Қандастар Ассамблея

Орта ғасыр кезеңінің антропологиясы

05.12.2012 3053
  Орта ғасыр кезеңінің антропологиясы – Қазақстанда орта ғасырларда өмір сүрген халықтардың морфофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты зерттеліп, анықталған мәліметтер жиынтығы. Көне түркілер кезеңінен (VI ғасыр мен XII ғасырдың басы) қалған краниологиялық деректер Қазақстан аумағында еуропатектес элементтерден біршама басым аралас антропологиялық тұрпатқа тән морфологиялық белгілер кешені бар екендігін көрсетті. Орта есеппен алғанда бұл кезең адамдарының: бас сүйегінің ұзындығы орташа (179,1 мм), жалпақ (147,3 мм), биіктігі орташа (133,2 мм), брахикранды (82,4), маңдайының кеңдігі (96,0 мм) мен еңістігі орташа (83,90), кеңсірігінің үсті біршама дөңес және қабағының доғасы орташа жетілген, бет сүйегі шығыңқы (73,3 мм) және жалпақ (139,1), көлденеңінен қарағанда бұрыштану шамасы орташа (назомалярлық – 143,700, зиго-максиллярлық – 133,600), мұрны біршама ұзын (биікт. – 53,2 мм, ені – 25,4 мм), мұрын сүйегі біршама шығыңқы (26,200) және кеңсірігінің биіктігі – 3,8 мм, көз аңғарының биіктігі орташа (33,5 мм), азу тіс шұңқырының тереңдігі орташа болған. Усундер заманынан шыққан морфологиялық өзгерістер негізінен алғанда бас сүйек төбесі биіктігінің аздап кемуіне, брахикрания дәрежесінің күшеюіне, бет жағының біршама кеңеюіне және көлденеңінен де, ішінара тік жағынан да барлық деңгейде оның сәл көбірек толығуына қатысты болды. Өзгерістердің мұндай бағыты, анығын айтқанда, моңғол пішіндес тектер (гендер) қосылуының одан әрі жалғасуының нәтижесі болып табылады. Алғашқы кезде моңғол пішіндес нәсіл үлесі 15% болса, VI-XII ғасыр кезеңінде бұл шартты үлес 50%-ғажеткен. Тіпті Тобыл өзенінің өңірінде азиялық нәсілдің шартты үлесі 70%-ға жетті. Моңғол шапқыншылығы кезеңі Моңғол шапқыншылығы кезеңінде Орта Азия топтарының жергілікті халықпен қан араластыруының жеделдігі онша елеулі бола қойған жоқ. Моңғол пішіндес элементтердің жаңадан “қосқаны” сол кезең халқының нәсілдік тұрпатындағы бұрынғы жалпы сарындарды бірсыпыра күшейту болды. Бас сүйек биіктігінің кемуі (132,8 мм), брахикрания дәрежесінің күшеюі (83,9), беттің биікт. (75,6 мм) мен толысу дәрежесінің (назомолярлық бұрышы – 145,600, зиго-максиллярлық бұрышы – 135,000), сондай-ақ, көз аңғарының (биікт. – 34,8 мм) және мұрын сүйектерінің (24,100) ұлғаюы XIII-XIV ғасырларда қазақ халқы дене тұрқының біршама моңғол пішінде өзгеруіне алып келді. Қазақтардың қазіргі краниологиялық топтары мен “моңғол” заманындағы Қазақстан аумағынан алынған материалдар арасындағы морфологиялық айырма болмашы ғана. Қазіргі қазақтардың дене бітімінде еуропа пішіндес компоненттен моңғол пішіндес компоненттің үлесі басым және негізгі антропологиялық белгілеріжағынан олар Еуразияның еуропа және моңғол пішіндес топтарының арасында аралық жағдайдан орын алады. Бұл уақыттарда Қазақстан жеріндегі тұрғындардың мүсін ерекшеліктеріндегі моңғол пішіндес элементтердің шартты үлесі 20%-ға көтерілді. Яғни, осы кездері жергілікті тұрғындардың антропологиялық құрылымындағы моңғол пішіндес ерекшеліктердің шартты үлес салмағы 70%-ға жеткен. Б.з. және II мыңжылдықтардың тоғысқан кезінде көптеген түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің де лингвистик түп-негізі қаланып, қазіргі қазақтардың ата-бабаларына жақын дене бітімінің негізі болған антропологилық тұрпат қалыптасты. XIV – XV ғасырларда қазақтардың физиологиялық құрылымы толығымен орнықты.  

