Қандастар Ассамблея

Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

05.12.2012 5348
Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1978 жылы 10 мамырда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Жезқазған кен-металлургия комбинатының тарихи-өндірістік мұражайының негізінде құрылған. 1997 жылдың 4-ші шілдесінде Жезқазған облысының таратылуына байланысты мұражай тарихи-археологиялық болып аталды. Мұражайдың жалпы көлемі — 940,3 ш.м, экспозиция — 413,2 ш.м, қор сақтау бөлімдері — 129,2 ш.м. Мұражай жұмысының негізгі бағыттары – ғылыми зерттеу, жинақтау, тіркеу-сақтау, экспозициялық және насихаттау жұмыстары. Экспозициялар «Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары» «Орталық Қазақстанның ғалымдары» «Ұлытау-Жезқазған өңірінің алғашқы зерттеуші ғалымдары»; «Геология-минералогия. Өлкенің табиғи қазба байлықтары»; «Ұлытау-Жезқазған өңірінің палеонтологиясы»; «Ұлытау-Жезқазған өлкесінің флорасы мен фаунасы»; «Ә. Марғұлан: Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті»; «Археология»; «Қазақ халқының ұлттық киімдері» «Этнография». «Степлаг: тарих және тағдырлар» (30–50 жж. ХХ ғ) «Қала тарихы» «Соғыс жолдарымен (1941-1945жж.)»; Раритеттер мен мұражай жинақтары Мұражай қоры «Ілгерілеу. Серпіліс. Жаңару» жобасы аясында ұйымдастырылған көрмелерден қала кәсіпорындары мен мекемелерінің тарихын баяндайтын құжаттар, фотосуреттер, және ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ж. Майлиннің құжаттарымен, Д. Грудейдің жеке коллекциясымен, Ұлы отан соғыс ардагерлері С.Төкебаев, С.Төрежанов, Ш.Әубәкіров және А. Рахымжановтың, жазушы А.Қаражігітовтің жеке заттары мен суреттерімен, сондай-ақ нумизматикамен толықты. Қарсақбайдың 80 жылдығына арналған көрмеден еңбек ардагерлері мен майталмандары М. Аханов, И. Ли, А.Төлегенов, А. Битеновтердің және династия мүшелері О. Мейрамов, Д. Баймағамбетов, Қ.Доспанов, А. Балқыбаевтардың құжаттары мен фотосуреттерімен, әртүрлі уақыттарда алған марапаттарының көшірмелері мұражай қорына тапсырылды. Музейдегі жалпы жәдігерлер саны — 30138, оның ішінде негізгі қор −20. Мұражайдың 2-ші қабатындағы диорамалардан тарихи тұлғалар Абылайхан мен К.Қасымұлы, С. Сейфуллин және қуғын-сүргінге ұшыраған халық өкілдерінің, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Левитанның дауысы С.Қожамқұлов атындағы театрдың әртістерінің қатысуымен жүзеге асты. Қазақтың ұлттық дәстүрлері «Ұлылыққа тағзым», «Тұсау кесер» т.б. қала жұртшылығы арасында үлкен сұранысқа ие. Хореография, риторика, сахна өнері, психология, мәдениеттану, өнер тарихы салаларындағы сабақты жоғары квалификациялы мамандар жүргізіп, қорытындысы бойынша мұражай қызметкерлеріне «Экскурсовод» квалификациясын растайтын сертификаттар берілді. Көрме залының жанындағы «Мемлекеттік қызметкерлердің ардагерлер кеңесі» бірлестіктері мен әйелдердің «Диалог» клубы жұмыс атқарады. Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары негізінде және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ұлытау-Жезқазған өңірінде тарихи-мәдени ескерткіштерді жүйелеу, зерттеу және сақтау мақсатында музей қызметкерлері Жезқазған-Ұлытау өңірінде археологиялық зерттеу жұмыстарына, Ақынжанов, Байқоңыров, Бүкіров және Марғұлан оқуларына қатысу барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, қор бөліміндегі жинақталған жәдігерлерге ғылыми түсініктемелер жасалынды. Мұражайдың Ғылыми Кеңесінің кеңейтілген отырысы Ұлы Отан соғысы тарихын баяндайтын жаңа экспозицияның ғылыми тұжырымдамасына арналды. Мұражайдың тарих және археология бөлімінің ғылыми қызметкері Б. Балтабеков Алматы қаласында өткен Ақынжанов оқуларына «Шірік–Рабат қала жұртындағы екінші нысандағы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары» атты баяндамамен қатысты. Жасаған баяндамасы ғылыми жинаққа енді. Мұражай қызметкерлері «Қазақстанның мәдени мұрасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұлытау-Жезқазған өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихын насихаттау, дәріптеу мақсатында Алашахан, Жошыхан, Домбауыл мазарлары, Теректі-әулие мекені бағыттары бойынша экскурсиялар жүргізді. Айбас-Дарасы археологиялық кешеніндегі барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары: тарих ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер Д. Байтлеу, кіші қызметкерлер А.Бірмұқанова мен Ж.Қалиева қатысты. Алдағы бес жылдағы археологиялық қазбалардың жоспарын құру мақсатында, мұражай Айбас-Дарасы археологиялық кешеніндегі барлау жұмыстарына, ал мұражай қызметкерлері археологиялық экспедиция құрамында Ұлытау-Жезқазған аймағындағы, Талдысай елді мекеніндегі қола дәуірінің жұртында және Шірік-Рабат (Қызылорда облысы) қалашығындағы жүргізілген қазба жұмыстарына қатысты. Мұражай Жезқазған қалалық мұрағатының ұйымдастыруымен өткен С.Бүкіров оқуына, Байқоңыров және Ақынжанов оқуларына, сондай-ақ Жезді мұражайының ұйымдастыруымен Ұлытауда өткен «Қарсақбай тарихы – өлке тарихы: зерттеу, насихаттау проблемалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Республика және аймақ көлемінде ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу үшін және экспозицияларға ғылыми тұжырымдамалар жасау мақсатында мұражайда төмендегі тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді: «С.Бүкіровтың Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайындағы Қарсақбай туралы қолжазбаларына шолу»; «Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы аясында өлке тарихын зерттеудің өзекті бағыттары»; «Ұлытау-Жезқазған аймағының палеонтологиясы»; «Ұлытау-Жезқазған аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері»; «Қарсақбай мысына 80 жыл»; «Жезқазған өңірінің табиғаты»; «Ұлытау-Жезқазған өңірінің Қызыл кітапқа енген өсімдіктері мен құстары, жан-жануарлары»; «Қала тарихы». Мұражай қызметкерлері өздерінің ғылыми-зертеу тақырыптарымен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысумен қатар, өздерінің ұсыныстары, жаңа жобалар мен ғылыми жұмыстарымен келешекте мұражай жұмысын жаңашаландыруды республикалық, облыстық фестивалдер мен байқауларда өз әріптестерімен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін көтерді. Қарағанды қаласында біліктілігін арттыру және тәжірибе жинақтау мақсатында мұражай қызметкерлері К. Макишева, Қ. Жухановалар мамандық дәрежелерін көтеріп қайтты. «Ашық Азия – Ашық музей» атты ІІІ халықаралық фестивалге мұражай қызметкерлері Ж. Бейсбекова мен Г. Кабулова «Ежелгі Сарыарқа құпиясы» атты медиажобамен қатысты. Жалпы жәдігерлер саны — 31466, оның 20470 — негізгі қор, 10996 — ғылыми-қосымша қор.

Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1978 жылы 10 мамырда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Жезқазған кен-металлургия комбинатының тарихи-өндірістік мұражайының негізінде құрылған. 1997 жылдың 4-ші шілдесінде Жезқазған облысының таратылуына байланысты мұражай тарихи-археологиялық болып аталды.
Мұражайдың жалпы көлемі — 940,3 ш.м, экспозиция — 413,2 ш.м, қор сақтау бөлімдері — 129,2 ш.м.
Мұражай жұмысының негізгі бағыттары – ғылыми зерттеу, жинақтау, тіркеу-сақтау, экспозициялық және насихаттау жұмыстары.

Экспозициялар

«Жезқазған қаласының Құрметті азаматтары»
«Орталық Қазақстанның ғалымдары»
«Ұлытау-Жезқазған өңірінің алғашқы зерттеуші ғалымдары»;
«Геология-минералогия. Өлкенің табиғи қазба байлықтары»;
«Ұлытау-Жезқазған өңірінің палеонтологиясы»;
«Ұлытау-Жезқазған өлкесінің флорасы мен фаунасы»;
«Ә. Марғұлан: Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті»;
«Археология»;
«Қазақ халқының ұлттық киімдері»
«Этнография».
«Степлаг: тарих және тағдырлар» (30–50 жж. ХХ ғ)
«Қала тарихы»
«Соғыс жолдарымен (1941-1945жж.)»;

