Қандастар Ассамблея

Сот

05.12.2012 3158
Сот (жалғасы) Енді қазіргі күнде елге жалғыз кез болатын сотқа келейік. Алдымен сотты көп ел қалай ұғады екен соны аламыз. Ең бірінші соттың түбегейлі мақсұтымен, тұтынған жолымен біржолата таныс емес. Ел сотты бір-ақ турадан біледі. Һәм бүгінгі қызметінде бір-ақ түрлі деп ұғады. Ол қызметі не? Ол елдің біріндегі ақысын біріне әперу, еселестіру, ұрыны тыю, қыз, қатынның арызын орындау. Miнe, елдің түсінуінше сот қызметі осы. Бұдан басқа сот ел ішіндегі барлық терістікке тез, аңдушы деп ешкім ұқпайды. Сот елдің түбегейлі тәрбиешісі екен, әділеттік, теңдіктің қарақшысы, қорғаны екен деп ешкім де ойлаған жоқ. Сот басында елге жат бір нәрсе болып көрінеді. Ол уақытта ел соттың не істейтінін, қандай жол тұтынатынын, қандай мінезді жаманшылық деп танып, қандай мінез үшін жазаға кәріфтар қылатынын білген жоқ. Бірақ, сот келеді, сот деген шығыпты деген дақпырт хабар елдің бәрінің құлағын тіккізді. Бұл сот қайтер екен, не жұмыс істер екен дегізіп, күткізді. Ел сотты барынша сағынғандай, көптен күткендей, сотсыз көп тәртіпсіздік көргендей болып, шын ниетпен, тілеулестікпен қарсы алғандай болды. Содан бұл күнге шейін соттан ел кеңілі қалған жоқ. Ел ішінде мал тартқан, жаза тартқан тентек-тебір болмаса көпшілік сотқа риза, һәм сотқа тілеулес. Сот съездерінде дау көбейтіп, ел ақыны көп алысса, оны мақтайды, сүйсінеді, «хан съездің өзі болды» — дейді. Баяғыда болған пәлен черезвичайный, түлен черезвичайныйлардың заманын айтады, сондағы біткен жұмыстарды айтады. Аяғында келіп, «біздің соттар да сондай жұмыс істеді, содан кем болған жоқ, жақсы болды» деседі. Мінеки, соттың кызметін айтса, ел жоғарыдағы айтқан ақы әперу мен ұры тыюды айтады, соттың жақсылығын айтпақ болса, «Хан съез болды», баяғы черезвичайныйдан кем болған жоқ дейді, елдің беріп отырған бағасы, әзірге ұғып отырған ұғынысы осы. Расында соттың міндеті, мақсұты, мақтаны осы ғана ма? Жоқ, бұдан асары да бар ма? Сот ұры тыюды, қыздарға теңдік әперуді ғана қызмет міндет деп санап, ел ақсақалдарынан: бәрекелді, сотым жақсы болды, рахмет деген алғыс алса, сол істегендері жетеді дейміз бе? Осы істегендеріңе де рақмет, бұдан артық бұл күнде не сұраймыз десек дұрыс бола ма? Жоқ, менің ойымша ол соттың басына жеткен лайықты баға, қанағат қылатын жұбанышты қызмет емес. Себебі: сот қай мемлекетте, қай жерде болса да тазалықтың, ақтықтың қорғаны, соның аңдушысы, құралы дедік және қай елде болса да адамшылық, әділет, тазалық жолымен тәрбиелейтін сот дедік. Сол сот бүгінгі қазақ, ішінде ашылып отырған біздің сотымыз болса, оның бір күнгі жаманшылықты тыйғаны, мүмкін сол жаманшылықтарды істеп жүрген адамдардан алған бір күнгі мақтаны не нәрсеге тұрады. Негізі нығайған, бағыты түзелген елдің түбегейлі тәрбиешісі болмақ нағыз шын, әділ сот болмақ болса, оған әлгіндей мақтан-жұбаныш ешнәрсеге тұрмайды. Оның үстіне қазақ, жұрты бұрын қазақ соты дегенді көрген жоқ. Қазақтың өз ауруы, өз емімен емделіп көрген жоқ. Һәм өзі емдемей, жай-жапсарын білмеген ел емдегендіктен бұзылып кеткен мінездері, қалыптары көп. Оларды түзеп, оның үстінде қазақтың өз соты болса ел негізді тәрбие алатындығын һәм барлық жаман мінездерінен тез тыйылатындығын осы соттар жұрт көзіне көрсетуге міндетті. Жаңа келе жатқан, буыны бекіп бұғанасы қатпаған сот болса да, қызметінің көбі ең болмаса елдің ұғымын өзгертуге жұмсалсын, ең болмаса ел соттың не екенін, шынында да қандайлық мақсұт көздеп, қандайлық қызмет істейтінін ұқсын. Бүгінгі соттар көп жасай ма, аз жасай ма онысы шарт