Қандастар Ассамблея

Мәңгі жасайтын ақын - Шота Руставели

05.12.2012 4953
Мәңгі жасайтын ақын - Шота Руставели   Әдебиет туындыларының тағдыры неше алуан екені мәлім. Өз замандастары құптаған, қадірлеген, мақтаған шығармалардың да кейінгі тарихтағы орындары біркелкі бола бермейді.   Бұл жағынан қарағанда кейбір шығарма метеор[1] есепті болса, тағы бір шығарма нағыз жұлдыздың өзімен барабар болады.   Кейбір шығарма әдебиет аспанында жарқ етіп көріне қап, жұрттың көзін өзіне еріксіз тарта қалса да, артынан тарих мезгілі сынына ілінгенде "ағар жұлдыздай" құлай сөніп қалады.   Ал екінші шығарма сол мәңгілік ғаламында айнымас, сөнбес жарығы бар, жұлдыздай нық орнаған болады. Прогресс жолындағы адам баласының мәдени тарихына үнемі ілесіп отыратын серіктері осы соңғы шығармалар. Жалпы тарихтың белгілі бір кезеңдеріне көз жіберсең, осындай шығармалардың мерзімді орындарында аумай тұрғанын үнемі көресің. Тарих, мезгіл сыны неғұрлым ұзаққа созылған сайын, соғұрлым бұл шығармаларға қадалған көз, берілген бейіл молая бермек. Және солғұрлым, осындай мұраны артына тастап кеткен шебердің қадірі мен қасиеті арта бермек. Мәңгі жасауы шек шүбәсіз ақталмақ. Осындай сөз ескерткіштің мысалы, ескі грек мәдениетінен қалған Гомер шығармалары — "Илиада", "Одиссея" және Шекспир, Гете, Пушкиндерден қалған мұралар.   Мінеки, дәл осы қатарға қосылатын бір ұлы шығарма грузин халқының өнері тудырған, Грузияның ұлы ақыны Шота Руставели[2] жазған — "Жолбарыс тонды жортуылшы" деген поэма.   "Метеорды қазақ "ағатын жұлдыз" дейді, шынында ол жұлдыз емес, ұшқын есепті нәрсе. Бұл ақынның туған жылы мен біздің заманымыздың екі арасында жеті жүз елу жылдай тарих асқары жатыр.   Совет Одағының көп миллионды, көп ұлттарын революциядан бұрын мұндай асыл мұрадан аулақ етіп келген жалғыз жеті жүз елу жыл ғана емес, басқа да талай бөгеуіл кедергілер болатын.   Ең алдымен, өткен заманның қырсық тарихы бөгет болған. Дін айырмасы, ұлтшылдық құрсауы, ұлт араздығы және патшалық Россияда отар елдердің мәдениетін өгей ұлдай басып, жаншып, бұқтырып келген саясат, бір ұлтты бір ұлттан әдейі қашықтатып ұстаған саясат бар-ды. Осының бәрі жаңағы ескі тарихтың қара түнек, қаскөй қиындығы еді. Халықтар мәдениетінің жолында қара бурадай шөгіп жатып алған қырсықтар еді. Жалғыз ғана Ленин дәуірінде, социализм дәуірінде ғана сол қырсықтар жойылып отыр. Енді барлық Одақтағы социалистік мәдениет жаңағы әрбір халықтың ескі тарихында, халықтың өзі тудырған неше алуан мәдениет мұраларын тауып теріп ап, соны өз тәні қып баурап алып отыр.   Бақытты тірлік пен ұлы құрылысқа бой сала кіріскен, өркендеген халықтың енді өзді-өзі тарихының асыл бұйымдарын тарихтың шаң-тозаңынан арылтып, ортаға әкеліп салып жатыр. "Менің мұндай асылым бар" деп бар үнімен бар дүниеге шырқап жариялап жатыр. Олар өз тарихының сондай мұрасын жарыққа шығарып жарқылдаумен катар, өзіндей өзге елдердің сондай асыл мұраларын да біліп, танып, өзінікіндей қып баурап алуға ынтығысып отыр. Бүкіл дүниелік асыл мұралардың қатарында, бұл жаңа таныған бұйымдарын да қатты сүйіп, аса қадірлейді.   Міне, осы күйдің арқасында біз қазір өзінің жайын "Руставидің" белгісіз бір месхиымын" деп момын пішінмен ғана баян еткен ұлы ақынды өз тілінде оқып отырған орыс, қазақ, бурят сияқты талай елдің оқушысын көріп отырмыз. Ақын мұрасы мынау жаңа оқушылардың барлығына ет-бауыр жақын да, қадірлі де болып отыр. Барлық одақ халықтарының бір ұлы тілек жолында бауырласып, туысып алған қалпында мынау мұра артық мұра, мақтандыратын мұра болып отыр.   Одан соң өткен тарих қорына көз салған уақытта жаңағы халықтардың социалистік мәдениетінің іздейтіні немене? Әрдайым айнымастан іздейтіні: бұрынғының, біздің бүгінгі күнімізге үйлес келетін геройлық, маңызды бұйымдары. Ескі мәдениет ескерткіші сол күндегі халық жүрегінің өмірді сүйген ашық, айқын мүддесін көрсетсе, екінші, халық мінезін, геройлығын танытса, үшінші, халық өзі үлгі етіп, төлім алып, сол бұйымын көп заман бойында асыл бұйымындай күтіп сақтап келген болса, дәл осындай мұраларды біздің нағыз халықтық социалистік мәдениетіміз әсіресе күтеді. Осындай мұралар бұрынғы бір-ақ ұлттың ішінде болған тар көлемінен шығып, енді қалың елдердің интернационалдық мүлкі болады.   Міне, дәл осындай зор ескерткіштің бірі Руставелидің "Жолбарыс тонды жортуылшысы" дүние жүзіне паш болған, санаулы ұлы ескерткіштердің қатарына дауысымыз қосылатын бір белгі осы болса, мұның ең әуелгі ерекшелігі: батыс пен шығыстың ескі тарихы, ескі мәдениеттерінің жапсарында туғандығы.   