Қандастар Ассамблея

Қытай қазақтарының қоғамдық-саяси орнының қалыптасуы

05.12.2012 4679
Қытайда қазақ қауымының пайда болуы және олардың қоғамдық-саяси орнының қалыптасуы - тарихи құбылыс. "Қытайдағы қазақтар" немесе "Қытай қазақтары" деген ұғым ертеден келе жатқан ұғым емес. Ол - таяу заманның (жаңа тарихи дәуірдің) туындысы, яғни ол - XIX ғасырдың орта шеніндегі тарихи себептердің салдарынан Қытайда қазақ қауымының пайда болуымен қалыптасқан атау. Олай болса, "Қытайда қазақ қауымы қашан, қалай қалыптасты?" деген мәселеге тоқталайық. Дүние жүзіндегі елдердің мемлекеттік шекаралары таяу заманда (жаңа заманда) және қазіргі заманда қалыптасқан. Қытайдың мемлекеттік шекарасы да XIX ғасырдың екінші жартысында тұрақтанған болатын. Бірақ Қытайдың батыс өңірінің шекара сызығының белгіленуі мен қазақтардың бір бөлігінің Қытайға тәуелді болуы қатар болған құбылыс екендігін ескермеуге болмайды. Қытайдың Цин патшалығы XVIII ғасырдың орта шенінде Жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап, Таянь-Шань тауы өлкесіне өз билігін орнатуы барысында қазақтармен де дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бұл кезде Қазақ хандығы қайта түлеу үрдісінде еді. Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, Қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бірақ ол кездегі жағдай оны  іргесін өзіне таяп келген Цин патшалығымен тікелей байланыс жасауға мәжбүр етті. Сөйтіп, Абылай хан Цин патшалығының Іледегі әскери қолбасшыларымен бірқатар барыс-келістер жасау арқылы олардың тамырын басып, ниетін байқап, бағып, қытайлар "Қазақтың хандық құқығына қауіпті болмаған соң", Орта жүз ханы ретінде 1757 жылы Цин патшалығымен ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1758 жылы Ұлы жүз ханы Әбілмөмбет те Цин патшалығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Содан соң қазақ-қытай арасында өзара байланыстар өрістеп, екі жақты экономикалық сауда-саттық істері қанат жайды. Қытай Цин патшалығы 1758 жылы - Үрімжіде, 1760 жылы - Іледе, 1763 жылы Тарбағатайда қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрістетті. Екі жақты экономикалық сауданың айтарлықтай дамуы қазақ-қытай арасындағы саяси-дипломатиялық байланыстьщ да өріс алуына мұрындық болды. Қазақ хандарының елшіліктері шамамен әрбір екі жыл сайын Цин патшалығының ордасына барып, императорға тарту-таралғы ұсынып тұрды. Цин патшалығының императоры озіне сәлем бере қараған қазақ елшілеріне (басқа көрші елдердің делегацияларына да) дән риза болып, мақтанып, өзінің ұлылығын, байлығын көрсету үшін оларға қостап қонақасы беріп, еселеп сыйлық ұсынып, бастарына үкілі (қауырсынды) бөрік кигізіп, қошеметтеп, қорғап-бақылап, өз жерлерінен шығарып салып тұрды. Сонымен қатар Цин патшалығы қазақ хандарының өтініші бойынша олардың хандық лауазымын өзінің жарлық хаттарымен (грамотасымен) бекітіп отырды. Бірақ Цин патшалығы қазақ елінің ішкі-сыртқы істеріне қол сұғып, билік жүргізуге бара қоймады. Керісінше, олар қазақтың хандық жүйесінің мығым болуын қолдады және сол арқылы қазақтарды өз шекарасының сыртындағы қамал-қорғаны етуді кездеді. Ол кезде қазақ ханы Абылай Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтары қазақтардың атамекені, "жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек" деген танымда болды. Абылай хан өзінің Цин патшалығы ордасына алғаш жіберген елшілігі арқылы император Цяньлунның қазақтардың атамекені - Тарбағатайды қазақтарға "жарылқап"  беруін  талап  етті.  Осыған  орай Цин  патшасы қайтарған жауабында: "Абылай, сендер - шалғайда жатқан жат елсіндер... Сенің елшің бізге «Тарбағатай тегінде біздің байырғы жеріміз еді. Сол жерді патша бізге жарылқап бере салса» деген талабыңды жеткізді. Бұл өңір - жаңа ғана тыныштандырылған, әлі иен жатқан өлке. Патша, әсілі, ол жерді сендерге қиып бере салар еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірмей-ақ елдесіп алдындар. Сондықтан ол жерді сендерге сыйға бере салу мемлекеттік тәртіпке қиғаш келеді. ...