Қандастар Ассамблея

Менің Республикам

07.12.2012 6541
  Жұмағали Сайын   Менің Республикам   Республикам! Жар сүйер, ана сүйер жүрегіммен сені қызғана, елжірей, қуана сүйемін, сен менің қан тамырыма, соғар жүрегіме, кең, тынысыма ұқсайсың, сен ете қымбатсың! Менің ата-бабам «Республика!» дегенді көрген жоқ. «Республика!» деген сөзді естіген жоқ.   Бүгін жарқыраған шам жарығында, республика туы астында отырып сонау өткен аталар тағдырына көз жіберемін, ойға кетемін. Менің ойым тек қана қиялға негізделген бұдырсыз, дерексіз ойлар емес, ауыр да қатал шындықтан туған өмір қорытындылары. Мен сол қорытындыларды жинақтаушымын, бар фактілердің, басын қосып бір жүйелі ой, ақыл тізбегіне түсірушімін. Сондықтан менің сөзім кейде мұңды, кейде ащы, кейде өткір пайзаға ұқсас. Менің айтарым — тарих, менің тілім — шындық.   Европаның бірнеше мемлекеті еркін сыйып кететін ұлан-байтақ кең даланы жайылған қазақ елі «Республика дегенді көрмегені қалай, бұл не ғажап дер маған бүгінгі ұрпақ. Бұл заңды сұрау, орынды таңдану. Бұған менің айтар жауабым даяр. Сен патша билеген Россияны, феодалдар билеген қазақ елін көрген жоқсың, сен бақыттысың. Аталар басына ойнаған қылыш пен аталар жонын тілген өрмелі қамшы, аналар көзінен тамған қанды жас сендер үшін өте алыста, ертегі тәрізді.   Жоқ бұл ертегі емес, менің көзім көрген, менің халқым басынан еткізген кешегі күн, кешегі өмір.   Қазақ халқының бұдан қырық жыл бұрынғы тағдырына көз жіберші, сенің алдыңда мұңды күйлер, қайғылы халдар тізбегі тұрады, сен ызалы, кекті халықты көресің, оның ауыр халы, надандық, құлдық, қайыршылық өмірі көр ішіндегі тірі аруақтай елес береді. Сенің жүрегіңде әрі аяушылық сезімі туып, әрі әлдекімге қарсы кек тұтанады. Жас ұрпақ, сен патша билеген заманды, капитализм мен феодализм тұсындағы правосыз құлдық дәуірін кітаптардан ғана оқисың, ал біздер ол өмірдің, қатал соққысын өз басымыздан кешірдік. Біздің арқа, жомымызды бай мен бектердің қамшысынан түскен таңба жолы әлі жоғалған жоқ. Бір жағынан патша ызғары, бір жағынан болыс пен би, бай мен мырзалар тегеуіріні қыр арқасын аяздай сорып, жыртқыш аңдай тырнақ уысында қысқан қазақ елі, қазақ халқы бұдан қырық жыл бұрын еріксіз де республикасыз, мектепсіз, оқусыз, қыр кезіп дала жайылған мұңдылар, шерлілер мекені болатын. Қазақ халқының өмірі қауіпте, болашағы бұлдыр, тұман еді.   Халық өлмес өмір иесі емес пе, оның туып, өсіп жатқан құбылыс күйін кім тоқтатар! Халық өшпес - қайрат, сарқылмас күш, терең ақыл мен парасаттың бесігі емес пе, оның шалқар ойына, ұшқыр қиялына кім тию салар!   Сауатсыз, мектепсіз ел өз іштерінен Біржан сал, Ақан серілерін, Құрманғазы, Естай, Жаяу Мұсаларын туындатып, әдебиет, музыка мәдениетінің тамаша, өлместік қорларын жасады, ұлы Абай арқылы жазба әдебиетке сара жол тартты. «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш — Баяндай» еткен әмірінің ғажайып жырларын сақтай білді, өзінің халықтық сипатын ете сақ қорғап, таза сақтады, ендігі барар бетін, жүрер жолын бағдарлап отырды, өз ішінен үнемі жол басшыдай — жарық жұлдызын белгілеп, жүрек сырын, ақыл-ой тілегін соларға тапсырды, солар арқылы сыртқа шығарып отырды. Он тоғызыншы ғасырда «Метеордай шығыс көгінде зырлап еткен» Шоқан Уәлиханов, қазақ еліне мәдениет ұрығын алғаш шашқан Ыбырай Алтынсарин, ұлы ақын Абай қазақ халқының бел баласы, қазақ жүрегінің ыстық лебі, қазақ ойының, қазақ арманының мөлдір тамшылары еді. «Қайда барам, кіммен дос боламын, қайда құлаш сермеп, қайда ұмтылам?» — деген сұрауларға жауапты сол заманда-ақ қазақтың еңбекші халқы өзінің данышпан ұлдары Шоқан, Ыбырай, Абай ойларымен қорытқан жоқ па! Орыс халқымен достық тілеп, орыс мәдениетіне қол созған сол бір ұлы перзенттері өз халқының ой, тілегін, жүрек сезімін баяндамады деп кім айтар!   