Қандастар Ассамблея

Органогенез

05.12.2012 34213
  Органогенез (грек. organon – орган, мүше және ...генез) – көп клеткалы жануарлардың филогенез және онтогенез барысында органдар бастамаларының қалыптасуы мен жетілу сатысы. Онтогенездік О-дің бастамасы ұрықтанған жұмыртқа клеткасы – зиготадан бастап-ақ байқала бастайды. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы цитоплазмасының әрбір бөліктерінен болашақ ұрықтың белгілі бір мүшелері бастамаларының дамып жетілетіндігі таңбалау (маркировка) әдісін қолдану арқылы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Барлық көп клеткалы жануарлардың онтогенездік О-інің алдында ұрық денесінің бөлінуі жүреді, соның нәтижесінде ұрықтың эктодерма (сыртқы), мезодерма (ортаңғы) және энтодерма (ішкі) қабаттары түзіледі. Осы ұрық жапырақшаларының арасындағы саңылаулы қуыстарда мезенхима (ұрық дәнекер тіні) қалыптасады. Эктодермадан – жануарлардың жүйке жүйесінің, сезім мүшелерінің, тері жабынының алғашқы бастамалары дамып, ішек түтікшелерінен бауырдың, ұйқы безінің, тыныс алу органының бастамалары бөлінеді; мезодермадан – қаңқа сүйектері мен шеміршектер, жыныс және зәр шығару органдарының бастамасы; энтодермадан – ас қорыту және тыныс алу мүшелері; мезенхимадан – дәнекер тіндері дамып жетіледі. Ұрық организміндегі мүшелер бастамаларының дамып жетілуі мен олардың денедегі орналасу орындарын анықтауға ықпалды әсер ететін құрылымдарды – индукторлар деп атайды (қ. Индукция). Индукторлар ұрық организміндегі мүшелер бастамаларының денедегі орналасу орындарына, мүшелер бастамаларын қоршаған морфол. және генетик. құрылымдардың және мүшелердің даму бағытының өзгеруіне жалпылама ықпал етеді. Мұны морфогенетик. градиенттер деп атайды. Мыс., арқа-құрсақ градиентінің әсерінен мезодерма – хордаға, бұлшық ет бунақтарына, бүйір пластинкаларына және қан түзу клеткаларына бөлініп кетеді. Онтогенездік О-дің барлық сатыларында, мүшелердің толық қалыптасуы мен жетілуіне мүшелер бастамалары құрамындағы клеткалардың бір-біріне өзара ықпалы үлкен әсер етеді. Эвол. даму барысында мүшелердің өзгеруін зерттеу – олардың қайта қалыптасу, бөліну, прогрессивті дамуы немесе бір органның жетілмей қалуы (редукция), органдардың қалдықтарға айналуы (рудиментация), сондай-ақ, олардың атқаратын қызметтеріне байланысты болатын пішіндік өзгерістер филогенездік О-дің заңдылықтарын ашуға себебін тигізді. Онтогенездік О. филогенездік О-дің негізгі даму сатыларын қысқа түрде қайталап өтеді (қ. Биогенетикалық заң.). Өсімдіктердегі О. деп онтогенездік процесс кезінде меристемадан өсімдіктердің негізгі органдарының (тамыр, сабақ, жапырақ, гүлдері) дамып қалыптасуын айтады; қ. Морфогенез. К. Жаңабеков  

 

Органогенез (грек. organon – орган, мүше және ...генез) – көп клеткалы жануарлардың филогенез және онтогенез барысында органдар бастамаларының қалыптасуы мен жетілу сатысы. Онтогенездік О-дің бастамасы ұрықтанған жұмыртқа клеткасы – зиготадан бастап-ақ байқала бастайды. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы цитоплазмасының әрбір бөліктерінен болашақ ұрықтың белгілі бір мүшелері бастамаларының дамып жетілетіндігі таңбалау (маркировка) әдісін қолдану арқылы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Барлық көп клеткалы жануарлардың онтогенездік О-інің алдында ұрық денесінің бөлінуі жүреді, соның нәтижесінде ұрықтың эктодерма (сыртқы), мезодерма (ортаңғы) және энтодерма (ішкі) қабаттары түзіледі. Осы ұрық жапырақшаларының арасындағы саңылаулы қуыстарда мезенхима (ұрық дәнекер тіні) қалыптасады. Эктодермадан – жануарлардың жүйке жүйесінің, сезім мүшелерінің, тері жабынының алғашқы бастамалары дамып, ішек түтікшелерінен бауырдың, ұйқы безінің, тыныс алу органының бастамалары бөлінеді; мезодермадан – қаңқа сүйектері мен шеміршектер, жыныс және зәр шығару органдарының бастамасы; энтодермадан – ас қорыту және тыныс алу мүшелері; мезенхимадан – дәнекер тіндері дамып жетіледі. Ұрық организміндегі мүшелер бастамаларының дамып жетілуі мен олардың денедегі орналасу орындарын анықтауға ықпалды әсер ететін құрылымдарды – индукторлар деп атайды (қ. Индукция). Индукторлар ұрық организміндегі мүшелер бастамаларының денедегі орналасу орындарына, мүшелер бастамаларын қоршаған морфол. және генетик. құрылымдардың және мүшелердің даму бағытының өзгеруіне жалпылама ықпал етеді. Мұны морфогенетик. градиенттер деп атайды. Мыс., арқа-құрсақ градиентінің әсерінен мезодерма – хордаға, бұлшық ет бунақтарына, бүйір пластинкаларына және қан түзу клеткаларына бөлініп кетеді. Онтогенездік О-дің барлық сатыларында, мүшелердің толық қалыптасуы мен жетілуіне мүшелер бастамалары құрамындағы клеткалардың бір-біріне өзара ықпалы үлкен әсер етеді. Эвол. даму барысында мүшелердің өзгеруін зерттеу – олардың қайта қалыптасу, бөліну, прогрессивті дамуы немесе бір органның жетілмей қалуы (редукция), органдардың қалдықтарға айналуы (рудиментация), сондай-ақ, олардың атқаратын қызметтеріне байланысты болатын пішіндік өзгерістер филогенездік О-дің заңдылықтарын ашуға себебін тигізді. Онтогенездік О. филогенездік О-дің негізгі даму сатыларын қысқа түрде қайталап өтеді (қ. Биогенетикалық заң.).

Өсімдіктердегі О. деп онтогенездік процесс кезінде меристемадан өсімдіктердің негізгі органдарының (тамыр, сабақ, жапырақ, гүлдері) дамып қалыптасуын айтады; қ. Морфогенез.

К. Жаңабеков

 

Ұқсас материалдар