емес. Түбегейлі міндеттер: әлгі ұғымды ел көкейіне қондыру. Шын таза соттың кім екенін, қандай болатынын елге таныту. Осы міндеттерді атқара алмаса, соттардан одан артық бұ күнгі тілекті тарих та тілемейді. Бұл сөздерге тоқтаған соң, енді соттардың осы жүкті атқару үшін қандай мақсұт қолданып, қандай жолды тұтынуына керек. Сөз соған келеді. Менің ойымша бұ күнгі соттардың алдында екі түрлі міндет бар. Біреуі, елдің бұ күнгі мұң-мұқтажын орындау, яғни, елдің ішіндегі ұрыларды тыю, жоғалту. Есеге қолы тимей жүрген жылаулардың ақысын әперу, қолын теңдікке жеткізу, ел ішіндегі барлық еркек, әйел болсын, зорлық көрдім дегенге бостандық, теңдік әперу, зорлықшылықтың құрығынан құтқару һәм зорлықшылды тезге салу, тыю бұ күнгі соттардың, бәрінің орындап жүрмін деген міндеті. Барлық, істеп жүрген мақсұтты жұмыстары. Енді соттың алдында тұрған бұдан басқа екінші міндет бар. Ол кейінгі күн үшін, қазақтың түзелуі үшін, қазақты әділетке, адамшылыққа, тазалыққа, тыныштыққа, қиянатсыздыққа үйрететін қызмет. Заңмен, билікпен елді жақсылыққа, тазалыққа жеткізетін қызмет. Бұл заң қуатына сүйенген, елдің қисығын тезге салатын, дұрысына ерік беретін түбегейлі, бірақ,өнімді, ең пайдалы қызмет. Ол қазақты тәрбиелеуге, надандықтан қалған кемшілікті мінезді жоғалтуға істейтін қызметтер. Міне, бұл міндет не судиялардың тобырының ойында жоқ, не ойында болса да бұл турасынан істеген өнімді қызметі жоқ, ескертусіз келе жатқан бір жол және бұл міндет судиялардың көпшілігінің ойына келмейтін жұмыс. Себебі, ел ортасынан шығып, күнде келетін арызшының бір-біріндегі ақысын, көрген зорлығы үшін әперетін есесін ойлап, барлық күш пен уақытты соған жіберіп отырған судиялардың келешектегі міндеттерді ойлауға шамасы да келмейді, уақыты да болмайды. Сондықтан судияларға қоятын кінә жоқ. Және бұл секілді түбегейлі негізді жұмыс әркімнің өз ойына келген қиялы мен істей беруіне қиын ел қызметіне ой мен ықыласпен кіріскен кісі ойына келген нәрселердің бәрін бет алды өз білгенінше істей бере алмайды, алдымен бұндай пікірлерін сөйленетін болса, іске асуы қажет болса, не газет жүзінде, не съездерде сынға түсуіне керек. Көпшіліктің, мақұл көріп алуына керек. Егер ол болмаса іске аспайды, бауы берік болмайды. Сондықтан жоғарыдағы айтылған елді тәрбиелейтін міндеттер турасынан мен өз көңілімдегі пікірді айтпақ шымын. Бұл пікір судиялардың сынына беріледі. Елге жақын барып, барлық жақсы мінездерін де, жаман мінездерін де көзбе-көз көріп, солардың әрқайсысына ем іздеп, тереңдеп ойлатып отырған. Ол кісілерге ол пікірдің оң терісі тез көрінеді. Емді сол айтпақ пікірімізге келейік. Біздің еліміз тәртіпті, жақсы соттың бақташылығында болмағандықтан, бұрынғы соқтықпалы содырлы мінездерден айрылған жоқ. Әрбір мықты ауыл соттың тілейтіні, алдымен ел ішінің тыныштығы, біреуге біреудің зорлық қылмай жай жүруі болса, біздің елдерде қазіргі күнге шейін бұл мінездер жоғалған жоқ. Ел ішіндегі сотқа тиісті жұмыстардың бәрі де осындай соқтықпалықтан, зорлықшылдықтан шығады. Біреуге жазықсыздан соқтығу, себепсіз. біреудің мал-мүлкін тартып алу, оған жауап бермей жуандығына салу, ерте күннен келе жатқан қазақ мінезінің зор кемшілігі. Бұл мінездің ерте күндегісімен қазіргісіндегі айырмыш істерінің үлкендік-кішілігінде, яғни қарасында ғана. Болмаса бұрынғы содырлы мінездер ізімен жоғалып кеткен жоқ. Бұрын бір ру елді, бір ру шабатыны, шаншитыны болса, қазірде бір ауылды бір ауыл яки бір ру ел болып шабатыны бар, ел намысы деп барымта қылып, топтап жылқы алу бар. Бұрын бір елдің бар батыры