Қандастар Ассамблея

Отырар

05.12.2012 6506
  Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб – ортағасырлық қала орны. Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд-ның Темір т. ж. ст-нан солт.-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. О. 8 ғ-дың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің О. патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, О. 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орт. қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал ФарабКедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және геогр. жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. О. 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орт. Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. 1218 ж. Хорезмшаһ Мұхаммедтің О-дағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орт. Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 ж. күзде моңғол әскерлері О-ға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан О. қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін О. қайта жанданды. 1255 ж. армян саяхатшысы О-ды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. О. дүниежүз. саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды. Қала туралы 1320 ж. Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов т-нен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған. 14 ғ-да Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды. 14 ғ-дың аяғында О. Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирас-қорлары мен Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында О. тағдыры тағы да сынға түсті. 16 ғ-дың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғ-дың басына дейін болған. О-да археол. қазба жұмыстары кең көлемде 1969 ж. Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археол. экспед. ұйымдастырылғаннан кейін басталды. Қазіргі уақытта О. – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аум. 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археол. қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады. 1-қабаттан (б.з. 1 – 6 ғ-лары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары) аз табылды; 2-қабаттың (7 – 8 ғ-лар) қалыңд. 3 м-ге жуық; 3-қабаттан (қалыңды. 1 м-дей, 9 – 10 ғ-лар) қабырғалары шикі кірпіштен (422210 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды; 4-қабатқа (қалыңд. 1,5 м, 11 – 13 ғ-дың басы) қайта жоспарланып салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды; 5-қабаттан (қалыңд. 1,5 м, 13 – 14 ғ-лар) қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24244 см) қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың, шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды) қалдықтары ашылды; 6-қабаттан (қалыңд. 1,5 м, 15 – 16 ғ-лар) қырлы темір пышақ, зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп алынды; 7-қабатының қалыңд. 0,7 – 0,8 м (17 – 18 ғ-лар). Бұл қабат қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады. 1971 – 74 ж. аралығында О. аумағының бестен бір бөлігі (4 га ш.) аршылды. Бойлық және ендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды. Көшелердің ені 2 – 3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі. Жалғыз немесе орт. бөлменің көл. 20 – 35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен (30209 см, 27167 см) жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен жабылған үйлерге тән тәсіл. Мұндай тәсіл Қазақстанның оңт-ндегі тұрғын үйлер құрылысында қазір де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биікт. 20 – 30 см үй жылытатын тандыр салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген кірпішпен жабылған және түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған. От жағатын бөлігінің асты шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген кірпішпен немесе оның сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және оның сынықтары, әр түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен қыштан жасалған астық сақтайтын хұмдар мен құмыралар, ұралар, шаруашылыққа арналған шұңқырлар кездеседі. Көп бөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар үйлердің әр бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар. Аршылған құрылыс кешендері 16 – 18 ғ-ларға жатады. Бұлардың осы кезеңге жататындығын нумизмат. материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді. Осы кезеңде өрт болғандығы байқалады, кейбір бөлмелерде өрт іздері сақталған. Ыдыстардың түбінде тамғалы белгілер салынған. Ыдыстарды күйдіргенге дейін салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес, төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының таңбаларына сәйкес келеді. О-да археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Әдеб.: Бернштам А.Н., Древний Отрар, “Изв. АН КазССР”, Серия археологии, 1951, ғ 108; Акишев К.А., Байпаков К.М., Древний Отрар, А.-А., 1972; Ежелгі Отрар, А., 1997.  К. Байпақов

 

Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб – ортағасырлық қала орны. Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд-ның Темір т. ж. ст-нан солт.-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. О. 8 ғ-дың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің О. патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, О. 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орт. қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал ФарабКедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және геогр. жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. О. 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орт. Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. 1218 ж. Хорезмшаһ Мұхаммедтің О-дағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орт. Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 ж. күзде моңғол әскерлері О-ға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан О. қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін О. қайта жанданды. 1255 ж. армян саяхатшысы О-ды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. О. дүниежүз. саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды. Қала туралы 1320 ж. Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов т-нен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған. 14 ғ-да Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды. 14 ғ-дың аяғында О. Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирас-қорлары мен Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында О. тағдыры тағы да сынға түсті. 16 ғ-дың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғ-дың басына дейін болған.

О-да археол. қазба жұмыстары кең көлемде 1969 ж. Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археол. экспед. ұйымдастырылғаннан кейін басталды. Қазіргі уақытта О. – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аум. 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археол. қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады. 1-қабаттан (б.з. 1 – 6 ғ-лары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары) аз табылды; 2-қабаттың (7 – 8 ғ-лар) қалыңд. 3 м-ге жуық; 3-қабаттан (қалыңды. 1 м-дей, 9 – 10 ғ-лар) қабырғалары шикі кірпіштен (422210 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды; 4-қабатқа (қалыңд. 1,5 м, 11 – 13 ғ-дың басы) қайта жоспарланып салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды; 5-қабаттан (қалыңд. 1,5 м, 13 – 14 ғ-лар) қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24244 см) қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың, шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды) қалдықтары ашылды; 6-қабаттан (қалыңд. 1,5 м, 15 – 16 ғ-лар) қырлы темір пышақ, зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп алынды; 7-қабатының қалыңд. 0,7 – 0,8 м (17 – 18 ғ-лар). Бұл қабат қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады. 1971 – 74 ж. аралығында О. аумағының бестен бір бөлігі (4 га ш.) аршылды. Бойлық және ендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды. Көшелердің ені 2 – 3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі. Жалғыз немесе орт. бөлменің көл. 20 – 35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен (30209 см, 27167 см) жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен жабылған үйлерге тән тәсіл. Мұндай тәсіл Қазақстанның оңт-ндегі тұрғын үйлер құрылысында қазір де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биікт. 20 – 30 см үй жылытатын тандыр салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген кірпішпен жабылған және түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған. От жағатын бөлігінің асты шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген кірпішпен немесе оның сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және оның сынықтары, әр түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен қыштан жасалған астық сақтайтын хұмдар мен құмыралар, ұралар, шаруашылыққа арналған шұңқырлар кездеседі.

Көп бөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар үйлердің әр бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар. Аршылған құрылыс кешендері 16 – 18 ғ-ларға жатады. Бұлардың осы кезеңге жататындығын нумизмат. материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді. Осы кезеңде өрт болғандығы байқалады, кейбір бөлмелерде өрт іздері сақталған. Ыдыстардың түбінде тамғалы белгілер салынған. Ыдыстарды күйдіргенге дейін салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес, төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының таңбаларына сәйкес келеді. О-да археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Әдеб.: Бернштам А.Н., Древний Отрар, “Изв. АН КазССР”, Серия археологии, 1951, ғ 108; Акишев К.А., Байпаков К.М., Древний Отрар, А.-А., 1972; Ежелгі Отрар, А., 1997.

 К. Байпақов