Қандастар Ассамблея

Қайнаған еңбек

07.12.2012 2835
  Жұмағали Сайын   Қайнаған еңбек   Алты ай айдаса ат жетпейтін, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қанаты майырылатын ұлан-байтақ даламен біз заулатып келеміз, бетіміз Қарталы.   Жер мен көктің арасын кезген даланың қоңыр желі бір ұшы-қиыры жоқ океан сияқты, біздің мініп келе жатқан машинамыз сол океанда жүзіп бара жатқан жел қайық тәрізді. Ұлы океанның корабльді тербеткені сияқты біз де ауаның кең құшағында тербетілеміз. Океанның ақырын ғана жайқатылып, күміс толқынымен жел қайықты еркелеп соққаны тәрізді майда жел біздің де бетімізден соғады, біз де океанның ортасында шайқалып, толқимыз.   Иә, біз кәзір ұшы-қиыры жоқ океанның ортасындамыз. Қасым ақырын ғана ыңырсып әндетеді. Біз де оған қосылып ән саламыз, көлдің ортасында отырып салған аққудың сұлу үнін жан-жаққа таратқаны тәрізді, сүйкімді жел біздің баяулатып салған әнімізді лезде аспанға көтеріп алып кетеді.   Иә, біз ән саламыз.   * * *   Иттің мұрыны өтпейтін қалың қарағайды қақ жарып оныншы бригадаға келе жатырмыз, кең даланы алып көсіліп жатқан қалың ну көкпеңбек шашақтарын желбіретіп аспанға қарайды. Кейде өзінің тәкаппарлық мінезін көрсетіп, күн сәулесін бүркеп ала қояды, сөйтеді де өзінің қоңыр салқын құшағына тартады, әрі тәкаппар, әрі бауырмал, мінезіне жан түсінбейтін орман, бұл Аманқарағай еді.   Павловка қаласынан шыға беріп едік, алдымыздан рельс төсеп жатқан путеукладчик кездесе кетті. Мен машинадан түсе қалып, Ольга Сухорукова жолдасты іздедім.   Кесек денелі, орта бойлы, өткір көзді, қара торы қыз менің қолымды алды.   —        Ольга Сухорукова,— деді ол күлімсіреп.   Мен де атымды атадым.   Келген жөнімді айтып Ольгамен сөйлесетін уақытты белгіледік, ол қазір жұмыста екен.   Тез адымдап ол путеукладчикке қарай жөнелді, біз Ғабит, Жақан, Қасым төртеуміз кең далада хош иісті көгалдың үстінде отырып, істі қыздырып жатқан жұмысшыларға көз жібердік.   Қарсы алдымыз еңбек қазаны қайнаған темір жол құрылысының жұмыс бригадалары. Біз сол сапырылысқан еңбек қимылдарына көз жібердік.   Ұзыннан ұзақ тартылған жолдың маңайы қаптаған адам. Тау-тау ғып үйіп тастаған шпал астына төсейтін топырақ. Былай қарағаныңда өркештене біткен тау жоталар сияқты. Ана бір топ ташка арбаларға топырақ тиеп алып, топырақты жоталардың үстіне өрмелейді, биік насыптың үстімен жүріп отырған аласалау жеріне апарып топырақты төгеді. Ат-арбаларды айдап жүргендердің қимылдарында біртүрлі асығыстық, шапшаңдық бар. Олар бір-бірімен жұмыс үстінде артық сөз қатыспайды, әркім өз жөнімен өз ісіне ұмтылады, бірінен-бірі озсам екен деген ниетті сұрамай-ақ біле қоясың. Танауларынан демдері будақ, будақ атып, талай жерге жанды жануарлар жүк сүйреп, отанға қызмет етіп жүр.   Шіркін, болат тұяқты жылқы баласы, сен адам баласының желіде қымызы, жегінде серігі, жауға шапса қанаты, сауық-сайранда салтанатысың-ау. Міне, сен кәзір қазақ даласының бір шеті мен бір шетін жалғастыратын темір жолын да бірге салысып жатырсың.   «Тездет, тездет!» деген дауыстар бірімен бірі ұласып, күшті ағыны арқылы жан-жаққа тарайды, сол кезде бүкіл дала қосылып «тездет, тездетіңдер» деген сияқты болады. Үстінен ақ көбіктері бұрқыраған аттар балшық тиеген арбаларын қаңбақтай үйіріп, биік жотаның үстіне лезде шыға-шыға келеді, арбалардан балшық көзді ашып-жұмғанша төгіліп жатады.   