Сөйтіп, осындай екі дүние — екі мәдениеттің сыбайлас, қанаттастығын өз тұлғасынан көрсетуімен қатар, бұл шығарма бір жағынан өзінің ерекше, айрықша бітімі бар өзгеше бір ескерткіш болып тұрады.   Әңгімелік желісін, түбірін алсақ, бұл дастан жалпы адам баласының барлығына ортақ сүйіспендік, достық деген тақырыпты қозғайды. Бірақ сол сезімдерді соншалық бір жаңа сарынмен, өзгеше терең мағынада жыр ету арқылы өмір дегеннің өзінің де мазмұны мен мұратын зор биікке көтереді. Жаңағы сезімдер дастан ішінде, бір жарқыраған биікке шығып, адамның геройлық қасиеті есебінде ерекше ұлғайып көрінеді. Бірақ сонымен қатар, махаббат пен достықтың осындай өсем жыры, адам мен адам арасындағы күр ғана момын, жуас сезімдердің жыры боп қалмаған.   Дастан ішінде бұл сезімдердің сыны, таразысы болатын ерлік пен қайрат, ақынға махаббат пен достықтың геройлыққа жараған үлгісі ғана қымбат. Сол себепті дастанның ең үлкен көркемдік мазмұны, көңілдің терең сырын толқытқан кесек толғауында жатыр. Осы қасиет жырдың ішінде, образдарының геройлық жүрегінде. Бұл адамдар тағдыр, бұйрық деген қараңғы наным, көлденең өмірге бассұнған адамдар емес. Өзі көркем, жүзі жарқын бұл геройлардың ішінде тұсау жоқ, еркіндік пен ерлік бар. Бойсұнатын жалғыз нанымдары — өз күшіне, геройлыққа нану, соған ғана табыну. Осы себепті олар дүниенің қандай күшімен болса да жалтармастан, қайтпастан қасарысып алыса алады. Сол алыста бұлардың жеңуіне кепіл нәрсе өлім дегеннен қорықпай тынғандығында. Ерлік пен қайрат сияқты адамның ең үлкен қасиетімен салыстырғанда өзге бір қылмыстық, ешбір қымбат бұйым жоқ. Ең алдымен өмір, өлім дегеннің өзі де түк емес. Қайта қорлық өмірден де қадірлі елім артық.   Сонымен, ең бастағы махаббат, достық деген тақырып дастанның әңгімелік, тартыс желісін алғанда бір себепші, түрткі түйін есебінде қалады. Кейде, әншейін, сүйемел, қосымша белгі халінде болады. Ал бұл шығарманы мәңгілік ететін зор көркемдік пен ірілік, шеберлік негізінде ерлік пен геройлықтық жыры боп шығуында. Және жыры ғана емес, сол ерлік пен қайраттың философиясы да боп шығуында.   Осы жағынан қарағанда махаббат, достық тақырыбының өзі де өзгеше, басқаша боп жырлануы арқасында, бұрын көп айтылған күй сияқты емес, қайта аса бір соны, маңызды ерекше тақырып боп өскелеңдеп көрінеді.   Батыс пен шығыстың дүниелік классик әдебиетінде махаббаттың неше алуан жыры болған. Бірақ соның бәрінде де махаббаттың өзі ғана жырланып, жалғыз өзінің ғана үстемдік салмағы мен көлемі көрінуші еді. Ешуақытта да махаббат өз орнын достық пен ерлік үшін құрбан етіп, екінші сатыға түспейтін геройлықпен сыны тартым, төлеуіш болып та жырланған емес. Мынау дастанда, адамдарының психологиялық, шебер-сәулетті мінездерінің тұсында махаббаттың өзі сергек ақылға бағынған жеке адамдық үлкен тұрғыға өзі жетектейтін сезім боп сипатталады.   Осы жағынан қарап "Жолбарыс тонды жортуылшы" дастанын шығыс пен батыстың сол замандарда кітап боп жазылған, классик мұраларымен салыстыра кеп, махаббат жырының бір алуан болған "Ләйлі—Мәжнүнге" көп тоқтасақ, нені көреміз? Көретініміз, Низами жырында сопылық мистикалық нанымы бойынша, тағдырдың, діннің салмағының астында жаншылып жатушы адамның еркін сезімі болады. Онда махаббат өмірден шаттық әперетін, өмірге құмар ететін, сол үшін тартысқа шақыратын сезім емес, қайта адамдарының басына жер үстінің ғазабын, сорын әкеп үйетін сезім, өздері қажып-талған, қуыс кеудесі ғана қалған Ләйлі мен Мәжнүн өмірден мүлдем түңіліп, өтесінді "ол дүние" деген бұлдырдан күтеді. "Тағдыр" дегеннің бұйрығымен сондай ғазап шегушілердің күйі сергек ақылмен қараған жанның ешбірінің, сүйсіну түгіл құптаудың өзін де ойға келтіре алмайды. Өз уақытының тыңдаушыларына да құр аяныш пен зардан басқа көзқарас туырмаған. Діннің қараңғы жолын осылайша махаббатпен үгіттеу адамның сау, сергек жанды сезімінің орнына, ой-сананы тұтқын етіп, бағынып бас июді ғана ұсынды. Махаббатты былайша түсінумен салыстырғанда Руставели дастаны мүлдем өзгеше. Ол ең алдымен тірліктің, жер үстіндегі татымды тіршіліктің әрі серпінді, өрі толық дәнді жыры. Оның адамдарының барынша алысатыны, күшін салып, геройлық етіп алысатыны жалғыз ғана жер үстіндегі зор мағыналы тіршілік. Бұл жағынан алғанда халықтың өр көкірек санасынан туған мынау жыр толық мағынасында реалистік бағыттағы және ішкі серпін жағынан да шынымен үлгі боларлық жыр.   