Қандастар Ассамблея

Мәдениетке қай кәсіп жуық?

05.12.2012 5073
Мәдениетке қай кәсіп жуық? Бұл күнде адам баласы тұтынып жүрген кәсіп көп. Бұл кәсіптердің ішінде адам баласы алғашқы отпен майданға шығып, аштан өлмеуге құрал қылған кәсіп — айлалары да бар. Бұл айтқанға қарағанда ол кәсіптер адам баласының ұзын-ырғағы тарихымен қол ұстасып келе жатқандар. Әрине бұл түрлі кәсіп деген болмаса, бұлардың һәр[1] қайсысына да адамның сезімді, орамды тәжірибесі өз жобасын кіргізбей қойған жоқ. Тәжірибе өрнегі, сыры сол кәсіптердің суретін көп өзгертіп әкетті. Осы күнгі адам баласы тұтынып жүрген кәсіптер мынау: отырықшы болып егін еккен, мал баққан, аңшылық, балықшылық, кен қазу, фабрикалар, сауда һәм басқалар. Бұл кәсіптердің ішінде адам баласының алғашқы айласыз күніне қолайлы болғаны аңшылық. Аңшылықпен біраз заман өткен соң мал бағушылық пен егіншілік араласып кіріп, артынан аздан соң балықшылық кірді. Бұдан кейінгі кәсіптер адам(ға) өнер-білім басқышының бірталай сатысынан өткенде кіреді. Енді осы кәсіптердің һәрқайсысы тұтынушыға қандай мінез береді. Соған келейік. Адам баласына сыртқы өмірдің ыңғайы (кәсіп), тұрған жерінің табиғат жағдайы (ыстық, суық, салқын, тау, дала) дене пішіміне һәртүрлі әсер береді. Табиғат жағдайының адамды шын билейтіндігіне мысалға, суық үйдегі таршылықта өсірген, үскірген қаһары қайтпайтын суықтың асыраған баласы мен ыстық үйектің баласын алайық. Бұл екі жердің адамы, үлгілері басқа. Екі ананың асыраған баласындай болады. Суықтағы аяз бен қар ұйтқыған боран, күңгірт күн, түнерген аспан, уайымды ақ дала өзгермейтін бір сурет адамға салбыраған салқын пішім, қайратты, көндімбай, шалқыған өр мінез береді. Жарық күн, көрікті аспан, кең қоныс, еркін тамақ, еңбексіз өмір, жеңіл, қызу мінез береді. Бұл — адамды табиғат ыңғайы билейтіндігі. Енді кәсіптің билейтіндігіне келейік. Мысалға, аңшылықты аламыз, Аңшылық өміріне (Ақылбай Құнанбаев сөзі): «Бейнет» ішіп күн көрген қатер киіп...» — деген сөз дәл сыпат. Қиын қия, шың тау, биік құз, жыныс тоғай, ұзақ cap дала ер еңбегін көп жұтады. Мұндай жерде аң қуу ерінбейтін, қажымайтын, шаршамайтын пісіп шыққан кісінің қолынан келетін жұмыс. Мұның үстіне аңшы адамның жанына қатер(лі) һәртүрлі аңдармен кездеседі. Мұндай жерде қорықса, сасса, тездікпен қару қылмаса, жан қауіпте тұрады. Аңшы осы бейнеттердің бәрімен туысып кетеді. Бұдан бұлардың мінездеріне тарамыс, қажымайтын ер, жауынгер, ірі сыпаттар сіңеді; ұсақтық, ездік бұларға жат. Бұлардың денесі де ыңғайлы, жіңішке, тарамыс, әлді келеді. Бұл мінез осы күнгі шеркес, арнауыт халықтарында бар. Аңшылық кәсібі — мәдениеттен алыс кететін кәсіп емес. Аңшы болған жұрт қайратты, шыдамды болған соң басқа ғылымға жақын келтіретін жолға түсіп кетуі қиын жұмыс емес. Және осы күнде бүтін бір халық болып, аңшылықты кәсіп қылған ел жоқ. Бұл кәсіпті отырықшылық жеңіп барады. Ендігі үлгілі жұрттардың арасында бұл кәсіп шашыранды күйде ғана аз қалған. Шеркестің осы ірі мінездері орыстың Лермонтовының ақындық шері тарқаған мінез болатын. Мал бағушылық адамға басқа бір мінез туғызады. Мал баққан елдің сырттан қысып тынышсыздық келтіретін мазасыз көршісі болса, мінезінде жауынгерлік тауандай[2] қайсарлық болады. Егер тыныштығын бұзарлық сырттан мазасыздық болмаса, мінезі басқа, бір түрге мінеді. Бұл халық ғылым жарығынан аулақ кең дала, таза ауа күшті тамақ оның үстіне көп еңбек керек қылмайтын мал бағу кәсібі болса, мінез жолында өңгеден көгі төменгі басқышта болмақ. Мұның үстіне бұл халық қысты күнгі қазақтың қорасындай малмен араласып, үйі шаң, сасық, һауасы[3]  жаман болса, денесінде саулық аз болып, әрі еңбексіз болған соң мінезі тауансыз, еріншек, ұсақ болмақ. Егер бұл халық сол мал баққан қалыпта болып, жазғы еркіндігі де малға еңбек сіңіріп, өмір алысын керсе, мінезі басқа жақсы жолға бет алар