Раритеттер мен мұражай жинақтары

Мұражай қоры «Ілгерілеу. Серпіліс. Жаңару» жобасы аясында ұйымдастырылған көрмелерден қала кәсіпорындары мен мекемелерінің тарихын баяндайтын құжаттар, фотосуреттер, және ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ж. Майлиннің құжаттарымен, Д. Грудейдің жеке коллекциясымен, Ұлы отан соғыс ардагерлері С.Төкебаев, С.Төрежанов, Ш.Әубәкіров және А. Рахымжановтың, жазушы А.Қаражігітовтің жеке заттары мен суреттерімен, сондай-ақ нумизматикамен толықты. Қарсақбайдың 80 жылдығына арналған көрмеден еңбек ардагерлері мен майталмандары М. Аханов, И. Ли, А.Төлегенов, А. Битеновтердің және династия мүшелері О. Мейрамов, Д. Баймағамбетов, Қ.Доспанов, А. Балқыбаевтардың құжаттары мен фотосуреттерімен, әртүрлі уақыттарда алған марапаттарының көшірмелері мұражай қорына тапсырылды. Музейдегі жалпы жәдігерлер саны — 30138, оның ішінде негізгі қор −20.
Мұражайдың 2-ші қабатындағы диорамалардан тарихи тұлғалар Абылайхан мен К.Қасымұлы, С. Сейфуллин және қуғын-сүргінге ұшыраған халық өкілдерінің, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Левитанның дауысы С.Қожамқұлов атындағы театрдың әртістерінің қатысуымен жүзеге асты.
Қазақтың ұлттық дәстүрлері «Ұлылыққа тағзым», «Тұсау кесер» т.б. қала жұртшылығы арасында үлкен сұранысқа ие. Хореография, риторика, сахна өнері, психология, мәдениеттану, өнер тарихы салаларындағы сабақты жоғары квалификациялы мамандар жүргізіп, қорытындысы бойынша мұражай қызметкерлеріне «Экскурсовод» квалификациясын растайтын сертификаттар берілді. Көрме залының жанындағы «Мемлекеттік қызметкерлердің ардагерлер кеңесі» бірлестіктері мен әйелдердің «Диалог» клубы жұмыс атқарады.
Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары негізінде және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ұлытау-Жезқазған өңірінде тарихи-мәдени ескерткіштерді жүйелеу, зерттеу және сақтау мақсатында музей қызметкерлері Жезқазған-Ұлытау өңірінде археологиялық зерттеу жұмыстарына, Ақынжанов, Байқоңыров, Бүкіров және Марғұлан оқуларына қатысу барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, қор бөліміндегі жинақталған жәдігерлерге ғылыми түсініктемелер жасалынды.
Мұражайдың Ғылыми Кеңесінің кеңейтілген отырысы Ұлы Отан соғысы тарихын баяндайтын жаңа экспозицияның ғылыми тұжырымдамасына арналды. Мұражайдың тарих және археология бөлімінің ғылыми қызметкері Б. Балтабеков Алматы қаласында өткен Ақынжанов оқуларына «Шірік–Рабат қала жұртындағы екінші нысандағы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары» атты баяндамамен қатысты. Жасаған баяндамасы ғылыми жинаққа енді.
Мұражай қызметкерлері «Қазақстанның мәдени мұрасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұлытау-Жезқазған өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихын насихаттау, дәріптеу мақсатында Алашахан, Жошыхан, Домбауыл мазарлары, Теректі-әулие мекені бағыттары бойынша экскурсиялар жүргізді. Айбас-Дарасы археологиялық кешеніндегі барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары: тарих ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер Д. Байтлеу, кіші қызметкерлер А.Бірмұқанова мен Ж.Қалиева қатысты.
Алдағы бес жылдағы археологиялық қазбалардың жоспарын құру мақсатында, мұражай Айбас-Дарасы археологиялық кешеніндегі барлау жұмыстарына, ал мұражай қызметкерлері археологиялық экспедиция құрамында Ұлытау-Жезқазған аймағындағы, Талдысай елді мекеніндегі қола дәуірінің жұртында және Шірік-Рабат (Қызылорда облысы) қалашығындағы жүргізілген қазба жұмыстарына қатысты.
Мұражай Жезқазған қалалық мұрағатының ұйымдастыруымен өткен С.Бүкіров оқуына, Байқоңыров және Ақынжанов оқуларына, сондай-ақ Жезді мұражайының ұйымдастыруымен Ұлытауда өткен «Қарсақбай тарихы – өлке тарихы: зерттеу, насихаттау проблемалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Республика және аймақ көлемінде ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу үшін және экспозицияларға ғылыми тұжырымдамалар жасау мақсатында мұражайда төмендегі тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді:
«С.Бүкіровтың Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайындағы Қарсақбай туралы қолжазбаларына шолу»;
«Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы аясында өлке тарихын зерттеудің өзекті бағыттары»;
«Ұлытау-Жезқазған аймағының палеонтологиясы»;
«Ұлытау-Жезқазған аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері»;
«Қарсақбай мысына 80 жыл»;
«Жезқазған өңірінің табиғаты»;
«Ұлытау-Жезқазған өңірінің Қызыл кітапқа енген өсімдіктері мен құстары, жан-жануарлары»;
«Қала тарихы».
Мұражай қызметкерлері өздерінің ғылыми-зертеу тақырыптарымен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысумен қатар, өздерінің ұсыныстары, жаңа жобалар мен ғылыми жұмыстарымен келешекте мұражай жұмысын жаңашаландыруды республикалық, облыстық фестивалдер мен байқауларда өз әріптестерімен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін көтерді.
Қарағанды қаласында біліктілігін арттыру және тәжірибе жинақтау мақсатында мұражай қызметкерлері К. Макишева, Қ. Жухановалар мамандық дәрежелерін көтеріп қайтты.
«Ашық Азия – Ашық музей» атты ІІІ халықаралық фестивалге мұражай қызметкерлері Ж. Бейсбекова мен Г. Кабулова «Ежелгі Сарыарқа құпиясы» атты медиажобамен қатысты. Жалпы жәдігерлер саны — 31466, оның 20470 — негізгі қор, 10996 — ғылыми-қосымша қор.

Ұқсас материалдар