Рас, бұл дастанның дүниені сезіну сарынын алғанда іштей көбірек үйлесетін, жалғасатын мәдениеті — батыс мәдениеті. Бірақ сол батыстың өзінде де сол заманда Руставели жырына я қолма-қол, я бір тасымал арқылы әсер ете қойды деп айтарлық пәлендей поэманы таба алмаймыз. Ал ол дәуірдің Данте Алигьери жазған атақты "Құдай жолындағы комедиясын" алып, "Жортуылшыны" сонымен салыстырсақ, мұнда да Руставели поэмасы озып түсіп отыратын жерлер бар. Әсіресе, сергек, сыншы ақылға кең өріс бергендігімен озғындап отырады. Бұнда, ақынның дүниетану шалымы мен ақындық фантазиясы дін деген, ұлт деген тар құрсауға тұсалмайды. Өзінің дастанында, өз халқының мінезін, идеалын сүйген жайларын білдірумен қатар ақын адамдарын жалпы адам етіп кеңінен алады. Өйткені Руставелидің көркем етіп сипаттап берген Автандил, Тинатин, Тариел, "Нестан-Дареджаны" да әрі ұлттық жағынан, әрі мекен жайынан тексергенде еркін қиялмен кеңінен алынған адамдар болады. Бұл тұста ақынға ұлт деген тар ұғымнан гөрі адам деген атты ақтай білетін адамзат қана керек. Ал солардың өріс еткен жерінде, жалпы адам жайлаған мол дүниенің өзі. Ал "Құдай жолындағы комедияны" осы жағынан қарап тексерсек, онда орта ғасырдың схоластикасы да және дін мен сол күндегі пікірлердің таршылық өктемдігі де көп орын алып отырады.   Руставели дастанының идеясы мен көркемдік мазмұнындағы зор даналық та, тарихи қымбаттылық та сол жаңағы шығыс пен батыстың аралығынан шығып, екеуімен де жалғаса отырып, бірақ екеуінің де ықпалына түсіп кетпей, өз бетінде өзгеше бір нық мәдениеттің ескерткіші боп шығуында.   Шығысты қорытып алып, батысты сынап алады. Дүние жүзінің мәдениет қорына кіргенде бұл осындай өзіндік зор бағасымен кіреді. Бір жағын алсақ, мұсылман шығысының кітаптарындағы тағдырға бойсұндыратын сопылық-мистикалық поэзиядан таза. Екінші жағынан, христиан батысының ортағасырлық схоластикасы тудырған тар көлемдерден де аулақ. Тегі, философиялық іргесін алғанда Руставели дастаны жаңағылардан гөрі ескі антик тарихының алтын дәуірімен үндестірек. Сондағы герой-адамды қастерлеу, адамның іші-тысы бірдей үйлескен мүсін сұлулығын қастерлеу машықтары "Жортуылшы" дастанына көбірек жанасады.   Бірақ Руставели мұрасын тексеру, зерттеу жұмысы жалғыз осы салыстырулармен қанағаттанып қойса ол жеткіліксіз болады. "Жортуылшының" өмірді құптайтын, сергек күшті ұғымы шығыс әдебиетінің діншіл-мистикалы сарынына қарсы болғанмен, жалпы шығыстың барлығына қарсы емес. Әсіресе, шығыстағы халық қорына қарсы емес. Қайта бұнымен ұқсас, туыстас жерлері көп болуға тиіс. Дастанның геройлары жайында халық аузында айтылып жүретін фольклор варианттары Грузияның ауыз әдебиетінде тіпті көп емес пе? Және сол жырларда фольклор көлемінде кеп заманнан бері келе жатқан жоқ па? Ал Руставели де өзге барлық ақындар сияқты өз шығармасына нәр жиғанда ең алдымен халық қазынасынан пайдаланбады ма? Әрі өз заманының ең білімді адамы болып және толғауы кең ірі өнерпазы болып отырып, Руставели шығыстың да, батыстың да күр ғана кітап боп жазылған үлгілерін керіп, сонымен қанағаттанып қалған болмас. Қайта оның қиялына дем беруші Грузия халқы мен соған көршілес болған батыс халықтарының ауызша шығармалары болар. Сондай қазыналардың ішінде шығыс пен батыстың батырлар эпосы, сыршылдық эпосы сияқты халық жырлары, легендалары ақынның ықыласын өздеріне ең алдымен тартқан да болар.   Шотаның өзі мынау дастанның әуелгі әңгімесін парсының бір хикаясынан алдым дейді. Сол араб пен үндінің ерлері жайында айтылған хикаяның өзі де баяғы, ескі заманнан келе жатқан нағыз халық хикаясы болуға мүмкін. Шығыстың кейінгі діншіл, кітапшыл поэзиясынан оның өзінің де іргесі аулақ болуға мүмкін. Тіпті Низами мистикасына қарсы, халықтың сергек қиялын көрсететін қызықты, реалдық әңгіме болып, соның өзімен де ақынды қызықтырып, қозғау салуға мүмкін. Сонымен, бұл дастанның дәл өз маңындағы фактылардың өзін алғанда да салыстыру, тексерудің іргесін таратпай кең салу қажет екені көрінеді. Тамырлары мен төркіндерін шығыс, батыс елдерінің көбіндегі нағыз халықтық эпосынан іздестіру де қажет болады.   Сонда бұл дастан өзінің көркемдік жағындағы ірілігінен басқа әрбір халықтың өз ескілігіне де ұқсаңқырап шығады. Өзді-өзінің фольклорын еске түсіру арқылы әсіресе, түсініктірек, жақынырақ боп көрінеді.   Бірақ, әрине, Руставели дастаны құр ғана әңгіме, оқиға ұқсастығымен қымбат болмайды. Ондай, кейбір уақытта ұқсастығын алғанда бұл әңгіме жалғыз "Тристан — Изольда" емес, "Мың бір түнге" де, түрікменнің "Көроғлыны да", қырғыздың "Семетей — Айшөрегіне" де, қазақтың "Қозы Көрпеш — Баянына" да келеді. Бірақ Руставели дастанын шынымен мәңгілік қазына ететін қасиет мұнда ғана емес, ол қасиет Грузия халқының өз сипатынан туған геройлық пен маңыздылықта. Халықтың геройлық мінезді сүйіп, өмірдің мағынасы мен мұратын зор бағалап, өзін-өзі солай тәрбиелеп келгендігінде. Және осы жайларды зор талантты ақынның өсем жыр қып бере білгендігінде.   