еді. Мысалы: бұрынғы қыста киіз үйде өмір сүріп жүрген қазақ жасынан денесі суыққа шынығып ширақ болып, еңбекке жаны қайраттанып, отты болып, адамы жауынгер, тарамыс күшті болған. Мал баққан елдің мәдениетке тез түсініп кетуі қиын. Өмірінің ыңғайы ғылым жолына жанаспайды. Бұл турада мал бағып жүріп ғылымды болған Швейцария, Голландия мысал болуға келмейді. Бұлар нағыз мал баққанды кәсіп қылған көшпелі ел емес. Егер мал баққан ел ғылымға түссе, басқа кәсіппен жүріп түсінген жұрттан ақыл, сезім жолында артық болады. Себебі: бұлардың рухы күшті, дүниенің сырынан жүрегіне жиылған әсері көп деген Европа ғалымдарының сөзі бар. Егін егуші отырықшы жұрттардың мінезі бұдан басқа бір жолда. Ыстық күнде, ауыр жұмыстың соңында, денені езіп, күндегі тамақты күндегі термен, бейнетпен тауып, өзін ерінбей ауыр азапқа жегіп отырғандық адамның мінез қалпына тағы басқа бір түр береді. Таза ауада тынымсыз қозғалып, жалықпай жұмыс қылып жүргендік алдымен денені қайратты, құрыш қылады. Бұлардың мінезіндегі көбінесе бір айқын тұратын жол: беттеген жағына күрт кететін тауандылық және дүлей ерлік. Жуастық, өр мінезділік, бірақ бұл соңғы екі түрлі (қасиет) ылғи болып тұрмайды. Уақыт жеткенше билейді. Түптеп келгендегі шын мінезі — шыдамдылық, ерлік. Мұндай соғыста намысты, қайратты, істе тауанды, ұйымшыл болған соң, артықшылықты, көп еңбекті мойнына алған ел бір беттесе, мәдениетке тез жетіп, тез буыны қатып аяқтана қалады. Ғылымға бұлардан жақын тұрған кәсіпші жоқ. Бұлардың күндегі өмірі үйретіндігі керек қылып, түстен түр тауып, еңбегінің өрнегін түземеуі не өмір тізесі езгілеп, тыныш бір қалыпқа қоймайды. Бұл халық ғылымға түскенінде кәсібінің реті сезімді қылғандығынан емес, қайта бұл кәсіп сезімнен, ойдан ең соңында қалдыратын. Бұлардың ғылымға жанасатын өмір халінің күннен күнге ауырлап, мұқтажы аса беретіндігінен. Осымен осы күнде егіншілдік ғылымның өкшесін басып келе жатқан кәсіп болып тұр. Және бұл жоғарыдағы айтылған кәсіптердің ішіндегі ең ұзаққа баратын, түрден-түр табатын ұзақ өмірлі кәсіп. Төртінші көптің бір тұтынған кәсібі — балықшылық. Балықшылықтың күшті кәсіп болып тұрған жерлері — көбінесе өңге кәсіп қолайлы келмеген жерлер. Өзге кәсіп болмай, болуын жер ыңғайы көтермегендіктен, кей жерлердің халқы түгелімен балықшы болмақ түгілі, бар тамағы балық, қана болып тұрған халық бар. Бұларды — ихипала (ихиофаги) дейді. Бұл — Солтүстік Американың солтүстігінде тұратын халық. Суық жақтағы халықтардың бәрінің ең зор кәсіптері балық болады. Балықшы болған халық су үсті өмірге түсінген. Су үсті өмір бұрынғы уақыттарда ең қатерлі, қиын кәсіп болған. Су үстін адам баласының еркін билеп-төстеп кетуіне ең әуелгі адым осы балықшылық болған. Бұл балықшы дегендегі мысалға алып отырғанымыз теңіздегі балықшылар. Соғып тұрған түрлі дауылда, құйып тұрған жауында, төбе-төбе болған толқында, кішкене қайықпен бір жұлынғанда аспанға шығып, бір жұлынғанда құздан құлағандай болып, толқынның арасында жоғалып кетіп келе жатқанда қажымайтын жан қайраты, дене піскендігі керек. Балықшының мінезі аңшының мінезіне келеді. Бұлар да ғылым жолынан алыс емес. Түсінуі оңай, бұлардан басқа кәсіптердің ішінде бір ел болып, өзі білмей істейтін кәсіп жоқ. Және басқаларының бір тұқымға түгелімен әсер беретіні жоқ. Ақыры бұл кәсіптердің бәрін қарап келгенде, мінезге, мәдениеттің күшеюіне біздің кәсібімізден қолайсыз кәсіп жоқ. Мұның біздің (.......) сіңірген бірталай мінез таңбасы көп жерге барады. Енді ол таңбаны кетірсе, не өзгерген отырықшылық секілді кәсіп түрі жоғалады. Не соғыс жоғалтады. Соғыс болса, елде уақыт толқынымен денедегі арам еттің арасына тарап, жоғалып кеткен жауынгерлік, қайраттылық қаны қайта жүрекке жиылып, қазақ жұртын бір қалыпқа мінгізер. Мұхтар.  Мұхтар Әуезов   [1]Һәр − әр. [2]Тауан − беті, меселі. [3]Һауасы − ауасы.