Аттылы адамдардың бұл қимылына екінші жақтан экскаваторлар қосылады. Экскаваторлардың денесінен ат сияқты ақ көбігі шықпайды, ол тек табан тіреп тұрған жерлерің солқылдатып, гүрілдеп айқай салады, оның танауынан будақтап бу шықпайды, қоюланған көгілдір түтін аспанға атады, ол ызалы жолбарыстай жердің құйқасына аузын баса түседі. Жердің тоңын жерошақтай етіп қазып, қабат-қабат қыртыстарын жұтады да, қырқа болып үйілген тау жотасы секілді насыптың үстіне апарып лақ еткізіп құса салады. Бұл бір алып, мұның жұмысы көз тоймайтын бір тамаша.   Аттан да, экскаватордан да біртүрлі ерекше көзге түсіп путеукладчик кетіп барады. Ол артына он шақты вагон тіркеп алыпты. Вагондар толған рельс пакеті. Шпалға қаққан рельс пакетін ол лезде вагон үстінен жылжытып алады да қанбақ тәрізді көтеріп алып жерге төсейді. Өзінің еңбектегі серігін отанның қайратты қызы Ольга баптап күтеді. Әне ол аласұрып машинаны жүргізіп жүр. Оның қимылы, оның ерлігі қандай еңбек батырынан болса да кем түсетін емес. Бұрқырап аққан маңдай терін орамалымен сүртіп тастап, ол анда-санда бізге қарап қояды, біз алғыс айтқан көңілімізбен, қуанышты жүзімізбен оған қарап қол былғаймыз.   Бұлардың арасында да бір шиеленіскен тартыс бар сияқты: бұлар да бір ұлы ерегіске белді буысып, білек сыбанысып аттанысқан секілді, бір ұлы қарақшыға әрқайсысы бұрын жетсем екен деген сықылды, сол қарақшыға қарай ат та, экскаватор да ауыздығын сүзе тартып бара жатқан тәрізді.   Осы көрініске бар ынтамен беріліп тұрған маған:   —        Майдан деген осы,— деді жолдасым.   Мен тәтті ұйқыдан оянып кеткен адамдай оған жалт қарадым. Ол қасымда жымиып тұр екен.   —        Иә, майдан деген осы,— дедім мен оның сөзін қайталап.   Анау қаптаған әйел, еркек атты да, экскаваторды да өз өмірлеріне бойсұндырып іске жегіп жүр. Олар қаулап жанған өрт сияқты алған беттерінен қайтар емес. Бәрі бір адыммен, бір маршпен алға аттауда.   Адам баласы сенің де қолыңнан келмейтін іс барма? Сен қимылдасаң тасты ұн етіп, тауды күл етіп, құмды гүл етіп, шөлді шалқар көл етесің, сөйткен адам ұлы сені неге сүймейін!   * * *   Дала құлпырып, күн жалынды нұрын жерге төгіп тұрып, аспанда сусылдап ұшып жатты, жұмысшылардың үйлерінің мұржасынан түтін будақтап шығып жатты.   Түнгі сменадан қайтқан жұмысшылар ұйқыдан тұрды: біразы қызыл мүйіске барып «Правда» мен «Известия» газетінің жаңа номерлерін алып шығысты.   * * *   Күн батуға таянған кез, жұмыстан босап шыққан Ольга біздің қасымызға келді. Біз Ольганы ортамызға алып әңгімелесе бастадық.   Ольга бұл темір жол құрылысына келместен бұрын Калуга заводында қызмет істепті. Ол Калуга заводының үлгілі жасы, стахановшы жұмысшысы екен.   Путеукладчик сол Калуга заводында істеліп шыққан, инженер Платов системасы бойынша жасалған машина.   Ольга жас комсомолка, ол жанып тұрған от сияқты, сөз сөйлегенде өте салмақпен, әрбір сөзін жеріне жеткізе, ашық сөйлейді. Оның отты көзінен сүйікті болашақтың бейнесі көрініп тұрған тәрізді.   Біздің отанның қыз бен ұлы бейбітшілік мезгілінде өнер-ғылым иесі, инженер, техник, жұмысшы, ал жаугершілік күн туса жауынгер емес пе!   Мына Ольга да сол сүйікті отан ерінің бірі. Ольга кәзір летчик, ол заводта жұмыс істеп жүріп ұшу ісіне жетілген. Қандыкөз соғыс құмарлар біздің отанымызға көзін алартса, бізге соқтықса Ольга Совет елінің құрыш қанатты болат құсымен дұшпанның басына ақыр заман туғызады. Ал, бүгін Ольга сүйікті еліне темір жол салып, қызмет істеп жүр.   Жұмыстарының жайын сұрап болғасын біз Ольгамен қоштасып орнымыздан тұрдық. Бұл кезде:   Қып-қызыл әшекейлеп батыс жақты, Күн кіріп ұясына бара жатты. Арқаның майда қоңыр жібек желі Ақырын шөптің басын қимылдатты.   Аспандап үйрек ұшып қоңыр жаққа Зымырап қанаттарын суылдатты. Қайнатып аспазшылар қазандарын Жағалай шатырларда оттар жақты.   1939  

