Қандастар Ассамблея

ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ

05.12.2012 13682
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ – көркем әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарында, ғыл. салалары мен іс қағаздарында қолданылатын жалпыхалықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Қ. ә. т-нің тарихын зерттеушілер бастапқы кезде әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп түсінді. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке, әдетте, жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер тәжірибесі негіз болды. Зерттеушілердің кейбірі тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ қасиетінен іздеді. Мұндай көзқарасты ұстанушылар Қ. ә. т. халықтың поэтикалық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазба әдебиетке дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілер Қ. ә. т-нің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен байланыста қарайды (Қ.Жұмалиев, М.Балақаев). Зерттеушілердің енді бір тобы Қ. ә. т-нің тарихын 19-ғ-дың 2-жартысынан, алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларымен ұштастырады (Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, т.б.). Ғалым Р.Сыздықова 15–18 ғ-лардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, олардың шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері ретінде таниды. Сөйтіп, бұл кезеңде қызмет еткен тілді жазба дәуірге дейінгі Қ. ә. т. деп атайды. Қ. ә. т-нің бастау алған кезеңдерін анықтау алдымен қазақтың төл әдебиетінің (көркем әдебиетінің) алғашқы нұсқаларымен тығыз байланысты. Бұл ретте қазақ көркем әдебиетінің алғашқы үлгілері (Орхон-Енисей, Талас жазбалары (5–8 ғ-лар), «Құтадғу білік» (11 ғ.), «Мұхаббатнама» (14 ғ.), М.Қашқари, «Диуани лұғат-ит-түрк» (11 ғ.), «Кодекс куманикус» (13 ғ.), «Оғызнаме» (14 ғ.) Қ. ә. т-нің бастау алған арнасы болып саналады. Қазақ халқының өз алдына ел болып қалыптасу кезеңіндегі шағатай немесе ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтеуде үлкен рөл атқарды. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Қазақ қауымында қолданылған жазба әдеби тіл көптеген зерттеулерде кітаби тіл, кейбір зерттеулерде ескі қазақ әдеби тілі деп аталады. Аталған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын бірте-бірте қазақыланып, 19 ғ-дың аяғына таман жалпы халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті. Мұсылманша оқыған кейбір ақындар да өз шығармаларында жалпы халықтық лексикалық қорды пайдалана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты. Бірақ Қазан төңкерісінен кейін жалпы халықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл белгілерін бірте-бірте мүлдем ығыстырып шығарды. Қ. ә. т-нің тарихын зерттеушілер тарапынан да 15–18 ғ-лардағы ақын-жыраулар шығармаларының тілін Қ. ә. т-нің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алып, қазіргі оның қалыптасуы 15 ғ-дан басталады деген нақты тұжырым жасалды. Ол кезде (15 ғ.) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығының құрылуы Қ. ә. т-нің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері – жыраулар мен ақындар халық қолданатын тілдік жүйелерді, сөз асылдарын шығармаларына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдебиеті тіл нормаларын қалыптастырды. 15–18 ғ-ларда ауыз әдебиетінің құрылымық жүйесінде тағы бір тармақтың – публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет еткендегі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз, толғауларында мақал-мәтелдер, қанатты сөз толғамдары мен фразеол. тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншалықты дәрежеде игеруі, олардың жаңа сапада жұмсалуы, бөгде тіл белгілерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болды. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі қазақ тіл білімінде Қ. ә. т-нің тарихы төрт кезеңге бөліп қарастырылады. Олар: 1) 15–17 ғ-лар аралығы. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, т.б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөздер немесе билер сөздері осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері ретінде танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексикалық-граммат. ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мыс., Шалкиіздің «сындыра арқа»,«сырт соқпақ», «түнде жүріп түлкі өтер» сияқты сөз тіркестері мен «сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап» тәрізді шыншылдық суреттерді айтуға болады. Сол сияқты астана жұрт, қом су, алаң жұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. 15–17 ғ-лардағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпы халықтық тіл есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шайид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғаны байқалады, бірақ олардың саны, әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда, тым аз. Сол тұстағы граммат. норма мысалы ретінде шығыс септігінің «-дың/-дің» ретінде келуін («Бұл кеткендің қайтпассың»), ілік септігінің «-ым/-ім» тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы «-ғай/-гей» түрінде («қалға қабылан жау тигей ме?») берілуін, екінші жақ бұйрық райдың «-ғыл» түрінде ұшырауын келтіруге болады. 