Қандастар Ассамблея

Оңғарсынова Фариза

05.12.2012 8520
  ОҢҒАРСЫНОВА Фариза (25.12.1939 ж. т., Атырау обл. Исатай ауд. Манаш а.) – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы (1996), ҚР мәдени-ағарту ісінің еңб. сің. қызметкері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1996 – 2004). Атырау пед. ин-тын бітірген (1961). 1961 – 78 ж. орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, Атырау обл. “Коммунистік еңбек” газетінде әдеби қызметкер, “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстарындағы меншікті тілшісі, “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бас редакторы (1970 – 78) қызметтерін атқарды. 1978 – 96 ж. “Пионер” (қазіргі “Ақжелкен”) журналының бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы – “Сандуғаш” 1966 ж. жарық көрді. “Маңғыстау маржандары” (1969), “Мазасыз шақ” (1972), “Асау толқын” (1973), “Мен сенің жүрегіңдемін” (1975), “Шілде” (1978), “Сенің махаббатың” (1979), “Сұхбат” (1983), “Дауа” (1985), т.б. өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы “Алмас қылыш”, қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара жайлы “Тартады бозбаланы магнитім”, “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”, “Қарғыс”, “Қасірет пен ерлік жыры”, сондай-ақ “Дала тағдыры”, “Ақбөбек жырлары”, “Жантолының монологы”, “Мүшәйра”, “Мен өмірді сен деуші ем”, “Интервью”, “Қырдағы айқас”, т.б. поэмалары жарияланды. О. – әйел тақырыбын шығарм-на негіз еткен ақындардың бірі, оның “Дыбыстар әлемі” дастаны қазақтың композитор қызы Ғ.Жұбановаға, күйші Д.Нұрпейісоваға, “Бибігүл – ән” жыры әнші Б.Төлегеноваға, “Назқоңыр” Р.Бағлановаға, “Жыр анасы” М.Хакімжановаға, “Тыңдаңдар, тірі адамдар!” топтама өлеңдері қос батыр Әлия мен Мәншүкке арналған. Сондай-ақ “Қыз махаббаты”, “Қыз сөзі”, “Шығыстағы ару қыз”, “Парсының сұлулары”, “Әйел тілегі”, “Әйелдің монологы”, “Қызыл тымақты қыз”, “Қыз-ғұмыр” атты жырлары ақынды әйел адамның жиынтық бейнесін сомдаушы қаламгер ретінде танытады. “Үйім менің – Отаным”, “Революция және мен” өлең топтамалары үшін ҚР Мемл. сыйл-н алған (1984). К.Дөнентаева жөніндегі “Біздің Кәмшат” атты деректі повесі (1966) мен “Шашы ағарған қыз” (1990) секілді прозалық туындысының сөз өнеріндегі орны ерекше. О-ның көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. О. “Құрмет белгісі”, “Парасат” ордендерімен, медальдармен марапатталған.  Шығ.: Асау толқын, А., 1973; Көгершіндерім, А., 1974; Нежность, А., 1978; Озарение, М., 1979; Жүрек күнделігі, А., 1984; Ожидание солнца, М., 1985; Таңд. шығ. жин., 2 т., А., 1987; Қыз – ғұмыр, А., 1996; Мен саған ға-шық емес ем, А., 1999; Шығ. жин., 10 т., А., 2004.  Б. Керімбекова  

 

ОҢҒАРСЫНОВА Фариза (25.12.1939 ж. т., Атырау обл. Исатай ауд. Манаш а.) – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы (1996), ҚР мәдени-ағарту ісінің еңб. сің. қызметкері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1996 – 2004). Атырау пед. ин-тын бітірген (1961). 1961 – 78 ж. орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, Атырау обл. “Коммунистік еңбек” газетінде әдеби қызметкер, “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстарындағы меншікті тілшісі, “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бас редакторы (1970 – 78) қызметтерін атқарды. 1978 – 96 ж. “Пионер” (қазіргі “Ақжелкен”) журналының бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы – “Сандуғаш” 1966 ж. жарық көрді. “Маңғыстау маржандары” (1969), “Мазасыз шақ” (1972), “Асау толқын” (1973), “Мен сенің жүрегіңдемін” (1975), “Шілде” (1978), “Сенің махаббатың” (1979), “Сұхбат” (1983), “Дауа” (1985), т.б. өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы “Алмас қылыш”, қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара жайлы “Тартады бозбаланы магнитім”, “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”, “Қарғыс”, “Қасірет пен ерлік жыры”, сондай-ақ “Дала тағдыры”, “Ақбөбек жырлары”, “Жантолының монологы”, “Мүшәйра”, “Мен өмірді сен деуші ем”, “Интервью”, “Қырдағы айқас”, т.б. поэмалары жарияланды. О. – әйел тақырыбын шығарм-на негіз еткен ақындардың бірі, оның “Дыбыстар әлемі” дастаны қазақтың композитор қызы Ғ.Жұбановаға, күйші Д.Нұрпейісоваға, “Бибігүл – ән” жыры әнші Б.Төлегеноваға, “Назқоңыр” Р.Бағлановаға, “Жыр анасы” М.Хакімжановаға, “Тыңдаңдар, тірі адамдар!” топтама өлеңдері қос батыр Әлия мен Мәншүкке арналған. Сондай-ақ “Қыз махаббаты”, “Қыз сөзі”, “Шығыстағы ару қыз”, “Парсының сұлулары”, “Әйел тілегі”, “Әйелдің монологы”, “Қызыл тымақты қыз”, “Қыз-ғұмыр” атты жырлары ақынды әйел адамның жиынтық бейнесін сомдаушы қаламгер ретінде танытады. “Үйім менің – Отаным”, “Революция және мен” өлең топтамалары үшін ҚР Мемл. сыйл-н алған (1984). К.Дөнентаева жөніндегі “Біздің Кәмшат” атты деректі повесі (1966) мен “Шашы ағарған қыз” (1990) секілді прозалық туындысының сөз өнеріндегі орны ерекше. О-ның көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. О. “Құрмет белгісі”, “Парасат” ордендерімен, медальдармен марапатталған. 
Шығ.: Асау толқын, А., 1973; Көгершіндерім, А., 1974; Нежность, А., 1978; Озарение, М., 1979; Жүрек күнделігі, А., 1984; Ожидание солнца, М., 1985; Таңд. шығ. жин., 2 т., А., 1987; Қыз – ғұмыр, А., 1996; Мен саған ға-шық емес ем, А., 1999; Шығ. жин., 10 т., А., 2004. 
Б. Керімбекова