Қандастар Ассамблея

Ораза

05.12.2012 3905
  ОРАЗА, ас-саум (араб. ЁҒ~§A – өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау, парс. рузе ІpҒo  – күндік) – тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. О. ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – парыз. “Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді” (Бақара/187) – деген аяттарда парыз О-ның мәні, негізгі сипаттары, уақыты, қазасын өтеу жайлы айтылады. О. шартты ғибадат болғандықтан оны парыз ретінде кімнің орындауға міндеттілігі немесе кімдердің босатылатыны, қабыл болу-болмауының шарттары, бұзылатын немесе бұзылмайтын жағдайлары шариатта бекітілген. О. адамның рухани-интеллектуалдық өсуіне, тақуалыққа жетіп, Құдайға жақындай түсуіне ықпал ететін ғибадат екендігі жайлы көптеген хадистер бар. О. – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. Қазақ дәстүрлі қоғамында О. ғибадатын өтеуге байланысты ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүрлер бар. Пайғамбар өсиетіне сай О-ның мұстахабын (орындаса сауап, орындамаса күнәсі жоқ) орындау үшін “таң сәресін” шүйіркелесіп ішу отбасының берекесін кіргізеді. Рамазан айында өзара “ауызашарға” шақырысу дәстүрге айналған. Хадистерде О. кезінде мұсылманның өзін-өзі тәрбиелеп, мінез-құлқын қалыптастыруының негізгі шарттары белгіленген. Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да О-ның сауабын арттыратын амалдар. О-ның қоғамдағы пайдасы – жаратушы мен адам, адамдар мен әлем арасындағы түсіністік артып, мейірім артады. Адамдар ырзық-несібенің қадірін түсініп, дәулетті мен жоқ-жітік арасында байланыс орнайды. Парыз О-дан басқа уәжіп, сүннет, мұстахаб, мәндүп, нәпіл, мәкру О-лар бар. О. белгілі бір себеппен бұзылған жағдайда қазасын өтеуге болады, ал себепсіз қасақана бұзылған О. өтеуіне кәфәрат О-сын тұтынады.  Н. Сыздықбай, С. Есентемірұлы   

 

ОРАЗА, ас-саум (араб. ЁҒ~§A – өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау, парс. рузе ІpҒo  – күндік) – тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. О. ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – парыз. “Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді” (Бақара/187) – деген аяттарда парыз О-ның мәні, негізгі сипаттары, уақыты, қазасын өтеу жайлы айтылады. О. шартты ғибадат болғандықтан оны парыз ретінде кімнің орындауға міндеттілігі немесе кімдердің босатылатыны, қабыл болу-болмауының шарттары, бұзылатын немесе бұзылмайтын жағдайлары шариатта бекітілген. О. адамның рухани-интеллектуалдық өсуіне, тақуалыққа жетіп, Құдайға жақындай түсуіне ықпал ететін ғибадат екендігі жайлы көптеген хадистер бар. О. – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. Қазақ дәстүрлі қоғамында О. ғибадатын өтеуге байланысты ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүрлер бар. Пайғамбар өсиетіне сай О-ның мұстахабын (орындаса сауап, орындамаса күнәсі жоқ) орындау үшін “таң сәресін” шүйіркелесіп ішу отбасының берекесін кіргізеді. Рамазан айында өзара “ауызашарға” шақырысу дәстүрге айналған. Хадистерде О. кезінде мұсылманның өзін-өзі тәрбиелеп, мінез-құлқын қалыптастыруының негізгі шарттары белгіленген. Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да О-ның сауабын арттыратын амалдар. О-ның қоғамдағы пайдасы – жаратушы мен адам, адамдар мен әлем арасындағы түсіністік артып, мейірім артады. Адамдар ырзық-несібенің қадірін түсініп, дәулетті мен жоқ-жітік арасында байланыс орнайды. Парыз О-дан басқа уәжіп, сүннет, мұстахаб, мәндүп, нәпіл, мәкру О-лар бар. О. белгілі бір себеппен бұзылған жағдайда қазасын өтеуге болады, ал себепсіз қасақана бұзылған О. өтеуіне кәфәрат О-сын тұтынады. 
Н. Сыздықбай, С. Есентемірұлы 
 

Ұқсас материалдар