Абай аударған «Евгений Онегин» жырларын домбыра сазымен құбылтқан. Ақан сері арқылы өлең-жырларында орыс тілін кіргізе ән шырқаған қазақ жүрегі сонау бір көне заманның өзінде-ақ орыс тілін, орыс жырын жатсынбай дос құшағына  қысқаны анық.   Адам қанында бір-біріне қастық жоқ, «Ұлттар араздығы» деген теориясымақ буржуазия идеологтарының ойлап шығарған сандырағы. Мен бала күнімде қарақұрым үйлер маңына жиналған қазақтардың домбырамен «Подгорныйды» ойнағанын, орыс шаруаларының да қазақ әнін салғанын талай естідім, қазақ шаруалары мен орыс, украин крестьяндарының тамыр болуы ол кезде жиі кездесетін үйреншікті әдет еді, тамық отымен қорқытар дінге әкімшілік, байлық күшімен өктемдік еткен феодалдардың теріс пиғылдарына қарамастан ауыл мен қалада достық шырағының алғашқы білтелері тұтанып, достық жүрегінің алғашқы сырлары сол кезде-ақ бір арнаға құйылып жатты. Бұл сезім, бұл күй өзінің туар шағында Мариям Жагорқызындай қарапайым орыс қызының ғашық болған қазақ жігітін — сүйікті Дударын көптен көре алмай сағыну зарын төгілдіріп, оның сүйгенімен қосыларына әлдекімнің бөгет болғалы тұрғанын баяндады. Мария жүрегінің ауыр қайғылы тынысындай ел құларына тиген орыс қызының әні патшалы Россияның тұсында-ақ барлық, қазақ еліне ортақ, өте қадірлі әндерінің бірі болды. Қазақстанның қай түкпіріне барсаң да, қай ауылда ойын, тойда болсаң да «Мариям Жагор қызын» айтшы деп тілемейтін жиын, осы бір сұлу әнді құйқылжыта шырқамайтын әнші бар ма еді?   Ауылға бар да кемпір мен шалдардан сұрап қара! Мария жыры, Мария тағдыры әр қазақтың өз қызының арман күйі, өз қызының көкірегін жарып шыққан мұңды сазы, асыл жыры секілді емей немене!   Жоқ, адамдар, халықтар арасында анадан туа, өз қанына сіңіп, өз бойына қасиет бола біткен қастық, өшпенділік «ұрығы» жоқ, оны капитализм, феодализм себеді, олар үшін ұлттар арасындағы достық, жолдастық ізгілік тәрізді қадірлі, қымбат қасиеттер керексіз тіпті зиянды.   Тағдыр мен тұрмыс ұқсастығы адамдарды дос, жолдас етпей қойған емес. Аз ғана салған егінімен күн керігі отырған орыс пен украин крестьяндары қазақ кедейлерімен дос болып, мұңдас болып кетуі де бастарына түскен тұрмыс ауырлығының патшаның қатал заңынан тартқан азап күндерінің зардабынан, қайғы мен қасірет армандарының үйлестігінен болар.   Міне, Октябрь революциясына дейінгі қазақ елінің халы осындай болатын. Отаны бар, республикасы жоқ, отты сезім, ұлы жүрегі, терең ақыл. байсалды, парасатты, данышпан ұлдары бар, мәдениеті жоқ, көрер көзі, естір құлағы бар, сауаты жоқ, қырық құрау болыстар мен билер жайлаған, ауру мен аштық жайлаған «дала перзенті» деген қарғыс таңбасы бар ел сенің елің қазақ елі еді. Ол бұдан қырық жыл ғана уақыт бұрын еді.   Міне, бүгін сен, жас ұрпақ, қазақ халқының ұл мен қыздары, Советтік Социалистік қазақ республикасының бақытты азаматысың. Сенің елің жаппай сауатты. Сенің алдыңда өнер мен ғылым есігі ашық. Енді лениндік ұлт саясатының күн шуағында сен ие болмаған мамандық жоқ.   