Қандастар Ассамблея

Туысымыз, досымыз біздің

05.12.2012 2302
Туысымыз, досымыз біздің Тарас Шевченко — адамзат нәсілдерінің ішіндегі үркердей қасиетті тобына қосылатын адам. Ол өз халқының өткен тарихының жарқын қорытындысы және сол халқының болашаққа мегзеген ұлы үмітінің, шабытты қуат қайратының жиын тұлғасы. Ол сан буын бабалар, аталар замандарының кобзарь атаулысының мұңға толы үндеріне құлақ салған. Солардың ойларымен сиқырланған. Ғасырлар бойында үн салған ішектердің күйлерін өз жанына сіңірген ақын. Туған халқының азаттықты сүйген жанын құл етуші кесір-кердең шляхта атаулыға және Россия патшаларына қарсы арналған асыл арманның барлығын өзінің сезімтал, ереуілшіл жүрегіне жиған жан осы ақын болады. Шевченко өз халқының ақындық генийі сақтап келген батырлық қуаттың, ғасырлар бойында мүлгіп келген қуаттың, жаршы-жыршысы болған. Ғазапқа толы махаббатын шевченколық оймен, ғажайып лирикамен, бар пәрменімен гениальдық түрде жырлай білген және осы ақын. Оның поэзиясы — күмәнсіз халық шерінің поэзиясы. Мұнда ұзақ майдан кешіп, сақал-шашын сонымен ағартқан ердің ойы, соғыс-жорықта жүріп қайтпай қалған ұлдарының қайғысымен ерте қартайған Украина анасының ой-қасіреті, өзінің сорлы тағдырын жылаумен баяндаған күң-қыз батрачканың ойы — бәрі де бар. Ең асылы ана Украинаның ой-қасіреті де осында. Шевченконың поэзиясы, кімде-кімге өз Отанының ары мен азаттығы қымбат болса, соның бәрі үшін мектеп. Оның өз Отанын шерлене жырлаған ақын үні өзге қай адамына болса да Украинаны сүйгізгендей. Кейде бар сұлулығын көрмей-ақ та біз Днепр жағаларының ғажайып көркіне ынтық боламыз. Жас әйелдің адамдық ең терең, ең нәзік сезімінен бастап, гайда мактардың батыр білектері құлаш керіп, майталман қарсылық, ерлік атқан күйлеріне дейін, сан сырлар Шевченко поэзиясынан танылады. Оның жыр жолдары қиялға толы. Нақтылы сезімдер мол. Әр тал көденің сәл қыбырынан бастап, өзі туған ортаның бұрқ-сарқ толқынына дейін, дауылды соққындарына дейін ерекше дәлдікпен, шеберлікпен суреттеледі. Соншалық сезімтал, мұндар ақын жаны ойшыл суретшінің жүрегінде қазақ сахнасының елсіз, қыбырсыз сұрқай бір түкпіріндегі шөлдерінің де күйлерін тудырды. Россияда ұлы идея үшін күрескен жандар көп еді. Тарих олардың бәрін де біле, бағалай келеді. Бірақ солар қатарында Тарастай зор ауыр азап шеккен адам аз. Балалық күнінде ол құл крепостной. Есейе келе ол тұтқын. Одан әрі сүргін жеген қуғын астында күн кешу. Сол күйде барлық әдебиет Россиясында орыс патшалығына қарсы мұндай тынымсыз, мұншалық ашу-қайратпен қарсы алысқан әдебиетші жоқ. Тұтқындық шағында оның қолынан қалам мен бояуды алып қойса да, адамзаттық ойын тартып ала алған жоқ. Ол бұрын өзі білмеген қазақ халқы туралы қамқорлық ой жиған еді. Сол ойы оның ең ардақты қасиеті болатын. Заманның қазысы есебінде жауыздыққа қарсы кешірімсіз ой жиған ақын қабілетін көреміз. Бұқара халық өзінің азаттық туралы арманын бұрынғы заманда ащы зарлар түрінде кобзарь атаулының ішек-пернелеріне тапсырып еді. Ал Тарас Шевченконың дауылпаз поэзиясымен сол халық патшалыққа қарсы бітімсіз тартыстың туын сермеді. Тек Украин халқы үшін ғана сермелген ту емес, халық атаулының бәріне абақты болған Россияның барлық халықтарына ортақ ту еді. Қазақ халқының ұлы болуым себепті өткен заманның ащы бір ойын мен бұл күнде амалсыз ойлаймын. Тарас Шевченконың қазақ сахарасына келуі ықтиярсыздық халде болса да, орны бөлек, өзгеше жағдай еді. Ащы ой дейтінім, сол шақта ол қазақ халқының тағдыры үшін алысқан асыл ұлдарының ешқайсысымен ұшыраса алмады. Ұшырасқан болса, олардың ойларына сол шақтың өзінде революциялық асқақ ой қосар еді. Қазақ ұлдарының да ойларын Шевченко өз ойларына ұқсата ертер еді. Ал дәл сол Тарастың айдау шағы бітуге бір-ақ жыл қалғанда, 1856 жылы Қазақстанның екінші бір қиыр шетінде, Ертіс жағасында, Семейде қазақ ұлы Шоқан Уәлиханов Достоевскиймен алғаш ұшырасқан болатын. Сол жолда Достоевскийдің Шоқанға берген бір асыл өсиеті осы күнге дейін ұмытпастай бағалы. Қазақтан шыққан бірінші оқымысты ағартушы Шоқан Уәлихановты Достоевский аса жақсы көре бағалап, "Өз халқыңыздың оқымысты қамқоры бола біліңіз және Россия үшін қазақ сахарасы не екенін таныта біліңіз" — деген еді. Сол өсиет ми қайнаған ыстық сахараның өзінде де туа бастаған достықтың әсем гүлінің әлдебір терең тамырындай болды. Тарас Шевченко болса қазақ халқының ауыр тағдырын, бейнетті өмірін, ұлттық тірлігін тек ауыр, қамқор оймен ойлап танып қана қойған жоқ. Сахараның өзі мен тұрғындарының жайын бар күйкі көріністерімен Шевченко өзінің өр өнері бойынша ұлы ақын боп жырлап та, тамаша суреткер боп суреттеп те үлгірді. Өзі қорлық көрген елдің ұлы, қазақтың көне топырағына келе он жылдай өмір кеше жүріп, сол қазақ халқы туралы шынайы қамқор ойлар ойлай білді. Бұл елдің қазасын аза тұтты. Қанаушыларына қарсы кешпес ыза-кек ойлады. Егер міне, осы жүрек сырын, қуатын мезгілінде Уәлихановқа немесе Ыбырай Алтынсаринге, әлде шабытты қиялмен кейін шыққан Абайға еккен болса, революцияшыл демократияның бітімсіз жиренішін де, қарсылығын да қоса тудырған, өрбіткен болар еді. Сондай әрекетімен сол беймезгіл заманның өзінде де қазақ халқының арасында да салт-саналық және көркемдік ойдың өрісін ұзартып, ұлттық, қоғамдық, мәдениеттік ой-армандарды кеңейткен де, ұлғайтқан болар еді. Шевченко сияқты жандар өз мұраларымен кейбір талай ғасырлардың құрдым шөлдерін нәрлендіреді. Ұлттық, саясаттық және көркемдік ойын өсіру арқылы халықты өсіреді. Сан ұрпақтың тәрбиешісі болған халық қамқоры ұлы кобзарь Шевченко сияқты жаршы-жыршысы болған украин халқы — бақытты халық. Сондайлық қасиеті бар Шевченко біздің де туысымыз, досымыз дейміз. Мұхтар Әуезов  