Міне, Руставели дастаны дәл осы жағымен барлық халықтардың өзді-өзі бойларындағы осындай қасиеттерін еске түсіріп, қозғау арқылы қымбат болады. Өйткені өзінің ғасырлар бойындағы тартыс талабы мен идеалын жыр етпеген халық жоқ. Және өзге халықтағы дәл осындай жырды сүймейтін де халық жоқ.   Руставели дастаны бұлардың үстіне өзінің ерекше көркемдік, мастерлік қасиеттерімен де сүйікті болады.   Грузин халқының көп ғасырлық тарихында бұл шығарманың өзі де және оны жазған ақын да өлмес, өшпес, мәңгілік атаққа ие болған. Халық сүйгендіктен солай деп отыр. Ал енді осы "Жолбарыс тонды жортуылшының" ішінде халықтың сүйгені неменесі? Сүйгені, әрине, ертегінің патшалары мен бектері, жортуылшылары емес. Солардың мінезіне халықтың өзі қойған адамдық қасиеттері мен ерлікті ғана сүйеді. Осы сипаттарды халықтың өз тілімен халықтың өз ұлы, өз ақыны жақсы қып, жыр етіп берген шеберлікті сүйеді.   Халықтың қадірлегені осы. Ерлік, геройлық, көркемдікті сүю жолында өзін-өзі тәрбиелеген үлгісі осы. Бұл жағынан да одақтың барлық халықтарына ұғымды, қонымды болатын ерекшелігі бар. Осындай қасиеттерді әрбір халық та өзінің ескілігінен іздейді, соны табады да. Және тапқанын мына грузин әдебиетінің асыл мұрасымен молайтып, ұлғайта түсетін болады.   Қазір "Жолбарыс тонды жортуылшыны" қазақ тіліне аудару жұмысына біздің ең ірі ақындарымыз кірісіп жатыр.   Олар орыс тілінен жасалған Бальмонт, Петренко, Цагарели аудармаларын көріп отыр. Бұл аудармалар жөнінде, Руставели мұрасын жақсы білетін Грузияның оқымысты, тарихшыларының сын тексерулерін де оқып отыр. Біздің ақындардың қолында юбилей комиссиясы қарап, мақұлдап шыққан, грузин тілінің өзінен жасалған жолма-жол аудармасы (подстрочниктері) да бар.   Бұл айтылғандардан басқа, біздің ақындар орыс тілінде шыққан Руставели жайындағы және грузин әдебиеті мен фольклоры жайындағы ғылыми еңбектерді де оқып отыр. Тағы бір жағынан көмескі жерлерін анықтап түсіну ретінде Грузияның тарихшылары мен жазушы, ақындарынан көмек те алып отырмақ.   Міне, осы айтылған жағдайлардың барлығы да аударманың сапасы жақсы болып шығуға жәрдем етеді.   Сонымен қатар грузин поэзиясының біздің поэзияға ұқсайтын біраз өзгешелігі де бар. Руставели мен Грузия поэзиясы жайында орыс тілінде жазылған еңбектерге қарағанда Грузия өлеңінің күллі ырғағы көбінесе, я жеке дыбыс, я топ дыбыстардың қайталап келіп отыратын үндестігіне сүйенеді екен. Аллитерация, ассонанс үлгісі. Бұл ерекшелік бірқыдыру тілде өзіндей қып шығаруға қиын соғатын болса, қазақтың ескі, жаңа поэзиясының барлығында да ұдайы кездесіп отыратын ерекшелік. Руставели өлеңінің өзінде, бар жерлерге келгенде біздің аударушылар сол үндестік ырғақтың қай түрін болса да емін-еркін қолдана алады.   Және Руставелидің он алты буынды "шәйри" уәзінінде де қара сөзге ауыстырмай, қазақтың он алты буынды өлең жолымен беруге болады. Мұнда өрбір жеті буын, сегіз буын артынан бір буын түсіп отырады. Бірақ аударушылар Руставелидің ұйқастарын және ұйқасының көп қайталамайтынын да ескеріп отыру керек.   Әсіресе, зер салып бар шеберлікті жұмсайтын жер, Руставели поэмасының ақындық, көркемдік және теңегіш стильдік мағыналарын жақсы қып жеткізуде. Руставели өз жанынан мақал шығарғыш. Аз сөзге көп мағына сыйғызғыш. Онан соң терең метафора үлгісімен салыстыра сипаттайтын кестесі мол ақын. Жырының тереңдігі де, әсемдігі де осындай жақтарында болса керек. Тегінде ақындық мәдениетінің көлемін көрсететін, ойдың тереңдігін танытатын, мәңгілік ақынның генийлігін көрсететін жерлер осылар ғой.   Сол ерекшеліктері мен асылдарына аса ұқыпты боп отырса міндеттің зоры да, қадірлісі де сонда. Біздің ақындар мәдениеттердің бір-бірімен интернационалдық жолда қабысып табысуына жәрдем етеді. Тарихтық маңызы зор, мәдениетті міндетті ада қылады.   Бұрынғы замандарда біздің оқушының қолына түспей жүрген грузин әдебиетінің ұлы ескерткішін қазір ұғымды қып жеткізіп беру қадірлі міндет.   Ұлы ақынның шығармасын аударып, өз тілімізде оқып танумен қатар, Қазақстан жазушылары — біздер, оның тәжірибесінен үлгі де алуымызға керек. Алдымен беретін үлгісі халықтың шын жақсы, шын асыл қазынасын қалайша қып көрікті етіп пайдалануға керек екенін танытады. Онан соң ғасырлар бойында халықтар жүрегінде өз атын мәңгі жасайтын ат қып кете білген өнерпаздық, ақындық шеберлігін үйренуіміз керек.     Мұхтар Әуезов         [1] Метеорды қазақ "ағатын жұлдыз" дейді, шынында ол жұлдыз емес, ұшқын есепті нәрсе. [2] Рустави — Шотаның туған жері, месхи — руының аты.

