Қандастар Ассамблея

Жайық шебі

05.12.2012 3657
Жайық шебі Жайық шебі — Ресей империясының қазақ даласын отарлау үшін 1591 жылы Жайық казак әскерін жасақтауымен бірге құрылған әскери бекініс шебі. Жайық қазақ әскерлерінің этникалық құрамы әр түрлі болды. Алғашқыда (17 ғасыр) Еділден, Доннан, Теректен және басқа да батыс өңірлерден қашқан шаруалар Жайық бойына қоныстанды. Олардың құрамында христиан дінін қабылдаған қалмақтар, башқұрттар, сонымен қатар түркі, моңғол, иран тілдес халықтардың да өкілдері болды. Біртіндеп жайық шебі бекіністерінде қоныс тепкен казактар Ресей мемлекетінің қарулы қолшоқпарына айналды, күшейіп келе жатқан Мәскеу үкіметінің жаулап алу соғыстарына белсене қатысты. 1629 жылы Қырым жорығына, 1677 жылы Чичиринге, 1687 жылы башқұрттарға қарсы, 1684 — 85 жылдары тағы да Қырым хандығына қарсы, 1695 — 96 жыддары Азов жорығына белсене қатысты. 18 ғасарда жайық шебі бойында қоныстанған қарулы, әскери жүйеде қалыптасқан казактар Ресей мемлекетінің сойылын соғушы жазалаушы күшке айналды. 1708 жылы башқұрт халқының көтерілісін басуға, 1711 жылы Кубань ноғайларына, 1714 — 16 жылдары И.Д. Бухгольцтың, 1717 жылы князь Бекович — Черкасскийдің жорықтарына ат салысты. 1742 жылы императрица Елизавета Петровнаның Жайықтың оң жағына казактардың көшіп-қонуына, мал жаюына тыйым салуы жайық шебі казактарына қолайлы болды. Жүздеген жерсізденген казак жанұялары осы өзеннің екі жағасына бұрынғыдан да топтаса қоныстанып, жергілікті қазақтарды байырғы иелігінен ығыстыра бастады. 1783 — 97 жылдары Сырым Датов бастаған көтерілісті басуда жайық шебі казактары басты рөл атқарды. 1811 жылы 11 наурыздағы император Павел І жарлығынан кейін жайық шебі казактарының қазақтарға қысымы күшейді. Жайықтың бойындағы Магнитная, Сахарная, Мергеновская, Жайық қалашықтары қазақтардың өзеннің оң жағасына өтуіне тосқауыл болды. 1833 жылы патша өкіметі арнайы құрған казактар мен қазақтардың арасындағы шиеленісті шешетін комиссия ешқандай нәтиже бермеді. 1868 жылы 21 қазандағы Далалық облыстарды басқаратын “Уақытша ереже” жайық шебінің қазақтарды қудалауына кең жол ашты. 1885 жылы Жайық казактары облыс халқының 27%-ін құрады. Әрбір казактың үлесіне 17 десятина жер кесіліп берілді. Жайық казак әскерінің қарамағында 132868 жылқы, 649547 қой болды. Жайық казак әскері Оңтүстік Қазақстанды, Жетісуды жаулап алуға белсене қатысты. 1905 — 07 жылдары Жайық казактары еңбекшілердің патша үкіметіне қарсы саяси көтерілулерін жаншыды. Кеңес үкіметі тұсында Жайық казак әскері таратылды.  

Жайық шебі
Жайық шебі — Ресей империясының қазақ даласын отарлау үшін 1591 жылы Жайық казак әскерін жасақтауымен бірге құрылған әскери бекініс шебі. Жайық қазақ әскерлерінің этникалық құрамы әр түрлі болды. Алғашқыда (17 ғасыр) Еділден, Доннан, Теректен және басқа да батыс өңірлерден қашқан шаруалар Жайық бойына қоныстанды. Олардың құрамында христиан дінін қабылдаған қалмақтар, башқұрттар, сонымен қатар түркі, моңғол, иран тілдес халықтардың да өкілдері болды. Біртіндеп жайық шебі бекіністерінде қоныс тепкен казактар Ресей мемлекетінің қарулы қолшоқпарына айналды, күшейіп келе жатқан Мәскеу үкіметінің жаулап алу соғыстарына белсене қатысты. 1629 жылы Қырым жорығына, 1677 жылы Чичиринге, 1687 жылы башқұрттарға қарсы, 1684 — 85 жылдары тағы да Қырым хандығына қарсы, 1695 — 96 жыддары Азов жорығына белсене қатысты. 18 ғасарда жайық шебі бойында қоныстанған қарулы, әскери жүйеде қалыптасқан казактар Ресей мемлекетінің сойылын соғушы жазалаушы күшке айналды. 1708 жылы башқұрт халқының көтерілісін басуға, 1711 жылы Кубань ноғайларына, 1714 — 16 жылдары И.Д. Бухгольцтың, 1717 жылы князь Бекович — Черкасскийдің жорықтарына ат салысты. 1742 жылы императрица Елизавета Петровнаның Жайықтың оң жағына казактардың көшіп-қонуына, мал жаюына тыйым салуы жайық шебі казактарына қолайлы болды. Жүздеген жерсізденген казак жанұялары осы өзеннің екі жағасына бұрынғыдан да топтаса қоныстанып, жергілікті қазақтарды байырғы иелігінен ығыстыра бастады. 1783 — 97 жылдары Сырым Датов бастаған көтерілісті басуда жайық шебі казактары басты рөл атқарды. 1811 жылы 11 наурыздағы император Павел І жарлығынан кейін жайық шебі казактарының қазақтарға қысымы күшейді. Жайықтың бойындағы Магнитная, Сахарная, Мергеновская, Жайық қалашықтары қазақтардың өзеннің оң жағасына өтуіне тосқауыл болды. 1833 жылы патша өкіметі арнайы құрған казактар мен қазақтардың арасындағы шиеленісті шешетін комиссия ешқандай нәтиже бермеді. 1868 жылы 21 қазандағы Далалық облыстарды басқаратын “Уақытша ереже” жайық шебінің қазақтарды қудалауына кең жол ашты. 1885 жылы Жайық казактары облыс халқының 27%-ін құрады. Әрбір казактың үлесіне 17 десятина жер кесіліп берілді. Жайық казак әскерінің қарамағында 132868 жылқы, 649547 қой болды. Жайық казак әскері Оңтүстік Қазақстанды, Жетісуды жаулап алуға белсене қатысты. 1905 — 07 жылдары Жайық казактары еңбекшілердің патша үкіметіне қарсы саяси көтерілулерін жаншыды. Кеңес үкіметі тұсында Жайық казак әскері таратылды.