Қандастар Ассамблея

Ху Цзиньтао Н.Назарбаевты «ЭКСПО–2017» көрмесін Астанада өткізу құқығын жеңіп алуы

07.12.2012 2108
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаодан хат келді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне Қытай Коммунистік партиясы 18-съезінің табысты шақырылымына байланысты жолдаған құттықтау хаты үшін алғыс айтқан. Өз кезегінде, ҚХР Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтаған. «Бұл - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі табыстарын халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Қазақстан Бүкіләлемдік жарқын, ерекше, табысты көрме өткізетініне сенемін», – делінген хатта. Құттықтау хатының соңында Х.Цзиньтао Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық және қызметінде табыс, Қазақстан мен оның халқына өсіп-өркендеу тілеген. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаодан хат келді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне Қытай Коммунистік партиясы 18-съезінің табысты шақырылымына байланысты жолдаған құттықтау хаты үшін алғыс айтқан.

Өз кезегінде, ҚХР Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтаған.

«Бұл - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ісіндегі табыстарын халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Қазақстан Бүкіләлемдік жарқын, ерекше, табысты көрме өткізетініне сенемін», – делінген хатта.

Құттықтау хатының соңында Х.Цзиньтао Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық және қызметінде табыс, Қазақстан мен оның халқына өсіп-өркендеу тілеген. 

Ұқсас материалдар