Қандастар Ассамблея

Менің Украинам

07.12.2012 1795
  Жұмағали Сайын   Менің Украинам   Туған жерімізді мекендеген әрбір туысқан халықтар туралы ойлағанда, кейде бір ірі кезеңдер де, өз басыңнан өткен шақтарың да еске түсе қалады. Сол бір жайда, сенің басыңа қиындық түскен тар кезеңде өзіңе ұсынған қолды, туысқандық жүректі адам қалайша ұмытпақ!   Украина!   Туысқан Украина! Сені есіме алғанда менің айтарым да, еске түсер тар кезеңдер мен ыстық шақтарым да көп...   Бірнеше күндер бойы ұдайы жүргізілген қатты ұрыстан кейін біз бір шоқ орман арасында отырмыз. Ұзақ марштан әбден шаршаған солдаттар терең ұйқыда. Тап осы кездегі олардың жүзіне қарай қалсаң күндізгі соғыстар ізі әркімнің кейпінен көрінгендей. Біреулер қабағын түйе қисайса, енді біреулер еріндерін бұртитып әлдекіммен ұрысқалы жатқандай. Ал кейбіреулер кенет селк етіп оянады да, қайта жатады.   Осы бір отрядта бірнеше солдаттармен Павел Петрович екеуіміз ояумыз. Бүгінгі алдымызға қойылған міндет ізімізді суытып, бізді қуып келе жатқан жауды — неміс басқыншыларын адастырып кету. Сонымен бірге бүгін түннен қалмай солтүстік Донец өзеніне құлап, ар жаққа өту. Осы екі міндеттің екеуі де өте қиын, өте қауіпті.   Ұрыс болған жерден осылай қарай беттегенімізге бүгін екінші күн болғанымен, біз үнемі түнде ғана қозғалып, күндіз жасырынуда болдық. Өйткені, Донецтің ар жағына өткенше ұрысқа араласпауға тиіспіз. Көзге де түсуге болмайды. Басқыншылардың біздің үстімізден шыға келуі де мүмкін. Ал, біздің тоқтаған жеріміз ұрыс бола қалса бізге өте қолайсыз-ақ: өлімнен басқа бізді күтіп тұрған ешнәрсе жоқ деуге де болады. Түнгі алда тұрған марш та өте қауіпті. Соғыс адамдары үшін керекті шаралардың бәрін қолданып күн батуын күтіп біз отырмыз.   Түн бізге әлдеқандай жаңалық әкеліп, ауыр халымызды жеңілдетер ме. Әлде біздің хал бұрынғысынан да ауырлай түсе ме, оны кім білсін! Жан-жаққа кеткен барлаушылардан да әлі еш хабар жоқ. Кеш те таянып келеді. Қатты ұрыстардан кейін жау тылында отырған кішкене отрядтың халін ойлап қараңызшы. Бұдан ауыр қандай хал болсын. Қай жағыңа көз жіберсең де түпсіз терең тұңғиық тәрізді. Аяғыңды енді бір бассаң, сол тұңғиыққа түсіп, жоқ болғалы тұрғандайсың!   Бір кезде қасында ақ сақалды бір украин шалы бар лейтенант Петренко келді. Біз ол кісімен таныстық. Мән-жайымызды түсіндіргеннен кейін украин шалы біраз ойланып отырды да, «мақұл» деді. Бірде сөнуге айналып, бірде қайта тұтанып тұрған үміт оты енді бір екпінмен өрбіп, маздап, лаулағандай. Неміс басқыншыларымен алдағы күресіміздің бар бейнесі бұрынғыдан гөрі айқын, ашық тұрғандай елестейді. Үміт кілті деген осы емес пе? Өлісер жер келсе өлімнен сескенбейтін, Отан үшін, советтік туысқан елі үшін құрбандыққа дайын солдаттардың қазіргі жүрек тынысы, үміт тілегі осы бір шалдың қолында тұрғандай. Бұл үміттің жай, қарапайым адамдар үмітінен өзгешелігі де бар. Ол өзгешелік алдағы күрес пен тартыста. Біздің мақсат жаумен ұзақ күрес жүргізуге қолайлы жерге табан тірей отырып, басқыншыларға қарсы ұрысты дамыта беру.   