсас деседі. Әрине, оны бекерге саю жөн емес. Ғаламат зор танылған нелер оқиға «қағаз бетінен. қарт аузынан» дегендей, тым алыстан талып естіледі. Қазақ шежіресіндегі «ақтабан шұбырынды» секілді азап-сор тарихын қай жұрт бастан кешпеген, қашан ұмытқан?! Ел біткеннің күллісі неше айтса да бел-белес, асу деп сондайын айтқан, бақытсыздыққа төтеп берген елдігі мен ерлігін ғана жырлаған. Ал, пәлен тұста бақыт бұлағының бастауы, қайнары қалды дегенді ешбір жұрт тарихынан естімедік.

Адамзат тарихында алғаш рет еркіндікпен егіз туған совет ұрпағына келсек, оның жыры басқаша басталады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының алып тұлғасына қайырылып қарасаңыз, сіз одан ұзаған сайын ол зорайып, бір жағынан арқаңызға асқар зәулім тіреу болып көрінеді де, екінші жағынан ол кейінгі тарихта қалған оқиға сияқты болмай, маңдай алдыңыздан жарқырайды, құс жолындай даңғыл тартып, ілгері қарай шексіз созылып жатады. Мезгіл-керуенді адам зәузатымен бірге алға бастырады, жетер мақсатқа жетелеп, асықтырады.

Ұлы Октябрьдің ғажайып тұлғасы біздің көзімізге ғана бұлайша көріне ме? Жоқ, ол жер бетіндегі ақ тілекті адам атаулының баршасына арайлаған таң тәрізді. Ұйқы — дамылсыз түнімен жүрген жолаушыдай шаршап-шалдыққан жұрттар көзі оның нұр-шапағына қанша қараса да тоймайды, оны өздерінің арман-қиялы, ертеңгі жарқын келешегі деп біледі. Россия. Ленин, Октябрь, Совет, Социализм. Коммунизм делінетін ұлы-ұлы атауларды әр жұрт өз бақытының мөлдір бастауы, мол қайнары, ендігі тірліктің тірегі деп таниды.

Ұлы Октябрьден бақыт тарихы басталды да, бұл күндерде миллиардқа жуық мұңсыз жандар шежіресі жасалды. Қасірет көлеңкесі қара жердің қалған бетінен де бірте-бірте шегініп барады. Ешбір кемеңгер ақын жаза алмастай даналық дастаны ай сайын дүниеге келіп жатқан осынау кезеңде менің ойыма, сөз жоқ, сіздің ойыңызға да, өткен айдың екінші жартысы оралады. Бас-аяғы, бар болғаны екі аптадай ғана уақыт еді-ау ол! Ал, сол аз ғана уақыт адам баласының келешегі үшін мың дастан тудырып кетті десем де, бұл айтқаным жеткіліксіз, анағұрлым аз көрінеді.

—        Бейбітшілік, Еңбек, Бостандық, Теңдік, Туысқандық, Бақыт! Осынау терең мағыналы алты сөз біздің қасиетті жұлдызымыздың бас тармағына алтын нұрмен жазылды да, адамзат көзінің алдына жарқырап тұра қалды.

—        Барлығы да адам, адамның игілігі үшін! Коммунизм Программасы таяудағы жиырма жыл ішінде өзге молшылықтармен бірге адам мазмұнын өлшеусіз байытатынын бір сәт ойлап көрсеңіз. Ар-ұят, ожданмен, өз жүрегіңнің әмірімен мінсіз жұмыс атқаратын, біріміз үшін бәріміз, бәріміз үшін біріміз жан аямай еңбек ететін, қасиетті адам атының беделін бұрынғыдан бетер жоғары көтеретін мезгілде осы жүрген әр біріміздің өмірбаянымыз жасалады екен. Тамаша ісі, өмірбаяны бар азамат болудан артық мақсат қайсы?! Бүгінгі біздің ұрпақты дәл осы заманмен тұстас тапқан ата-анадан мың мәртебе айналайын! — десең де артық па?! Олардың қарызы өтелер ме, сірә?!

Арманға қарай асығып,

Азапты бірдей бөлгендер,

Тоқшылық үшін ашығып,

Өмір үшін өлгендер, —

есімі коммунизм адамдарының жүрегінде мәңгі сақталады.

Совет коммунистерінің XXII съезінде Орталық Комитет жасаған баяндамада Программа үш сатылы ракетамен салыстырылды. «Мұның бірінші сатысы — біздің елімізді капиталистік дүниеден құтқарды, екінші сатысы — елімізді социализм шыңына көтерді, ал үшінші сатысы — елімізді коммунизм орбитасына шығаруға тиіс. Мұның өзі тамаша ракета!» — делінді.