 

Жұмағали Сайын

 

Қайнаған еңбек

 

Алты ай айдаса ат жетпейтін, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қанаты майырылатын ұлан-байтақ даламен біз заулатып келеміз, бетіміз Қарталы.

 

Жер мен көктің арасын кезген даланың қоңыр желі бір ұшы-қиыры жоқ океан сияқты, біздің мініп келе жатқан машинамыз сол океанда жүзіп бара жатқан жел қайық тәрізді. Ұлы океанның корабльді тербеткені сияқты біз де ауаның кең құшағында тербетілеміз. Океанның ақырын ғана жайқатылып, күміс толқынымен жел қайықты еркелеп соққаны тәрізді майда жел біздің де бетімізден соғады, біз де океанның ортасында шайқалып, толқимыз.

 

Иә, біз кәзір ұшы-қиыры жоқ океанның ортасындамыз. Қасым ақырын ғана ыңырсып әндетеді. Біз де оған қосылып ән саламыз, көлдің ортасында отырып салған аққудың сұлу үнін жан-жаққа таратқаны тәрізді, сүйкімді жел біздің баяулатып салған әнімізді лезде аспанға көтеріп алып кетеді.

 

Иә, біз ән саламыз.

 

* * *

 

Иттің мұрыны өтпейтін қалың қарағайды қақ жарып оныншы бригадаға келе жатырмыз, кең даланы алып көсіліп жатқан қалың ну көкпеңбек шашақтарын желбіретіп аспанға қарайды. Кейде өзінің тәкаппарлық мінезін көрсетіп, күн сәулесін бүркеп ала қояды, сөйтеді де өзінің қоңыр салқын құшағына тартады, әрі тәкаппар, әрі бауырмал, мінезіне жан түсінбейтін орман, бұл Аманқарағай еді.

 

Павловка қаласынан шыға беріп едік, алдымыздан рельс төсеп жатқан путеукладчик кездесе кетті. Мен машинадан түсе қалып, Ольга Сухорукова жолдасты іздедім.