Шал бастауымен біз ел орынға отыра Донецке қарай бет алдық, түн көзге түртсе көрінбейтін қараңғы. Жан-жағымыз толған қауіп-қатер. Жүзден астам адам қару-жарағының сыбдырын білгізбей, үнсіз өте сақтықпен аттайды. Жүздеген жүрек бір-ақ тыныс алып, жүз аяқ бір-ақ адамның аяғындай қозғалады. Оқтаулы мылтықтармен отты кездер минут сайын күтер тағдырына тесіле сақ қарап келеді. Міне, Донец те жақын, оған аман-есен жетуімізге енді шүбәміз да жоқ. Ал оған жеткен соң, өткел бермес ұлы дария бізге нендей сый, нендей құрмет көрсетпек! Ол бізге белгісіз. Донец жағасына жеткен соң шал да бізбен қоштаспақ. Содан кейінгі күнді біз әлі терең ойлап, айқын болжамаған секілдіміз. Судан немен, қалай өту жайлы шалмен әлі сөйлеспеген екенбіз-ау!   Міне, Донец жағасына да келіп кірдік. Дарияны жағалай өскен қалың ағаш бізді құшағын жая қарсы алды. Ержүрек ата, қайрымды ақсақал, сенімен де қоштасар минут таянды. Өмірдің ендігі сыйын біз алдан күтеміз.   Осы кезде шал Павел Петровичтің қолын ұстап тұрып:   —        Қош болыңдар, балаларым! Соғыс жолы қатаң, жау мейірімсіз. Мүмкін тағы да кездесерміз, мына жерден екі қайық табылар, сонымен ар жаққа өтерсіңдер, - деді.   Біз ақсақалды шетімізден құшақтап сүйіп, көзімізге жас алдық. Ол жастың ата ерлігі мен мейірбандығына риза болғандықтан шыққан жас екенін, болмаса алдағы солар қатал кезеңдерді, қатты ұрыстарды сезген сезімнен туған жас екенін айту қиын.   Біз содан кейін талай ұрыс сынынан өтіп, талай жауынгер жолдасымыздан айырылдық. Мен де жау оғынан майырылып, бірнеше айлар бойы украиндық достарымның ыстық құшағында өмір кештім. Достарым мені ажалға бермей, иықтарына салып, оқ пен оттан алып шықты. Сол бір күнде де сен менімен бірге, мені демеп, өмірге бастағандай болдың да отырдың, сүйікті Украина!   Отанымызда жеңіс туы желбірегеніне он жылға таяу мезгіл өтті. Менің жүрегімде сонау бір украин шалының бейнесі мәңгі тұрады да қояды. Жылдар өткен сайын мен онымен өте жақындай түсетін, оны өте сүйе беретін тәріздімін. Оның ақылды, байсалды ер бейнесі менің көз алдымда. Тек қана оның атын ұмытқан екенмін! Ол үшін кешірер мені, оғанайыпты мен де, мені қатал тезден өткізіп жазу дәптерімді отқа жаққан тар кезеңдер де айыпты. Әйтсе де, мен бүгін ойлап отырып, оның — менің ардақты Кәриямның қымбатты есімін тапқанға ұқсаймын. Оның аты — сүйікті Украина, сен емес пе! Ол сенің туысқандық көкірегіңнен шыққан леп, советтік Отаныңды жанындай сүйген Украина, сенің өз жүрегің емес пе! Сүйікті Коммунист партиясының достық туы, сол тудың көрікті шұғыласында коммунизмге қарай алға басып келе жатқан көп ұлтты совет халықтарының бірлік салтанаты емес пе ол!   Мен, сүйікті қарт, сенің атыңды осылай деп түсінемін, сені бүгін осылайша еске аламын.  

