Қандастар Ассамблея

ҚАЗАҚ ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

05.12.2012 5062
ҚАЗАҚ ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ – малдәрігерлік және мал-дәрігерлік-профилактикалық, санитарлық және зоогигиеналық ғыл.-зерт. жұмыстарын үйлестіретін басты мекеме. ҚР А. ш. мин-лігінің қарамағында. 1905 ж. 14 қаңтарда Губ. ветеринарлық-бактериологиялық лаборатория негізінде Орынбор қ-нда құрылған. 1925 ж. Қазақ аймақтық ветеринарлық-бактериологиялық ин-ты деп аталды (Орынбор қ.). 1928 ж. Алматы қ-на ауыстырылды. 1934 ж. Алматы ғыл.-зерт. ветеринария тәжірибелік ст. болып қайта құрылды. 1940 жылдан қазіргі атымен аталады. 2002 жылдан ин-т – Мал ш. және ветеринария ғыл.-өндірістік орт-ның еншілес кәсіпорны. Ин-т құрамында: сарып, туберкулез аурулары, төл, жылқы және түйе ауруларын зерттеу, вирусология, паразитология ғыл.-тех. бөлімдері; мал өнімдері мен олардан алынатын шикізатты ветеринарлық-санитарлық сараптау және патоморфология, құс және бал арасы аурулары лабораториялары, сондай-ақ аспирантурасы (1940 жылдан) бар. 1994 жылдан докторантура ашылды. Ин-ттың негізгі ғыл. бағыттары: малдың жұқпалы, жұқпайтын және инвазиялық ауруларын анықтау, олардан сақтану және оларды емдеу әдістерін іздестіру; ветеринарлық-профилактикалық, санитарлық және зоогигиеналық шаралар жүйесін жасау; қоршаған ортаны ластанудан, сондай-ақ мал шаруашылықтары мен фермаларында, құс ф-каларында тұрақты ветеринарлық тазалықты сақтауға, малдан алынатын өнімдердің ветеринарлық-санитарлық жағынан сапалы болуын қамтамасыз етуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижесін өндіріске енгізу. Ин-тта малдың әр түрлі ауруларымен күресуге арналған 15 диагностикум, соның ішінде өндірістік көлемде туберкулез, сарып, лейкоз ауруларын анықтаудың диагностикумы, 14 вакцина (топалаң мен қарасанға, қой энтеротоксемиясына, т.б.), 8 қан сарсуы (көп валентті иммундық сарсу, қойға арналған иммундық глобулин, мал токсоплазмасы, т.б.) және 28 емдік препарат («Этобиц», «Дезоксан», «Экофор», «СКЖ-туберкулин», т.б.), әдістемелік көрсеткіштер мен нұсқаулар дайындалып, өндіріске ұсынылды. Ин-тта Қазақстан ҒА-ның академиктері С.Н.Вышелесский, С.Н.Боев, корр. мүшесі Я.И.Клейнбок, ветеринария ғыл. кандидаты С.К.Кожакин болды. Қазір ин-тта ветеринария ғыл. докт., проф-лар: А.Сансызбай, А.Сұлтанов, Г.И.Диков, ветеринария ғыл. докт. А.Жұмаш, А.Бижанов, В.Б.Тен, т.б. қызмет етті.

Ұқсас материалдар