Кеше Октябрь революциясынан бұрын мешеу ел, бүгін байлығы таң қалғандай: колхоздар мен совхоздар қаласы, қала бас сайын мектеп, үй басы радиоқабылдағыш.   Май шам, сықсима шам дегендер енді түгелімен келмеске кеткен. Ауыл басы электр шамы жарқырайды, «кедей» деген қырсық сөз қалып, «колхозшы» деген сыпайы сөз бен бірге байлық кірген ауыл өміріне. Жүрші менімен бірге екеуміз ауыл кезіп, колхоз аралайық! Сен мен айтқан шындықтармен бірге ауыл өмірінен «ат міну» деген сөз қалып, «машина айдау» салт болғанын көресің!   Ел аралап болғансын астанаға келейік. Алматы қаласы, не деген сұлу, не деген әсем! Бұл бүкіл советтік Отанымыздағы ең көрікті, ең тамаша қаланың бірі, мұндай қала өте сирек. Алматы — Советтік Қазақстанның астанасы. Әне, Карл Маркс көшесін бойлай бас арыққа таяу бір келбетті, биік үй тұр, бұл: ғылым ордасы — Қазақ Академиясы. Бұдан қырық жыл бұрын қазақ тілінде «Академия» деген сөз жоқ еді. Бүгін ғылым туын аспанға көтеріп, Академияның өзі тұр астанада. Алматыны Жоғары мектептер қаласы деседі, бұл қалада Киров атындағы университет, педагогтік әйелдер институты, ауылшаруашылық институты мен политехникалық институты тағы осылар қатарлы толып жатқан ' жоғары оқу орындары, мектептер бар.   Алматы сонымен бірге бүкіл Отанымызға мәлім атақты академик Қаныш Сәтбаев секілді ондаған ғалымдарды, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов тәрізді топтаған ақын, жазушылары бар өнер, ғылым саңлақтарының мекені.   Осының бәрі тек қана қырық жыл ішінде пайда болды. Бұл ертегі ме? Аңыз ба? Жоқ, ертегі де, аңыз да емес, бұл шындық. Бұл біздің өмірдің, советтік құрылыстың шындығы.   Бұл шындық капитализмнің басына сыймайды, оның өміріне, оның қағидасына жат, оның бойына қазақ сияқты артта қалған надан елді гүлдендіру, мәдениет сатысына, ғылым шыңына көтеру жараспайды, келісімсіз, лайықсыз, ол біз секілді елді өзінің жан азығы, өз қалтасы, өз мұратының баспалдағы деп түсінеді. Өнер, білімнен артта қалған мешеу елдердің адам айтқысыз ғажайып табыстарға жетуі, барлық салада толықсып ер жетуі текқана Коммунистік партия бастаған біздің сүйікті совет еліндей елдерде ғана болмақ.   Социализм бүгін бар қазақтың үй тіршілігіне кірді, көзі көріп, қолы ұстағандай тым жақын, тым ыстық, тым қымбат асылына, қимасына айналды. Сонау алыс жондағы мал отарына барып қарт шопанмен кеңес құршы, ол өз болашағын жан-тәнімен беріле сүйер қымбат нәрестесіндей қуана, қызғана баяндайды, оның алды даңғыл жол тәрізді тұр, баяғы өткен өміріндей қараңғы бұлдыр, қауіпті емес. Ол ертеңгі күні туралы уайым тартпайды, немен, қалай күн көремін деген қорқыныш, үрейлер бұл күнде өмірден мүлде жоқ болған. Міне, сондықтан да ол ертеңгі күнге, коммунизм шындығына өз жүрегіне жақын, өз денесіне жылы, өз көзіне қымбат досындай қарайды, жат адамнан, бұзық ойлы дұшпанынан қызғана қорғайды, сақ тұрады, сергек жүреді!   Мүмкін, әлдекім менің бұл сөзіме шек келтірер, сене қоймас, дәлел іздер, іздей берсін. Алысқа барудың қажеті қанша! Кешегі Отан соғысын ала қояйықшы, ұлы орыс халқы бастаған Совет Одағының барлық халықтарымен бірге сол күндері қазақ жауынгерлері де адам таң қалатын ерлік көрсетті. Оның үстіне қазақ елінің екі қызы өлім үстінде Совет Одағының Батыры атағын алды, бұлар бүкіл советтік шығыстың мақтаны болған бірінші қыздар, бірінші батырлар еді.   