жиылып, неше жұмалық, неше айлық жерге қол болып барып, үйірлеп жылқы алып, жазықсыз елді жебір-жесір қылатын болса, қазір де ауыл арасы, ел арасында түнде-түнде ғана жортып, қой ұрлығын, бірлі-жарымдаған ірі-қараның ұрлығын істейтін де бар. Бұрын бір елді түгелімен аудырып жіберіп, жерін тартып алу болса, қазір де бір елдің ішінде біреуден біреу жер тартып алатын бар. Мінеки, бүгінгі көріп отырған осындай соқтықпалы мінездеріміздің бәрінің ескіден келе жатқан жуан тамыры бар. Ол бұрынғы дағдылықтан, қараңғы надандықтан қалған мінездер. Рас, бұлар осы күнде бұрынғы замандағы мінездеріндей кең, ауданды, көп өpic алған мінез емес. Заман өткен сайын ұсақталып, әлсіреп келе жатқан жайы бар. Бірақ қанша әлсіреді, ұсақталды дегенмен, бұл мінездер қазақтың қазіргідей қаракетсіз отырған күйінде өзінен-өзі құрымайды. Қанша ұсақтаған, нашарлаған болса да, осы қалпымен көп заманға созыла береді, тыю салынып, шек қойылмаса, әлі де талай жылдарға шейін қазақ ішін пәледен, бүліктен арылтпайды. Бұл мінездер сол ерте күндерден бері әуел тез көрді ме? Менің ойымша көрген жоқ. Себебі: ерте заманда, яки қазіргі заманда болсын, бұл мінездер ел ортасының өз тезіне түскенде белгілі бір-ақ ретпен ғана түсіп отырған. Әрбір жаманшылық іс, зұлымшылық мінез қуылғанда, соның жаманшылығы, зұлымшылығы еске алынып, қуылған жоқ, соқтықпалы, содырлы мінезді жаманшылық деп қуған би болған жоқ, бәрін де елдің бөлінбес-жарылмас қамы үшін ғана қуатын. Не бір елдің, не ел бастаған басты адамның көңілі көншісін деп қана қуатын. Және бір жағынан, сол жаманшылықты тезге салатын билердің өз бастары да осындай зорлықшылдық, содырлықтан аман болмайтын. Сондықтан жаманшылықты шын жаманшылық деп тамырын құрта қимыл қылуға ешкімнің де күші жетпейтін. Бұның үстіне жалпы надандықтың салдарынан, ел ішінің көпшілігі жаманшылықтан жиіркене алмайтын болған соң, жоғарыда айтылған жаман мінездер, бір жағы сол көпшіліктің өзінен қуат, сүйеу алып, арқасын көпшіліктің жаманшылығына, надандығына тіреп, тамырымен құрымайтын. Мінеки, осындай себептермен бұл мінездер әлі күнге құрымай, әлі күнге күшті болып келе жатыр. Шынында бұл мінездердің орасан кемшіліктері қай жерде көрінеді. Қай орында қай түрде болып айқындалады. Енді соған келейік. Еңбекке салынбаған сахаралы жердегі ел ішінің міндерін алсақ, бәрінде айқын көрінетін бір кемшілік мынау: Ел ішінде біреудің ақысы, «Драва» дегенге біреудің жаратылыстағы еркі, билігі дегенге бойсұну, жол беру жоқ». Бұл мәдениетті жұрттардың бәрінің де бойсұнып, жол берген нәрсесі болса да біздің қазақта әлі күнге бойсұнбақ түгілі әсер берген де жері жоқ. Ел ішінде біреудің хақысы, еркі де бұдан бұрын әуелі сол адамның күші есепке алынады. Ол жұрт ұғатын айырымды, қайраты бар адам болса, оның хақысы табылады. Егер әлсіз, кедей, жіңішке болса оның хақысын іздеп, жуанмен тартысуы мүмкін емес. Ол мазақ болатын нәрсе. Сондықтан біреудің өзіне, не тиісті еркімен істеген ісі үшін еріксіз қылып айып алу, оған көнбей дүре салу, аулын шауып алу, біреудің әлі жоқтығына, қолы аздығына қызығып жерін тартып алу, жесірін тартып алу. Бұл істеген зорлықтарына ұран қылып есеп бермей, жауап бермей жылатып кету ел ішінде күнде болып жатқан жұмыс. Осы айтылған істерді нашар, қуаты жоқ кісі істесе, ол көпшілікке күлкі болады. Алғашқы көрген зорлығының кегін алмақ болса, мазақ болады. Ал, әлді кісінің істегенін сөгіс алып, жаманшылық деп аталудың орнына көбінесе мықтылық, қайтпас тық, батырлық деп саналады. Міне, бұл жоғарыда айтқан надандықтың ізі. Бұрынғы