Қандастар Ассамблея

Алыстағы досыма хат

07.12.2012 103300
  Алыстағы досыма хат Көктем сайын адам көзі гүлге құштар болатыны өзіңе мәлім. Сен екеуміз Бірінші Май келгенде де сөйтеміз: оның таңы қылаң берсе болғаны, үйде тағат тауып отыра алмай, дереу терезеге жүгіреміз, ерсілі-қарсылы ағылып жатқан халыққа қараймыз. Сол көп ішіндегі достарымыздың бірімен болмаса, бірімен кездесу, сырласу үшін сыртқа да шығып кетеміз. Парадта, санатта да ортақ ойды бірге толғаймыз. Бұрын-соңды жүзі таныс емес еңбеккермен де етене шүйіркелесе қалатынын бар-ау... Ол ол ма, тіпті ешқашан көрмеген, келешекте көрісе алмауын да ықтимал, әйтеуір өмірде барын көкірегін ғана сезетін әрі сүйетін бейтаныс досына да лебіз білдірсем деп шабыттанатын шағың осы Бірінші Май күні жиі кездеседі. Менің осы хатты жазуыма да тап сол бір соңғы сезім түрткі салды: сенің тұрағың дүниенің қай түкпірінде екенін білмесем де, осы хатты өзіңе арнап жазайын дедім. Әзірше менің білетінім — әйтеуір сен бір жерде еңбек етіп жүрсің (еңбек етпейтін адамға бұл хаттың ешбір қатысы жоқ). Сол себепті де сені досым деп, бір лебіз білгізбекті мақсат еттім. Не жайлы айтсам екен деп бірсыпыра ойландым да, ақырында екеуміздің тағдырымызды жалғастыратын бір тақырыпты таңдап алдым: атап айтқанда, менің республикамның шетелдермен байланысы жайлы сөз қозғағым келді. Менің Қазақстаным елу елмен экономикалық байланыс жасайды екен. Мүмкін соның ішінде сенің елің де бар шығар. Мүмкін, бізге тіпті сенің еңбегіңнің жемісі де белгілі бір бұйым боп келіп жүрген шығар. Солай болса тіпті жақсы, әрине. Қазақстанда ересек-егде түгелдей еңбек етеді. Сен оны білуге тиіссің. Өйткені бірінің жағдайын бірі білуге еңбеккер жандар қашан да құштар ғой. Сен Қазақстанның территориясын географиялық карта, әртүрлі әдебиеттер арқылы білесің. Оның жеріне бес Франция яки, он бір Англия сыйып кететіні өзіңе аян болу керек. Ал, оның экономикалық қуатын сен тек бұлардан ғана емес, біздің өлкеден барған бұйымдардың маркасы арқылы да білесің-ау деп ойлаймын. Қазір біз ондай бұйымдардың үш жүз түрін шығарамыз. Мұндағы бірінші ақындар отты өзен боп тоқтаусыз ағып жатқан Қазақстан магниткасын Сырдарияға, ағыл-тегіл астығын теңізге теңейді. Көп запасты көмір, мұнай, түрлі-түсті металл, мыңғырған мал — осының барлығына да балама бар біздің поэзияда. Сол себепті де біз шығарманы шындық тудырады дейміз. Біздің халықтвапра «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» дейтін мәтел бар. Мүмкін, ескіні ғана еске тұтып, алыстағы Қазақстанның ақуалын көрнеу жүдетіп айтушыларда бар шығар. Қыс айларында көзсіз көк-ала дүлей боран ғана ысқырып, жазда күллі тіршілікті күйдіргіш аптап-анызақтың сары желі ғана сарнап тұрады деуі де мүмкін бағзы іреулердің. Өйткені бұдан 40-45 жыл бұрынғы ақуал шынында да солай еді. Көп жерлерде көктемнің өзі де жапырағын жастай солғызып, аз аптаның ішінде асығыс өте шығатын-ды. Ол біздің қазақ деген атымызға қайтадан ие бола бастаған, жаңа ғана есімізді жинап жатқан жылдар еді. Ол уақытта шет елдермен сауда қатынасын жасауды ойлауға да мұрша болған жоқ. Тіпті ол кезде біз британ келімсектерін жерімізден біржола қуып жаттық қой. «Әуелі әлді тұрмыс, әрлі өмір жасап алып, шетпен сауданы содан соң қолға алыңдар. Ағайын көмегін аямайық!» деп, орыс пролетариаты да, өзге туыстар да қосыла қолғабыс етті. Біз онда біріңғай ішкі байланысты ғана күшейттік. Өсекшілер аузына ілігіп жүрген сол бір өткен шақ деп өзіңде ойлаған шығарсың-ау. Сөйтсе де анықтай кеткеннің артығы жоқ дегенім