Мәңгі жасайтын ақын - Шота Руставели

 

Әдебиет туындыларының тағдыры неше алуан екені мәлім. Өз замандастары құптаған, қадірлеген, мақтаған шығармалардың да кейінгі тарихтағы орындары біркелкі бола бермейді.

 

Бұл жағынан қарағанда кейбір шығарма метеор[1] есепті болса, тағы бір шығарма нағыз жұлдыздың өзімен барабар болады.

 

Кейбір шығарма әдебиет аспанында жарқ етіп көріне қап, жұрттың көзін өзіне еріксіз тарта қалса да, артынан тарих мезгілі сынына ілінгенде "ағар жұлдыздай" құлай сөніп қалады.

 

Ал екінші шығарма сол мәңгілік ғаламында айнымас, сөнбес жарығы бар, жұлдыздай нық орнаған болады. Прогресс жолындағы адам баласының мәдени тарихына үнемі ілесіп отыратын серіктері осы соңғы шығармалар. Жалпы тарихтың белгілі бір кезеңдеріне көз жіберсең, осындай шығармалардың мерзімді орындарында аумай тұрғанын үнемі көресің. Тарих, мезгіл сыны неғұрлым ұзаққа созылған сайын, соғұрлым бұл шығармаларға қадалған көз, берілген бейіл молая бермек. Және солғұрлым, осындай мұраны артына тастап кеткен шебердің қадірі мен қасиеті арта бермек. Мәңгі жасауы шек шүбәсіз ақталмақ. Осындай сөз ескерткіштің мысалы, ескі грек мәдениетінен қалған Гомер шығармалары — "Илиада", "Одиссея" және Шекспир, Гете, Пушкиндерден қалған мұралар.

 

Мінеки, дәл осы қатарға қосылатын бір ұлы шығарма грузин халқының өнері тудырған, Грузияның ұлы ақыны Шота Руставели[2] жазған — "Жолбарыс тонды жортуылшы" деген поэма.

 

"Метеорды қазақ "ағатын жұлдыз" дейді, шынында ол жұлдыз емес, ұшқын есепті нәрсе.

Бұл ақынның туған жылы мен біздің заманымыздың екі арасында жеті жүз елу жылдай тарих асқары жатыр.

 

Совет Одағының көп миллионды, көп ұлттарын революциядан бұрын мұндай асыл мұрадан аулақ етіп келген жалғыз жеті жүз елу жыл ғана емес, басқа да талай бөгеуіл кедергілер болатын.

 

Ең алдымен, өткен заманның қырсық тарихы бөгет болған. Дін айырмасы, ұлтшылдық құрсауы, ұлт араздығы және патшалық Россияда отар елдердің мәдениетін өгей ұлдай басып, жаншып, бұқтырып келген саясат, бір ұлтты бір ұлттан әдейі қашықтатып ұстаған саясат бар-ды. Осының бәрі жаңағы ескі тарихтың қара түнек, қаскөй қиындығы еді. Халықтар мәдениетінің жолында қара бурадай шөгіп жатып алған қырсықтар еді. Жалғыз ғана Ленин дәуірінде, социализм дәуірінде ғана сол қырсықтар жойылып отыр. Енді барлық Одақтағы социалистік мәдениет жаңағы әрбір халықтың ескі тарихында, халықтың өзі тудырған неше алуан мәдениет мұраларын тауып теріп ап, соны өз тәні қып баурап алып отыр.

 

Бақытты тірлік пен ұлы құрылысқа бой сала кіріскен, өркендеген халықтың енді өзді-өзі тарихының асыл бұйымдарын тарихтың шаң-тозаңынан арылтып, ортаға әкеліп салып жатыр. "Менің мұндай асылым бар" деп бар үнімен бар дүниеге шырқап жариялап жатыр. Олар өз тарихының сондай мұрасын жарыққа шығарып жарқылдаумен катар, өзіндей өзге елдердің сондай асыл мұраларын да біліп, танып, өзінікіндей қып баурап алуға ынтығысып отыр. Бүкіл дүниелік асыл мұралардың қатарында, бұл жаңа таныған бұйымдарын да қатты сүйіп, аса қадірлейді.

 

Міне, осы күйдің арқасында біз қазір өзінің жайын "Руставидің" белгісіз бір месхиымын" деп момын пішінмен ғана баян еткен ұлы ақынды өз тілінде оқып отырған орыс, қазақ, бурят сияқты талай елдің оқушысын көріп отырмыз. Ақын мұрасы мынау жаңа оқушылардың барлығына ет-бауыр жақын да, қадірлі де болып отыр. Барлық одақ халықтарының бір ұлы тілек жолында бауырласып, туысып алған қалпында мынау мұра артық мұра, мақтандыратын мұра болып отыр.

 

Одан соң өткен тарих қорына көз салған уақытта жаңағы халықтардың социалистік мәдениетінің іздейтіні немене? Әрдайым айнымастан іздейтіні: бұрынғының, біздің бүгінгі күнімізге үйлес келетін геройлық, маңызды бұйымдары. Ескі мәдениет ескерткіші сол күндегі халық жүрегінің өмірді сүйген ашық, айқын мүддесін көрсетсе, екінші, халық мінезін, геройлығын танытса, үшінші, халық өзі үлгі етіп, төлім алып, сол бұйымын көп заман бойында асыл бұйымындай күтіп сақтап келген болса, дәл осындай мұраларды біздің нағыз халықтық социалистік мәдениетіміз әсіресе күтеді. Осындай мұралар бұрынғы бір-ақ ұлттың ішінде болған тар көлемінен шығып, енді қалың елдердің интернационалдық мүлкі болады.

 

Міне, дәл осындай зор ескерткіштің бірі Руставелидің "Жолбарыс тонды жортуылшысы" дүние жүзіне паш болған, санаулы ұлы ескерткіштердің қатарына дауысымыз қосылатын бір белгі осы болса, мұның ең әуелгі ерекшелігі: батыс пен шығыстың ескі тарихы, ескі мәдениеттерінің жапсарында туғандығы.