тағылық, соқтықпалық тың сарқыты. Жә! Біз бұны осы сөздің басынан айтып келе жатқанда елдің міні, көпшіліктің қасы деп келеміз. Енді осы мінезді жоғалту үшін, сол надандықтан қалған сарқытпен алысу үшін, жалпақ елмен алысу керек пе? Жалпақ елді қуып, салмақты соларға салу керек пе? Жоқ, сол елдің ішінде осы мінездерді көбірек қолданып, өзінің зорлығына, жаманшылығына қамшы қылып отырған адамдарды қуамыз ба? Енді осыған келейік. Менің ойымша ел ішінің жуандарын қуу керек. Себебі: сол айтып отырған жаман мінездердің бәрін барынша жаманшылығына жұмсап, жуандығына сүйеніп, еш нәрседен именбей, үсті-үстіне зорлық, содырлық, зұлымдық істеп отыратын жуандар болады; өзге көпшіліктің істейтін жаманшылықтары бұлардың ісіне астар емес, олардікі жуандардың ісінің қасында өткінші, ұсақ, көзге көріксіз, болымсыз. Және жуандардың істеген ісінің бәрі көп елге үлгі секілді болады. Ол істеген жаманшылықтың бәрі де қолдан келсе, елдің бәрінің істеуіне лайықты секілді көрінетін болады. Бұдан басқа да жуан атаның баласы болып, жуан жерден шыққан ел адамдарының, сын көтермейтін сұм жиіркенішті мінездері толып жатыр. Олардың турасынан өзгерістен бергі шыққан газет, журналдардың бәрінде де көп сөздер айтылған-ды. Оларға ауызды салып, қолынан билікті алып, жуандығын, кісілігін өшіріп жіберудің өте қажет екендігі, һәм қолға күш келген күні олармен алысу керек екендігі әлденеше рет айтылған. Сондықтан мен бұл турасынан сөзді көп ұзартпаймын. Жалғыз-ақ айтатыным жоғарыдағы елдің бойындағы кемшілікті мінездерді жоғалтпақ болып, енді тәрбиелеу жолына кіріскендерді алдымен осы адамдармен алысып, солардың жуандығының тамырын құрту керек. Әлгі мінездерді қолданатын солар болады. Сондықтан, даусыз, солардың соңына түсу керек. Ол адамдар осы күнде қызметке алынбай, ел ішіндегі дәрежелі орындарға отыра алмай, қақпай керіп отырғандай болса да, әлі күнге ел ішінде маңызы көп. Сондықтан исполкомның да, соттың да жұмысына қарамай, өздерінің бұрынғы істеген істерін істеп жатыр. Бұрынғы жуандық, зорлық, соқтықпалы, зұлымдығы әлі күнге сол қалпында. Енді елдің түбегейлі тәрбиесін көздеген сот, ел қамын жеп сотқа алу болуға жараған исполкомдар болса, әрқашан сол жуандардың ісін бермек керек . Сол аңдып отырған кезде не сотқа, не исполкомға білдірмей, бұрынғы бассыздығына, жуандығына салып, біреуден айып алып, біреуді қорқытып мал төлетіп, біреуді шауып алып, барымта алып отырғанын, яки біреудің зорлықпен жерін алып отырғанын көрсе, сол арада қолға алып, тезге салып, жуандығын басып жіберіп, ісіне қарай жаза тартқызып, не абақтыға жіберіп, не қара қызметке беріп отырса, олардың түзелуі оп-оңай. Егерде осы жолды сот атаулының бәрі де мақсұт қылып тұтынып, өзіне міндет деп санаса, төрт-бес жылдың ішінде сол жуандардың, бәрінің де түрі сынып, шоқтығы басылып қалуы анық. Олар өз қолымен зорлық-зомбылық істей алмайтын болады. Бәрі де сот алдында, тез алдында тұрғандай, оның күшіне, әділетіне бас иетін болады. Ал, егер ол жуандар осы айтылғандай болып басылса, артындағы елдің жөнге түсуі тіпті оңай. Жуанын жуасытқан соң, соны көріп, ұры да жуасып кетеді. Соттары көп ел үшін қайратын шығындамайды. Мінеки, егерде осы айтылғандай болып, ел жуаны жөнге салынатын болса, онда соттардың өз мойнындағы міндеттерін атқарғаны, тарихи қызметін өтегені. Бәріміздің де сырттан қылған үмітімізді ақтағаны. Қазақ жұртының келешегіне мықты негіз салып, түбегейлі жақсы тәрбиені бастағаны. Әзіргі осы айтылған сездерді әрбір судияның қолдануын тілек қылып, сөзімді тоқтатамын. Мұхтар Мұхтар Әуезов  