Совет Одағының Батырлары — пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұлова. Ол екеуінің асқан ерлікпен фашист басқыншыларын қырғынға батырып, өздері қаза табуы қазақ елінің социалистік Отанын жанымен, барлық өткір сезімі, ұлы жүрегімен, ақыл, ойымен сүйетіндігінің айғағы емей, ержүрек елдігінің айғағы емей немене!   Егер, Америка ма, Англия ма, әлдеқандай империалистік елден бас бұзар біреулер соғыс шығарса, социализм еліне — Совет еліне оқ атса, біздің ұлы державаның қарулы күшіне соқтығып, совет халықтарының граниттей бірлігіне соқтығып өздері талқан болады, коммунизм туының мәңгі жасарына бөгет болар бұл өмірде ешбір күш жоқ екені күмәнсіз.   Жас ұрпақ! Сен атом ғасырында, ғылым мен техника ғасырында өмір сүресің! Сен космосты жеңген, тек қана Айға адам қондыру проблемасы қалған кезде, сол космос корабльдерін бірінші ұшырған, дүние жүзінде теңдесі жоқ СССР топырағында туып, сонда өстің. Сен капитализм адамды адам құлдану, адамның еңбегін жеу дегенді білмейсің, сендер үшін бұл сөздер әрі жұмбақ, әрі мағынасыз. Сенің есігіңді рұқсатсыз ешкім ашпайды, сенің мүлкіңді ешкім таламайды, сені өз пайдасы үшін, өз басының баюы үшін ешкім еріксіз таяқпен жұмсамайды, сен өз еркіңе өзің қожасын, Советтер Одағы деген ең абзал, ең құдіретті, ең қызықты ұлы державаның ерікті азаматысың. Сенен бақытты, сенен армансыз жан жоқ!   Қырық жыл ішінде Қазақстан сипаты мүлде өзгерді, кешегі қазақты бүгін совхоздар мен заводтарда, қаланың білім ордаларында, трактор мен комбайнның штурвалында, самолеттің ұшқыштар отыратын кабинасында көресің. Анау Қарағанды көмір кені, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қазақ Магниткасы, Сарыбай-Соколов түстес ірі алыптар Қазақстан келбетінің, Қазақстан болашағының көркем, келісті сипаттамалары ғой. Тың жерлерді игеру Қазақстан үшін, бүкіл Отанымыз үшін ұлы маңызы бар оқиға болды, партиямыз ұран тастаған осы игілікті іске барлық совет халқы жұмыла аттанды, солардың ортасында өз достарымен құшақтаса жырлап, қазақ қыздары мен қазақ жігіттері алшаң басады. Қазақстан бүгін шын мағынасындағы сан ұлттардың еңбекте бас қосқан өлкесі, туысқандық, достық республикасы.   Адам айтқысыз табыстар, сан жеткісіз байлықтар, ұлы құрылыстар бүкіл совет адамдарының бейбітшілік үшін күресінің, өз Отанын күннен күнге гүлдендіру, орасан байлыққа бөлеу жолындағы тынымсыз еңбегінің нәтижесі.   Бейбітшілік үшін, татулық, достықпен қатар өмір сүру үшін күрес Совет елінің, бүкіл совет халықтарының тілегі. Осы бір тамаша тілекті мәңгі жасату, бейбіт өмірді бүкіл дүние жүзінде баянды ету жолында үкіметіміз бен партиямыз таусылмас жігермен күрес жүргізіп, орасан зор еңбек сіңіріп келеді. Соғыс өртін тұтандырмақ болып жүрген империализм сұмырайларының қара ниеті іске аспауы сөзсіз, дүние жүзінде бейбітшілік жеңері сөзсіз.   Совет халқы өзінің сүйікті партиясының, оның Орталық Комитетінің басшылығымен бұдан былай да табыстардан табыстарға жетпек, ұлы коммунизм құрылысының биік шыңына қарай бұрын адам көрмеген алып адымдармен аттай бермек.   Қырық жыл бойында қамқор анадай өзінің ыстық жүрегімен сүйген, барлық табыстар мен жеңістерге бастап келе жатқан лениндік ұлы партия, саған, сенің Орталық Комитетіңе Қазақстан еңбеккерлерінің, айрықша қазақ халқының бүгін айтар ұшан-теңіз, алғысы бар, сөз қуатымен жеткізе алмас жүрек сезімі толы сүйіспендік, махаббаты бар.   Бастай бер бізді, ұлы партия, жасай бер мәңгі, менің советтік Отаным, менің социалистік Қазақстаным!  