 

Жұмағали Сайын

 

Менің Украинам

 

Туған жерімізді мекендеген әрбір туысқан халықтар туралы ойлағанда, кейде бір ірі кезеңдер де, өз басыңнан өткен шақтарың да еске түсе қалады. Сол бір жайда, сенің басыңа қиындық түскен тар кезеңде өзіңе ұсынған қолды, туысқандық жүректі адам қалайша ұмытпақ!

 

Украина!

 

Туысқан Украина! Сені есіме алғанда менің айтарым да, еске түсер тар кезеңдер мен ыстық шақтарым да көп...

 

Бірнеше күндер бойы ұдайы жүргізілген қатты ұрыстан кейін біз бір шоқ орман арасында отырмыз. Ұзақ марштан әбден шаршаған солдаттар терең ұйқыда. Тап осы кездегі олардың жүзіне қарай қалсаң күндізгі соғыстар ізі әркімнің кейпінен көрінгендей. Біреулер қабағын түйе қисайса, енді біреулер еріндерін бұртитып әлдекіммен ұрысқалы жатқандай. Ал кейбіреулер кенет селк етіп оянады да, қайта жатады.

 

Осы бір отрядта бірнеше солдаттармен Павел Петрович екеуіміз ояумыз. Бүгінгі алдымызға қойылған міндет ізімізді суытып, бізді қуып келе жатқан жауды — неміс басқыншыларын адастырып кету. Сонымен бірге бүгін түннен қалмай солтүстік Донец өзеніне құлап, ар жаққа өту. Осы екі міндеттің екеуі де өте қиын, өте қауіпті.

 

Ұрыс болған жерден осылай қарай беттегенімізге бүгін екінші күн болғанымен, біз үнемі түнде ғана қозғалып, күндіз жасырынуда болдық. Өйткені, Донецтің ар жағына өткенше ұрысқа араласпауға тиіспіз. Көзге де түсуге болмайды. Басқыншылардың біздің үстімізден шыға келуі де мүмкін. Ал, біздің тоқтаған жеріміз ұрыс бола қалса бізге өте қолайсыз-ақ: өлімнен басқа бізді күтіп тұрған ешнәрсе жоқ деуге де болады. Түнгі алда тұрған марш та өте қауіпті. Соғыс адамдары үшін керекті шаралардың бәрін қолданып күн батуын күтіп біз отырмыз.

 

Түн бізге әлдеқандай жаңалық әкеліп, ауыр халымызды жеңілдетер ме. Әлде біздің хал бұрынғысынан да ауырлай түсе ме, оны кім білсін! Жан-жаққа кеткен барлаушылардан да әлі еш хабар жоқ. Кеш те таянып келеді. Қатты ұрыстардан кейін жау тылында отырған кішкене отрядтың халін ойлап қараңызшы. Бұдан ауыр қандай хал болсын. Қай жағыңа көз жіберсең де түпсіз терең тұңғиық тәрізді. Аяғыңды енді бір бассаң, сол тұңғиыққа түсіп, жоқ болғалы тұрғандайсың!

 

Бір кезде қасында ақ сақалды бір украин шалы бар лейтенант Петренко келді. Біз ол кісімен таныстық. Мән-жайымызды түсіндіргеннен кейін украин шалы біраз ойланып отырды да, «мақұл» деді. Бірде сөнуге айналып, бірде қайта тұтанып тұрған үміт оты енді бір екпінмен өрбіп, маздап, лаулағандай. Неміс басқыншыларымен алдағы күресіміздің бар бейнесі бұрынғыдан гөрі айқын, ашық тұрғандай елестейді. Үміт кілті деген осы емес пе? Өлісер жер келсе өлімнен сескенбейтін, Отан үшін, советтік туысқан елі үшін құрбандыққа дайын солдаттардың қазіргі жүрек тынысы, үміт тілегі осы бір шалдың қолында тұрғандай. Бұл үміттің жай, қарапайым адамдар үмітінен өзгешелігі де бар. Ол өзгешелік алдағы күрес пен тартыста. Біздің мақсат жаумен ұзақ күрес жүргізуге қолайлы жерге табан тірей отырып, басқыншыларға қарсы ұрысты дамыта беру.

