Қандастар Ассамблея

Хорезм Халық Кеңес Республикасы

05.12.2012 2779
Хорезм Халық Кеңес Республикасы — Орта Азияда азаматтық соғыс кезінде уақытша ұйымдастырылған «қуыршақ» мемлекет, азаматтық соғысында РКФСР-дің одақтасы еді, ал шынында РКФСР-дан тәуелді болған. 1920 жылы сәуір айының 27—30 жұлдыздарында Хиуада бірінші Бүкілхорезм халық өкілдерінің құрылтайы өтті. Оның шешімі бойынша Хиуа хандығы жойылып, оның территориясында Хорезм Халық Кеңес Республикасы жарияланды. Осылай, Хиуаның орнына өлкенің тарихи атауын — Хорезмді қайтарған. Сол жылдың қыркүйек айында Хорезм Халық Кеңес Республикасы мен РКФСР арасында әскери, саяси және экономикалық ынтымақтастығы туралы келісіміне қол қойылған. Хорезм Халық Кеңес Республикасының жариялануы алдында, Джунаид ханды таққан құлатқаннан соң, 1920 жылы наурыз айында Хиуаға Куйбышев басқарған РКФСР Халық Комиссарларының Кеңесінің және Бүкілресей Орталық Атқару Комитетінің Түркістан комиссиясының өкілдері келеді. Олардың мақсаты — Хиуаны кеңес үкіметіне қарату. Сәуірдің 4-інде олардың ықыласымен Хорезм коммунисттерінің комитетін ұйымдастырды. Оның мүшелері біржолы Халық Нәзірлерінің Кеңесіне кірген еді. Халық Нәзірлерінің Кеңесі Хорезм Халық Кеңес Республикасында Халық Комиссарларының Кеңесінің рөлін атқарды. Сол хиуалық коммунисттердің талабымен Хорезм Халық Кеңес Республикасы ұйымдастырылды. Шынында бұл мемлекеттің құруы Мәскеуге пайдалы еді. Мамыр айының басында Бірінші Бүкілхорезм коммунисттердің құрылтайы өтті. Осылай Хорезм коммунисттік партиясы және оның орталық комитеті ұйымдастырылған еді. Партияның жетекшісі Ташкенттен келген Әлімжан Ақчурин болып кетті. Бұл оқиғадан кейін Хорезм Халық Кеңес Республикасы бұрын хандыққа қарсы шығып, большевиктерді қолдағандар үш топқа бөлініп, сол үш топ арасында билік үшін бәсекелік басталды. Бұл топтар — нағыз большевик коммунисттер, бұрын оларды қолдаған «жас хиуалықтар» (демократиялық өзгерістер және түркі тілдес халықтарының бірігіп дамуы идеясын қолдаған Хиуаның зиялылары, большевиктерше «буржуазиялық ұлтшылдар») және түрікмен тайпаларының жетекшілері. Хорезм компартиясы менен Халық Нәзірлерінің Кеңесінің шешімі бойынша, түрікмен тайпаларының басшылары және оларды қолдайтын адамдары Хиуадан қуылып, түрікмендер мекендейтін туған еліне қайтарылған еді. 1920 жылы қыркүйек айында Халық Нәзірлерінің Кеңесінің басшысы Палваннияз Юсупов пен оның орынбасары Жұманияз Сұлтанмұратов қанды қақтығыс бастады. Оның нәтижесінде бір кезде Халық Нәзірлерінің Кеңесінің басшысының орынбасары болған түрікмендердің Гочмамед хан деген сардар өлтірілген еді, жүзден астам түрікмен жетекшілер атылған еді. Осындай қақтығыстан кейін түрікмендердің көбі Хорезм Халық Кеңес Республикасының үкіметіне наразы болып, бұрыңғы жауларының — хандықты қолдайтындардың жағына кетті, неше түрлі баспашы, жанкешті діндарлардың, кәдімгі тоңаушылардың топтарына, бандыларына, әскерлеріне аттанып, коммунисттерге қарсы күрес бастады. 1920—1921 жылының қыс айларында Қызыл әскерінің күшімен көтеріліс басылған еді. Юсупов та, Сұлтанмұратов та «жас хиуалықтар» еді, соңдықтан большевик коммунисттер қақтығысының кінәсі «жас хиуалықтарында» деп, 1921 жылы наурыздың 4—5 жұлдыздарында жұртты көшелерге шығарып, заңды митинг орналастырып, «жас хиуалықтардың» үкіметің құлатты. Осылайша, большевиктер «жас хиуалықтардың» қолымен түрікмен басшыларын жойып, кейін өздерін биліктен шығартқан еді. 1921 жылы «жас хиуалықтардың» қуғын-сүргіні басталды. Келесі екі жылда, Хорезм Халық Кеңес Республикасында төңкерістен кейінгі өзгерістері басталды. Бірінші жағынан байлардың жерлері шаруаларға берілген еді. Жұрт оны қолдаған. Екінші жағынан халық дәстүрлеріне, діни құндықтарына күрес басталды. Жұрт оған өз наразылығын білдіріп, үкіметке қарсы шыққан. Осындай жағдайда жұрт төңкерісшілермен күресетін баспашылардың топтарына көмек жасаған. 1923 жылы қазан айында Бүкілхорезм Кеңестердің съезінің шешімі бойынша Хорезм Халық Кеңес Республикасының атауы Хорезм Халық Социалистік Республикасына өзгертілген еді. Ал 1924—1925 жылында Хорезм Халық Социалистік Республикасы жойылып, оның территориясы Өзбек пен Түрікмен КСР-лардың және сол кезде Қазақ АКСР-іне қараған Қарақақалпақ аутономиялық облысының құрамына кірген.  