Егер сендер «Әмірсананы тұтқындап әкеп бер» деген біздің талабымызды орындайтын болсаңдар, онда ол жерді сендерге жарылқап бере салуға болады", - деп жазған. Міне, бұдан Абылай ханның қазақтың этнотерриториясы жөніндегі танымын және оны қалпына келтіруге құлшынған дипломатиялық талпынысын байқауға болады. Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Цин патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң, ол сол жерлерді шаруаларды біртіндеп қоныстандыру арқылы иелену әдісін қолданды. Абылай хан мақсатты түрде Орта жүз бен Ұлы жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшу қозғалысын бастады. Сөйтіп, шығыстағы көне жүртқа өрлей көшкен қазақ шаруалары Цин патшалығының Ертістен Ілеге дейін келденеңдетіп тартқан шекара обаларын ішкерілей қоныстап, мал бақты. Кейбір рулар ол шекара обаларының арғы бетіне өтіп барып, қыстап жүрді. Бірақ Цин патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекаралық қорғаныс әскері көктем шығып, қар кетіп, күн жыли бастағанда қарауылдарды байқауға шығады да, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларын қуып, кері қайтарып тұрды. Бірақ қытай әскерлері қысқа салым ары қайтқанда қазақ шаруалары қайтадан өрлеп көшіп, шекараның арғы бетіндегі жайлы жерлерге барып қыстайды, кейбір рулар жаз айларында да сол жақты жайлап қала береді. Осындай тартысты жағдай Цин патшалығы шекаралық қарауыл обаларын орнатқан күннен басталып, жыл өткен сайын күшейе түсті. Цин патшалығының олардың барлығын түгелдей қуғындап, кері қайтарып отыруға шамасы келмеді. Сонымен, олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке асқан қазақтарды кері қайтармақ болды. Цин патшалығы ордасы шекара қорғаныс шонжары Гүйге түсірген жарлығында: "Дереу әскер жіберіп, Тарбағатайдан кірген қазақ малшыларын қуғындап, шекарадан шығарып жібер. Абылайға адамдарын кері ақайтарып әкетуді айт!" - деп бұйырады. Абылай хан ол кезде шығысқа беттеген халқын кері қайтармай, керісінше, Цин патшалығы ордасьшан Ілені қазақтарға қайтарып беруді талап етеді. Соған орай Цин патшалығы ордасы 1760 жылы 8 маусым күні Абылай ханға жолдаған хатында: "Сенің елшіңнің айтуынша, ойрат жері қазір иен жатыр екен. Қазір Әбілпейіздің қол астындағы Таңатар руы Барлық тауында, Тарбаторсық көлінде тұрады, Қарқаралы руының ішіндегі Есенгелді, Жолымбет рулары Алтынемел, Қаратал, Көксуда тұрады. Сонымен қоймай, патша жарылқағанның үстіне жарылқай түсіп, «қазақтардың Ілеге барып мал бағуына рұқсат берсе» деген екенсің. Тарбағатай қатарлы жерлер-ежелден жоңғарлардың жері, патша ол жерлерді қалың қолмен тыныштандырған. ...Қазақтар, сендердің жайылым жерлерің ұланғайыр кең дала болғандықтан, біздің шекара қарауылымыздан асып келуді ойлайтын жөндерің жоқ, бұрынғы орындарыңда тұра берулерің керек-ті. Тарбағатай сияқты жерлерді сұрағаныңда, Абылай, саған патша бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша өз білгеніңше (шығысқа қарай) өріс жайып келесің?! Жоңғарлар кезінде ол жерлерді күшпен тартып алғанда, сендер олардың маңайына келе алмаған едіңдер. Патша Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана сендер бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алдыңдар. Осыны неге қанағат тұтпайсыңдар?" деп жазған. Бұл мәліметтер сол кездегі қазақтар мен Цин патшалығы арасында жерге таласу күресі бейбіт көріністе қатаң жүріп жатқандығын аңғартады. Цин патшалығының алғашқы кезде ездері орнатқан шекара қарауыл обаларының орны тұрақсыз, әрдайым қозғалыста болды. Ал шекара қарауыл обаларының төңірегінде қазақ малшылары оған ілесе шығысқа қарай жылжып көшіп отырған. Қар қалың түскен кейбір қатаң қыстарда қазақ шаруалары Цин патшалығының шекара қарауылдарының тұс-тұсынан ары асып барып қыстап, жазда бері қайтып келеді. Кейбір рулар тіпті жазда да сонда жайлап қалып қойып отырады. Олардың бәрін қуғындап қайтарып отыруға Цин