 

Сөйтіп, осындай екі дүние — екі мәдениеттің сыбайлас, қанаттастығын өз тұлғасынан көрсетуімен қатар, бұл шығарма бір жағынан өзінің ерекше, айрықша бітімі бар өзгеше бір ескерткіш болып тұрады.

 

Әңгімелік желісін, түбірін алсақ, бұл дастан жалпы адам баласының барлығына ортақ сүйіспендік, достық деген тақырыпты қозғайды. Бірақ сол сезімдерді соншалық бір жаңа сарынмен, өзгеше терең мағынада жыр ету арқылы өмір дегеннің өзінің де мазмұны мен мұратын зор биікке көтереді. Жаңағы сезімдер дастан ішінде, бір жарқыраған биікке шығып, адамның геройлық қасиеті есебінде ерекше ұлғайып көрінеді. Бірақ сонымен қатар, махаббат пен достықтың осындай өсем жыры, адам мен адам арасындағы күр ғана момын, жуас сезімдердің жыры боп қалмаған.

 

Дастан ішінде бұл сезімдердің сыны, таразысы болатын ерлік пен қайрат, ақынға махаббат пен достықтың геройлыққа жараған үлгісі ғана қымбат. Сол себепті дастанның ең үлкен көркемдік мазмұны, көңілдің терең сырын толқытқан кесек толғауында жатыр. Осы қасиет жырдың ішінде, образдарының геройлық жүрегінде. Бұл адамдар тағдыр, бұйрық деген қараңғы наным, көлденең өмірге бассұнған адамдар емес. Өзі көркем, жүзі жарқын бұл геройлардың ішінде тұсау жоқ, еркіндік пен ерлік бар. Бойсұнатын жалғыз нанымдары — өз күшіне, геройлыққа нану, соған ғана табыну. Осы себепті олар дүниенің қандай күшімен болса да жалтармастан, қайтпастан қасарысып алыса алады. Сол алыста бұлардың жеңуіне кепіл нәрсе өлім дегеннен қорықпай тынғандығында. Ерлік пен қайрат сияқты адамның ең үлкен қасиетімен салыстырғанда өзге бір қылмыстық, ешбір қымбат бұйым жоқ. Ең алдымен өмір, өлім дегеннің өзі де түк емес. Қайта қорлық өмірден де қадірлі елім артық.

 

Сонымен, ең бастағы махаббат, достық деген тақырып дастанның әңгімелік, тартыс желісін алғанда бір себепші, түрткі түйін есебінде қалады. Кейде, әншейін, сүйемел, қосымша белгі халінде болады. Ал бұл шығарманы мәңгілік ететін зор көркемдік пен ірілік, шеберлік негізінде ерлік пен геройлықтық жыры боп шығуында. Және жыры ғана емес, сол ерлік пен қайраттың философиясы да боп шығуында.

 

Осы жағынан қарағанда махаббат, достық тақырыбының өзі де өзгеше, басқаша боп жырлануы арқасында, бұрын көп айтылған күй сияқты емес, қайта аса бір соны, маңызды ерекше тақырып боп өскелеңдеп көрінеді.

 

Батыс пен шығыстың дүниелік классик әдебиетінде махаббаттың неше алуан жыры болған. Бірақ соның бәрінде де махаббаттың өзі ғана жырланып, жалғыз өзінің ғана үстемдік салмағы мен көлемі көрінуші еді. Ешуақытта да махаббат өз орнын достық пен ерлік үшін құрбан етіп, екінші сатыға түспейтін геройлықпен сыны тартым, төлеуіш болып та жырланған емес. Мынау дастанда, адамдарының психологиялық, шебер-сәулетті мінездерінің тұсында махаббаттың өзі сергек ақылға бағынған жеке адамдық үлкен тұрғыға өзі жетектейтін сезім боп сипатталады.

 

Осы жағынан қарап "Жолбарыс тонды жортуылшы" дастанын шығыс пен батыстың сол замандарда кітап боп жазылған, классик мұраларымен салыстыра кеп, махаббат жырының бір алуан болған "Ләйлі—Мәжнүнге" көп тоқтасақ, нені көреміз? Көретініміз, Низами жырында сопылық мистикалық нанымы бойынша, тағдырдың, діннің салмағының астында жаншылып жатушы адамның еркін сезімі болады. Онда махаббат өмірден шаттық әперетін, өмірге құмар ететін, сол үшін тартысқа шақыратын сезім емес, қайта адамдарының басына жер үстінің ғазабын, сорын әкеп үйетін сезім, өздері қажып-талған, қуыс кеудесі ғана қалған Ләйлі мен Мәжнүн өмірден мүлдем түңіліп, өтесінді "ол дүние" деген бұлдырдан күтеді. "Тағдыр" дегеннің бұйрығымен сондай ғазап шегушілердің күйі сергек ақылмен қараған жанның ешбірінің, сүйсіну түгіл құптаудың өзін де ойға келтіре алмайды. Өз уақытының тыңдаушыларына да құр аяныш пен зардан басқа көзқарас туырмаған. Діннің қараңғы жолын осылайша махаббатпен үгіттеу адамның сау, сергек жанды сезімінің орнына, ой-сананы тұтқын етіп, бағынып бас июді ғана ұсынды. Махаббатты былайша түсінумен салыстырғанда Руставели дастаны мүлдем өзгеше. Ол ең алдымен тірліктің, жер үстіндегі татымды тіршіліктің әрі серпінді, өрі толық дәнді жыры. Оның адамдарының барынша алысатыны, күшін салып, геройлық етіп алысатыны жалғыз ғана жер үстіндегі зор мағыналы тіршілік. Бұл жағынан алғанда халықтың өр көкірек санасынан туған мынау жыр толық мағынасында реалистік бағыттағы және ішкі серпін жағынан да шынымен үлгі боларлық жыр.