 

Шал бастауымен біз ел орынға отыра Донецке қарай бет алдық, түн көзге түртсе көрінбейтін қараңғы. Жан-жағымыз толған қауіп-қатер. Жүзден астам адам қару-жарағының сыбдырын білгізбей, үнсіз өте сақтықпен аттайды. Жүздеген жүрек бір-ақ тыныс алып, жүз аяқ бір-ақ адамның аяғындай қозғалады. Оқтаулы мылтықтармен отты кездер минут сайын күтер тағдырына тесіле сақ қарап келеді. Міне, Донец те жақын, оған аман-есен жетуімізге енді шүбәміз да жоқ. Ал оған жеткен соң, өткел бермес ұлы дария бізге нендей сый, нендей құрмет көрсетпек! Ол бізге белгісіз. Донец жағасына жеткен соң шал да бізбен қоштаспақ. Содан кейінгі күнді біз әлі терең ойлап, айқын болжамаған секілдіміз. Судан немен, қалай өту жайлы шалмен әлі сөйлеспеген екенбіз-ау!

 

Міне, Донец жағасына да келіп кірдік. Дарияны жағалай өскен қалың ағаш бізді құшағын жая қарсы алды. Ержүрек ата, қайрымды ақсақал, сенімен де қоштасар минут таянды. Өмірдің ендігі сыйын біз алдан күтеміз.

 

Осы кезде шал Павел Петровичтің қолын ұстап тұрып:

 

—        Қош болыңдар, балаларым! Соғыс жолы қатаң, жау мейірімсіз. Мүмкін тағы да кездесерміз, мына жерден екі қайық табылар, сонымен ар жаққа өтерсіңдер, - деді.

 

Біз ақсақалды шетімізден құшақтап сүйіп, көзімізге жас алдық. Ол жастың ата ерлігі мен мейірбандығына риза болғандықтан шыққан жас екенін, болмаса алдағы солар қатал кезеңдерді, қатты ұрыстарды сезген сезімнен туған жас екенін айту қиын.

 

Біз содан кейін талай ұрыс сынынан өтіп, талай жауынгер жолдасымыздан айырылдық. Мен де жау оғынан майырылып, бірнеше айлар бойы украиндық достарымның ыстық құшағында өмір кештім. Достарым мені ажалға бермей, иықтарына салып, оқ пен оттан алып шықты. Сол бір күнде де сен менімен бірге, мені демеп, өмірге бастағандай болдың да отырдың, сүйікті Украина!

 

Отанымызда жеңіс туы желбірегеніне он жылға таяу мезгіл өтті. Менің жүрегімде сонау бір украин шалының бейнесі мәңгі тұрады да қояды. Жылдар өткен сайын мен онымен өте жақындай түсетін, оны өте сүйе беретін тәріздімін. Оның ақылды, байсалды ер бейнесі менің көз алдымда. Тек қана оның атын ұмытқан екенмін! Ол үшін кешірер мені, оғанайыпты мен де, мені қатал тезден өткізіп жазу дәптерімді отқа жаққан тар кезеңдер де айыпты. Әйтсе де, мен бүгін ойлап отырып, оның — менің ардақты Кәриямның қымбатты есімін тапқанға ұқсаймын. Оның аты — сүйікті Украина, сен емес пе! Ол сенің туысқандық көкірегіңнен шыққан леп, советтік Отаныңды жанындай сүйген Украина, сенің өз жүрегің емес пе! Сүйікті Коммунист партиясының достық туы, сол тудың көрікті шұғыласында коммунизмге қарай алға басып келе жатқан көп ұлтты совет халықтарының бірлік салтанаты емес пе ол!

 

Мен, сүйікті қарт, сенің атыңды осылай деп түсінемін, сені бүгін осылайша еске аламын.

 

Ұқсас материалдар