 

Кесек денелі, орта бойлы, өткір көзді, қара торы қыз менің қолымды алды.

 

—        Ольга Сухорукова,— деді ол күлімсіреп.

 

Мен де атымды атадым.

 

Келген жөнімді айтып Ольгамен сөйлесетін уақытты белгіледік, ол қазір жұмыста екен.

 

Тез адымдап ол путеукладчикке қарай жөнелді, біз Ғабит, Жақан, Қасым төртеуміз кең далада хош иісті көгалдың үстінде отырып, істі қыздырып жатқан жұмысшыларға көз жібердік.

 

Қарсы алдымыз еңбек қазаны қайнаған темір жол құрылысының жұмыс бригадалары. Біз сол сапырылысқан еңбек қимылдарына көз жібердік.

 

Ұзыннан ұзақ тартылған жолдың маңайы қаптаған адам. Тау-тау ғып үйіп тастаған шпал астына төсейтін топырақ. Былай қарағаныңда өркештене біткен тау жоталар сияқты. Ана бір топ ташка арбаларға топырақ тиеп алып, топырақты жоталардың үстіне өрмелейді, биік насыптың үстімен жүріп отырған аласалау жеріне апарып топырақты төгеді. Ат-арбаларды айдап жүргендердің қимылдарында біртүрлі асығыстық, шапшаңдық бар. Олар бір-бірімен жұмыс үстінде артық сөз қатыспайды, әркім өз жөнімен өз ісіне ұмтылады, бірінен-бірі озсам екен деген ниетті сұрамай-ақ біле қоясың. Танауларынан демдері будақ, будақ атып, талай жерге жанды жануарлар жүк сүйреп, отанға қызмет етіп жүр.

 

Шіркін, болат тұяқты жылқы баласы, сен адам баласының желіде қымызы, жегінде серігі, жауға шапса қанаты, сауық-сайранда салтанатысың-ау. Міне, сен кәзір қазақ даласының бір шеті мен бір шетін жалғастыратын темір жолын да бірге салысып жатырсың.

 

«Тездет, тездет!» деген дауыстар бірімен бірі ұласып, күшті ағыны арқылы жан-жаққа тарайды, сол кезде бүкіл дала қосылып «тездет, тездетіңдер» деген сияқты болады. Үстінен ақ көбіктері бұрқыраған аттар балшық тиеген арбаларын қаңбақтай үйіріп, биік жотаның үстіне лезде шыға-шыға келеді, арбалардан балшық көзді ашып-жұмғанша төгіліп жатады.

 

Аттылы адамдардың бұл қимылына екінші жақтан экскаваторлар қосылады. Экскаваторлардың денесінен ат сияқты ақ көбігі шықпайды, ол тек табан тіреп тұрған жерлерің солқылдатып, гүрілдеп айқай салады, оның танауынан будақтап бу шықпайды, қоюланған көгілдір түтін аспанға атады, ол ызалы жолбарыстай жердің құйқасына аузын баса түседі. Жердің тоңын жерошақтай етіп қазып, қабат-қабат қыртыстарын жұтады да, қырқа болып үйілген тау жотасы секілді насыптың үстіне апарып лақ еткізіп құса салады. Бұл бір алып, мұның жұмысы көз тоймайтын бір тамаша.

 

Аттан да, экскаватордан да біртүрлі ерекше көзге түсіп путеукладчик кетіп барады. Ол артына он шақты вагон тіркеп алыпты. Вагондар толған рельс пакеті. Шпалға қаққан рельс пакетін ол лезде вагон үстінен жылжытып алады да қанбақ тәрізді көтеріп алып жерге төсейді. Өзінің еңбектегі серігін отанның қайратты қызы Ольга баптап күтеді. Әне ол аласұрып машинаны жүргізіп жүр. Оның қимылы, оның ерлігі қандай еңбек батырынан болса да кем түсетін емес. Бұрқырап аққан маңдай терін орамалымен сүртіп тастап, ол анда-санда бізге қарап қояды, біз алғыс айтқан көңілімізбен, қуанышты жүзімізбен оған қарап қол былғаймыз.