 

Рас, бұл дастанның дүниені сезіну сарынын алғанда іштей көбірек үйлесетін, жалғасатын мәдениеті — батыс мәдениеті. Бірақ сол батыстың өзінде де сол заманда Руставели жырына я қолма-қол, я бір тасымал арқылы әсер ете қойды деп айтарлық пәлендей поэманы таба алмаймыз. Ал ол дәуірдің Данте Алигьери жазған атақты "Құдай жолындағы комедиясын" алып, "Жортуылшыны" сонымен салыстырсақ, мұнда да Руставели поэмасы озып түсіп отыратын жерлер бар. Әсіресе, сергек, сыншы ақылға кең өріс бергендігімен озғындап отырады. Бұнда, ақынның дүниетану шалымы мен ақындық фантазиясы дін деген, ұлт деген тар құрсауға тұсалмайды. Өзінің дастанында, өз халқының мінезін, идеалын сүйген жайларын білдірумен қатар ақын адамдарын жалпы адам етіп кеңінен алады. Өйткені Руставелидің көркем етіп сипаттап берген Автандил, Тинатин, Тариел, "Нестан-Дареджаны" да әрі ұлттық жағынан, әрі мекен жайынан тексергенде еркін қиялмен кеңінен алынған адамдар болады. Бұл тұста ақынға ұлт деген тар ұғымнан гөрі адам деген атты ақтай білетін адамзат қана керек. Ал солардың өріс еткен жерінде, жалпы адам жайлаған мол дүниенің өзі. Ал "Құдай жолындағы комедияны" осы жағынан қарап тексерсек, онда орта ғасырдың схоластикасы да және дін мен сол күндегі пікірлердің таршылық өктемдігі де көп орын алып отырады.

 

Руставели дастанының идеясы мен көркемдік мазмұнындағы зор даналық та, тарихи қымбаттылық та сол жаңағы шығыс пен батыстың аралығынан шығып, екеуімен де жалғаса отырып, бірақ екеуінің де ықпалына түсіп кетпей, өз бетінде өзгеше бір нық мәдениеттің ескерткіші боп шығуында.

 

Шығысты қорытып алып, батысты сынап алады. Дүние жүзінің мәдениет қорына кіргенде бұл осындай өзіндік зор бағасымен кіреді. Бір жағын алсақ, мұсылман шығысының кітаптарындағы тағдырға бойсұндыратын сопылық-мистикалық поэзиядан таза. Екінші жағынан, христиан батысының ортағасырлық схоластикасы тудырған тар көлемдерден де аулақ. Тегі, философиялық іргесін алғанда Руставели дастаны жаңағылардан гөрі ескі антик тарихының алтын дәуірімен үндестірек. Сондағы герой-адамды қастерлеу, адамның іші-тысы бірдей үйлескен мүсін сұлулығын қастерлеу машықтары "Жортуылшы" дастанына көбірек жанасады.

 

Бірақ Руставели мұрасын тексеру, зерттеу жұмысы жалғыз осы салыстырулармен қанағаттанып қойса ол жеткіліксіз болады. "Жортуылшының" өмірді құптайтын, сергек күшті ұғымы шығыс әдебиетінің діншіл-мистикалы сарынына қарсы болғанмен, жалпы шығыстың барлығына қарсы емес. Әсіресе, шығыстағы халық қорына қарсы емес. Қайта бұнымен ұқсас, туыстас жерлері көп болуға тиіс. Дастанның геройлары жайында халық аузында айтылып жүретін фольклор варианттары Грузияның ауыз әдебиетінде тіпті көп емес пе? Және сол жырларда фольклор көлемінде кеп заманнан бері келе жатқан жоқ па? Ал Руставели де өзге барлық ақындар сияқты өз шығармасына нәр жиғанда ең алдымен халық қазынасынан пайдаланбады ма? Әрі өз заманының ең білімді адамы болып және толғауы кең ірі өнерпазы болып отырып, Руставели шығыстың да, батыстың да күр ғана кітап боп жазылған үлгілерін керіп, сонымен қанағаттанып қалған болмас. Қайта оның қиялына дем беруші Грузия халқы мен соған көршілес болған батыс халықтарының ауызша шығармалары болар. Сондай қазыналардың ішінде шығыс пен батыстың батырлар эпосы, сыршылдық эпосы сияқты халық жырлары, легендалары ақынның ықыласын өздеріне ең алдымен тартқан да болар.

 

Шотаның өзі мынау дастанның әуелгі әңгімесін парсының бір хикаясынан алдым дейді. Сол араб пен үндінің ерлері жайында айтылған хикаяның өзі де баяғы, ескі заманнан келе жатқан нағыз халық хикаясы болуға мүмкін. Шығыстың кейінгі діншіл, кітапшыл поэзиясынан оның өзінің де іргесі аулақ болуға мүмкін. Тіпті Низами мистикасына қарсы, халықтың сергек қиялын көрсететін қызықты, реалдық әңгіме болып, соның өзімен де ақынды қызықтырып, қозғау салуға мүмкін. Сонымен, бұл дастанның дәл өз маңындағы фактылардың өзін алғанда да салыстыру, тексерудің іргесін таратпай кең салу қажет екені көрінеді. Тамырлары мен төркіндерін шығыс, батыс елдерінің көбіндегі нағыз халықтық эпосынан іздестіру де қажет болады.

 

Сонда бұл дастан өзінің көркемдік жағындағы ірілігінен басқа әрбір халықтың өз ескілігіне де ұқсаңқырап шығады. Өзді-өзінің фольклорын еске түсіру арқылы әсіресе, түсініктірек, жақынырақ боп көрінеді.

 

Бірақ, әрине, Руставели дастаны құр ғана әңгіме, оқиға ұқсастығымен қымбат болмайды. Ондай, кейбір уақытта ұқсастығын алғанда бұл әңгіме жалғыз "Тристан — Изольда" емес, "Мың бір түнге" де, түрікменнің "Көроғлыны да", қырғыздың "Семетей — Айшөрегіне" де, қазақтың "Қозы Көрпеш — Баянына" да келеді. Бірақ Руставели дастанын шынымен мәңгілік қазына ететін қасиет мұнда ғана емес, ол қасиет Грузия халқының өз сипатынан туған геройлық пен маңыздылықта. Халықтың геройлық мінезді сүйіп, өмірдің мағынасы мен мұратын зор бағалап, өзін-өзі солай тәрбиелеп келгендігінде. Және осы жайларды зор талантты ақынның өсем жыр қып бере білгендігінде.