Сот

(жалғасы)

Енді қазіргі күнде елге жалғыз кез болатын сотқа келейік. Алдымен сотты көп ел қалай ұғады екен соны аламыз. Ең бірінші соттың түбегейлі мақсұтымен, тұтынған жолымен біржолата таныс емес. Ел сотты бір-ақ турадан біледі. Һәм бүгінгі қызметінде бір-ақ түрлі деп ұғады. Ол қызметі не? Ол елдің біріндегі ақысын біріне әперу, еселестіру, ұрыны тыю, қыз, қатынның арызын орындау. Miнe, елдің түсінуінше сот қызметі осы. Бұдан басқа сот ел ішіндегі барлық терістікке тез, аңдушы деп ешкім ұқпайды. Сот елдің түбегейлі тәрбиешісі екен, әділеттік, теңдіктің қарақшысы, қорғаны екен деп ешкім де ойлаған жоқ. Сот басында елге жат бір нәрсе болып көрінеді. Ол уақытта ел соттың не істейтінін, қандай жол тұтынатынын, қандай мінезді жаманшылық деп танып, қандай мінез үшін жазаға кәріфтар қылатынын білген жоқ. Бірақ, сот келеді, сот деген шығыпты деген дақпырт хабар елдің бәрінің құлағын тіккізді. Бұл сот қайтер екен, не жұмыс істер екен дегізіп, күткізді. Ел сотты барынша сағынғандай, көптен күткендей, сотсыз көп тәртіпсіздік көргендей болып, шын ниетпен, тілеулестікпен қарсы алғандай болды. Содан бұл күнге шейін соттан ел кеңілі қалған жоқ. Ел ішінде мал тартқан, жаза тартқан тентек-тебір болмаса көпшілік сотқа риза, һәм сотқа тілеулес. Сот съездерінде дау көбейтіп, ел ақыны көп алысса, оны мақтайды, сүйсінеді, «хан съездің өзі болды» — дейді. Баяғыда болған пәлен черезвичайный, түлен черезвичайныйлардың заманын айтады, сондағы біткен жұмыстарды айтады. Аяғында келіп, «біздің соттар да сондай жұмыс істеді, содан кем болған жоқ, жақсы болды» деседі.

Мінеки, соттың кызметін айтса, ел жоғарыдағы айтқан ақы әперу мен ұры тыюды айтады, соттың жақсылығын айтпақ болса, «Хан съез болды», баяғы черезвичайныйдан кем болған жоқ дейді, елдің беріп отырған бағасы, әзірге ұғып отырған ұғынысы осы.

Расында соттың міндеті, мақсұты, мақтаны осы ғана ма? Жоқ, бұдан асары да бар ма? Сот ұры тыюды, қыздарға теңдік әперуді ғана қызмет міндет деп санап, ел ақсақалдарынан: бәрекелді, сотым жақсы болды, рахмет деген алғыс алса, сол істегендері жетеді дейміз бе? Осы істегендеріңе де рақмет, бұдан артық бұл күнде не сұраймыз десек дұрыс бола ма? Жоқ, менің ойымша ол соттың басына жеткен лайықты баға, қанағат қылатын жұбанышты қызмет емес. Себебі: сот қай мемлекетте, қай жерде болса да тазалықтың, ақтықтың қорғаны, соның аңдушысы, құралы дедік және қай елде болса да адамшылық, әділет, тазалық жолымен тәрбиелейтін сот дедік.

Сол сот бүгінгі қазақ, ішінде ашылып отырған біздің сотымыз болса, оның бір күнгі жаманшылықты тыйғаны, мүмкін сол жаманшылықтарды істеп жүрген адамдардан алған бір күнгі мақтаны не нәрсеге тұрады. Негізі нығайған, бағыты түзелген елдің түбегейлі тәрбиешісі болмақ нағыз шын, әділ сот болмақ болса, оған әлгіндей мақтан-жұбаныш ешнәрсеге тұрмайды. Оның үстіне қазақ, жұрты бұрын қазақ соты дегенді көрген жоқ. Қазақтың өз ауруы, өз емімен емделіп көрген жоқ. Һәм өзі емдемей, жай-жапсарын білмеген ел емдегендіктен бұзылып кеткен мінездері, қалыптары көп. Оларды түзеп, оның үстінде қазақтың өз соты болса ел негізді тәрбие алатындығын һәм барлық жаман мінездерінен тез тыйылатындығын осы соттар жұрт көзіне көрсетуге міндетті. Жаңа келе жатқан, буыны бекіп бұғанасы қатпаған сот болса да, қызметінің көбі ең болмаса елдің ұғымын өзгертуге жұмсалсын, ең болмаса ел соттың не екенін, шынында да қандайлық мақсұт көздеп, қандайлық қызмет істейтінін ұқсын. Бүгінгі соттар көп жасай ма, аз жасай ма онысы шарт емес. Түбегейлі міндеттер: әлгі ұғымды ел көкейіне қондыру. Шын таза соттың кім екенін, қандай болатынын елге таныту. Осы міндеттерді атқара алмаса, соттардан одан артық бұ күнгі тілекті тарих та тілемейді.

