Қандастар Ассамблея

Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі

05.12.2012 5877
Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі – қытай үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Оған дүнгендер, ұйғырлар, қазақтар, т.б. мұсылман халықтары қатысты. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап Шыңжаңда Цинь империясының билігі орнаған еді. Бұл өлкедегі қытайдың жергілікті әкімш. жүйесінің ұзақ жылдар бойғы шектен шыққан қанауына шыдамы таусылған халық 19 ғ-дың 1-ширегінде бас көтере бастады. Қашқарда Зия ад Дин (1815) және қожа Жаїангер (1826 – 27) бастаған ірі халық көтерілістері болды. 1847 – 57 ж. бірнеше халық көтерілістері бой көрсетті. Бірақ бұл көтерілістердің барлығын қытай әскері аяусыз басып отырды. Цинь империясына қарсы бүкіл аймақтық көтеріліс 1864 ж. басталды. Кучар қ-да, Шэньси мен Ганьсу провинцияларында дүнгендер көтерілді. Бұл топқа ұйғырлар келіп қосылды. Көп ұзамай көтерілісшілер қаланы өз қолдарына алып, дүнгендер мен ұйғырлар келісе отырып, Кучардың билігіне Рашид-ад-Дин қожаны отырғызды. Ол билікте Хан қожа деген атпен белгілі болды. Мұсылман көтерілісшілерінің қысымымен 1865 жылға қарай Цинь империясы бүкіл Үрімжі окр-ндегі билігінен айрылды. Көтеріліс Жаркент, Хотан, Тұрфан, т.б. қалаларды шарпып, бүкіл аймаққа тарала бастады. Шыңжаңдағы Цинь билігіне орасан зор қауіп төнді. Көтеріліс жасауға бастамашы болған дүнгендер мен ұйғырларды қазақтар мен қырғыздар да қолдады. Көтерілістің бүкіл аймаққа өршуі нәтижесінде Шыңжаң аумағында Цинь билігінен азат болған дербес бес мұсылман мемлекеті – Кучар, Хотан және Қашқар ұйғыр сұлтандықтары, Жоңғарияда дүнген хандығы және Құлжада Тараншы сұлтандығы құрылды. Біріне-бірі тәуелсіз бұл хандықтар өз аумақтарын кеңейту үшін күрес жүргізді. 1867 ж. ұйғыр сұлтандықтары Бұзрұк қожа басшылығымен біртұтас мұсылман мемлекеті – Жетішаїарға бірікті. Сол жылы Бұзрұк қожаның әскери қолбасшыларының бірі, тегі қоқандық – Мұхаммед Якупбек (Жақыпбек) билікті өз қолына алды. Ол 1870 – 71 ж. Түркиямен, Англиямен тығыз байланыс орнатты. Дүнген хандығын өзіне қаратып алып, Ресейдің шекаралық иеліктеріне қауіп төндіре бастады. Бұл аймақтағы саяси жағдайларды өз мүдделері тұрғысынан шешуде Ресей мен Англияның өзара бәсекелестігі күшейді. 1871 ж. шекаралық аймаққа қауіп төндірді деген сылтаумен Ресей Қазақстанмен шекаралас Тараншы сұлтандығын басып алды. Цинь империясы Орт. Азиядағы стратег. маңызы бар Шыңжаңдағы билікті қалпына келтіру үшін күш салуға кірісті. 1873 – 74 ж. Шэньси, Ганьсу, Нинься провинцияларындағы көтерілістерді талқандады. 1876 ж. Жоңғарияны, Үрімжіні алды. 1877 ж. Қытай әскері Шығ. Түркістандағы Қашқар, Кучар, Хотан, Турфан қ-ларына кірді. 1878 ж. орыстардың қолындағы Іледен басқа бүкіл Шыңжаң жерінде Цинь өкіметінің билігі қалпына келтірілді. 1881 ж. Ресеймен жасалған екі жақты келісімдерден кейін Ілені қайтарып алды. Шыңжаңдағы мұсылмандар көтерілісін басқан соң бұл аймақта Қытай өкіметі мықты әрі берік тәртіп орнатып, оны билеп-төстеудің тиімді әдістерін іске асыруға кірісті. Әдеб.: Мұхаметханұлы Н., Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860 – 1920), А., 2000.  Алдабек Н., Тарихы талқыға толы Шыңжаң, А., 2003. Н. Мұхаметханұлы  

Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі – қытай үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Оған дүнгендер, ұйғырлар, қазақтар, т.б. мұсылман халықтары қатысты. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап Шыңжаңда Цинь империясының билігі орнаған еді. Бұл өлкедегі қытайдың жергілікті әкімш. жүйесінің ұзақ жылдар бойғы шектен шыққан қанауына шыдамы таусылған халық 19 ғ-дың 1-ширегінде бас көтере бастады. Қашқарда Зия ад Дин (1815) және қожа Жаїангер (1826 – 27) бастаған ірі халық көтерілістері болды. 1847 – 57 ж. бірнеше халық көтерілістері бой көрсетті. Бірақ бұл көтерілістердің барлығын қытай әскері аяусыз басып отырды. Цинь империясына қарсы бүкіл аймақтық көтеріліс 1864 ж. басталды. Кучар қ-да, Шэньси мен Ганьсу провинцияларында дүнгендер көтерілді. Бұл топқа ұйғырлар келіп қосылды. Көп ұзамай көтерілісшілер қаланы өз қолдарына алып, дүнгендер мен ұйғырлар келісе отырып, Кучардың билігіне Рашид-ад-Дин қожаны отырғызды. Ол билікте Хан қожа деген атпен белгілі болды. Мұсылман көтерілісшілерінің қысымымен 1865 жылға қарай Цинь империясы бүкіл Үрімжі окр-ндегі билігінен айрылды. Көтеріліс Жаркент, Хотан, Тұрфан, т.б. қалаларды шарпып, бүкіл аймаққа тарала бастады. Шыңжаңдағы Цинь билігіне орасан зор қауіп төнді. Көтеріліс жасауға бастамашы болған дүнгендер мен ұйғырларды қазақтар мен қырғыздар да қолдады. Көтерілістің бүкіл аймаққа өршуі нәтижесінде Шыңжаң аумағында Цинь билігінен азат болған дербес бес мұсылман мемлекеті – Кучар, Хотан және Қашқар ұйғыр сұлтандықтары, Жоңғарияда дүнген хандығы және Құлжада Тараншы сұлтандығы құрылды. Біріне-бірі тәуелсіз бұл хандықтар өз аумақтарын кеңейту үшін күрес жүргізді. 1867 ж. ұйғыр сұлтандықтары Бұзрұк қожа басшылығымен біртұтас мұсылман мемлекеті – Жетішаїарға бірікті. Сол жылы Бұзрұк қожаның әскери қолбасшыларының бірі, тегі қоқандық – Мұхаммед Якупбек (Жақыпбек) билікті өз қолына алды. Ол 1870 – 71 ж. Түркиямен, Англиямен тығыз байланыс орнатты. Дүнген хандығын өзіне қаратып алып, Ресейдің шекаралық иеліктеріне қауіп төндіре бастады. Бұл аймақтағы саяси жағдайларды өз мүдделері тұрғысынан шешуде Ресей мен Англияның өзара бәсекелестігі күшейді. 1871 ж. шекаралық аймаққа қауіп төндірді деген сылтаумен Ресей Қазақстанмен шекаралас Тараншы сұлтандығын басып алды. Цинь империясы Орт. Азиядағы стратег. маңызы бар Шыңжаңдағы билікті қалпына келтіру үшін күш салуға кірісті. 1873 – 74 ж. Шэньси, Ганьсу, Нинься провинцияларындағы көтерілістерді талқандады. 1876 ж. Жоңғарияны, Үрімжіні алды. 1877 ж. Қытай әскері Шығ. Түркістандағы Қашқар, Кучар, Хотан, Турфан қ-ларына кірді. 1878 ж. орыстардың қолындағы Іледен басқа бүкіл Шыңжаң жерінде Цинь өкіметінің билігі қалпына келтірілді. 1881 ж. Ресеймен жасалған екі жақты келісімдерден кейін Ілені қайтарып алды. Шыңжаңдағы мұсылмандар көтерілісін басқан соң бұл аймақта Қытай өкіметі мықты әрі берік тәртіп орнатып, оны билеп-төстеудің тиімді әдістерін іске асыруға кірісті.

Әдеб.: Мұхаметханұлы Н., Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860 – 1920), А., 2000.  Алдабек Н., Тарихы талқыға толы Шыңжаң, А., 2003.

Н. Мұхаметханұлы

 

Ұқсас материалдар