 

Жұмағали Сайын

 

Менің Республикам

 

Республикам! Жар сүйер, ана сүйер жүрегіммен сені қызғана, елжірей, қуана сүйемін, сен менің қан тамырыма, соғар жүрегіме, кең, тынысыма ұқсайсың, сен ете қымбатсың! Менің ата-бабам «Республика!» дегенді көрген жоқ. «Республика!» деген сөзді естіген жоқ.

 

Бүгін жарқыраған шам жарығында, республика туы астында отырып сонау өткен аталар тағдырына көз жіберемін, ойға кетемін. Менің ойым тек қана қиялға негізделген бұдырсыз, дерексіз ойлар емес, ауыр да қатал шындықтан туған өмір қорытындылары. Мен сол қорытындыларды жинақтаушымын, бар фактілердің, басын қосып бір жүйелі ой, ақыл тізбегіне түсірушімін. Сондықтан менің сөзім кейде мұңды, кейде ащы, кейде өткір пайзаға ұқсас. Менің айтарым — тарих, менің тілім — шындық.

 

Европаның бірнеше мемлекеті еркін сыйып кететін ұлан-байтақ кең даланы жайылған қазақ елі «Республика дегенді көрмегені қалай, бұл не ғажап дер маған бүгінгі ұрпақ. Бұл заңды сұрау, орынды таңдану. Бұған менің айтар жауабым даяр. Сен патша билеген Россияны, феодалдар билеген қазақ елін көрген жоқсың, сен бақыттысың. Аталар басына ойнаған қылыш пен аталар жонын тілген өрмелі қамшы, аналар көзінен тамған қанды жас сендер үшін өте алыста, ертегі тәрізді.

 

Жоқ бұл ертегі емес, менің көзім көрген, менің халқым басынан еткізген кешегі күн, кешегі өмір.

 

Қазақ халқының бұдан қырық жыл бұрынғы тағдырына көз жіберші, сенің алдыңда мұңды күйлер, қайғылы халдар тізбегі тұрады, сен ызалы, кекті халықты көресің, оның ауыр халы, надандық, құлдық, қайыршылық өмірі көр ішіндегі тірі аруақтай елес береді. Сенің жүрегіңде әрі аяушылық сезімі туып, әрі әлдекімге қарсы кек тұтанады. Жас ұрпақ, сен патша билеген заманды, капитализм мен феодализм тұсындағы правосыз құлдық дәуірін кітаптардан ғана оқисың, ал біздер ол өмірдің, қатал соққысын өз басымыздан кешірдік. Біздің арқа, жомымызды бай мен бектердің қамшысынан түскен таңба жолы әлі жоғалған жоқ. Бір жағынан патша ызғары, бір жағынан болыс пен би, бай мен мырзалар тегеуіріні қыр арқасын аяздай сорып, жыртқыш аңдай тырнақ уысында қысқан қазақ елі, қазақ халқы бұдан қырық жыл бұрын еріксіз де республикасыз, мектепсіз, оқусыз, қыр кезіп дала жайылған мұңдылар, шерлілер мекені болатын. Қазақ халқының өмірі қауіпте, болашағы бұлдыр, тұман еді.

 

Халық өлмес өмір иесі емес пе, оның туып, өсіп жатқан құбылыс күйін кім тоқтатар! Халық өшпес - қайрат, сарқылмас күш, терең ақыл мен парасаттың бесігі емес пе, оның шалқар ойына, ұшқыр қиялына кім тию салар!

 

Сауатсыз, мектепсіз ел өз іштерінен Біржан сал, Ақан серілерін, Құрманғазы, Естай, Жаяу Мұсаларын туындатып, әдебиет, музыка мәдениетінің тамаша, өлместік қорларын жасады, ұлы Абай арқылы жазба әдебиетке сара жол тартты. «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш — Баяндай» еткен әмірінің ғажайып жырларын сақтай білді, өзінің халықтық сипатын ете сақ қорғап, таза сақтады, ендігі барар бетін, жүрер жолын бағдарлап отырды, өз ішінен үнемі жол басшыдай — жарық жұлдызын белгілеп, жүрек сырын, ақыл-ой тілегін соларға тапсырды, солар арқылы сыртқа шығарып отырды. Он тоғызыншы ғасырда «Метеордай шығыс көгінде зырлап еткен» Шоқан Уәлиханов, қазақ еліне мәдениет ұрығын алғаш шашқан Ыбырай Алтынсарин, ұлы ақын Абай қазақ халқының бел баласы, қазақ жүрегінің ыстық лебі, қазақ ойының, қазақ арманының мөлдір тамшылары еді. «Қайда барам, кіммен дос боламын, қайда құлаш сермеп, қайда ұмтылам?» — деген сұрауларға жауапты сол заманда-ақ қазақтың еңбекші халқы өзінің данышпан ұлдары Шоқан, Ыбырай, Абай ойларымен қорытқан жоқ па! Орыс халқымен достық тілеп, орыс мәдениетіне қол созған сол бір ұлы перзенттері өз халқының ой, тілегін, жүрек сезімін баяндамады деп кім айтар!