Бұл сөздерге тоқтаған соң, енді соттардың осы жүкті атқару үшін қандай мақсұт қолданып, қандай жолды тұтынуына керек. Сөз соған келеді.

Менің ойымша бұ күнгі соттардың алдында екі түрлі міндет бар. Біреуі, елдің бұ күнгі мұң-мұқтажын орындау, яғни, елдің ішіндегі ұрыларды тыю, жоғалту. Есеге қолы тимей жүрген жылаулардың ақысын әперу, қолын теңдікке жеткізу, ел ішіндегі барлық еркек, әйел болсын, зорлық көрдім дегенге бостандық, теңдік әперу, зорлықшылықтың құрығынан құтқару һәм зорлықшылды тезге салу, тыю бұ күнгі соттардың, бәрінің орындап жүрмін деген міндеті. Барлық, істеп жүрген мақсұтты жұмыстары. Енді соттың алдында тұрған бұдан басқа екінші міндет бар. Ол кейінгі күн үшін, қазақтың түзелуі үшін, қазақты әділетке, адамшылыққа, тазалыққа, тыныштыққа, қиянатсыздыққа үйрететін қызмет.

Заңмен, билікпен елді жақсылыққа, тазалыққа жеткізетін қызмет. Бұл заң қуатына сүйенген, елдің қисығын тезге салатын, дұрысына ерік беретін түбегейлі, бірақ,өнімді, ең пайдалы қызмет. Ол қазақты тәрбиелеуге, надандықтан қалған кемшілікті мінезді жоғалтуға істейтін қызметтер. Міне, бұл міндет не судиялардың тобырының ойында жоқ, не ойында болса да бұл турасынан істеген өнімді қызметі жоқ, ескертусіз келе жатқан бір жол және бұл міндет судиялардың көпшілігінің ойына келмейтін жұмыс. Себебі, ел ортасынан шығып, күнде келетін арызшының бір-біріндегі ақысын, көрген зорлығы үшін әперетін есесін ойлап, барлық күш пен уақытты соған жіберіп отырған судиялардың келешектегі міндеттерді ойлауға шамасы да келмейді, уақыты да болмайды. Сондықтан судияларға қоятын кінә жоқ. Және бұл секілді түбегейлі негізді жұмыс әркімнің өз ойына келген қиялы мен істей беруіне қиын ел қызметіне ой мен ықыласпен кіріскен кісі ойына келген нәрселердің бәрін бет алды өз білгенінше істей бере алмайды, алдымен бұндай пікірлерін сөйленетін болса, іске асуы қажет болса, не газет жүзінде, не съездерде сынға түсуіне керек. Көпшіліктің, мақұл көріп алуына керек.

Егер ол болмаса іске аспайды, бауы берік болмайды. Сондықтан жоғарыдағы айтылған елді тәрбиелейтін міндеттер турасынан мен өз көңілімдегі пікірді айтпақ шымын. Бұл пікір судиялардың сынына беріледі. Елге жақын барып, барлық жақсы мінездерін де, жаман мінездерін де көзбе-көз көріп, солардың әрқайсысына ем іздеп, тереңдеп ойлатып отырған. Ол кісілерге ол пікірдің оң терісі тез көрінеді.

Емді сол айтпақ пікірімізге келейік. Біздің еліміз тәртіпті, жақсы соттың бақташылығында болмағандықтан, бұрынғы соқтықпалы содырлы мінездерден айрылған жоқ. Әрбір мықты ауыл соттың тілейтіні, алдымен ел ішінің тыныштығы, біреуге біреудің зорлық қылмай жай жүруі болса, біздің елдерде қазіргі күнге шейін бұл мінездер жоғалған жоқ. Ел ішіндегі сотқа тиісті жұмыстардың бәрі де осындай соқтықпалықтан, зорлықшылдықтан шығады. Біреуге жазықсыздан соқтығу, себепсіз. біреудің мал-мүлкін тартып алу, оған жауап бермей жуандығына салу, ерте күннен келе жатқан қазақ мінезінің зор кемшілігі. Бұл мінездің ерте күндегісімен қазіргісіндегі айырмыш істерінің үлкендік-кішілігінде, яғни қарасында ғана. Болмаса бұрынғы содырлы мінездер ізімен жоғалып кеткен жоқ.

