Қандастар Ассамблея

Жақсыз сөйлемдер

05.12.2012 29666
    Сөйлемнің грамматикалық бір белгісі құрамында жақтық форманың болуынан көрінетіні ілгеріде айтылды. Жактық мағына, жақтык форма бастауыштық лек-сикалық болмысынан, баяндауыштың жақтык формасынан көрінеді. Жактық мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады. Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялык қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар — жақсыз сөйлемдер. Жаксыз сөйлемдерде жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды. Жаксыз сөйлемдердін құрамында жақтық мағынаға ие мүше — бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты жаққа (бірінші, екінші, үшінші жаққа) катысты болып көрінбейді. Жақсыз сөйлемдер бір негізге мүше —баяндауышка сүйеніп кұрылатын болғандықтан, олар бір негізді сөйлемдер тобына енеді. Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін — баяндауыштар. Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар. Бұл баяндауыштар былай жасалады. 1.          Барыс септіктегі тұйық рай етістік+бол(ды (бол- майды)— келуге болады (болмайды). Бұл алқаптың шөбін шабуға болады. 2.          Барыс септігі тұйык, рай етістік+тура келеді'— баруға тура келеді (келді). Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келді.   3.          Болымсыз шартты рай етістік+болмайды— кел- месе болмайды. Арнайы барып көрмесе болмайды. Сақтық жасамаса болмайды. Иен қыстауда неше қонарым беймәлім (О. Бөкеев). 4.          Тұйық рай   етістік+керек — көру керек.   Мәсе- лені басы қасына барып шешу керек. Оған бірнеше сүң- гу керек (С. Мұқанов). 5.              -пақ тұлғалы есімше+керек— айтпақ керек. Не болса да барып көрмек керек. 6.          '-ар, -ер тұлғалы есішше--ма(ме)-{-еді'— көрер ме еді. Сол әсем өлкені көрер ме еді! 7.              'шартты рай етістік+болар еді— көрсе болар еді. Жоңышқаны уақыт өткізбей шапса болар еді. 8.          -ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз тү- рі)+болар'— айтар болар, айтпас болар. Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар. Ерте шақырған әтештің мойнын жұлар болар. 9.          Болымсыз есімше-|-барыс жалғау түрінде жаса- лады — айтпасқа. Бұл баяндауышпен қатар сөйлемге неге деген сұраулық есімдік қатысады. Құс екеш құс та, көктем туып, ескі ұясына оралғанда, жақ жаппай сайрап, шаттығып шертеді... Ал оған қарағанда мен адам емеспін бе! Ендеше неге маған шалқьшасқа, шаттанбасқа! (Ә. Нұршайықов). 10.         Шартты рай етістіктен жасалған баяндауыш та жақсыз сөйлем ұйымдастыруға қатысады. Көгеріп қалған бөктерден, Көпсітіп жылкы айдаса! (М. Мақатаев). 11.         Өткен шақ көсемше-{-болмайды түрінде жасала- ды — барып болмайды. Ауылдары, малдары, күркелері де қасылып, бір ауылдан бір ауылды айырып болмайды (М. Әуезов). 12.         Ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баяндауыштар мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады. Көре-көре көсем боласың, Сөйлей-сөйлей шешен боласың. 13. Екінші жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады. Аға тұрып, іні сөйлегеннен без. Жақсыз сөйлемдердің жасалуында негізінен екі амал байқалып тұр. Арнаулы баяндауыштық формалар жасап, солар- ды қатыстырып жақсыз сөйлем құру. Жақты сөйлемдердің бастауышын түсіріп, баян- дауыштардың нақты  жақтық формасын әлсірету ар- қылы. Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын орындау үшін қалыптаскан. Бұл сөйлемдер мынандай қызмет атқарады. Тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге катыс- сыз (жаққа катыссыз) жалпылай айту үшін жұмсалады (неге айтпасқа, көрер ме еді т. т.). Болмыстағы бір жағдайды   (ситуацияны)   қоры- тынды тұжырым ретінде айту үшін жұмсалады (көтеру- ге болады (болмайды), сөйлеу керек т. т.). Жақсыз сөйлемдерге, сөйлеу мақсаты кажет еткенде, субъектіні білдіретін сөз қатыса алады. Бұл сөзді қатыстырудың екі жолы бар. 1.          Субъектіні білдіретін сөз барыс септік формада тұрып қатысады: маған айтуға болады, саған келу ке- рек т. т. Сендердің сындарыңа толу үшін маған қайта туу керек қой (Қ. Жұмаділов). Субъектіні білдіретін  сөз  ілік септік  формасын алып қатысады: менің келуіме болады, сенің айтуыңа тура келді т. т. Ілік септіктегі сөз матасудың компанен- ті болған соң, баяндауыштың құрамындағы негізгі сөз тәуелдік жалғауын кабылдайды. Қонаққа барғасын сөй- леу керек жұртпен, сенің айтқың келмейтін сөзді айтуың керек, сұрағың келмеген сұрақты сұрауың керек (Ә. Тарази).    

