Қандастар Ассамблея

Ойыл ауданы

05.12.2012 9112
  ОЙЫЛ АУДАНЫ – Ақтөбе обл-ның солт.-батысында орналасқан әкімш. бөлік. 1930 ж. құрылған. Жерінің аум. 11,5 мың км2. Тұрғыны 20,2 мың адам (2004). Аудандағы 23 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Ойыл а. О. а-ның жері негізінен эроз.-денудац. жазықта орналасқан. Орт. бөлігі көтеріңкі келген. Ол сай-жыралармен тілімденген. Өзен аңғарында Барқын, Сарытөбе, т.б. құмды алқаптар кездеседі. Геоморфол. тұрғыдан аудан Каспий ойпатының құмды-саздақты жазығында орналасқан. Жер қыртысы Шығыс Еуропа платформасының Каспий маңы синклизасына (ойысына) кіреді. Ол өз кезегінде Елек-Ембі белдеміне ажыратылады. Елек-Ембі белдемі Орал алды ойпаңының Елек-Ойыл жарылысы арқылы өтеді. Жер бетін жоғ. бор жыныстары жауып жатыр. Кейбір жерлерінде палеоген жыныстары ұшырасады. Жер қойнауында мұнай, газ, гипс, әктас, қиыршықтас, т.б. кен байлықтары барланған. О. а-ның климаты тым континенттік, қысы суық, қар жамылғысы 20 см-ден аспайды. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы –14 – 16ӘС. Шілдедегі орташа темп-ра 22 – 24ӘС. Жел жиі соғады. Оның басым бағыты оңт.-батыс және солт.-батыс-қа келеді. Жылдамд. 3 – 4 м/с. Аязсыз күндер 140 тәулік. Жылудың көпжылдық жиынтығы 2800ӘС. Агроклиматтық тұрғыдан аудан қоңыржай-құрғақ белдемге жатады. Оның геотерм. коэфф. 0,3 – 0,5 (қуаң). Жауын-шашынның жылд. орташа мөлш. 220 – 250 мм. Аудан жерінен шығыстан батысқа қарай Ойыл өз. ағады. Оның Ащыойыл, Шағырлы, Қа-йыңды, Ботабай, Қиыл, Кенжалы, Қуырдақты, т.б. салалары бар. Бірнеше шағын көлдер (Қамыскөл, Соркөл, т.б.) орналасқан. Жер асты су қабаты жоғ. бор және бор кезеңінің құрылымында шоғырланған. Ол 5 – 15 м тереңдікте жатыр. Суы сәл кермек татиды. Артезиан суы 15 – 40 м тереңдікте және ол Орал-Ембі артезиан алабына жатады. Топырағы бозғылт қоңыр, қызғылт қоңыр, оңт-нде қиыршықтасты қоңыр, сортаңды бозғылт қоңыр. Өзен-көл аңғарлары мен жайылымдарында шалғынды қызғылт қоңыр топырақ тараған. Өсімдігінде бұта шоғырлары аралас бетеге, қылқанбоз, еркекшөп, көде, бозжусан, құмжусан, т.б. қуаң далаға тән өсімдіктер басым. Барқын құмында шағын қарағай орманы бар. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан; құстардан дуадақ, безгелдек, үйрек, қаз кездеседі. О. а. халқының басым бөлігін (98,8%) қазақтар құрайды. Басқа ұлт өкілдерінен орыс, татар, т.б. тұрады. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 2,0 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Ойыл (5,6 мың адам), Көктоғай (1,5), Қаратал (1,4), Сарыбие (1,4), Ақжар (1,1), Кемер (1,1), Қараой (1,0). Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы өсіруге, астық өндіруге маманданған 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты бұрынғы шаруашылықтар әр түрлі бағыттағы шаруашылық субъектілеріне жекешелендірілді. Нәтижесінде 2003 жылдың басында ауданда а. ш. құрылымдарында 200-ге жуық шаруа қожалықтары,  17 ЖШС, 46 ӨК жұмыс істейді. А. ш-на жарамды жердің аум. 1,08 млн. га, оның ішінде егістігі 8,6 мың га, шабындығы 383,2 мың га, жайылымы 607,3 мың га, орманы 2,8 мың га. Аудан негізінен қой өсіруге және бақша, көкөніс, картоп өсіруге маманданған. Әлеуметтік салада ауданда 25 мектеп, 14 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 4 клуб, 1 музей, ауд. аурухана, емхана, сан.-эпидемиол. станса, 8 фельдш.-акушерлік пункт жұмыс істейді. Аудан жерінен Ойыл – Шұбарқұдық, Ойыл – Қобда автомоб. жолдары өтеді.  І. Ахметов  