Бұрын бір ру елді, бір ру шабатыны, шаншитыны болса, қазірде бір ауылды бір ауыл яки бір ру ел болып шабатыны бар, ел намысы деп барымта қылып, топтап жылқы алу бар. Бұрын бір елдің бар батыры жиылып, неше жұмалық, неше айлық жерге қол болып барып, үйірлеп жылқы алып, жазықсыз елді жебір-жесір қылатын болса, қазір де ауыл арасы, ел арасында түнде-түнде ғана жортып, қой ұрлығын, бірлі-жарымдаған ірі-қараның ұрлығын істейтін де бар. Бұрын бір елді түгелімен аудырып жіберіп, жерін тартып алу болса, қазір де бір елдің ішінде біреуден біреу жер тартып алатын бар. Мінеки, бүгінгі көріп отырған осындай соқтықпалы мінездеріміздің бәрінің ескіден келе жатқан жуан тамыры бар. Ол бұрынғы дағдылықтан, қараңғы надандықтан қалған мінездер. Рас, бұлар осы күнде бұрынғы замандағы мінездеріндей кең, ауданды, көп өpic алған мінез емес. Заман өткен сайын ұсақталып, әлсіреп келе жатқан жайы бар. Бірақ қанша әлсіреді, ұсақталды дегенмен, бұл мінездер қазақтың қазіргідей қаракетсіз отырған күйінде өзінен-өзі құрымайды. Қанша ұсақтаған, нашарлаған болса да, осы қалпымен көп заманға созыла береді, тыю салынып, шек қойылмаса, әлі де талай жылдарға шейін қазақ ішін пәледен, бүліктен арылтпайды. Бұл мінездер сол ерте күндерден бері әуел тез көрді ме? Менің ойымша көрген жоқ. Себебі: ерте заманда, яки қазіргі заманда болсын, бұл мінездер ел ортасының өз тезіне түскенде белгілі бір-ақ ретпен ғана түсіп отырған. Әрбір жаманшылық іс, зұлымшылық мінез қуылғанда, соның жаманшылығы, зұлымшылығы еске алынып, қуылған жоқ, соқтықпалы, содырлы мінезді жаманшылық деп қуған би болған жоқ, бәрін де елдің бөлінбес-жарылмас қамы үшін ғана қуатын. Не бір елдің, не ел бастаған басты адамның көңілі көншісін деп қана қуатын. Және бір жағынан, сол жаманшылықты тезге салатын билердің өз бастары да осындай зорлықшылдық, содырлықтан аман болмайтын. Сондықтан жаманшылықты шын жаманшылық деп тамырын құрта қимыл қылуға ешкімнің де күші жетпейтін. Бұның үстіне жалпы надандықтың салдарынан, ел ішінің көпшілігі жаманшылықтан жиіркене алмайтын болған соң, жоғарыда айтылған жаман мінездер, бір жағы сол көпшіліктің өзінен қуат, сүйеу алып, арқасын көпшіліктің жаманшылығына, надандығына тіреп, тамырымен құрымайтын. Мінеки, осындай себептермен бұл мінездер әлі күнге құрымай, әлі күнге күшті болып келе жатыр.

Шынында бұл мінездердің орасан кемшіліктері қай жерде көрінеді. Қай орында қай түрде болып айқындалады. Енді соған келейік. Еңбекке салынбаған сахаралы жердегі ел ішінің міндерін алсақ, бәрінде айқын көрінетін бір кемшілік мынау: Ел ішінде біреудің ақысы, «Драва» дегенге біреудің жаратылыстағы еркі, билігі дегенге бойсұну, жол беру жоқ». Бұл мәдениетті жұрттардың бәрінің де бойсұнып, жол берген нәрсесі болса да біздің қазақта әлі күнге бойсұнбақ түгілі әсер берген де жері жоқ. Ел ішінде біреудің хақысы, еркі де бұдан бұрын әуелі сол адамның күші есепке алынады. Ол жұрт ұғатын айырымды, қайраты бар адам болса, оның хақысы табылады. Егер әлсіз, кедей, жіңішке болса оның хақысын іздеп, жуанмен тартысуы мүмкін емес. Ол мазақ болатын нәрсе. Сондықтан біреудің өзіне, не тиісті еркімен істеген ісі үшін еріксіз қылып айып алу, оған көнбей дүре салу, аулын шауып алу, біреудің әлі жоқтығына, қолы аздығына қызығып жерін тартып алу, жесірін тартып алу. Бұл істеген зорлықтарына ұран қылып есеп бермей, жауап бермей жылатып кету ел ішінде күнде болып жатқан жұмыс. Осы айтылған істерді нашар, қуаты жоқ кісі істесе, ол көпшілікке күлкі болады. Алғашқы көрген зорлығының кегін алмақ болса, мазақ болады. Ал, әлді кісінің істегенін сөгіс алып, жаманшылық деп аталудың орнына көбінесе мықтылық, қайтпас тық, батырлық деп саналады. Міне, бұл жоғарыда айтқан надандықтың ізі. Бұрынғы тағылық, соқтықпалық тың сарқыты.