Мәдениетке қай кәсіп жуық?

Бұл күнде адам баласы тұтынып жүрген кәсіп көп. Бұл кәсіптердің ішінде адам баласы алғашқы отпен майданға шығып, аштан өлмеуге құрал қылған кәсіп — айлалары да бар. Бұл айтқанға қарағанда ол кәсіптер адам баласының ұзын-ырғағы тарихымен қол ұстасып келе жатқандар. Әрине бұл түрлі кәсіп деген болмаса, бұлардың һәр[1] қайсысына да адамның сезімді, орамды тәжірибесі өз жобасын кіргізбей қойған жоқ. Тәжірибе өрнегі, сыры сол кәсіптердің суретін көп өзгертіп әкетті.

Осы күнгі адам баласы тұтынып жүрген кәсіптер мынау: отырықшы болып егін еккен, мал баққан, аңшылық, балықшылық, кен қазу, фабрикалар, сауда һәм басқалар. Бұл кәсіптердің ішінде адам баласының алғашқы айласыз күніне қолайлы болғаны аңшылық. Аңшылықпен біраз заман өткен соң мал бағушылық пен егіншілік араласып кіріп, артынан аздан соң балықшылық кірді. Бұдан кейінгі кәсіптер адам(ға) өнер-білім басқышының бірталай сатысынан өткенде кіреді. Енді осы кәсіптердің һәрқайсысы тұтынушыға қандай мінез береді. Соған келейік.

Адам баласына сыртқы өмірдің ыңғайы (кәсіп), тұрған жерінің табиғат жағдайы (ыстық, суық, салқын, тау, дала) дене пішіміне һәртүрлі әсер береді. Табиғат жағдайының адамды шын билейтіндігіне мысалға, суық үйдегі таршылықта өсірген, үскірген қаһары қайтпайтын суықтың асыраған баласы мен ыстық үйектің баласын алайық. Бұл екі жердің адамы, үлгілері басқа. Екі ананың асыраған баласындай болады. Суықтағы аяз бен қар ұйтқыған боран, күңгірт күн, түнерген аспан, уайымды ақ дала өзгермейтін бір сурет адамға салбыраған салқын пішім, қайратты, көндімбай, шалқыған өр мінез береді. Жарық күн, көрікті аспан, кең қоныс, еркін тамақ, еңбексіз өмір, жеңіл, қызу мінез береді. Бұл — адамды табиғат ыңғайы билейтіндігі.

