Қандастар Ассамблея

ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

05.12.2012 9569
ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ – бақ, жидек, жеміс, жүзім, көшет шаруашылықтарын бір-бірімен үйлестіретін бас мекеме. ҚР А. ш. мин-лігінің қарамағында. 1959 ж. Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының Жеміс бөлімі, Бүкілодақтық шарап жасау және жүзім ш. ғыл.-зерт. ин-тының («Магарач») Қазақ жүзім ш. ғыл.-зерт. ст. негізінде Алматы қ-нда құрылған. 2002 ж. Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғыл.-өндірістік орт-ның құрамына енді. Ин-т құрамында 14 ғыл. бөлімше, 4 өндірістік-тәжірибелік шаруашылық және 2 тәжірибелік егістік, аспирантура (1961 жылдан) бар. Ғыл.-зерттеулерінің негізгі бағыттары: жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің генетик. қорын құру және сақтау; биотехнол. әдістерді қолдана отырып, бағалы жаңа сорттарды шығару; еңбек шығынын азайтатын және егістіктердің өнімділігін арттыратын жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өсіру технологиясын жасау; техногенді ластанған және сортаң жерлерде топырақ құнарлылығын арттыру жүйесін енгізу арқылы экол. таза өнім алу; механикаландыру құралдарын, өсімдіктерді қорғау жүйелері мен суғару және сапасы жоғары өнім алу үшін жеміс-жидек пен жүзімді өңдеу технологияларын жасау; био- және өсімдік препараттарын қолдана отырып, жемістердің ұзақ сақталу технологиясын жетілдіру. Ин-тта шекілдеуікті, сүйекті, жидекті дақылдар мен жүзімнің әлемдегі ірі коллекцияларының бірі (4 мыңға жуық сорт үлгілері) жиналған. Гибрид қоры 40 мыңға жуық. Ал жиналған гендік қоры негізінде осы дақылдардың 100-ден астам сорттары шығарылды. Дүние жүзінде алғаш рет сүректенген қалемшелерден телінушілерді өсірудің; жеміс-жидек дақылдарының вирус дарымайтын таза сорттарын («іn vіtro» биотехнол. әдісін пайдаланып) өндірудің; бағалы сорттар мен дақылдардың өнгіштік коэфф-н бірнеше есе көбейтудің және екпе ағаш өнімд-н 1,6–2,5 есеге арттырудың тиімді технологиясы жасалды. Жеміс пен жүзім өңдеудің технологиясы жетілдіріліп, шараптың кейбір айрықша түрлерін («Меруерт», «Ер-Су», «Керемет», т.б.) жасаудың ғыл.-тех. құжаттамасы даярланды. Инфрақызыл сәулені қолданудың негізінде, жемістерді кептірудің өнім сапасын едәуір жақсартатын (витаминдерін сақтау) технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді. ТМД елдерінің арасында алғаш рет ішіндегі ауаның газ құрамы реттеліп отыратын, жеміс сақтайтын қойма іске қосылды. Ин-ттың құрылуына және оның дамуына ғалымдар А.Жанғалиев, Ш.А.Хабибулин, т.б. үлкен үлес қосты.

Ұқсас материалдар