Қандастар Ассамблея

Оххум

05.12.2012 1765
  ОХХУМ – ортағасырлық қала орны. Жамбыл обл. Байзақ ауд. Шахан а-нан солт.-шығысқа қарай 11 – 13 км жерде. Алғаш 1894 ж. В.В. Бартольд, 1936 – 38 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1983 ж. қазіргі ҚазҰУ-дың археол. отряды (жетек. М.Елеуов), 2000 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. К.Байпақов, Д.А. Ловас) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ескерткіш төрт бұрышты, екі қатар қорғаныс қабырғасымен қоршалған күрделі құрылыстан тұрады. Дүниенің төрт нүктесімен бағыттас орналасқан ішкі қорғаныс қабырғасының өлшемі 250× 250 м, биікт. 4 – 4,5 м, табаны 18 м, үстіңгі қабаты 5 м. Төрт бұрышы мен қабырғаларының бойында орналасқан мұнараларының биікт. 5 м, олар қабырғаның сыртынан 13 – 15 м-ге дейін жайылған. Барлығы 14 мұнараның ізі байқалады. Қамалдың оңт.-шығысында орналасқан цитадель қабырғаларының өлшемі солт.-оңт-ке қарай 6 м, шығыстан батысқа 50 м, үстіңгі алаңы 17×11 м. Қақпалары солт., батыс және шығыс шетінде орналасқан. Шығыс қабырғасындағы қақпа төртбұрышты бекініс дуалдармен қалқаланған. Оның өлшемдері 50 – 30 м. Батыс қақпаға жол ені 6 м айналма дуал арқылы өтеді. Қорғаныс қабырғасының сыртынан ені 20 – 25 м, тереңд. 1,5 – 2 м ор қоршаған. Қамалдың ішкі жағында айқұш-ұйқыш көшелер бөліп жатқан түрлі құрылыс іздері байқалады. Сыртқы екінші қорғаныс қабырғасы ішкісінен 50 – 60 м жерде. Сыртқы қабырғаларының ұз.: оңт. – 415 м, солт. – 400 м, шығысы – 370 м, батысы – 375 м, биікт. 3,4 м, ені 7 – 10 м. Мұнда мұнаралар шығыс қақпаның екі шеті мен бұрыштарында орналасқан. Сыртынан қоршап жатқан ордың ені 20 м, тереңд. 1,5 м. Қақпаларға жол арнайы салынған бөгет арқылы өтеді. Сыртқы қабырғадан 15-тен 45 м-ге дейінгі аралықта тағы бір дуал өтеді. Оның ені 7 м, биікт. 0,5 – 1,7 м. Дуалдың іші мен сыртынан ор қазылған. Әуеден түсірілген фотосуреттерде қалашықтың сыртында дуалдармен төртбұрышты етіп қоршаған участкелер кешені көрінеді. Әр түрлі көлемдегі түзу қабырғалы осы учаскелер ішкі жағында едәуір ұсақ бөліктерге бөлінген. Қалашықтың батыс бөлігіндегі едәуір жақсы сақталған үш иеліктің біреуінің ауд. 300×300 м. Ол ішкі жағында 5 – 6 кіші бөліктерге бөлінген. Таластың бір саласы Қарабек өз-нен су ор арқылы шығарылған, суғармалы егіншілік жүйелері де сақталған. Қазба жұмыстары барысында табылған қыш бұйымдар қаланың 6 – 12 ғ-лар аралығында өмір сүргендігін көрсетеді. Д. Тәлеев

 

ОХХУМ – ортағасырлық қала орны. Жамбыл обл. Байзақ ауд. Шахан а-нан солт.-шығысқа қарай 11 – 13 км жерде. Алғаш 1894 ж. В.В. Бартольд, 1936 – 38 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1983 ж. қазіргі ҚазҰУ-дың археол. отряды (жетек. М.Елеуов), 2000 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. К.Байпақов, Д.А. Ловас) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ескерткіш төрт бұрышты, екі қатар қорғаныс қабырғасымен қоршалған күрделі құрылыстан тұрады. Дүниенің төрт нүктесімен бағыттас орналасқан ішкі қорғаныс қабырғасының өлшемі 250× 250 м, биікт. 4 – 4,5 м, табаны 18 м, үстіңгі қабаты 5 м. Төрт бұрышы мен қабырғаларының бойында орналасқан мұнараларының биікт. 5 м, олар қабырғаның сыртынан 13 – 15 м-ге дейін жайылған. Барлығы 14 мұнараның ізі байқалады. Қамалдың оңт.-шығысында орналасқан цитадель қабырғаларының өлшемі солт.-оңт-ке қарай 6 м, шығыстан батысқа 50 м, үстіңгі алаңы 17×11 м. Қақпалары солт., батыс және шығыс шетінде орналасқан. Шығыс қабырғасындағы қақпа төртбұрышты бекініс дуалдармен қалқаланған. Оның өлшемдері 50 – 30 м. Батыс қақпаға жол ені 6 м айналма дуал арқылы өтеді. Қорғаныс қабырғасының сыртынан ені 20 – 25 м, тереңд. 1,5 – 2 м ор қоршаған. Қамалдың ішкі жағында айқұш-ұйқыш көшелер бөліп жатқан түрлі құрылыс іздері байқалады. Сыртқы екінші қорғаныс қабырғасы ішкісінен 50 – 60 м жерде. Сыртқы қабырғаларының ұз.: оңт. – 415 м, солт. – 400 м, шығысы – 370 м, батысы – 375 м, биікт. 3,4 м, ені 7 – 10 м. Мұнда мұнаралар шығыс қақпаның екі шеті мен бұрыштарында орналасқан. Сыртынан қоршап жатқан ордың ені 20 м, тереңд. 1,5 м. Қақпаларға жол арнайы салынған бөгет арқылы өтеді. Сыртқы қабырғадан 15-тен 45 м-ге дейінгі аралықта тағы бір дуал өтеді. Оның ені 7 м, биікт. 0,5 – 1,7 м. Дуалдың іші мен сыртынан ор қазылған. Әуеден түсірілген фотосуреттерде қалашықтың сыртында дуалдармен төртбұрышты етіп қоршаған участкелер кешені көрінеді. Әр түрлі көлемдегі түзу қабырғалы осы учаскелер ішкі жағында едәуір ұсақ бөліктерге бөлінген. Қалашықтың батыс бөлігіндегі едәуір жақсы сақталған үш иеліктің біреуінің ауд. 300×300 м. Ол ішкі жағында 5 – 6 кіші бөліктерге бөлінген. Таластың бір саласы Қарабек өз-нен су ор арқылы шығарылған, суғармалы егіншілік жүйелері де сақталған. Қазба жұмыстары барысында табылған қыш бұйымдар қаланың 6 – 12 ғ-лар аралығында өмір сүргендігін көрсетеді.

Д. Тәлеев

Ұқсас материалдар