 

Міне, Руставели дастаны дәл осы жағымен барлық халықтардың өзді-өзі бойларындағы осындай қасиеттерін еске түсіріп, қозғау арқылы қымбат болады. Өйткені өзінің ғасырлар бойындағы тартыс талабы мен идеалын жыр етпеген халық жоқ. Және өзге халықтағы дәл осындай жырды сүймейтін де халық жоқ.

 

Руставели дастаны бұлардың үстіне өзінің ерекше көркемдік, мастерлік қасиеттерімен де сүйікті болады.

 

Грузин халқының көп ғасырлық тарихында бұл шығарманың өзі де және оны жазған ақын да өлмес, өшпес, мәңгілік атаққа ие болған. Халық сүйгендіктен солай деп отыр. Ал енді осы "Жолбарыс тонды жортуылшының" ішінде халықтың сүйгені неменесі? Сүйгені, әрине, ертегінің патшалары мен бектері, жортуылшылары емес. Солардың мінезіне халықтың өзі қойған адамдық қасиеттері мен ерлікті ғана сүйеді. Осы сипаттарды халықтың өз тілімен халықтың өз ұлы, өз ақыны жақсы қып, жыр етіп берген шеберлікті сүйеді.

 

Халықтың қадірлегені осы. Ерлік, геройлық, көркемдікті сүю жолында өзін-өзі тәрбиелеген үлгісі осы. Бұл жағынан да одақтың барлық халықтарына ұғымды, қонымды болатын ерекшелігі бар. Осындай қасиеттерді әрбір халық та өзінің ескілігінен іздейді, соны табады да. Және тапқанын мына грузин әдебиетінің асыл мұрасымен молайтып, ұлғайта түсетін болады.

 

Қазір "Жолбарыс тонды жортуылшыны" қазақ тіліне аудару жұмысына біздің ең ірі ақындарымыз кірісіп жатыр.

 

Олар орыс тілінен жасалған Бальмонт, Петренко, Цагарели аудармаларын көріп отыр. Бұл аудармалар жөнінде, Руставели мұрасын жақсы білетін Грузияның оқымысты, тарихшыларының сын тексерулерін де оқып отыр. Біздің ақындардың қолында юбилей комиссиясы қарап, мақұлдап шыққан, грузин тілінің өзінен жасалған жолма-жол аудармасы (подстрочниктері) да бар.

 

Бұл айтылғандардан басқа, біздің ақындар орыс тілінде шыққан Руставели жайындағы және грузин әдебиеті мен фольклоры жайындағы ғылыми еңбектерді де оқып отыр. Тағы бір жағынан көмескі жерлерін анықтап түсіну ретінде Грузияның тарихшылары мен жазушы, ақындарынан көмек те алып отырмақ.

 

Міне, осы айтылған жағдайлардың барлығы да аударманың сапасы жақсы болып шығуға жәрдем етеді.

 

Сонымен қатар грузин поэзиясының біздің поэзияға ұқсайтын біраз өзгешелігі де бар. Руставели мен Грузия поэзиясы жайында орыс тілінде жазылған еңбектерге қарағанда Грузия өлеңінің күллі ырғағы көбінесе, я жеке дыбыс, я топ дыбыстардың қайталап келіп отыратын үндестігіне сүйенеді екен. Аллитерация, ассонанс үлгісі. Бұл ерекшелік бірқыдыру тілде өзіндей қып шығаруға қиын соғатын болса, қазақтың ескі, жаңа поэзиясының барлығында да ұдайы кездесіп отыратын ерекшелік. Руставели өлеңінің өзінде, бар жерлерге келгенде біздің аударушылар сол үндестік ырғақтың қай түрін болса да емін-еркін қолдана алады.

 

Және Руставелидің он алты буынды "шәйри" уәзінінде де қара сөзге ауыстырмай, қазақтың он алты буынды өлең жолымен беруге болады. Мұнда өрбір жеті буын, сегіз буын артынан бір буын түсіп отырады. Бірақ аударушылар Руставелидің ұйқастарын және ұйқасының көп қайталамайтынын да ескеріп отыру керек.

 

Әсіресе, зер салып бар шеберлікті жұмсайтын жер, Руставели поэмасының ақындық, көркемдік және теңегіш стильдік мағыналарын жақсы қып жеткізуде. Руставели өз жанынан мақал шығарғыш. Аз сөзге көп мағына сыйғызғыш. Онан соң терең метафора үлгісімен салыстыра сипаттайтын кестесі мол ақын. Жырының тереңдігі де, әсемдігі де осындай жақтарында болса керек. Тегінде ақындық мәдениетінің көлемін көрсететін, ойдың тереңдігін танытатын, мәңгілік ақынның генийлігін көрсететін жерлер осылар ғой.

 

Сол ерекшеліктері мен асылдарына аса ұқыпты боп отырса міндеттің зоры да, қадірлісі де сонда. Біздің ақындар мәдениеттердің бір-бірімен интернационалдық жолда қабысып табысуына жәрдем етеді. Тарихтық маңызы зор, мәдениетті міндетті ада қылады.

 

Бұрынғы замандарда біздің оқушының қолына түспей жүрген грузин әдебиетінің ұлы ескерткішін қазір ұғымды қып жеткізіп беру қадірлі міндет.

 

Ұлы ақынның шығармасын аударып, өз тілімізде оқып танумен қатар, Қазақстан жазушылары — біздер, оның тәжірибесінен үлгі де алуымызға керек. Алдымен беретін үлгісі халықтың шын жақсы, шын асыл қазынасын қалайша қып көрікті етіп пайдалануға керек екенін танытады. Онан соң ғасырлар бойында халықтар жүрегінде өз атын мәңгі жасайтын ат қып кете білген өнерпаздық, ақындық шеберлігін үйренуіміз керек.

 

 

Мұхтар Әуезов

 

 

 

 



[1] Метеорды қазақ "ағатын жұлдыз" дейді, шынында ол жұлдыз емес, ұшқын есепті нәрсе.

[2] Рустави — Шотаның туған жері, месхи — руының аты.

Ұқсас материалдар