ғой. Қазақ мемлекетінің шет елдермен экономикалық байланысы отызыншы жылдардан басталады. Бірақ, ол жылдары қазіргідей елу емес, бес-ақ елмен алыс-беріс жасалған. Азияда батыс-Қытай, Ауған, Монғол, Еуропада ағылшын, неміс жұрттарымен... Ол тұстағы бізден шығарылған негізгі товарлар жүн, қой сеңсеңі мен аң терілері, балықтың консервісі мен уылдырығы болатұғын. Ал, енді ше?.. Ендігінің дені өнеркәсіп өнімдері. Советтік Қазақстан — қуатты индустрияның мекені екенін менсіз-ақ сол айтып береді саған. Әрине, мен сауда саласының маманы емеспін (журналист, ақынмын ғой. Оны айтуды ұмытып барады екем, кешірерсің). Тіпті сауда саласының маманы болғанның өзінде де сыртқа шығарылатын өнім-бұйымдардың өңкей тізімін жатқа тізу қиынға соғар еді. Ақтөбе рентген заводының қоладан құйылған маркасы отыз елге таныс. Сол елдердің ішінде Куба, Гана, Мали, Непал, Индия да бар. Оралдың арматур, Ақтөбенің ферросплав, Шымкенттің химфарм заводтары жөнелтіп отырған бұйымдардың мазмұнымен мақтанбасқа ешбір еркім жоқ. Ол бұйымдар — әлі де буыны бекімеген, әлсіз елдердің бойына құт-қуат, керек десек, дәл айтқан боламыз. Досым-ау, өзің ойлашы!.. Барлық мағынасында Қара құрлық атанған Африканын қазіргі жағдайында дәрі-дәрмектен бағалы не бар?.. Мыңдаған ана-бала, кәрі-жастың өмірін ажалдан арашалап, жұқпалы жаман аурулардан жазып, қысқасы, ежелден бері ауру Африканы бойына сіңген дертінен айықтырып жатқан сол дәрі-дәрмек қой. Ендеше, біліп қой, солардың ішінде біздің Шымкент шипасы да бар. Ал, революцияға дейін менің халқым да дәрі-дәрмекке зәру болған жұрт еді. Реті келгенде айта кетейін, жұқпалы ауру-індеттің азабы мен ажалы — қоғамдағы қорлықтың үлкені екені әмбеге аян. Ол өзі қашан, қай жерде болса да отар елдің қашса құтылмайтын қақпаны. қол-аяқты бірдей буып тастайтын бұғауы көрінеді ғой. Біздің халқымыз бір кезде соны өз басынан өткергені себепті де, бүгін өзгенің дертіне дару бермекті аса мәртебелі мақсат тұтады. Жә, әлгі әңгімемізге қайта оралайық. Қазақстан жыл сайын өзінің экономикалық диапозонын қас пен достың көз алдына көрме күйінде жайып салады. 1961 жылдың өзінде 59 түрлі шаруашылығы мен халықаралық көрме-жәрмеңкесінің жиырма төртіне қатысты, жолы болып, өнім-бұйымдары өте жоғары бағаланды. Гурьевтің мұнай айыру заводы Куба үкіметінің жүлдесін алды. Бразилия мен Польшада, Бирма мен Чехословакияда, Венгрия мен ГДР-де, басқа да көп-көп елдерде, совет көрмесі салтанат құрған жерлердің бәрінде де Қазақстанның өз жиһазы бар. Бұл байланыс жыл сайын қанатын кең жайып, өзінің келелі мақсатын өтеп отырғаны сөзсіз. Қазақта «Береген қолым — алаған» дейтін мақал бар. Тамаша өнім-бұйымның талайы дүниенің әр тарапынан бізге де келіп жатады. Солардың ішінде өз басым өте бір артықша бағалайтын бұйым бар. Оның аты — алғыс. Шынында да одан бағалы импорт болмаса керек қой: жаһанға бағыштаған еңбегін жанып, ер зат өзінің шыққан төркініне әлемнің түкпір-түкпірінен сан тілде алғыс, ақ тілеу жеткізіп жатса, жаныңа содан жайлы не бар өзі дүниеде?! Мүмкін сен жүрген жерге де сондай жүрек жүлдесі — алғыс, ыстық ықылас, басқа жақтардан, бізден де баратын шығар. Ләйім де солай болғай!.. Алыс-беріс, ауыс-түйіс сауда қатынасын жасаған екі тарап материалдың жағынан ғана емес, моральдық жағынан да ұтады ғой. Сайып келгенде, ел мен елді, адам мен адамды ұғыныстыратын да сол абзал, адал еңбектің жемісі болмақ. Біреуге-біреудің тілеулестігі білуден туатындығы қақ. Оның үстіне, бұл тұстағы адамдардың өзара барыс-келісі, дидарласуы, біраз уақыт жұмыстас болуы