Туысымыз, досымыз біздің

Тарас Шевченко — адамзат нәсілдерінің ішіндегі үркердей қасиетті тобына қосылатын адам. Ол өз халқының өткен тарихының жарқын қорытындысы және сол халқының болашаққа мегзеген ұлы үмітінің, шабытты қуат қайратының жиын тұлғасы. Ол сан буын бабалар, аталар замандарының кобзарь атаулысының мұңға толы үндеріне құлақ салған. Солардың ойларымен сиқырланған. Ғасырлар бойында үн салған ішектердің күйлерін өз жанына сіңірген ақын. Туған халқының азаттықты сүйген жанын құл етуші кесір-кердең шляхта атаулыға және Россия патшаларына қарсы арналған асыл арманның барлығын өзінің сезімтал, ереуілшіл жүрегіне жиған жан осы ақын болады.

Шевченко өз халқының ақындық генийі сақтап келген батырлық қуаттың, ғасырлар бойында мүлгіп келген қуаттың, жаршы-жыршысы болған. Ғазапқа толы махаббатын шевченколық оймен, ғажайып лирикамен, бар пәрменімен гениальдық түрде жырлай білген және осы ақын.

Оның поэзиясы — күмәнсіз халық шерінің поэзиясы. Мұнда ұзақ майдан кешіп, сақал-шашын сонымен ағартқан ердің ойы, соғыс-жорықта жүріп қайтпай қалған ұлдарының қайғысымен ерте қартайған Украина анасының ой-қасіреті, өзінің сорлы тағдырын жылаумен баяндаған күң-қыз батрачканың ойы — бәрі де бар. Ең асылы ана Украинаның ой-қасіреті де осында.

Шевченконың поэзиясы, кімде-кімге өз Отанының ары мен азаттығы қымбат болса, соның бәрі үшін мектеп. Оның өз Отанын шерлене жырлаған ақын үні өзге қай адамына болса да Украинаны сүйгізгендей. Кейде бар сұлулығын көрмей-ақ та біз Днепр жағаларының ғажайып көркіне ынтық боламыз. Жас әйелдің адамдық ең терең, ең нәзік сезімінен бастап, гайда мактардың батыр білектері құлаш керіп, майталман қарсылық, ерлік атқан күйлеріне дейін, сан сырлар

Шевченко поэзиясынан танылады. Оның жыр жолдары қиялға толы. Нақтылы сезімдер мол. Әр тал көденің сәл қыбырынан бастап, өзі туған ортаның бұрқ-сарқ толқынына дейін, дауылды соққындарына дейін ерекше дәлдікпен, шеберлікпен суреттеледі.