Жә! Біз бұны осы сөздің басынан айтып келе жатқанда елдің міні, көпшіліктің қасы деп келеміз. Енді осы мінезді жоғалту үшін, сол надандықтан қалған сарқытпен алысу үшін, жалпақ елмен алысу керек пе? Жалпақ елді қуып, салмақты соларға салу керек пе? Жоқ, сол елдің ішінде осы мінездерді көбірек қолданып, өзінің зорлығына, жаманшылығына қамшы қылып отырған адамдарды қуамыз ба? Енді осыған келейік. Менің ойымша ел ішінің жуандарын қуу керек. Себебі: сол айтып отырған жаман мінездердің бәрін барынша жаманшылығына жұмсап, жуандығына сүйеніп, еш нәрседен именбей, үсті-үстіне зорлық, содырлық, зұлымдық істеп отыратын жуандар болады; өзге көпшіліктің істейтін жаманшылықтары бұлардың ісіне астар емес, олардікі жуандардың ісінің қасында өткінші, ұсақ, көзге көріксіз, болымсыз. Және жуандардың істеген ісінің бәрі көп елге үлгі секілді болады. Ол істеген жаманшылықтың бәрі де қолдан келсе, елдің бәрінің істеуіне лайықты секілді көрінетін болады. Бұдан басқа да жуан атаның баласы болып, жуан жерден шыққан ел адамдарының, сын көтермейтін сұм жиіркенішті мінездері толып жатыр. Олардың турасынан өзгерістен бергі шыққан газет, журналдардың бәрінде де көп сөздер айтылған-ды. Оларға ауызды салып, қолынан билікті алып, жуандығын, кісілігін өшіріп жіберудің өте қажет екендігі, һәм қолға күш келген күні олармен алысу керек екендігі әлденеше рет айтылған. Сондықтан мен бұл турасынан сөзді көп ұзартпаймын. Жалғыз-ақ айтатыным жоғарыдағы елдің бойындағы кемшілікті мінездерді жоғалтпақ болып, енді тәрбиелеу жолына кіріскендерді алдымен осы адамдармен алысып, солардың жуандығының тамырын құрту керек. Әлгі мінездерді қолданатын солар болады. Сондықтан, даусыз, солардың соңына түсу керек. Ол адамдар осы күнде қызметке алынбай, ел ішіндегі дәрежелі орындарға отыра алмай, қақпай керіп отырғандай болса да, әлі күнге ел ішінде маңызы көп. Сондықтан исполкомның да, соттың да жұмысына қарамай, өздерінің бұрынғы істеген істерін істеп жатыр. Бұрынғы жуандық, зорлық, соқтықпалы, зұлымдығы әлі күнге сол қалпында. Енді елдің түбегейлі тәрбиесін көздеген сот, ел қамын жеп сотқа алу болуға жараған исполкомдар болса, әрқашан сол жуандардың ісін бермек керек .

Сол аңдып отырған кезде не сотқа, не исполкомға білдірмей, бұрынғы бассыздығына, жуандығына салып, біреуден айып алып, біреуді қорқытып мал төлетіп, біреуді шауып алып, барымта алып отырғанын, яки біреудің зорлықпен жерін алып отырғанын көрсе, сол арада қолға алып, тезге салып, жуандығын басып жіберіп, ісіне қарай жаза тартқызып, не абақтыға жіберіп, не қара қызметке беріп отырса, олардың түзелуі оп-оңай. Егерде осы жолды сот атаулының бәрі де мақсұт қылып тұтынып, өзіне міндет деп санаса, төрт-бес жылдың ішінде сол жуандардың, бәрінің де түрі сынып, шоқтығы басылып қалуы анық. Олар өз қолымен зорлық-зомбылық істей алмайтын болады. Бәрі де сот алдында, тез алдында тұрғандай, оның күшіне, әділетіне бас иетін болады. Ал, егер ол жуандар осы айтылғандай болып басылса, артындағы елдің жөнге түсуі тіпті оңай. Жуанын жуасытқан соң, соны көріп, ұры да жуасып кетеді. Соттары көп ел үшін қайратын шығындамайды.

Мінеки, егерде осы айтылғандай болып, ел жуаны жөнге салынатын болса, онда соттардың өз мойнындағы міндеттерін атқарғаны, тарихи қызметін өтегені. Бәріміздің де сырттан қылған үмітімізді ақтағаны. Қазақ жұртының келешегіне мықты негіз салып, түбегейлі жақсы тәрбиені бастағаны.

Әзіргі осы айтылған сездерді әрбір судияның қолдануын тілек қылып, сөзімді тоқтатамын.

Мұхтар

Мұхтар Әуезов

 

Ұқсас материалдар