Қандастар Ассамблея

Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

05.12.2012 60973
  Ернар Мәжәнов Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ       Дүниеге адам боп келгеннен кейін, барша нәрселерден артық екендігіміз  белгілі. Оны  бәріміз  жақсы білеміз.Аллаһ тағала адам баласын өзіне құлшылық  ету  үшін  жаратып,оған ақыл-ой  және білім беріп, бүкіл  мақұлықтардан жоғары қойды. Жәннаттағы  Адам  атамыздың періштелерден артықшылығы олардың  білмеген  нәрселердің атауын  білуінде еді.Дүниеге  бірдей,яғни, тең дәрежеде  ақыл-ой, оқу-білім тұрғысынан  озамыз.Абай атамыздың  «Адам баласы бір-бірінен ақыл-ой, оқу-білім және  парасатпен озады.Басқасымен  оздым  деу ақымақшылық», дегенін көп  нәрсені  аңғарар  едік.Енді сол артықшылықтың  бірі болған оқу білімге өзімізше  тоқтала  кетсек.    Оқу-білім  адамзатқа үйретілген және  берілген  үлкен нығмет. Қасиетті Құран Кәрім кітабымызда  ең  әуелі  аят  «иқра», яғни, «оқы»  деп түсті.басқа көптеген адамға өте  керекті  әмірлер болғанына  қарамастан, осы «оқы» деген әмірді бірінші  беруі  тегін  емес.     Біздердің  оқу арқылы  көзіміз  ашылып, көкірегіміз  оянады.Өмірдегі, дүниеге  деген көзқарасымыз  дұрыс және  ауқымды  болып  қалыптасады.Осы  оқу арқылы  ең бірінші  Жаратушымызды танимыз.Ыбырай  атамыз  мұны  былай  айтып  кеткен:    Оқу білген  таниды,      Бір жаратқан Құдайды.    Танымаған Құдайды,      Неғылғанда ұнайды.    Онымен қоса  адамдарды  тани  отырып, олармен қарым-қатынасымызды  түзелтеміз.және де  көптеген  заттар мен құбылыстардың  сырын  ашып, құпиясын  ұғына  түсеміз.Өмірде  өзіміздің тұрмыстық  жағдайымызға пайдаландырамыз.    Кісі  өмірдегі істерінен және қателіктерінен тәжірибе  жинап  көрген, білгені  арқылы шыңдалады.Ал, көптеген оқиға  мен жағдайлар  бір адамның ғана басына  өтуі мүмкін емес.Демек, біздер  өзіміздің ғасырлар  бойы  жазылған небір  данышпан, данагөй, ғұлама ғалымдардың кітаптарымен  танысып, көптеген мағлұматтар  аламыз.    Өзіміздің дініміз  бен тілімізді, оған  қоса салт-дәстүрімізді  біліммен тікелей   байланысты.Әлемдегі  неше түрлі  қызықты  жаңалықтар  мен құбылыстарды  дер  кезінде  оқып  біліп отыру  қандай  тамаша нәрсе. Бүгінгі  мынау  қарбалас, тасқын  сияқты  ағып  жатқан   күреске  толы, қиын  да  қызықты  өмірде  оқуды  жақсы  көріп  онымен тікелей  байланыста  болмасақ  бекер.     Адам  болмасына қажетті  және  өмір сүруге  керекті нәрселерді  оқып, білуге болады  десек артық  айтпаған  болар едік.Оқумен білім  туралы Құран Кәрімде Аллаһ  тағаланың: «Әй, Пайғамбарым! Сен айт: «Білгендер  мен білмегендер  тең  бола  ма?» (Зүмәр  сүресі,9) дегені мен  Пайғамбарымыздың «Тал  бесіктен, жер бесікке дейін білім  алыңдар» дегені сөзіміздің  дәлелі  айғағы.  

 

Ернар Мәжәнов
Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
      Дүниеге адам боп келгеннен кейін, барша нәрселерден артық екендігіміз  белгілі. Оны  бәріміз  жақсы білеміз.Аллаһ тағала адам баласын өзіне құлшылық  ету  үшін  жаратып,оған ақыл-ой  және білім беріп, бүкіл  мақұлықтардан жоғары қойды. Жәннаттағы  Адам  атамыздың періштелерден артықшылығы олардың  білмеген  нәрселердің атауын  білуінде еді.Дүниеге  бірдей,яғни, тең дәрежеде  ақыл-ой, оқу-білім тұрғысынан  озамыз.Абай атамыздың  «Адам баласы бір-бірінен ақыл-ой, оқу-білім және  парасатпен озады.Басқасымен  оздым  деу ақымақшылық», дегенін көп  нәрсені  аңғарар  едік.Енді сол артықшылықтың  бірі болған оқу білімге өзімізше  тоқтала  кетсек.
   Оқу-білім  адамзатқа үйретілген және  берілген  үлкен нығмет. Қасиетті Құран Кәрім кітабымызда  ең  әуелі  аят  «иқра», яғни, «оқы»  деп түсті.басқа көптеген адамға өте  керекті  әмірлер болғанына  қарамастан, осы «оқы» деген әмірді бірінші  беруі  тегін  емес.
    Біздердің  оқу арқылы  көзіміз  ашылып, көкірегіміз  оянады.Өмірдегі, дүниеге  деген көзқарасымыз  дұрыс және  ауқымды  болып  қалыптасады.Осы  оқу арқылы  ең бірінші  Жаратушымызды танимыз.Ыбырай  атамыз  мұны  былай  айтып  кеткен:
   Оқу білген  таниды,  
   Бір жаратқан Құдайды.
   Танымаған Құдайды, 
    Неғылғанда ұнайды.
   Онымен қоса  адамдарды  тани  отырып, олармен қарым-қатынасымызды  түзелтеміз.және де  көптеген  заттар мен құбылыстардың  сырын  ашып, құпиясын  ұғына  түсеміз.Өмірде  өзіміздің тұрмыстық  жағдайымызға пайдаландырамыз.
   Кісі  өмірдегі істерінен және қателіктерінен тәжірибе  жинап  көрген, білгені  арқылы шыңдалады.Ал, көптеген оқиға  мен жағдайлар  бір адамның ғана басына  өтуі мүмкін емес.Демек, біздер  өзіміздің ғасырлар  бойы  жазылған небір  данышпан, данагөй, ғұлама ғалымдардың кітаптарымен  танысып, көптеген мағлұматтар  аламыз.
   Өзіміздің дініміз  бен тілімізді, оған  қоса салт-дәстүрімізді  біліммен тікелей   байланысты.Әлемдегі  неше түрлі  қызықты  жаңалықтар  мен құбылыстарды  дер  кезінде  оқып  біліп отыру  қандай  тамаша нәрсе. Бүгінгі  мынау  қарбалас, тасқын  сияқты  ағып  жатқан   күреске  толы, қиын  да  қызықты  өмірде  оқуды  жақсы  көріп  онымен тікелей  байланыста  болмасақ  бекер.
    Адам  болмасына қажетті  және  өмір сүруге  керекті нәрселерді  оқып, білуге болады  десек артық  айтпаған  болар едік.Оқумен білім  туралы Құран Кәрімде Аллаһ  тағаланың: «Әй, Пайғамбарым! Сен айт: «Білгендер  мен білмегендер  тең  бола  ма?» (Зүмәр  сүресі,9) дегені мен  Пайғамбарымыздың «Тал  бесіктен, жер бесікке дейін білім  алыңдар» дегені сөзіміздің  дәлелі  айғағы.
 

Ұқсас материалдар