Қандастар Ассамблея

Отырар археологиялық мемлекеттік қорық-мұражайы

05.12.2012 8471
  Отырар археологиялық мемлекеттік қорық-мұражайы — 1979 ж. 11-мамырда Қаз КСР министрлер Кеңесі шешімімен ғылыми-зерттеу, мәдени ағарту және археологиялық еекерткіштерді қорғау мекемесі ретінде құрылған. Бұл Қазақстан аумағында құрылған алғашқы археологиялық қорық — музейі. 1998 ж. 25-желтоқсанындағы № 1335 Үкіметтің қаулысына сәйкес Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. Ол заңды мемлекеттік мекеме ретінде 1999 ж. 27-сәуірде қайта тіркелді. Қорық-музей мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылының бойында үш қабатты ғимаратта орналасқан. Қорық-музейде бес ғылыми-зерттеу бөлімі жұмыс істейді: Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімі; Қор сақтау бөлімі; Реставрация және Консервация бөлімі; Этнография бөлімі; Әдебиет және өнер бөлімі және ғылыми кітапхана (оның қорында 1511 дана кітап) бар. Көпшілік көрермендерге Музей ғимаратымен қоса Арыстанбаб кесенесі Отырар қалашығы, Отырар руханиятының филиалы, қазақтын қоржын үйі қызмет көрсетеді. Қоржын үйдің жалпы ауданы 3048,5 м, экспозиция ауданы 1052 м, қор бөлімінің ауданы 254 м. 2004 жылы қорық музей қарамағында 160 — тарихи — мәдени ескерткіштер бар болса, 2005 жылы ескерткіштер саны 200 — ге жетті. 2006 жылы археологиялық барлау экспедициясының барысында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музей есебіндегі археологиялық ескерткіштердің саны 220-дан асты. Музей ұжымы «Мәдени мұра» және «Көне Отырарды жаңғырту» бағдарламалары негізінде Отырар өңірінде жүргізілген археологиялық және реставрациялық жұмыстарға қатысып бірнеше ғылыми есептер жазды. 2004 жылы күзде осы жұмыстарға орай музей ішінен жаңа реставрация және консервация бөлімі ашылды. Қорық музейде қазақ халқының көне тарихы насихатталады. Қорық-музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық ескерткіштерді қору, ғылыми зерттеу және насихаттау мен мәдени ағартушылық жұмыстарымен айналысу. Отырар қорық — музейі мен Ә. Марғұлан атындағы археолгиялық институты бірлесе Қазақстанда алғаш рет Отырар өңірінің ескерткіштеріне электронды археологиялық карта жасады, өңір ескерткіштерінің нақты орындары белгіленді. Жұмыс Leisa фирмасының электронды тахеометрлерінен инструментальді топографиялар жасалды. Ескерткіштердің электронды базасы үшін ArsGIS бағдарламасы пайдаланылды. ArsGIS бағдарламасы ескерткіштер орналасу картасы, мәліметер базасы, жәдігерлерді күтіп сақтау, есепке алу және ресми рәсімдеу жұмысына аса пайдалы екені анықталды. 2005 жылы музей ұжымы Отырар қорық — музейі және Отырар қалашығы мен оның айналасындағы ескерткіштер жөнінде мультимедиялық презентация жасады. Осы екі бағдарлама музей ұжымының жаңа үрдіспен жаңа әдістерді қолдана отырып, қорық — мұражайды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жұмыстардың бірі.

 

Отырар археологиялық мемлекеттік қорық-мұражайы — 1979 ж. 11-мамырда Қаз КСР министрлер Кеңесі шешімімен ғылыми-зерттеу, мәдени ағарту және археологиялық еекерткіштерді қорғау мекемесі ретінде құрылған.

Бұл Қазақстан аумағында құрылған алғашқы археологиялық қорық — музейі. 1998 ж. 25-желтоқсанындағы № 1335 Үкіметтің қаулысына сәйкес Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. Ол заңды мемлекеттік мекеме ретінде 1999 ж. 27-сәуірде қайта тіркелді. Қорық-музей мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылының бойында үш қабатты ғимаратта орналасқан.

Қорық-музейде бес ғылыми-зерттеу бөлімі жұмыс істейді:

  • Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімі;
  • Қор сақтау бөлімі;
  • Реставрация және Консервация бөлімі;
  • Этнография бөлімі;

Әдебиет және өнер бөлімі және ғылыми кітапхана (оның қорында 1511 дана кітап) бар.

Көпшілік көрермендерге Музей ғимаратымен қоса Арыстанбаб кесенесі Отырар қалашығы, Отырар руханиятының филиалы, қазақтын қоржын үйі қызмет көрсетеді. Қоржын үйдің жалпы ауданы 3048,5 м, экспозиция ауданы 1052 м, қор бөлімінің ауданы 254 м. 2004 жылы қорық музей қарамағында 160 — тарихи — мәдени ескерткіштер бар болса, 2005 жылы ескерткіштер саны 200 — ге жетті. 2006 жылы археологиялық барлау экспедициясының барысында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музей есебіндегі археологиялық ескерткіштердің саны 220-дан асты. Музей ұжымы «Мәдени мұра» және «Көне Отырарды жаңғырту» бағдарламалары негізінде Отырар өңірінде жүргізілген археологиялық және реставрациялық жұмыстарға қатысып бірнеше ғылыми есептер жазды. 2004 жылы күзде осы жұмыстарға орай музей ішінен жаңа реставрация және консервация бөлімі ашылды. Қорық музейде қазақ халқының көне тарихы насихатталады.

Қорық-музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық ескерткіштерді қору, ғылыми зерттеу және насихаттау мен мәдени ағартушылық жұмыстарымен айналысу.

Отырар қорық — музейі мен Ә. Марғұлан атындағы археолгиялық институты бірлесе Қазақстанда алғаш рет Отырар өңірінің ескерткіштеріне электронды археологиялық карта жасады, өңір ескерткіштерінің нақты орындары белгіленді. Жұмыс Leisa фирмасының электронды тахеометрлерінен инструментальді топографиялар жасалды. Ескерткіштердің электронды базасы үшін ArsGIS бағдарламасы пайдаланылды. ArsGIS бағдарламасы ескерткіштер орналасу картасы, мәліметер базасы, жәдігерлерді күтіп сақтау, есепке алу және ресми рәсімдеу жұмысына аса пайдалы екені анықталды.

2005 жылы музей ұжымы Отырар қорық — музейі және Отырар қалашығы мен оның айналасындағы ескерткіштер жөнінде мультимедиялық презентация жасады. Осы екі бағдарлама музей ұжымының жаңа үрдіспен жаңа әдістерді қолдана отырып, қорық — мұражайды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жұмыстардың бірі.

Ұқсас материалдар