етек алып келеді. Әсіресе, осы соңғы жәйт — адамдарды достық, туыстыққа тура жетектейтін құдіретті күшке айналды. Кейінгі жылдардың тәжірибесінен біз осыны анық көріп отырмыз. Біздің Қызылорда облысында күріш өсіруші жас жігіт Кеңесбай Алшоразов Кубаға барып, ондағы өз әріптестеріне бұл дақылдың қалай өсірілуі жайлы, ұстазы Ыбырай Жақаев туралы да көп-көп сырлар шертті. Жігіттің өз колхозына жазған хатынан аңғарғанымыз — оның революцияшыл Куба өмірін қызыға зерттегенді. «Кубада көрген жаңалықтарымның ең бір тамашасы деп мұндағы жұрттың жаппай оқып-үйренуге құштарлығын айтар ем» депті ол. Ал, Бұқтарма ГЭС-нің бұрынғы прорабы Александр Петренко елдегі достарына Арабиядан былай деп жазды: «Кеше бір қарт араб жолымнан күтіп тұрып, маған үш-ақ ауыз сөз айтып қалды: «Совет, жолдас, рақмет!» Мен мұны үлкен сыйлық дәрежесінде қабыл еттім. Осыны Отанына ала барғайсың дегендей ишарат білдірді ол. Қуанып қолын қыстым. Алақаны көн-тақы, аса қалың екен: ішім елжіреп қоя берді. Сол Асуан гидроузелінде Петренкомен бірге монтажшылар бригадирі боп істеген Әкім Ермеков те осыған ұқсас бірнеше хат жазды. Иә, совет адамдары еңбек адамына елжірей, оның табысына жанымен қуана біледі. Дос табысына қуанудың бағасын білгендіктен сөйтеді олар. Жұмысшы-шаруа өкіметі жаһанда жалғыз боп тұрған шақта біздің табысымызға дүниенің дүйім пролетары шексіз қуанып, қол ұшын бергені белгілі. Тағдырластың табысына қуану содан бергі дәуірдің дәстүрі ғой. Импорттың бәрі бірдей бағалы емес. Сондықтан біз оған қатал сын көзімен де қараймыз. Сапасы нашар матаға да мақтау жоқ. Ол өзінен-өзі аксиома ғой. Менің айтқалы отырғаным ол емес. Біреудің бақытын біреу тонап, нанымен бірге намысын да тартып алып жатқан капиталистік елдерде адам жиіркенетін ақуалдар да бар-ау... Арын ақшаға айырбастау, тіпті тәнін де саудаға салу, ту-ту арғы, жабайы заманның жалаңаш, салдақы салтын жаңалық деп ұсыну, мұрат-мақсатсыз, селқос өмір кешу — осы сияқты толып жатқан тозғын әрекеттерді де «экспортқа» айналдырып, солардың жәрмеңкесін ашқысы келетіндер әлі бар-ау әлемде. Егер сенің елің де осынау індеттен әзірше айықпаған болса, амалсыз өкінемін, сені аяймын. Саған қиын: күллісін көргенде күйінесің ғой әрине... Бірақ... Бірақ сол күйік қатты ашуыңды қазандай қайнатқан шақта одан жалпы күрестің жалыны әлсіремей, қайта қоза түсетіні абзал. Алыстағы жанашырыңмен де табыстыра түсетін сол күрес. Советтік Россияға қарсы даярланған қару-жарақты кемеге тиеудің орнына суға батырған жүкшi-матростарды, дөкерлерің талай елдің тарихы біледі. Ол өзіңе айтпай-ақ аян. Ендеше, әлгі мерездерден «экспорт» жасамақты көздейтін бағзы бір бұзықтар өзгеден бұрын өз ішіндегі сенен қорқады. Сол үшін-ақ, өмірге өте керек адамсың ғой сен. Дүниеде импорт болуға да, экспорт болуға да міндетті, аса қымбат, тіпті баға жетпес бір товар бар-ау. Оны товар деп атаудың өзі де дұрыс емес әрине (баға жетпейтін нәрсе сатылмайды ғой). Әйтеуір елден-елге мол таралуға тиісті қажет болған соң солай деп отырмын. Бейбітшілік идеясын айтамын. Онсыз өнім-бұйым, тұрмыс қажеті, алым-берім жайлы айту маған да, саған да мағынасыз. Осыны есімізде сақтайық. Ұл-қызымызға тозбас мұра, өлмес өсиет етіп осыны қалдырайық. Меніңше, сен екеуміз талай рет кездескен болуымыз керек. Кездесетін де шығармыз. Өйткені сен жалғыз емес, миллион емес, екінің бірі де емессің, одан көпсің ғой. Май күні, ортақ мерекеміздің осынау күшелінде саған айтайын дегенім осы еді. Деніңе есен-саулық, еңбегіңе еркіндік, ерлігіңе жеңіс тілеймін.   1965 жыл.

