Қандастар Ассамблея

«Саламатты Қазақстан»: Павлодар дәрігерлері Минск медакадемиясына оқуға барады

07.12.2012 1879
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар дәрігерлері Минск дипломнан кейінгі деңгейдегі білім беру медициналық академиясында өз біліктіліктерін арттырады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Ведомство мәліметі бойынша, павлодарлық дәрігерлердің Беларусь астанасына сапары кезінде Минск дипломнан кейінгі деңгейдегі білім беру медициналық академиясының ректоры және Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы арасындағы ынтымақтастық туралық меморандумға қол қойылды. «Меморандумға сәйкес, біздің дәрігерлер енді өз біліктіліктерін Минск медакадемиясында арттыра алады. Қазіргі уақытта Беларуске баратын мамандардың тізімі жасалуда», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар дәрігерлері Минск дипломнан кейінгі деңгейдегі білім беру медициналық академиясында өз біліктіліктерін арттырады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомство мәліметі бойынша, павлодарлық дәрігерлердің Беларусь астанасына сапары кезінде Минск дипломнан кейінгі деңгейдегі білім беру медициналық академиясының ректоры және Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы арасындағы ынтымақтастық туралық меморандумға қол қойылды.

«Меморандумға сәйкес, біздің дәрігерлер енді өз біліктіліктерін Минск медакадемиясында арттыра алады. Қазіргі уақытта Беларуске баратын мамандардың тізімі жасалуда», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Ұқсас материалдар