Енді кәсіптің билейтіндігіне келейік. Мысалға, аңшылықты аламыз, Аңшылық өміріне (Ақылбай Құнанбаев сөзі): «Бейнет» ішіп күн көрген қатер киіп...» — деген сөз дәл сыпат. Қиын қия, шың тау, биік құз, жыныс тоғай, ұзақ cap дала ер еңбегін көп жұтады. Мұндай жерде аң қуу ерінбейтін, қажымайтын, шаршамайтын пісіп шыққан кісінің қолынан келетін жұмыс. Мұның үстіне аңшы адамның жанына қатер(лі) һәртүрлі аңдармен кездеседі. Мұндай жерде қорықса, сасса, тездікпен қару қылмаса, жан қауіпте тұрады. Аңшы осы бейнеттердің бәрімен туысып кетеді. Бұдан бұлардың мінездеріне тарамыс, қажымайтын ер, жауынгер, ірі сыпаттар сіңеді; ұсақтық, ездік бұларға жат. Бұлардың денесі де ыңғайлы, жіңішке, тарамыс, әлді келеді. Бұл мінез осы күнгі шеркес, арнауыт халықтарында бар. Аңшылық кәсібі — мәдениеттен алыс кететін кәсіп емес. Аңшы болған жұрт қайратты, шыдамды болған соң басқа ғылымға жақын келтіретін жолға түсіп кетуі қиын жұмыс емес. Және осы күнде бүтін бір халық болып, аңшылықты кәсіп қылған ел жоқ. Бұл кәсіпті отырықшылық жеңіп барады. Ендігі үлгілі жұрттардың арасында бұл кәсіп шашыранды күйде ғана аз қалған. Шеркестің осы ірі мінездері орыстың Лермонтовының ақындық шері тарқаған мінез болатын.

Мал бағушылық адамға басқа бір мінез туғызады. Мал баққан елдің сырттан қысып тынышсыздық келтіретін мазасыз көршісі болса, мінезінде жауынгерлік тауандай[2] қайсарлық болады. Егер тыныштығын бұзарлық сырттан мазасыздық болмаса, мінезі басқа, бір түрге мінеді. Бұл халық ғылым жарығынан аулақ кең дала, таза ауа күшті тамақ оның үстіне көп еңбек керек қылмайтын мал бағу кәсібі болса, мінез жолында өңгеден көгі төменгі басқышта болмақ. Мұның үстіне бұл халық қысты күнгі қазақтың қорасындай малмен араласып, үйі шаң, сасық, һауасы[3]  жаман болса, денесінде саулық аз болып, әрі еңбексіз болған соң мінезі тауансыз, еріншек, ұсақ болмақ. Егер бұл халық сол мал баққан қалыпта болып, жазғы еркіндігі де малға еңбек сіңіріп, өмір алысын керсе, мінезі басқа жақсы жолға бет алар еді. Мысалы: бұрынғы қыста киіз үйде өмір сүріп жүрген қазақ жасынан денесі суыққа шынығып ширақ болып, еңбекке жаны қайраттанып, отты болып, адамы жауынгер, тарамыс күшті болған. Мал баққан елдің мәдениетке тез түсініп кетуі қиын. Өмірінің ыңғайы ғылым жолына жанаспайды. Бұл турада мал бағып жүріп ғылымды болған Швейцария, Голландия мысал болуға келмейді. Бұлар нағыз мал баққанды кәсіп қылған көшпелі ел емес. Егер мал баққан ел ғылымға түссе, басқа кәсіппен жүріп түсінген жұрттан ақыл, сезім жолында артық болады. Себебі: бұлардың рухы күшті, дүниенің сырынан жүрегіне жиылған әсері көп деген Европа ғалымдарының сөзі бар.

