Қандастар Ассамблея

Омбы

05.12.2012 3303
  ОМБЫ – Ресей қаласы, Омбы облысының орталығы. Ом өз-нің Ертіске құятын жеріндегі порт, т. ж. желілері мен автожолдардың торабы. Халқының саны жағынан (1172 мың) Сібірде Новосибирскіден кейін 2-орын алады, Сібірдің ірі өнеркәсіп орт. Қалада астық жинайтын комбайндар, теледидар, газ жабдықтары, аспаптар, әртүрлі өнеркәсіп құрал-жабдықтары, электротехника, мұнай, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары кәсіпорындары жұмыс істейді. 4 жылу-энергет. орт., 10 жоғары оқу орны, ғыл.-зерттеу ин-ты, академ. драма театры, муз. драма, қуыршақ театры, цирк, Ф.М. Достоевский атынд. өлкетану музейі (жазушы Омбыда 1850 – 54 ж. айдауда болды), М.А. Врубель атынд. сурет галереясы бар. О. бекінісін 1716 ж. Петр І патшаның бұйрығы бойынша Сібір ген.-губернаторы М.П. Гагарин салдырған. 1782 ж. қала мәртебесін алып, Тобыл (1782 – 98) окр-нің орт., Тобыл губ-ның (1804 – 22, 1839 – 68), Омбы (1822 – 39) және Ақмола (1868 – 1918) обл-тарының, Бат. Сібір (1824 – 82) және Дала (1882 – 1917) ген.-губернаторлығының орт. болды. О. қ-ның тарихы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанмен тығыз байланыста болды. О-да қазақтың көптеген белгілі ағартушылары оқып, білім алды. 1813 ж. Бат. Сібір ген.-губернаторлығына қарасты қазақ жерлерін басқару мекемелеріне қазақ жастарын даярлау мақсатында О-да Сібір әскери орыс-қазақ желілік уч-щесі ашылды. Бұл уч-щені Ш.Уәлиханов, М.Шорманов оқып бітірген. Осы әскери оқу орнының негізінде 1845 ж. Омбы кадет корпусы ашылды. 20 ғ-дың бас кезінде О-дағы оқу орындарында көптеген белгілі қазақ қайраткерлері (Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, т.б.) білім алды. 1840 ж. О. қ-ндағы қазақтардың саны 109 адам болса, 1897 ж. О. у-ндегі қазақтар 37680-ге (О. қ-нда – 105 адам), ал 1916 ж. 38970-ке жетті. Қазақ елі өз тәуелсіздігіне ие болуына байланысты О-дағы қазақ диаспорасы ұлттық-мәдени орт-тар құрып, Қазақстанмен өзара байланыстарын жолға қоя бастады. 2004 ж. О. қ-нда Ш.Уәлихановтың атына көше беріліп, ескерткіш орнатылды. Қазіргі уақытта О. обл-нда тұрып жатқан 100 мыңнан аса (2002) қазақ “Омбы облыстық қазақ мәдени орталығы”, “Аманат ұлттық бірлестігі”, “Мөлдір” қазақ мәдени орт. сияқты ұйымдарға біріккен. 2002 жылдан “Омбы үні” атты үнпарақ шыға бастады. Әдеб.: Из истории Омска (1716 – 1917 гг.). Очерки, документы, материалы. Омск, 1967; Юрасова М.К., Омск. Очерки истории города Омск, 1972; Районы Омской области, цифры и факты. Статистический сборник, Омск, 2000. Д. Ескекбаев  

 

ОМБЫ – Ресей қаласы, Омбы облысының орталығы. Ом өз-нің Ертіске құятын жеріндегі порт, т. ж. желілері мен автожолдардың торабы. Халқының саны жағынан (1172 мың) Сібірде Новосибирскіден кейін 2-орын алады, Сібірдің ірі өнеркәсіп орт. Қалада астық жинайтын комбайндар, теледидар, газ жабдықтары, аспаптар, әртүрлі өнеркәсіп құрал-жабдықтары, электротехника, мұнай, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары кәсіпорындары жұмыс істейді. 4 жылу-энергет. орт., 10 жоғары оқу орны, ғыл.-зерттеу ин-ты, академ. драма театры, муз. драма, қуыршақ театры, цирк, Ф.М. Достоевский атынд. өлкетану музейі (жазушы Омбыда 1850 – 54 ж. айдауда болды), М.А. Врубель атынд. сурет галереясы бар. О. бекінісін 1716 ж. Петр І патшаның бұйрығы бойынша Сібір ген.-губернаторы М.П. Гагарин салдырған. 1782 ж. қала мәртебесін алып, Тобыл (1782 – 98) окр-нің орт., Тобыл губ-ның (1804 – 22, 1839 – 68), Омбы (1822 – 39) және Ақмола (1868 – 1918) обл-тарының, Бат. Сібір (1824 – 82) және Дала (1882 – 1917) ген.-губернаторлығының орт. болды. О. қ-ның тарихы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанмен тығыз байланыста болды. О-да қазақтың көптеген белгілі ағартушылары оқып, білім алды. 1813 ж. Бат. Сібір ген.-губернаторлығына қарасты қазақ жерлерін басқару мекемелеріне қазақ жастарын даярлау мақсатында О-да Сібір әскери орыс-қазақ желілік уч-щесі ашылды. Бұл уч-щені Ш.Уәлиханов, М.Шорманов оқып бітірген. Осы әскери оқу орнының негізінде 1845 ж. Омбы кадет корпусы ашылды. 20 ғ-дың бас кезінде О-дағы оқу орындарында көптеген белгілі қазақ қайраткерлері (Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, т.б.) білім алды. 1840 ж. О. қ-ндағы қазақтардың саны 109 адам болса, 1897 ж. О. у-ндегі қазақтар 37680-ге (О. қ-нда – 105 адам), ал 1916 ж. 38970-ке жетті. Қазақ елі өз тәуелсіздігіне ие болуына байланысты О-дағы қазақ диаспорасы ұлттық-мәдени орт-тар құрып, Қазақстанмен өзара байланыстарын жолға қоя бастады. 2004 ж. О. қ-нда Ш.Уәлихановтың атына көше беріліп, ескерткіш орнатылды. Қазіргі уақытта О. обл-нда тұрып жатқан 100 мыңнан аса (2002) қазақ “Омбы облыстық қазақ мәдени орталығы”, “Аманат ұлттық бірлестігі”, “Мөлдір” қазақ мәдени орт. сияқты ұйымдарға біріккен. 2002 жылдан “Омбы үні” атты үнпарақ шыға бастады.
Әдеб.: Из истории Омска (1716 – 1917 гг.). Очерки, документы, материалы. Омск, 1967; Юрасова М.К., Омск. Очерки истории города Омск, 1972; Районы Омской области, цифры и факты. Статистический сборник, Омск, 2000.
Д. Ескекбаев
 

Ұқсас материалдар