 

Алыстағы досыма хат

Көктем сайын адам көзі гүлге құштар болатыны өзіңе мәлім. Сен екеуміз Бірінші Май келгенде де сөйтеміз: оның таңы қылаң берсе болғаны, үйде тағат тауып отыра алмай, дереу терезеге жүгіреміз, ерсілі-қарсылы ағылып жатқан халыққа қараймыз. Сол көп ішіндегі достарымыздың бірімен болмаса, бірімен кездесу, сырласу үшін сыртқа да шығып кетеміз. Парадта, санатта да ортақ ойды бірге толғаймыз. Бұрын-соңды жүзі таныс емес еңбеккермен де етене шүйіркелесе қалатынын бар-ау... Ол ол ма, тіпті ешқашан көрмеген, келешекте көрісе алмауын да ықтимал, әйтеуір өмірде барын көкірегін ғана сезетін әрі сүйетін бейтаныс досына да лебіз білдірсем деп шабыттанатын шағың осы Бірінші Май күні жиі кездеседі. Менің осы хатты жазуыма да тап сол бір соңғы сезім түрткі салды: сенің тұрағың дүниенің қай түкпірінде екенін білмесем де, осы хатты өзіңе арнап жазайын дедім. Әзірше менің білетінім — әйтеуір сен бір жерде еңбек етіп жүрсің (еңбек етпейтін адамға бұл хаттың ешбір қатысы жоқ). Сол себепті де сені досым деп, бір лебіз білгізбекті мақсат еттім.

Не жайлы айтсам екен деп бірсыпыра ойландым да, ақырында екеуміздің тағдырымызды жалғастыратын бір тақырыпты таңдап алдым: атап айтқанда, менің республикамның шетелдермен байланысы жайлы сөз қозғағым келді.

Менің Қазақстаным елу елмен экономикалық байланыс жасайды екен. Мүмкін соның ішінде сенің елің де бар шығар. Мүмкін, бізге тіпті сенің еңбегіңнің жемісі де белгілі бір бұйым боп келіп жүрген шығар. Солай болса тіпті жақсы, әрине.

