Қандастар Ассамблея

Қышқыл тау жыныстары

05.12.2012 3605
Қышқыл тау жыныстары – құрамында кремний оксиді 64%-дан жоғары болатын магмалық тау жыныстары. Олардың орташа хим. құрамы: SіO2 64 – 78%, кейбір ультрақышқыл түрлерінде 80 – 85%-ға, ал магмалық кварцолиттерде (силекситтерде) 85 – 100%-ға жетеді. Олар интрузия және эффузия процестерінің нәтижесінде қалыптасады. Интруз. І. т. ж-ының ішінде гранит, гранодиорит, аляскит, рапакиви, чарнокит, плагиогранит көп кездеседі. Эффуз. І. т. ж-ынан мол тарағандары липарит пен липариттік порфир, кварц порфирі мен кератофир, дацит пен дацит порфирі, фельзит пен жанартаулық шыныларға жататын обсидиан, пехштейн (қарамай тас), пемза (көпіршік тас), церлит. І. т. ж., негізінен, кварцтан, калийлі және калий-натрийлі дала шпаты мен плагиоклаздан (альбиттен андезинге дейін) тұрады. Фемалық минералдар аз мөлшерде (5 – 10%) кездеседі, кейбір түрлерінде ғана 15 – 20%-ға жетеді. Олар – биотит, амфибол, пироксен (сирек), т.б. І. т. ж-дың көпшілігінде кварц 20 – 40%, калишпат (ортоклаз, микроклин, санидин) 20 – 40%, плагиоклаз 20 – 50% болады. Онда кездесетін акцессор минералдар (апатит, сфен, магнетит, циркон, монацит, торит, малакон, ксенотим, пирохлор, турмалин, т.б.) сирек металды, радиобелсенді болып келеді. І. т. ж. – қызғылт сары, қызыл, күрең қызыл, кейде ашық сұр түсті. Интруз. І. т. ж. бірқалыпты ірі, порфир кейіптес, ал эффузия түріндегілері өте ұсақ түйірлі немесе шыны тәрізді аморфты массадан құралған. Эффуз. І. т. ж. күмбезді, тасқын, жамылғы, желі пішіндес, ал интруз. І. т. ж. батолит, лакколит, шток, желі тәріздес келеді. Барлығы да қалыпты, сілтілілеу және сілтілі қатарлар болып бөлінеді. Олардың арасында көбірек тарағаны қалыпты және сілтілі қатарлар. І. т. ж-дың жанартаулық шынылардан ғана тұратындары обсидиан, пемза, перлит түрлеріне бөлінеді. І. т. ж. қышқыл магманың кристалдануынан, терең жер қыртысындағы шөгінді жыныстардың балқуынан (палингенезінен), метасоматик. жолмен пайда болады. Олар әшекейлеу ісінде (рапакиви мен амазонитті гранит), құрылыс материалдары ретінде (пемза, т.б.) кеңінен пайдаланылады. А. Бекботаева  

Қышқыл тау жыныстары – құрамында кремний оксиді 64%-дан жоғары болатын магмалық тау жыныстары. Олардың орташа хим. құрамы: SіO2 64 – 78%, кейбір ультрақышқыл түрлерінде 80 – 85%-ға, ал магмалық кварцолиттерде (силекситтерде) 85 – 100%-ға жетеді. Олар интрузия және эффузия процестерінің нәтижесінде қалыптасады. Интруз. І. т. ж-ының ішінде гранит, гранодиорит, аляскит, рапакиви, чарнокит, плагиогранит көп кездеседі. Эффуз. І. т. ж-ынан мол тарағандары липарит пен липариттік порфир, кварц порфирі мен кератофир, дацит пен дацит порфирі, фельзит пен жанартаулық шыныларға жататын обсидиан, пехштейн (қарамай тас), пемза (көпіршік тас), церлит. І. т. ж., негізінен, кварцтан, калийлі және калий-натрийлі дала шпаты мен плагиоклаздан (альбиттен андезинге дейін) тұрады. Фемалық минералдар аз мөлшерде (5 – 10%) кездеседі, кейбір түрлерінде ғана 15 – 20%-ға жетеді. Олар – биотит, амфибол, пироксен (сирек), т.б. І. т. ж-дың көпшілігінде кварц 20 – 40%, калишпат (ортоклаз, микроклин, санидин) 20 – 40%, плагиоклаз 20 – 50% болады. Онда кездесетін акцессор минералдар (апатит, сфен, магнетит, циркон, монацит, торит, малакон, ксенотим, пирохлор, турмалин, т.б.) сирек металды, радиобелсенді болып келеді. І. т. ж. – қызғылт сары, қызыл, күрең қызыл, кейде ашық сұр түсті. Интруз. І. т. ж. бірқалыпты ірі, порфир кейіптес, ал эффузия түріндегілері өте ұсақ түйірлі немесе шыны тәрізді аморфты массадан құралған. Эффуз. І. т. ж. күмбезді, тасқын, жамылғы, желі пішіндес, ал интруз. І. т. ж. батолит, лакколит, шток, желі тәріздес келеді. Барлығы да қалыпты, сілтілілеу және сілтілі қатарлар болып бөлінеді. Олардың арасында көбірек тарағаны қалыпты және сілтілі қатарлар. І. т. ж-дың жанартаулық шынылардан ғана тұратындары обсидиан, пемза, перлит түрлеріне бөлінеді. І. т. ж. қышқыл магманың кристалдануынан, терең жер қыртысындағы шөгінді жыныстардың балқуынан (палингенезінен), метасоматик. жолмен пайда болады. Олар әшекейлеу ісінде (рапакиви мен амазонитті гранит), құрылыс материалдары ретінде (пемза, т.б.) кеңінен пайдаланылады.

А. Бекботаева

 

Ұқсас материалдар