 

Бұлардың арасында да бір шиеленіскен тартыс бар сияқты: бұлар да бір ұлы ерегіске белді буысып, білек сыбанысып аттанысқан секілді, бір ұлы қарақшыға әрқайсысы бұрын жетсем екен деген сықылды, сол қарақшыға қарай ат та, экскаватор да ауыздығын сүзе тартып бара жатқан тәрізді.

 

Осы көрініске бар ынтамен беріліп тұрған маған:

 

—        Майдан деген осы,— деді жолдасым.

 

Мен тәтті ұйқыдан оянып кеткен адамдай оған жалт қарадым. Ол қасымда жымиып тұр екен.

 

—        Иә, майдан деген осы,— дедім мен оның сөзін қайталап.

 

Анау қаптаған әйел, еркек атты да, экскаваторды да өз өмірлеріне бойсұндырып іске жегіп жүр. Олар қаулап жанған өрт сияқты алған беттерінен қайтар емес. Бәрі бір адыммен, бір маршпен алға аттауда.

 

Адам баласы сенің де қолыңнан келмейтін іс барма? Сен қимылдасаң тасты ұн етіп, тауды күл етіп, құмды гүл етіп, шөлді шалқар көл етесің, сөйткен адам ұлы сені неге сүймейін!

 

* * *

 

Дала құлпырып, күн жалынды нұрын жерге төгіп тұрып, аспанда сусылдап ұшып жатты, жұмысшылардың үйлерінің мұржасынан түтін будақтап шығып жатты.

 

Түнгі сменадан қайтқан жұмысшылар ұйқыдан тұрды: біразы қызыл мүйіске барып «Правда» мен «Известия» газетінің жаңа номерлерін алып шығысты.

 

* * *

 

Күн батуға таянған кез, жұмыстан босап шыққан Ольга біздің қасымызға келді. Біз Ольганы ортамызға алып әңгімелесе бастадық.

 

Ольга бұл темір жол құрылысына келместен бұрын Калуга заводында қызмет істепті. Ол Калуга заводының үлгілі жасы, стахановшы жұмысшысы екен.

 

Путеукладчик сол Калуга заводында істеліп шыққан, инженер Платов системасы бойынша жасалған машина.

 

Ольга жас комсомолка, ол жанып тұрған от сияқты, сөз сөйлегенде өте салмақпен, әрбір сөзін жеріне жеткізе, ашық сөйлейді. Оның отты көзінен сүйікті болашақтың бейнесі көрініп тұрған тәрізді.

 

Біздің отанның қыз бен ұлы бейбітшілік мезгілінде өнер-ғылым иесі, инженер, техник, жұмысшы, ал жаугершілік күн туса жауынгер емес пе!

 

Мына Ольга да сол сүйікті отан ерінің бірі. Ольга кәзір летчик, ол заводта жұмыс істеп жүріп ұшу ісіне жетілген. Қандыкөз соғыс құмарлар біздің отанымызға көзін алартса, бізге соқтықса Ольга Совет елінің құрыш қанатты болат құсымен дұшпанның басына ақыр заман туғызады. Ал, бүгін Ольга сүйікті еліне темір жол салып, қызмет істеп жүр.

 

Жұмыстарының жайын сұрап болғасын біз Ольгамен қоштасып орнымыздан тұрдық. Бұл кезде:

 

Қып-қызыл әшекейлеп батыс жақты,

Күн кіріп ұясына бара жатты.

Арқаның майда қоңыр жібек желі

Ақырын шөптің басын қимылдатты.

 

Аспандап үйрек ұшып қоңыр жаққа

Зымырап қанаттарын суылдатты.

Қайнатып аспазшылар қазандарын

Жағалай шатырларда оттар жақты.

 

1939

 

Ұқсас материалдар