Егін егуші отырықшы жұрттардың мінезі бұдан басқа бір жолда. Ыстық күнде, ауыр жұмыстың соңында, денені езіп, күндегі тамақты күндегі термен, бейнетпен тауып, өзін ерінбей ауыр азапқа жегіп отырғандық адамның мінез қалпына тағы басқа бір түр береді. Таза ауада тынымсыз қозғалып, жалықпай жұмыс қылып жүргендік алдымен денені қайратты, құрыш қылады. Бұлардың мінезіндегі көбінесе бір айқын тұратын жол: беттеген жағына күрт кететін тауандылық және дүлей ерлік. Жуастық, өр мінезділік, бірақ бұл соңғы екі түрлі (қасиет) ылғи болып тұрмайды. Уақыт жеткенше билейді. Түптеп келгендегі шын мінезі — шыдамдылық, ерлік. Мұндай соғыста намысты, қайратты, істе тауанды, ұйымшыл болған соң, артықшылықты, көп еңбекті мойнына алған ел бір беттесе, мәдениетке тез жетіп, тез буыны қатып аяқтана қалады. Ғылымға бұлардан жақын тұрған кәсіпші жоқ. Бұлардың күндегі өмірі үйретіндігі керек қылып, түстен түр тауып, еңбегінің өрнегін түземеуі не өмір тізесі езгілеп, тыныш бір қалыпқа қоймайды. Бұл халық ғылымға түскенінде кәсібінің реті сезімді қылғандығынан емес, қайта бұл кәсіп сезімнен, ойдан ең соңында қалдыратын. Бұлардың ғылымға жанасатын өмір халінің күннен күнге ауырлап, мұқтажы аса беретіндігінен. Осымен осы күнде егіншілдік ғылымның өкшесін басып келе жатқан кәсіп болып тұр. Және бұл жоғарыдағы айтылған кәсіптердің ішіндегі ең ұзаққа баратын, түрден-түр табатын ұзақ өмірлі кәсіп.

Төртінші көптің бір тұтынған кәсібі — балықшылық. Балықшылықтың күшті кәсіп болып тұрған жерлері — көбінесе өңге кәсіп қолайлы келмеген жерлер. Өзге кәсіп болмай, болуын жер ыңғайы көтермегендіктен, кей жерлердің халқы түгелімен балықшы болмақ түгілі, бар тамағы балық, қана болып тұрған халық бар. Бұларды — ихипала (ихиофаги) дейді. Бұл — Солтүстік Американың солтүстігінде тұратын халық. Суық жақтағы халықтардың бәрінің ең зор кәсіптері балық болады. Балықшы болған халық су үсті өмірге түсінген. Су үсті өмір бұрынғы уақыттарда ең қатерлі, қиын кәсіп болған. Су үстін адам баласының еркін билеп-төстеп кетуіне ең әуелгі адым осы балықшылық болған. Бұл балықшы дегендегі мысалға алып отырғанымыз теңіздегі балықшылар. Соғып тұрған түрлі дауылда, құйып тұрған жауында, төбе-төбе болған толқында, кішкене қайықпен бір жұлынғанда аспанға шығып, бір жұлынғанда құздан құлағандай болып, толқынның арасында жоғалып кетіп келе жатқанда қажымайтын жан қайраты, дене піскендігі керек. Балықшының мінезі аңшының мінезіне келеді. Бұлар да ғылым жолынан алыс емес. Түсінуі оңай, бұлардан басқа кәсіптердің ішінде бір ел болып, өзі білмей істейтін кәсіп жоқ. Және басқаларының бір тұқымға түгелімен әсер беретіні жоқ.

Ақыры бұл кәсіптердің бәрін қарап келгенде, мінезге, мәдениеттің күшеюіне біздің кәсібімізден қолайсыз кәсіп жоқ. Мұның біздің (.......) сіңірген бірталай мінез таңбасы көп жерге барады.

Енді ол таңбаны кетірсе, не өзгерген отырықшылық секілді кәсіп түрі жоғалады. Не соғыс жоғалтады. Соғыс болса, елде уақыт толқынымен денедегі арам еттің арасына тарап, жоғалып кеткен жауынгерлік, қайраттылық қаны қайта жүрекке жиылып, қазақ жұртын бір қалыпқа мінгізер.

Мұхтар. 

Мұхтар Әуезов

 



[1]Һәр − әр.

[2]Тауан − беті, меселі.

[3]Һауасы − ауасы.

Ұқсас материалдар