Қазақстанда ересек-егде түгелдей еңбек етеді. Сен оны білуге тиіссің. Өйткені бірінің жағдайын бірі білуге еңбеккер жандар қашан да құштар ғой.

Сен Қазақстанның территориясын географиялық карта, әртүрлі әдебиеттер арқылы білесің. Оның жеріне бес Франция яки, он бір Англия сыйып кететіні өзіңе аян болу керек. Ал, оның экономикалық қуатын сен тек бұлардан ғана емес, біздің өлкеден барған бұйымдардың маркасы арқылы да білесің-ау деп ойлаймын. Қазір біз ондай бұйымдардың үш жүз түрін шығарамыз.

Мұндағы бірінші ақындар отты өзен боп тоқтаусыз ағып жатқан Қазақстан магниткасын Сырдарияға, ағыл-тегіл астығын теңізге теңейді. Көп запасты көмір, мұнай, түрлі-түсті металл, мыңғырған мал — осының барлығына да балама бар біздің поэзияда. Сол себепті де біз шығарманы шындық тудырады дейміз.

Біздің халықтвапра «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» дейтін мәтел бар. Мүмкін, ескіні ғана еске тұтып, алыстағы Қазақстанның ақуалын көрнеу жүдетіп айтушыларда бар шығар. Қыс айларында көзсіз көк-ала дүлей боран ғана ысқырып, жазда күллі тіршілікті күйдіргіш аптап-анызақтың сары желі ғана сарнап тұрады деуі де мүмкін бағзы іреулердің. Өйткені бұдан 40-45 жыл бұрынғы ақуал шынында да солай еді. Көп жерлерде көктемнің өзі де жапырағын жастай солғызып, аз аптаның ішінде асығыс өте шығатын-ды. Ол біздің қазақ деген атымызға қайтадан ие бола бастаған, жаңа ғана есімізді жинап жатқан жылдар еді. Ол уақытта шет елдермен сауда қатынасын жасауды ойлауға да мұрша болған жоқ. Тіпті ол кезде біз британ келімсектерін жерімізден біржола қуып жаттық қой. «Әуелі әлді тұрмыс, әрлі өмір жасап алып, шетпен сауданы содан соң қолға алыңдар. Ағайын көмегін аямайық!» деп, орыс пролетариаты да, өзге туыстар да қосыла қолғабыс етті. Біз онда біріңғай ішкі байланысты ғана күшейттік. Өсекшілер аузына ілігіп жүрген сол бір өткен шақ деп өзіңде ойлаған шығарсың-ау. Сөйтсе де анықтай кеткеннің артығы жоқ дегенім ғой.

Қазақ мемлекетінің шет елдермен экономикалық байланысы отызыншы жылдардан басталады. Бірақ, ол жылдары қазіргідей елу емес, бес-ақ елмен алыс-беріс жасалған. Азияда батыс-Қытай, Ауған, Монғол, Еуропада ағылшын, неміс жұрттарымен... Ол тұстағы бізден шығарылған негізгі товарлар жүн, қой сеңсеңі мен аң терілері, балықтың консервісі мен уылдырығы болатұғын.

Ал, енді ше?.. Ендігінің дені өнеркәсіп өнімдері. Советтік Қазақстан — қуатты индустрияның мекені екенін менсіз-ақ сол айтып береді саған.

Әрине, мен сауда саласының маманы емеспін (журналист, ақынмын ғой. Оны айтуды ұмытып барады екем, кешірерсің). Тіпті сауда саласының маманы болғанның өзінде де сыртқа шығарылатын өнім-бұйымдардың өңкей тізімін жатқа тізу қиынға соғар еді.

Ақтөбе рентген заводының қоладан құйылған маркасы отыз елге таныс. Сол елдердің ішінде Куба, Гана, Мали, Непал, Индия да бар. Оралдың арматур, Ақтөбенің ферросплав, Шымкенттің химфарм заводтары жөнелтіп отырған бұйымдардың мазмұнымен мақтанбасқа ешбір еркім жоқ. Ол бұйымдар — әлі де буыны бекімеген, әлсіз елдердің бойына құт-қуат, керек десек, дәл айтқан боламыз.