Иә, жолдастар, бұл тамаша ракета. Бұл ракетаның кабинасында біреуміз не екеуміз ғана емес, баршамыз түгел бармыз. Баршамыз заулап келеміз. Біз коммунизм орбитасына жарқырап шыға келгенде жердің күңгірт, қараңғы жағында жүргендер бізге басындағы тақиясы құлап түскенше қарайды да, қызығады, біздің бағытымызбен зымырай жөнелмек болады. Дәл сол оқиғаны осы жүрген біздің ұрпақ өз көзімен көреді екен. Неткен бай сыбаға, неткен бақыт десеңші!

Тамаша ракетаны қозғаушы күштің құдіреттілігін айтсаңшы! Оған ең ұлы энергия — коммунизм құрылысшыларының энергиясы қуат беруде. Рас-ақ емес пе?! Қарашы Қазақстанға! Мен мынау бір бейнелі пікірді неше дүркін жазсам да, қайталап жаза бергім келеді. «Сары белден сарғайып таң атады» деп басталатын халық өлеңі тозығы жеткен көне мұра. Республиканың көп жерінде күннің кезі де бұрынғы ұясынан шығып, бұрынғы ұясына қонбайды. Күн көзі көбінше алып шахталар арасынан, қалың егін ішінен, магнитті завод трубаларының түбінен. ақ шаңқан мектеп үйлерінің шатырларынан жарқырап шыға келеді де, мұнай мұнараларының қалың ортасына, күріш, макта далаларына, мәуелеп тұрған жеміс бақтарына барып қонып жүреді. Тіпті теңізде де шығып келе жатқан күнді қаптап жүрген ақ желкендер арасынан көріп қаласыз. Еңбек біздің елде күнмен бірге көрініп, түнмен бірге жердегі қалың жұлдыз ішінде қайнап жатады.

Біз Қазақстанды табиғат байлығының тамаша қоймасы деп атаймыз. Сол ұшан-теңіз байлыққа байланысты мынадай да бір ой келеді мұншалық мол жатқан ырыс-қазына бір жағынан адам қажетін өтесе, екінші жағынан сол адамның өз бейнесін де өзгертіп, оған артынша қабілет. атақ-даңқ, аса жоғары сана берді. Даңқты еңбек болмаса, даңқты ерлер де болмас еді. Жеке-жеке адам басы шамшырақ, тұтас-тұтас кәсіпорны шамшырақ, қалың шамшырақтан құралған қалалар қанша?!

Біздер, журналистер түрлі-түрлі еңбеккерлерге жиі барамыз, шабытымыздың қайнар бұлағы солар болған соң, олардан қыл елі ажырауды қылмыс көреміз. Айтайын дегенім ол емес. Айтайын дегенім: біз қай тарапқа барсақ та қазіргі қарапайым еңбекшінің ой-пікірі бүкіл ел, бүкіл дүние тағдырымен сабақтастығын аңғарамыз. Әркім өзінше мемлекет қайраткері, қоғам қайраткері дәрежесінде тетелес тұрғанын байқатады да, бойына бір құдіретті күш құяды. Алжир, Конго, Лаос жайы, Берлин тағдыры — осының барлығына берер дұп-дұрыс бағасы бар ойлы жолдасыңды кенші, малшы, диқандар арасынан көргеніңде төбең көкке жетіп-ақ қалады-ау. Бір кезде мұнша байтақ далада жан күйзелтіп жалғыз Шоқан, жалғыз Абай ойлаған ел тағдыры өзіне баршамыздан қамқор тапты. Біздерді «коммунизм құлдары» деп көкитін мырзалар осыған не дейді екен? Еңбегі мен ақыл-ойы азаттық алған адам қабілетінде шек жоғын біле ме солар? Сірә, білетін болу керек: еркіндік дегеннен есі шыға, зәре-құты қалмай қорқады ғой өздері. Сондықтан да олар Қазақстанға Никсон сияқты «коммунизммен уланбайтын» сенімді өкілдерін ғана жібереді. Жүгері орудан тәжірибе алмасу үшін, біз диқандарды Америка Құрама Штаттарына іссапарға жұмсай береміз. Ал олар өздерінің қарапайым адамы Қазақстанға келейін десе, виза бермейді, қорқады.

Міне, Ұлы Октябрьдің қасиетті Отанында бүгінгі адамдар осындай. Олар тамаша ракетамен шын зейнетті өмірдің шыңына, сана биігіне самғап келеді.

Миллиард жылдар бойы өзінің жабайы орбитасынан жаңылмаған жұмыр Жер енді біздің орбитамен — коммунизм орбитасымен қозғалуға бет алды.

Империалисттер космосқа еркін шырқап шыға алмаған соң, онымен де жауласты деуге болады. Жерден сыртқары жатқан қараңғы түкпірге неше миллион ине лақтырды. Лақтыра берсін, бәрі бір сол қараңғы космостың өзі де жарқын келешекке жақсы қызмет ететін болып келісім берді. Алдағы уақытта біздің тамаша ракета Жердің серігі емес, Жер де, космос та оның серігі болады. Баршамызды алға қарай заулатып алып келе жатқан сол тамаша ракета — коммунистік өміріміздің ұлы Программасы жасасын!

1962 жыл.

 

Ұқсас материалдар