 

Абай аударған «Евгений Онегин» жырларын домбыра сазымен құбылтқан. Ақан сері арқылы өлең-жырларында орыс тілін кіргізе ән шырқаған қазақ жүрегі сонау бір көне заманның өзінде-ақ орыс тілін, орыс жырын жатсынбай дос құшағына  қысқаны анық.

 

Адам қанында бір-біріне қастық жоқ, «Ұлттар араздығы» деген теориясымақ буржуазия идеологтарының ойлап шығарған сандырағы. Мен бала күнімде қарақұрым үйлер маңына жиналған қазақтардың домбырамен «Подгорныйды» ойнағанын, орыс шаруаларының да қазақ әнін салғанын талай естідім, қазақ шаруалары мен орыс, украин крестьяндарының тамыр болуы ол кезде жиі кездесетін үйреншікті әдет еді, тамық отымен қорқытар дінге әкімшілік, байлық күшімен өктемдік еткен феодалдардың теріс пиғылдарына қарамастан ауыл мен қалада достық шырағының алғашқы білтелері тұтанып, достық жүрегінің алғашқы сырлары сол кезде-ақ бір арнаға құйылып жатты. Бұл сезім, бұл күй өзінің туар шағында Мариям Жагорқызындай қарапайым орыс қызының ғашық болған қазақ жігітін — сүйікті Дударын көптен көре алмай сағыну зарын төгілдіріп, оның сүйгенімен қосыларына әлдекімнің бөгет болғалы тұрғанын баяндады. Мария жүрегінің ауыр қайғылы тынысындай ел құларына тиген орыс қызының әні патшалы Россияның тұсында-ақ барлық, қазақ еліне ортақ, өте қадірлі әндерінің бірі болды. Қазақстанның қай түкпіріне барсаң да, қай ауылда ойын, тойда болсаң да «Мариям Жагор қызын» айтшы деп тілемейтін жиын, осы бір сұлу әнді құйқылжыта шырқамайтын әнші бар ма еді?

 

Ауылға бар да кемпір мен шалдардан сұрап қара! Мария жыры, Мария тағдыры әр қазақтың өз қызының арман күйі, өз қызының көкірегін жарып шыққан мұңды сазы, асыл жыры секілді емей немене!

 

Жоқ, адамдар, халықтар арасында анадан туа, өз қанына сіңіп, өз бойына қасиет бола біткен қастық, өшпенділік «ұрығы» жоқ, оны капитализм, феодализм себеді, олар үшін ұлттар арасындағы достық, жолдастық ізгілік тәрізді қадірлі, қымбат қасиеттер керексіз тіпті зиянды.

 

Тағдыр мен тұрмыс ұқсастығы адамдарды дос, жолдас етпей қойған емес. Аз ғана салған егінімен күн керігі отырған орыс пен украин крестьяндары қазақ кедейлерімен дос болып, мұңдас болып кетуі де бастарына түскен тұрмыс ауырлығының патшаның қатал заңынан тартқан азап күндерінің зардабынан, қайғы мен қасірет армандарының үйлестігінен болар.

 

Міне, Октябрь революциясына дейінгі қазақ елінің халы осындай болатын. Отаны бар, республикасы жоқ, отты сезім, ұлы жүрегі, терең ақыл. байсалды, парасатты, данышпан ұлдары бар, мәдениеті жоқ, көрер көзі, естір құлағы бар, сауаты жоқ, қырық құрау болыстар мен билер жайлаған, ауру мен аштық жайлаған «дала перзенті» деген қарғыс таңбасы бар ел сенің елің қазақ елі еді. Ол бұдан қырық жыл ғана уақыт бұрын еді.

 

Міне, бүгін сен, жас ұрпақ, қазақ халқының ұл мен қыздары, Советтік Социалистік қазақ республикасының бақытты азаматысың. Сенің елің жаппай сауатты. Сенің алдыңда өнер мен ғылым есігі ашық. Енді лениндік ұлт саясатының күн шуағында сен ие болмаған мамандық жоқ.