Досым-ау, өзің ойлашы!.. Барлық мағынасында Қара құрлық атанған Африканын қазіргі жағдайында дәрі-дәрмектен бағалы не бар?.. Мыңдаған ана-бала, кәрі-жастың өмірін ажалдан арашалап, жұқпалы жаман аурулардан жазып, қысқасы, ежелден бері ауру Африканы бойына сіңген дертінен айықтырып жатқан сол дәрі-дәрмек қой. Ендеше, біліп қой, солардың ішінде біздің Шымкент шипасы да бар. Ал, революцияға дейін менің халқым да дәрі-дәрмекке зәру болған жұрт еді.

Реті келгенде айта кетейін, жұқпалы ауру-індеттің азабы мен ажалы — қоғамдағы қорлықтың үлкені екені әмбеге аян. Ол өзі қашан, қай жерде болса да отар елдің қашса құтылмайтын қақпаны. қол-аяқты бірдей буып тастайтын бұғауы көрінеді ғой. Біздің халқымыз бір кезде соны өз басынан өткергені себепті де, бүгін өзгенің дертіне дару бермекті аса мәртебелі мақсат тұтады. Жә, әлгі әңгімемізге қайта оралайық.

Қазақстан жыл сайын өзінің экономикалық диапозонын қас пен достың көз алдына көрме күйінде жайып салады. 1961 жылдың өзінде 59 түрлі шаруашылығы мен халықаралық көрме-жәрмеңкесінің жиырма төртіне қатысты, жолы болып, өнім-бұйымдары өте жоғары бағаланды. Гурьевтің мұнай айыру заводы Куба үкіметінің жүлдесін алды. Бразилия мен Польшада, Бирма мен Чехословакияда, Венгрия мен ГДР-де, басқа да көп-көп елдерде, совет көрмесі салтанат құрған жерлердің бәрінде де Қазақстанның өз жиһазы бар. Бұл байланыс жыл сайын қанатын кең жайып, өзінің келелі мақсатын өтеп отырғаны сөзсіз.

Қазақта «Береген қолым — алаған» дейтін мақал бар. Тамаша өнім-бұйымның талайы дүниенің әр тарапынан бізге де келіп жатады. Солардың ішінде өз басым өте бір артықша бағалайтын бұйым бар. Оның аты — алғыс. Шынында да одан бағалы импорт болмаса керек қой: жаһанға бағыштаған еңбегін жанып, ер зат өзінің шыққан төркініне әлемнің түкпір-түкпірінен сан тілде алғыс, ақ тілеу жеткізіп жатса, жаныңа содан жайлы не бар өзі дүниеде?! Мүмкін сен жүрген жерге де сондай жүрек жүлдесі — алғыс, ыстық ықылас, басқа жақтардан, бізден де баратын шығар. Ләйім де солай болғай!..

Алыс-беріс, ауыс-түйіс сауда қатынасын жасаған екі тарап материалдың жағынан ғана емес, моральдық жағынан да ұтады ғой. Сайып келгенде, ел мен елді, адам мен адамды ұғыныстыратын да сол абзал, адал еңбектің жемісі болмақ. Біреуге-біреудің тілеулестігі білуден туатындығы қақ. Оның үстіне, бұл тұстағы адамдардың өзара барыс-келісі, дидарласуы, біраз уақыт жұмыстас болуы етек алып келеді. Әсіресе, осы соңғы жәйт — адамдарды достық, туыстыққа тура жетектейтін құдіретті күшке айналды. Кейінгі жылдардың тәжірибесінен біз осыны анық көріп отырмыз.