 

ОЙЫЛ АУДАНЫ – Ақтөбе обл-ның солт.-батысында орналасқан әкімш. бөлік. 1930 ж. құрылған. Жерінің аум. 11,5 мың км2. Тұрғыны 20,2 мың адам (2004). Аудандағы 23 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Ойыл а. О. а-ның жері негізінен эроз.-денудац. жазықта орналасқан. Орт. бөлігі көтеріңкі келген. Ол сай-жыралармен тілімденген. Өзен аңғарында Барқын, Сарытөбе, т.б. құмды алқаптар кездеседі. Геоморфол. тұрғыдан аудан Каспий ойпатының құмды-саздақты жазығында орналасқан. Жер қыртысы Шығыс Еуропа платформасының Каспий маңы синклизасына (ойысына) кіреді. Ол өз кезегінде Елек-Ембі белдеміне ажыратылады. Елек-Ембі белдемі Орал алды ойпаңының Елек-Ойыл жарылысы арқылы өтеді. Жер бетін жоғ. бор жыныстары жауып жатыр. Кейбір жерлерінде палеоген жыныстары ұшырасады. Жер қойнауында мұнай, газ, гипс, әктас, қиыршықтас, т.б. кен байлықтары барланған. О. а-ның климаты тым континенттік, қысы суық, қар жамылғысы 20 см-ден аспайды. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы –14 – 16ӘС. Шілдедегі орташа темп-ра 22 – 24ӘС. Жел жиі соғады. Оның басым бағыты оңт.-батыс және солт.-батыс-қа келеді. Жылдамд. 3 – 4 м/с. Аязсыз күндер 140 тәулік. Жылудың көпжылдық жиынтығы 2800ӘС. Агроклиматтық тұрғыдан аудан қоңыржай-құрғақ белдемге жатады. Оның геотерм. коэфф. 0,3 – 0,5 (қуаң). Жауын-шашынның жылд. орташа мөлш. 220 – 250 мм. Аудан жерінен шығыстан батысқа қарай Ойыл өз. ағады. Оның Ащыойыл, Шағырлы, Қа-йыңды, Ботабай, Қиыл, Кенжалы, Қуырдақты, т.б. салалары бар. Бірнеше шағын көлдер (Қамыскөл, Соркөл, т.б.) орналасқан. Жер асты су қабаты жоғ. бор және бор кезеңінің құрылымында шоғырланған. Ол 5 – 15 м тереңдікте жатыр. Суы сәл кермек татиды. Артезиан суы 15 – 40 м тереңдікте және ол Орал-Ембі артезиан алабына жатады. Топырағы бозғылт қоңыр, қызғылт қоңыр, оңт-нде қиыршықтасты қоңыр, сортаңды бозғылт қоңыр. Өзен-көл аңғарлары мен жайылымдарында шалғынды қызғылт қоңыр топырақ тараған. Өсімдігінде бұта шоғырлары аралас бетеге, қылқанбоз, еркекшөп, көде, бозжусан, құмжусан, т.б. қуаң далаға тән өсімдіктер басым. Барқын құмында шағын қарағай орманы бар. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан; құстардан дуадақ, безгелдек, үйрек, қаз кездеседі. О. а. халқының басым бөлігін (98,8%) қазақтар құрайды. Басқа ұлт өкілдерінен орыс, татар, т.б. тұрады. Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 2,0 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Ойыл (5,6 мың адам), Көктоғай (1,5), Қаратал (1,4), Сарыбие (1,4), Ақжар (1,1), Кемер (1,1), Қараой (1,0). Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы өсіруге, астық өндіруге маманданған 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты бұрынғы шаруашылықтар әр түрлі бағыттағы шаруашылық субъектілеріне жекешелендірілді. Нәтижесінде 2003 жылдың басында ауданда а. ш. құрылымдарында 200-ге жуық шаруа қожалықтары,  17 ЖШС, 46 ӨК жұмыс істейді. А. ш-на жарамды жердің аум. 1,08 млн. га, оның ішінде егістігі 8,6 мың га, шабындығы 383,2 мың га, жайылымы 607,3 мың га, орманы 2,8 мың га. Аудан негізінен қой өсіруге және бақша, көкөніс, картоп өсіруге маманданған. Әлеуметтік салада ауданда 25 мектеп, 14 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 4 клуб, 1 музей, ауд. аурухана, емхана, сан.-эпидемиол. станса, 8 фельдш.-акушерлік пункт жұмыс істейді. Аудан жерінен Ойыл – Шұбарқұдық, Ойыл – Қобда автомоб. жолдары өтеді. 
І. Ахметов
 

Ұқсас материалдар