 

Кеше Октябрь революциясынан бұрын мешеу ел, бүгін байлығы таң қалғандай: колхоздар мен совхоздар қаласы, қала бас сайын мектеп, үй басы радиоқабылдағыш.

 

Май шам, сықсима шам дегендер енді түгелімен келмеске кеткен. Ауыл басы электр шамы жарқырайды, «кедей» деген қырсық сөз қалып, «колхозшы» деген сыпайы сөз бен бірге байлық кірген ауыл өміріне. Жүрші менімен бірге екеуміз ауыл кезіп, колхоз аралайық! Сен мен айтқан шындықтармен бірге ауыл өмірінен «ат міну» деген сөз қалып, «машина айдау» салт болғанын көресің!

 

Ел аралап болғансын астанаға келейік. Алматы қаласы, не деген сұлу, не деген әсем! Бұл бүкіл советтік Отанымыздағы ең көрікті, ең тамаша қаланың бірі, мұндай қала өте сирек. Алматы — Советтік Қазақстанның астанасы. Әне, Карл Маркс көшесін бойлай бас арыққа таяу бір келбетті, биік үй тұр, бұл: ғылым ордасы — Қазақ Академиясы. Бұдан қырық жыл бұрын қазақ тілінде «Академия» деген сөз жоқ еді. Бүгін ғылым туын аспанға көтеріп, Академияның өзі тұр астанада. Алматыны Жоғары мектептер қаласы деседі, бұл қалада Киров атындағы университет, педагогтік әйелдер институты, ауылшаруашылық институты мен политехникалық институты тағы осылар қатарлы толып жатқан ' жоғары оқу орындары, мектептер бар.

 

Алматы сонымен бірге бүкіл Отанымызға мәлім атақты академик Қаныш Сәтбаев секілді ондаған ғалымдарды, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов тәрізді топтаған ақын, жазушылары бар өнер, ғылым саңлақтарының мекені.

 

Осының бәрі тек қана қырық жыл ішінде пайда болды. Бұл ертегі ме? Аңыз ба? Жоқ, ертегі де, аңыз да емес, бұл шындық. Бұл біздің өмірдің, советтік құрылыстың шындығы.

 

Бұл шындық капитализмнің басына сыймайды, оның өміріне, оның қағидасына жат, оның бойына қазақ сияқты артта қалған надан елді гүлдендіру, мәдениет сатысына, ғылым шыңына көтеру жараспайды, келісімсіз, лайықсыз, ол біз секілді елді өзінің жан азығы, өз қалтасы, өз мұратының баспалдағы деп түсінеді. Өнер, білімнен артта қалған мешеу елдердің адам айтқысыз ғажайып табыстарға жетуі, барлық салада толықсып ер жетуі текқана Коммунистік партия бастаған біздің сүйікті совет еліндей елдерде ғана болмақ.

 

Социализм бүгін бар қазақтың үй тіршілігіне кірді, көзі көріп, қолы ұстағандай тым жақын, тым ыстық, тым қымбат асылына, қимасына айналды. Сонау алыс жондағы мал отарына барып қарт шопанмен кеңес құршы, ол өз болашағын жан-тәнімен беріле сүйер қымбат нәрестесіндей қуана, қызғана баяндайды, оның алды даңғыл жол тәрізді тұр, баяғы өткен өміріндей қараңғы бұлдыр, қауіпті емес. Ол ертеңгі күні туралы уайым тартпайды, немен, қалай күн көремін деген қорқыныш, үрейлер бұл күнде өмірден мүлде жоқ болған. Міне, сондықтан да ол ертеңгі күнге, коммунизм шындығына өз жүрегіне жақын, өз денесіне жылы, өз көзіне қымбат досындай қарайды, жат адамнан, бұзық ойлы дұшпанынан қызғана қорғайды, сақ тұрады, сергек жүреді!

 

Мүмкін, әлдекім менің бұл сөзіме шек келтірер, сене қоймас, дәлел іздер, іздей берсін. Алысқа барудың қажеті қанша! Кешегі Отан соғысын ала қояйықшы, ұлы орыс халқы бастаған Совет Одағының барлық халықтарымен бірге сол күндері қазақ жауынгерлері де адам таң қалатын ерлік көрсетті. Оның үстіне қазақ елінің екі қызы өлім үстінде Совет Одағының Батыры атағын алды, бұлар бүкіл советтік шығыстың мақтаны болған бірінші қыздар, бірінші батырлар еді.