Біздің Қызылорда облысында күріш өсіруші жас жігіт Кеңесбай Алшоразов Кубаға барып, ондағы өз әріптестеріне бұл дақылдың қалай өсірілуі жайлы, ұстазы Ыбырай Жақаев туралы да көп-көп сырлар шертті. Жігіттің өз колхозына жазған хатынан аңғарғанымыз — оның революцияшыл Куба өмірін қызыға зерттегенді. «Кубада көрген жаңалықтарымның ең бір тамашасы деп мұндағы жұрттың жаппай оқып-үйренуге құштарлығын айтар ем» депті ол. Ал, Бұқтарма ГЭС-нің бұрынғы прорабы Александр Петренко елдегі достарына Арабиядан былай деп жазды: «Кеше бір қарт араб жолымнан күтіп тұрып, маған үш-ақ ауыз сөз айтып қалды: «Совет, жолдас, рақмет!» Мен мұны үлкен сыйлық дәрежесінде қабыл еттім. Осыны Отанына ала барғайсың дегендей ишарат білдірді ол. Қуанып қолын қыстым. Алақаны көн-тақы, аса қалың екен: ішім елжіреп қоя берді. Сол Асуан гидроузелінде Петренкомен бірге монтажшылар бригадирі боп істеген Әкім Ермеков те осыған ұқсас бірнеше хат жазды.

Иә, совет адамдары еңбек адамына елжірей, оның табысына жанымен қуана біледі. Дос табысына қуанудың бағасын білгендіктен сөйтеді олар. Жұмысшы-шаруа өкіметі жаһанда жалғыз боп тұрған шақта біздің табысымызға дүниенің дүйім пролетары шексіз қуанып, қол ұшын бергені белгілі. Тағдырластың табысына қуану содан бергі дәуірдің дәстүрі ғой.

Импорттың бәрі бірдей бағалы емес. Сондықтан біз оған қатал сын көзімен де қараймыз. Сапасы нашар матаға да мақтау жоқ. Ол өзінен-өзі аксиома ғой. Менің айтқалы отырғаным ол емес. Біреудің бақытын біреу тонап, нанымен бірге намысын да тартып алып жатқан капиталистік елдерде адам жиіркенетін ақуалдар да бар-ау... Арын ақшаға айырбастау, тіпті тәнін де саудаға салу, ту-ту арғы, жабайы заманның жалаңаш, салдақы салтын жаңалық деп ұсыну, мұрат-мақсатсыз, селқос өмір кешу — осы сияқты толып жатқан тозғын әрекеттерді де «экспортқа» айналдырып, солардың жәрмеңкесін ашқысы келетіндер әлі бар-ау әлемде. Егер сенің елің де осынау індеттен әзірше айықпаған болса, амалсыз өкінемін, сені аяймын. Саған қиын: күллісін көргенде күйінесің ғой әрине...

Бірақ... Бірақ сол күйік қатты ашуыңды қазандай қайнатқан шақта одан жалпы күрестің жалыны әлсіремей, қайта қоза түсетіні абзал. Алыстағы жанашырыңмен де табыстыра түсетін сол күрес. Советтік Россияға қарсы даярланған қару-жарақты кемеге тиеудің орнына суға батырған жүкшi-матростарды, дөкерлерің талай елдің тарихы біледі. Ол өзіңе айтпай-ақ аян. Ендеше, әлгі мерездерден «экспорт» жасамақты көздейтін бағзы бір бұзықтар өзгеден бұрын өз ішіндегі сенен қорқады. Сол үшін-ақ, өмірге өте керек адамсың ғой сен.

Дүниеде импорт болуға да, экспорт болуға да міндетті, аса қымбат, тіпті баға жетпес бір товар бар-ау. Оны товар деп атаудың өзі де дұрыс емес әрине (баға жетпейтін нәрсе сатылмайды ғой). Әйтеуір елден-елге мол таралуға тиісті қажет болған соң солай деп отырмын. Бейбітшілік идеясын айтамын. Онсыз өнім-бұйым, тұрмыс қажеті, алым-берім жайлы айту маған да, саған да мағынасыз. Осыны есімізде сақтайық. Ұл-қызымызға тозбас мұра, өлмес өсиет етіп осыны қалдырайық.

Меніңше, сен екеуміз талай рет кездескен болуымыз керек. Кездесетін де шығармыз. Өйткені сен жалғыз емес, миллион емес, екінің бірі де емессің, одан көпсің ғой. Май күні, ортақ мерекеміздің осынау күшелінде саған айтайын дегенім осы еді. Деніңе есен-саулық, еңбегіңе еркіндік, ерлігіңе жеңіс тілеймін.

 

1965 жыл.

Ұқсас материалдар