2) 18 ғ-дан 19 ғ-ға дейінгі аралық. Мұндағы әдеби тіл үлгілеріне Бұқар, Тәтіқара жыраулардың шығармалары жатады. Олардағы әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс-салтқа байланысты лексикалық топтар белсенді жұмсалады [«Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар» (Бұқар); «Көз болып қой-бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың» (Шал), т.б.]. Осы уақытта бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып өрісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау өріс алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы тілдерінен алынды. 3) 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың күнделікті өмірінде кең қолданыс тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері көбейді. Әдеби тіл функционалдық стильдерге тарамдала бастады. 19 ғ-дың 2-жартысы Қ. ә. т-нің даму бағытының айқындалу (көне жазба әдеби тіл негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдебиеті негізінде ме деген) кезеңі болды. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпы халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын арттырды. Ұлттық жазба тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапада дамуына жол салды. 4) Қазан төңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналып, қоғамның барлық салаларына тегіс қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет, қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақталуына, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдында (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада, т.б.) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматикасы жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Қазіргі дәуірде әдеби тіл адамдардың тарихи қалыптасқан әлеум. ұжымдары қызметінің негізгі салаларындағы қарым-қатынас қажетін толық өтейді. Осыған сай қазіргі жетілген ұлттық жазба Қ. ә. т. төрт-бес әдеби стильге бөлінеді. Олар: көркем әдебиет стилі, публицистика немесе газет-журнал стилі, ғыл. әдебиет стилі, ресми іс қағаздары стилі. Әдеб.: Аманжолов С., Қазақтың әдеби тілі, А., 1949; Жұбанов Қ., Қазақ тілі бойынша зерттеулер, А., 1966; Сыздықова Р., 18–19 ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1984; Исаев С., Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1989.  

ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ – көркем әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарында, ғыл. салалары мен іс қағаздарында қолданылатын жалпыхалықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Қ. ә. т-нің тарихын зерттеушілер бастапқы кезде әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп түсінді. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке, әдетте, жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер тәжірибесі негіз болды. Зерттеушілердің кейбірі тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ қасиетінен іздеді. Мұндай көзқарасты ұстанушылар Қ. ә. т. халықтың поэтикалық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазба әдебиетке дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Кейбір зерттеушілер Қ. ә. т-нің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен байланыста қарайды (Қ.Жұмалиев, М.Балақаев). Зерттеушілердің енді бір тобы Қ. ә. т-нің тарихын 19-ғ-дың 2-жартысынан, алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларымен ұштастырады (Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, т.б.). Ғалым Р.Сыздықова 15–18 ғ-лардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, олардың шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері ретінде таниды. Сөйтіп, бұл кезеңде қызмет еткен тілді жазба дәуірге дейінгі Қ. ә. т. деп атайды. Қ. ә. т-нің бастау алған кезеңдерін анықтау алдымен қазақтың төл әдебиетінің (көркем әдебиетінің) алғашқы нұсқаларымен тығыз байланысты. Бұл ретте қазақ көркем әдебиетінің алғашқы үлгілері (Орхон-Енисей, Талас жазбалары (5–8 ғ-лар), «Құтадғу білік» (11 ғ.), «Мұхаббатнама» (14 ғ.), М.Қашқари, «Диуани лұғат-ит-түрк» (11 ғ.), «Кодекс куманикус» (13 ғ.), «Оғызнаме» (14 ғ.) Қ. ә. т-нің бастау алған арнасы болып саналады. Қазақ халқының өз алдына ел болып қалыптасу кезеңіндегі шағатай немесе ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтеуде үлкен рөл атқарды. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Қазақ қауымында қолданылған жазба әдеби тіл көптеген зерттеулерде кітаби тіл, кейбір зерттеулерде ескі қазақ әдеби тілі деп аталады. Аталған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын бірте-бірте қазақыланып, 19 ғ-дың аяғына таман жалпы халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті. Мұсылманша оқыған кейбір ақындар да өз шығармаларында жалпы халықтық лексикалық қорды пайдалана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты. Бірақ Қазан төңкерісінен кейін жалпы халықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл белгілерін бірте-бірте мүлдем ығыстырып шығарды. Қ. ә. т-нің тарихын зерттеушілер тарапынан да 15–18 ғ-лардағы ақын-жыраулар шығармаларының тілін Қ. ә. т-нің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алып, қазіргі оның қалыптасуы 15 ғ-дан басталады деген нақты тұжырым жасалды. Ол кезде (15 ғ.) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығының құрылуы Қ. ә. т-нің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері – жыраулар мен ақындар халық қолданатын тілдік жүйелерді, сөз асылдарын шығармаларына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдебиеті тіл нормаларын қалыптастырды. 15–18 ғ-ларда ауыз әдебиетінің құрылымық жүйесінде тағы бір тармақтың – публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет еткендегі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз, толғауларында мақал-мәтелдер, қанатты сөз толғамдары мен фразеол. тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншалықты дәрежеде игеруі, олардың жаңа сапада жұмсалуы, бөгде тіл белгілерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болды. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі қазақ тіл білімінде Қ. ә. т-нің тарихы төрт кезеңге бөліп қарастырылады. Олар: 1) 15–17 ғ-лар аралығы. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, т.б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөздер немесе билер сөздері осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері ретінде танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексикалық-граммат. ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мыс., Шалкиіздің «сындыра арқа»,«сырт соқпақ», «түнде жүріп түлкі өтер» сияқты сөз тіркестері мен «сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап» тәрізді шыншылдық суреттерді айтуға болады. Сол сияқты астана жұрт, қом су, алаң жұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. 15–17 ғ-лардағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпы халықтық тіл есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шайид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғаны байқалады, бірақ олардың саны, әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда, тым аз. Сол тұстағы граммат. норма мысалы ретінде шығыс септігінің «-дың/-дің» ретінде келуін («Бұл кеткендің қайтпассың»), ілік септігінің «-ым/-ім» тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы «-ғай/-гей» түрінде («қалға қабылан жау тигей ме?») берілуін, екінші жақ бұйрық райдың «-ғыл» түрінде ұшырауын келтіруге болады. 2) 18 ғ-дан 19 ғ-ға дейінгі аралық. Мұндағы әдеби тіл үлгілеріне Бұқар, Тәтіқара жыраулардың шығармалары жатады. Олардағы әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс-салтқа байланысты лексикалық топтар белсенді жұмсалады [«Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар» (Бұқар); «Көз болып қой-бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың» (Шал), т.б.]. Осы уақытта бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып өрісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау өріс алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы тілдерінен алынды. 3) 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың күнделікті өмірінде кең қолданыс тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері көбейді. Әдеби тіл функционалдық стильдерге тарамдала бастады. 19 ғ-дың 2-жартысы Қ. ә. т-нің даму бағытының айқындалу (көне жазба әдеби тіл негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдебиеті негізінде ме деген) кезеңі болды. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпы халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын арттырды. Ұлттық жазба тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапада дамуына жол салды. 4) Қазан төңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналып, қоғамның барлық салаларына тегіс қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет, қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақталуына, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдында (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада, т.б.) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматикасы жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Қазіргі дәуірде әдеби тіл адамдардың тарихи қалыптасқан әлеум. ұжымдары қызметінің негізгі салаларындағы қарым-қатынас қажетін толық өтейді. Осыған сай қазіргі жетілген ұлттық жазба Қ. ә. т. төрт-бес әдеби стильге бөлінеді. Олар: көркем әдебиет стилі, публицистика немесе газет-журнал стилі, ғыл. әдебиет стилі, ресми іс қағаздары стилі.
Әдеб.: Аманжолов С., Қазақтың әдеби тілі, А., 1949; Жұбанов Қ., Қазақ тілі бойынша зерттеулер, А., 1966; Сыздықова Р., 18–19 ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1984; Исаев С., Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1989.
 

Ұқсас материалдар