Соншалық сезімтал, мұндар ақын жаны ойшыл суретшінің жүрегінде қазақ сахнасының елсіз, қыбырсыз сұрқай бір түкпіріндегі шөлдерінің де күйлерін тудырды. Россияда ұлы идея үшін күрескен жандар көп еді. Тарих олардың бәрін де біле, бағалай келеді. Бірақ солар қатарында Тарастай зор ауыр азап шеккен адам аз. Балалық күнінде ол құл крепостной. Есейе келе ол тұтқын. Одан әрі сүргін жеген қуғын астында күн кешу. Сол күйде барлық әдебиет Россиясында орыс патшалығына қарсы мұндай тынымсыз, мұншалық ашу-қайратпен қарсы алысқан әдебиетші жоқ. Тұтқындық шағында оның қолынан қалам мен бояуды алып қойса да, адамзаттық ойын тартып ала алған жоқ. Ол бұрын өзі білмеген қазақ халқы туралы қамқорлық ой жиған еді. Сол ойы оның ең ардақты қасиеті болатын. Заманның қазысы есебінде жауыздыққа қарсы кешірімсіз ой жиған ақын қабілетін көреміз.

Бұқара халық өзінің азаттық туралы арманын бұрынғы заманда ащы зарлар түрінде кобзарь атаулының ішек-пернелеріне тапсырып еді. Ал Тарас Шевченконың дауылпаз поэзиясымен сол халық патшалыққа қарсы бітімсіз тартыстың туын сермеді. Тек Украин халқы үшін ғана сермелген ту емес, халық атаулының бәріне абақты болған Россияның барлық халықтарына ортақ ту еді.

Қазақ халқының ұлы болуым себепті өткен заманның ащы бір ойын мен бұл күнде амалсыз ойлаймын. Тарас Шевченконың қазақ сахарасына келуі ықтиярсыздық халде болса да, орны бөлек, өзгеше жағдай еді. Ащы ой дейтінім, сол шақта ол қазақ халқының тағдыры үшін алысқан асыл ұлдарының ешқайсысымен ұшыраса алмады. Ұшырасқан болса, олардың ойларына сол шақтың өзінде революциялық асқақ ой қосар еді. Қазақ ұлдарының да ойларын Шевченко өз ойларына ұқсата ертер еді.

Ал дәл сол Тарастың айдау шағы бітуге бір-ақ жыл қалғанда, 1856 жылы Қазақстанның екінші бір қиыр шетінде, Ертіс жағасында, Семейде қазақ ұлы Шоқан Уәлиханов Достоевскиймен алғаш ұшырасқан болатын. Сол жолда

Достоевскийдің Шоқанға берген бір асыл өсиеті осы күнге дейін ұмытпастай бағалы. Қазақтан шыққан бірінші оқымысты ағартушы Шоқан Уәлихановты Достоевский аса жақсы көре бағалап, "Өз халқыңыздың оқымысты қамқоры бола біліңіз және Россия үшін қазақ сахарасы не екенін таныта біліңіз" — деген еді. Сол өсиет ми қайнаған ыстық сахараның өзінде де туа бастаған достықтың әсем гүлінің әлдебір терең тамырындай болды.

Тарас Шевченко болса қазақ халқының ауыр тағдырын, бейнетті өмірін, ұлттық тірлігін тек ауыр, қамқор оймен ойлап танып қана қойған жоқ. Сахараның өзі мен тұрғындарының жайын бар күйкі көріністерімен Шевченко өзінің өр өнері бойынша ұлы ақын боп жырлап та, тамаша суреткер боп суреттеп те үлгірді.

Өзі қорлық көрген елдің ұлы, қазақтың көне топырағына келе он жылдай өмір кеше жүріп, сол қазақ халқы туралы шынайы қамқор ойлар ойлай білді. Бұл елдің қазасын аза тұтты. Қанаушыларына қарсы кешпес ыза-кек ойлады. Егер міне, осы жүрек сырын, қуатын мезгілінде Уәлихановқа немесе Ыбырай Алтынсаринге, әлде шабытты қиялмен кейін шыққан Абайға еккен болса, революцияшыл демократияның бітімсіз жиренішін де, қарсылығын да қоса тудырған, өрбіткен болар еді.

Сондай әрекетімен сол беймезгіл заманның өзінде де қазақ халқының арасында да салт-саналық және көркемдік ойдың өрісін ұзартып, ұлттық, қоғамдық, мәдениеттік ой-армандарды кеңейткен де, ұлғайтқан болар еді.

Шевченко сияқты жандар өз мұраларымен кейбір талай ғасырлардың құрдым шөлдерін нәрлендіреді. Ұлттық, саясаттық және көркемдік ойын өсіру арқылы халықты өсіреді. Сан ұрпақтың тәрбиешісі болған халық қамқоры ұлы кобзарь Шевченко сияқты жаршы-жыршысы болған украин халқы — бақытты халық. Сондайлық қасиеті бар Шевченко біздің де туысымыз, досымыз дейміз.

Мұхтар Әуезов

 

Ұқсас материалдар