Хорезм Халық Кеңес Республикасы — Орта Азияда азаматтық соғыс кезінде уақытша ұйымдастырылған «қуыршақ» мемлекет, азаматтық соғысында РКФСР-дің одақтасы еді, ал шынында РКФСР-дан тәуелді болған.

1920 жылы сәуір айының 27—30 жұлдыздарында Хиуада бірінші Бүкілхорезм халық өкілдерінің құрылтайы өтті. Оның шешімі бойынша Хиуа хандығы жойылып, оның территориясында Хорезм Халық Кеңес Республикасы жарияланды. Осылай, Хиуаның орнына өлкенің тарихи атауын — Хорезмді қайтарған. Сол жылдың қыркүйек айында Хорезм Халық Кеңес Республикасы мен РКФСР арасында әскери, саяси және экономикалық ынтымақтастығы туралы келісіміне қол қойылған.

Хорезм Халық Кеңес Республикасының жариялануы алдында, Джунаид ханды таққан құлатқаннан соң, 1920 жылы наурыз айында Хиуаға Куйбышев басқарған РКФСР Халық Комиссарларының Кеңесінің және Бүкілресей Орталық Атқару Комитетінің Түркістан комиссиясының өкілдері келеді. Олардың мақсаты — Хиуаны кеңес үкіметіне қарату.
Сәуірдің 4-інде олардың ықыласымен Хорезм коммунисттерінің комитетін ұйымдастырды. Оның мүшелері біржолы Халық Нәзірлерінің Кеңесіне кірген еді. Халық Нәзірлерінің Кеңесі Хорезм Халық Кеңес Республикасында Халық Комиссарларының Кеңесінің рөлін атқарды. Сол хиуалық коммунисттердің талабымен Хорезм Халық Кеңес Республикасы ұйымдастырылды. Шынында бұл мемлекеттің құруы Мәскеуге пайдалы еді. Мамыр айының басында Бірінші Бүкілхорезм коммунисттердің құрылтайы өтті. Осылай Хорезм коммунисттік партиясы және оның орталық комитеті ұйымдастырылған еді. Партияның жетекшісі Ташкенттен келген Әлімжан Ақчурин болып кетті.

Бұл оқиғадан кейін Хорезм Халық Кеңес Республикасы бұрын хандыққа қарсы шығып, большевиктерді қолдағандар үш топқа бөлініп, сол үш топ арасында билік үшін бәсекелік басталды. Бұл топтар — нағыз большевик коммунисттер, бұрын оларды қолдаған «жас хиуалықтар» (демократиялық өзгерістер және түркі тілдес халықтарының бірігіп дамуы идеясын қолдаған Хиуаның зиялылары, большевиктерше «буржуазиялық ұлтшылдар») және түрікмен тайпаларының жетекшілері. Хорезм компартиясы менен Халық Нәзірлерінің Кеңесінің шешімі бойынша, түрікмен тайпаларының басшылары және оларды қолдайтын адамдары Хиуадан қуылып, түрікмендер мекендейтін туған еліне қайтарылған еді.

1920 жылы қыркүйек айында Халық Нәзірлерінің Кеңесінің басшысы Палваннияз Юсупов пен оның орынбасары Жұманияз Сұлтанмұратов қанды қақтығыс бастады. Оның нәтижесінде бір кезде Халық Нәзірлерінің Кеңесінің басшысының орынбасары болған түрікмендердің Гочмамед хан деген сардар өлтірілген еді, жүзден астам түрікмен жетекшілер атылған еді. Осындай қақтығыстан кейін түрікмендердің көбі Хорезм Халық Кеңес Республикасының үкіметіне наразы болып, бұрыңғы жауларының — хандықты қолдайтындардың жағына кетті, неше түрлі баспашы, жанкешті діндарлардың, кәдімгі тоңаушылардың топтарына, бандыларына, әскерлеріне аттанып, коммунисттерге қарсы күрес бастады.

1920—1921 жылының қыс айларында Қызыл әскерінің күшімен көтеріліс басылған еді. Юсупов та, Сұлтанмұратов та «жас хиуалықтар» еді, соңдықтан большевик коммунисттер қақтығысының кінәсі «жас хиуалықтарында» деп, 1921 жылы наурыздың 4—5 жұлдыздарында жұртты көшелерге шығарып, заңды митинг орналастырып, «жас хиуалықтардың» үкіметің құлатты. Осылайша, большевиктер «жас хиуалықтардың» қолымен түрікмен басшыларын жойып, кейін өздерін биліктен шығартқан еді. 1921 жылы «жас хиуалықтардың» қуғын-сүргіні басталды.

Келесі екі жылда, Хорезм Халық Кеңес Республикасында төңкерістен кейінгі өзгерістері басталды. Бірінші жағынан байлардың жерлері шаруаларға берілген еді. Жұрт оны қолдаған. Екінші жағынан халық дәстүрлеріне, діни құндықтарына күрес басталды. Жұрт оған өз наразылығын білдіріп, үкіметке қарсы шыққан. Осындай жағдайда жұрт төңкерісшілермен күресетін баспашылардың топтарына көмек жасаған.

1923 жылы қазан айында Бүкілхорезм Кеңестердің съезінің шешімі бойынша Хорезм Халық Кеңес Республикасының атауы Хорезм Халық Социалистік Республикасына өзгертілген еді.
Ал 1924—1925 жылында Хорезм Халық Социалистік Республикасы жойылып, оның территориясы Өзбек пен Түрікмен КСР-лардың және сол кезде Қазақ АКСР-іне қараған Қарақақалпақ аутономиялық облысының құрамына кірген.
 

Ұқсас материалдар