 

Орта ғасыр кезеңінің антропологиясы – Қазақстанда орта ғасырларда өмір сүрген халықтардың морфофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты зерттеліп, анықталған мәліметтер жиынтығы. Көне түркілер кезеңінен (VI ғасыр мен XII ғасырдың басы) қалған краниологиялық деректер Қазақстан аумағында еуропатектес элементтерден біршама басым аралас антропологиялық тұрпатқа тән морфологиялық белгілер кешені бар екендігін көрсетті. Орта есеппен алғанда бұл кезең адамдарының: бас сүйегінің ұзындығы орташа (179,1 мм), жалпақ (147,3 мм), биіктігі орташа (133,2 мм), брахикранды (82,4), маңдайының кеңдігі (96,0 мм) мен еңістігі орташа (83,90), кеңсірігінің үсті біршама дөңес және қабағының доғасы орташа жетілген, бет сүйегі шығыңқы (73,3 мм) және жалпақ (139,1), көлденеңінен қарағанда бұрыштану шамасы орташа (назомалярлық – 143,700, зиго-максиллярлық – 133,600), мұрны біршама ұзын (биікт. – 53,2 мм, ені – 25,4 мм), мұрын сүйегі біршама шығыңқы (26,200) және кеңсірігінің биіктігі – 3,8 мм, көз аңғарының биіктігі орташа (33,5 мм), азу тіс шұңқырының тереңдігі орташа болған. Усундер заманынан шыққан морфологиялық өзгерістер негізінен алғанда бас сүйек төбесі биіктігінің аздап кемуіне, брахикрания дәрежесінің күшеюіне, бет жағының біршама кеңеюіне және көлденеңінен де, ішінара тік жағынан да барлық деңгейде оның сәл көбірек толығуына қатысты болды. Өзгерістердің мұндай бағыты, анығын айтқанда, моңғол пішіндес тектер (гендер) қосылуының одан әрі жалғасуының нәтижесі болып табылады. Алғашқы кезде моңғол пішіндес нәсіл үлесі 15% болса, VI-XII ғасыр кезеңінде бұл шартты үлес 50%-ғажеткен. Тіпті Тобыл өзенінің өңірінде азиялық нәсілдің шартты үлесі 70%-ға жетті.
Моңғол шапқыншылығы кезеңі
Моңғол шапқыншылығы кезеңінде Орта Азия топтарының жергілікті халықпен қан араластыруының жеделдігі онша елеулі бола қойған жоқ. Моңғол пішіндес элементтердің жаңадан “қосқаны” сол кезең халқының нәсілдік тұрпатындағы бұрынғы жалпы сарындарды бірсыпыра күшейту болды. Бас сүйек биіктігінің кемуі (132,8 мм), брахикрания дәрежесінің күшеюі (83,9), беттің биікт. (75,6 мм) мен толысу дәрежесінің (назомолярлық бұрышы – 145,600, зиго-максиллярлық бұрышы – 135,000), сондай-ақ, көз аңғарының (биікт. – 34,8 мм) және мұрын сүйектерінің (24,100) ұлғаюы XIII-XIV ғасырларда қазақ халқы дене тұрқының біршама моңғол пішінде өзгеруіне алып келді. Қазақтардың қазіргі краниологиялық топтары мен “моңғол” заманындағы Қазақстан аумағынан алынған материалдар арасындағы морфологиялық айырма болмашы ғана. Қазіргі қазақтардың дене бітімінде еуропа пішіндес компоненттен моңғол пішіндес компоненттің үлесі басым және негізгі антропологиялық белгілеріжағынан олар Еуразияның еуропа және моңғол пішіндес топтарының арасында аралық жағдайдан орын алады. Бұл уақыттарда Қазақстан жеріндегі тұрғындардың мүсін ерекшеліктеріндегі моңғол пішіндес элементтердің шартты үлесі 20%-ға көтерілді. Яғни, осы кездері жергілікті тұрғындардың антропологиялық құрылымындағы моңғол пішіндес ерекшеліктердің шартты үлес салмағы 70%-ға жеткен. Б.з. және II мыңжылдықтардың тоғысқан кезінде көптеген түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің де лингвистик түп-негізі қаланып, қазіргі қазақтардың ата-бабаларына жақын дене бітімінің негізі болған антропологилық тұрпат қалыптасты. XIV – XV ғасырларда қазақтардың физиологиялық құрылымы толығымен орнықты.
 

Ұқсас материалдар