 

Совет Одағының Батырлары — пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұлова. Ол екеуінің асқан ерлікпен фашист басқыншыларын қырғынға батырып, өздері қаза табуы қазақ елінің социалистік Отанын жанымен, барлық өткір сезімі, ұлы жүрегімен, ақыл, ойымен сүйетіндігінің айғағы емей, ержүрек елдігінің айғағы емей немене!

 

Егер, Америка ма, Англия ма, әлдеқандай империалистік елден бас бұзар біреулер соғыс шығарса, социализм еліне — Совет еліне оқ атса, біздің ұлы державаның қарулы күшіне соқтығып, совет халықтарының граниттей бірлігіне соқтығып өздері талқан болады, коммунизм туының мәңгі жасарына бөгет болар бұл өмірде ешбір күш жоқ екені күмәнсіз.

 

Жас ұрпақ! Сен атом ғасырында, ғылым мен техника ғасырында өмір сүресің! Сен космосты жеңген, тек қана Айға адам қондыру проблемасы қалған кезде, сол космос корабльдерін бірінші ұшырған, дүние жүзінде теңдесі жоқ СССР топырағында туып, сонда өстің. Сен капитализм адамды адам құлдану, адамның еңбегін жеу дегенді білмейсің, сендер үшін бұл сөздер әрі жұмбақ, әрі мағынасыз. Сенің есігіңді рұқсатсыз ешкім ашпайды, сенің мүлкіңді ешкім таламайды, сені өз пайдасы үшін, өз басының баюы үшін ешкім еріксіз таяқпен жұмсамайды, сен өз еркіңе өзің қожасын, Советтер Одағы деген ең абзал, ең құдіретті, ең қызықты ұлы державаның ерікті азаматысың. Сенен бақытты, сенен армансыз жан жоқ!

 

Қырық жыл ішінде Қазақстан сипаты мүлде өзгерді, кешегі қазақты бүгін совхоздар мен заводтарда, қаланың білім ордаларында, трактор мен комбайнның штурвалында, самолеттің ұшқыштар отыратын кабинасында көресің. Анау Қарағанды көмір кені, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қазақ Магниткасы, Сарыбай-Соколов түстес ірі алыптар Қазақстан келбетінің, Қазақстан болашағының көркем, келісті сипаттамалары ғой. Тың жерлерді игеру Қазақстан үшін, бүкіл Отанымыз үшін ұлы маңызы бар оқиға болды, партиямыз ұран тастаған осы игілікті іске барлық совет халқы жұмыла аттанды, солардың ортасында өз достарымен құшақтаса жырлап, қазақ қыздары мен қазақ жігіттері алшаң басады. Қазақстан бүгін шын мағынасындағы сан ұлттардың еңбекте бас қосқан өлкесі, туысқандық, достық республикасы.

 

Адам айтқысыз табыстар, сан жеткісіз байлықтар, ұлы құрылыстар бүкіл совет адамдарының бейбітшілік үшін күресінің, өз Отанын күннен күнге гүлдендіру, орасан байлыққа бөлеу жолындағы тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

 

Бейбітшілік үшін, татулық, достықпен қатар өмір сүру үшін күрес Совет елінің, бүкіл совет халықтарының тілегі. Осы бір тамаша тілекті мәңгі жасату, бейбіт өмірді бүкіл дүние жүзінде баянды ету жолында үкіметіміз бен партиямыз таусылмас жігермен күрес жүргізіп, орасан зор еңбек сіңіріп келеді. Соғыс өртін тұтандырмақ болып жүрген империализм сұмырайларының қара ниеті іске аспауы сөзсіз, дүние жүзінде бейбітшілік жеңері сөзсіз.

 

Совет халқы өзінің сүйікті партиясының, оның Орталық Комитетінің басшылығымен бұдан былай да табыстардан табыстарға жетпек, ұлы коммунизм құрылысының биік шыңына қарай бұрын адам көрмеген алып адымдармен аттай бермек.

 

Қырық жыл бойында қамқор анадай өзінің ыстық жүрегімен сүйген, барлық табыстар мен жеңістерге бастап келе жатқан лениндік ұлы партия, саған, сенің Орталық Комитетіңе Қазақстан еңбеккерлерінің, айрықша қазақ халқының бүгін айтар ұшан-теңіз, алғысы бар, сөз қуатымен жеткізе алмас жүрек сезімі толы сүйіспендік, махаббаты бар.

 

Бастай бер бізді, ұлы партия, жасай бер мәңгі, менің советтік Отаным, менің социалистік Қазақстаным!

 

Ұқсас материалдар