 

 

Сөйлемнің грамматикалық бір белгісі құрамында жақтық форманың болуынан көрінетіні ілгеріде айтылды. Жактық мағына, жақтык форма бастауыштық лек-сикалық болмысынан, баяндауыштың жақтык формасынан көрінеді. Жактық мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады.

Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялык қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар — жақсыз сөйлемдер. Жаксыз сөйлемдерде жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды. Жаксыз сөйлемдердін құрамында жақтық мағынаға ие мүше — бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты жаққа (бірінші, екінші, үшінші жаққа) катысты болып көрінбейді. Жақсыз сөйлемдер бір негізге мүше —баяндауышка сүйеніп кұрылатын болғандықтан, олар бір негізді сөйлемдер тобына енеді.

Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін — баяндауыштар. Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар. Бұл баяндауыштар былай жасалады.

1.          Барыс септіктегі тұйық рай етістік+бол(ды (бол-
майды)келуге болады (болмайды).

Бұл алқаптың шөбін шабуға болады.

2.          Барыс септігі тұйык, рай етістік+тура келеді'
баруға тура келеді (келді).

Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келді.

 

3.          Болымсыз шартты рай етістік+болмайдыкел-
месе болмайды.

Арнайы барып көрмесе болмайды. Сақтық жасамаса болмайды. Иен қыстауда неше қонарым беймәлім (О. Бөкеев).

4.          Тұйық рай   етістік+керек көру керек.   Мәсе-
лені басы қасына барып шешу керек. Оған бірнеше сү
ң-
гу керек
(С. Мұқанов).

5.              -пақ тұлғалы есімше+керек— айтпақ керек.
Не болса да барып көрмек керек.

6.          '-ар, -ер тұлғалы есішше--ма(ме)-{-еді'— көрер ме
еді.

Сол әсем өлкені көрер ме еді!

7.              'шартты рай етістік+болар едікөрсе болар еді.
Жоңышқаны уақыт өткізбей шапса болар еді.

8.          -ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз тү-
рі)+болар'— айтар болар, айтпас болар.

Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар. Ерте шақырған әтештің мойнын жұлар болар.

9.          Болымсыз есімше-|-барыс жалғау түрінде жаса-
лады — айтпасқа.

Бұл баяндауышпен қатар сөйлемге неге деген сұраулық есімдік қатысады. Құс екеш құс та, көктем туып, ескі ұясына оралғанда, жақ жаппай сайрап, шаттығып шертеді... Ал оған қарағанда мен адам емеспін бе! Ендеше неге маған шалқьшасқа, шаттанбасқа! (Ә. Нұршайықов).

10.         Шартты рай етістіктен жасалған баяндауыш та
жақсыз сөйлем ұйымдастыруға қатысады.

Көгеріп қалған бөктерден,

Көпсітіп жылкы айдаса!

(М. Мақатаев).

11.         Өткен шақ көсемше-{-болмайды түрінде жасала-
ды — барып болмайды.

Ауылдары, малдары, күркелері де қасылып, бір ауылдан бір ауылды айырып болмайды (М. Әуезов).

12.         Ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған
баяндауыштар мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып,
жақсыз сөйлем ұйымдастырады.

Көре-көре көсем боласың, Сөйлей-сөйлей шешен боласың.

13. Екінші жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады.

Аға тұрып, іні сөйлегеннен без.

Жақсыз сөйлемдердің жасалуында негізінен екі амал байқалып тұр.

  1. Арнаулы баяндауыштық формалар жасап, солар-
    ды қатыстырып жақсыз сөйлем құру.
  2. Жақты сөйлемдердің бастауышын түсіріп, баян-
    дауыштардың нақты  жақтық формасын әлсірету ар-
    қылы.

Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын орындау үшін қалыптаскан. Бұл сөйлемдер мынандай қызмет атқарады.

  1. Тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге катыс-
    сыз (жаққа катыссыз) жалпылай айту үшін жұмсалады
    (неге айтпасқа, көрер ме еді т. т.).
  2. Болмыстағы бір жағдайды   (ситуацияны)   қоры-
    тынды тұжырым ретінде айту үшін жұмсалады (көтеру-
    ге болады (болмайды), сөйлеу керек
    т. т.).

Жақсыз сөйлемдерге, сөйлеу мақсаты кажет еткенде, субъектіні білдіретін сөз қатыса алады. Бұл сөзді қатыстырудың екі жолы бар.

1.          Субъектіні білдіретін сөз барыс септік формада
тұрып қатысады: маған айтуға болады, саған келу ке-
рек
т. т.

Сендердің сындарыңа толу үшін маған қайта туу керек қой (Қ. Жұмаділов).

  1. Субъектіні білдіретін  сөз  ілік септік  формасын
    алып қатысады: менің келуіме болады, сенің айтуыңа
    тура келді т. т. Ілік септіктегі сөз матасудың компанен-
    ті болған соң, баяндауыштың құрамындағы негізгі сөз
    тәуелдік жалғауын кабылдайды. Қонаққа барғасын сөй-
    леу керек жұртпен, сенің айтқың келмейтін сөзді айтуың
    керек, с
    ұрағың келмеген сұрақты сұрауың керек (Ә. Тарази).