патшалығының шекара қорғаныс әскерлерінің шама-шарқы келе бермейді. Бара-бара Цин патшалығы шекара өңірінде қалыптасқан жағдайды мойындауға мәжбүр болады да, өз қарамағындағы шекара маңындағы жерлерге келіп мал баққан қазақтардан тиісті жер төлемін (салығын) алып, олардың сонда малдарын бағып тұра берулеріне жол береді. Сонымен, Цин патшалығы ордасы қазақтарға: "Малдарың жұтап, жайлы қыстау іздеп, біздің қарауылдан өтіп келіп, мал бақпақ болсаңдар, сендер әуелі біздің жергілікті әмбілерге (уәзірлерге) хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің керек", - дейді. Бұған қазақтар қарсы болмай, олармен келіссөздер жүргізу арқылы жер төлемі үшін әрбір жүз бас малға бір бас малды (жылқыны) Цин патшалығының жергілікті өкімдеріне тапсырып түруға келіседі. Сөйтіп, қазақтар сол барған жерлеріне тұрақтап тұрып, мал бағады, Цин патшалығының шонжарлары олардан жер салығын жинап алып тұрады. Осыған орай Цин патшалығының қазақтарға жолдаған жарлығында "Сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып, еніп келесіңдер. Біздің генерал әмбілеріміздің өтініші бойынша, әсілі, сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ патша сендерге кеңпейілдік істеді. Сендердің шекара қарауылымыздың бер жағындағы иен жатқан жерлерге келіп мал бағуларыңа рұқсат берген «Жарлығын» жариялады. Мұның бәрі - сендердің бізбен елдескендіктерің үшін патшаның жасаған шапағаты. Өздерің өсіп-өркендеумен қатар көршілес елдеріңмен де тату тұрып, патшаның мейір-шапағатына мәңгі бөлене беріңдер" делінген. Демек, бүл деректен қазақтардың шығысқа жылжып көшіп, атамекенге оралуын іс жүзінде Цин патшалығының мойындағандығын байқауға болады. Алайда Цин патшалығы шығысқа беттеген қазақтарды тым ары жібермеу саясатын үстанды. Патшалық Ресей үкіметінің Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде, яғни XIX ғасырдың орта шенінде орыстың отарына айналудан ат-тонын ала қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере кешіп, Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап барып жатты. Олар Қытайдың қорғаныс әскерлерінің тосқауылдауына қарамастан, шекара қарауыл обаларының тұс-тұсынан ары асып кетіп жатты. Сондай-ақ, олар өздерін кері қайтармақ болған Цин патшалығы әскерлеріне қарумен қарсылық көрсетті. Тіпті, қан төгіп қүрбан болса да, барған жерлерінен   кері   қайтпады.   Сөйтіп,   XVIII   ғасырдың   орта шенінде Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көше бастаған қазақтар XIX ғасырдың орта шенінде Цин патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепті. Патшалық Ресей отаршылдары XIX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен, патшалық Ресей үкіметі мен Қытай Цин патшалығы арасында шекара мәселесі туындап, екі империяның қазақ даласына таласу дау-дамайы басталды. Ақыры олар мемлекеттік шекараларын келіссөз арқылы ақылдаса отырып белгілеуге уағдаласады. Сөйтіп, Қытай Цин патшалығы үкіметі мен патшалық Ресей үкіметінің өкілдері 1861 жылы Қытайдың батыс-солтүстік шекарасын белгілеу мәселесі бойынша келіссөзді бастады. Олар қазақ жеріндегі мемлекеттік шекара шегін белгілеуге коп таласты, Қытай Цин патшалығы үкіметі «ол жерлер - жоңғарлардың жері, ал жоңғарлар - қытайдың пақыры, сондықтан олардың аяқ басқан жерлері Қытайға тән болуы керек» десе, патшалық Ресей үкіметінің окілдері «ол жерлер қазақтардың ежелгі атамекені екендігін» дәлелдеп дауласты. «Біз ақыры бұл өңірлердің қырғыз (қазақ) даласы екендігін тұрақтандырдық, ол өңірлер қырғыздарға тән болуы керек, әсте Цин патшалығына тән жер емес деген тұжырым жасадық», - дейді ресейлік куәгер. Ресей жақ осы негізде және өздерінің әскери күшіне сүйене отырып, Цин патшалығы үкіметінің өкілін бір мәмілеге келтіргендігі шындық. Сонымен, екі жақ 1864 жылы 7 қазан күні Қытайдың Шәуешек қаласында "Қытай-Ресей батыс-солтүстік шекараны белгілеу келісіміне" қол қойды. Аталмыш келісім жалпы он тараудан тұрады. Соның бесінші тарауында "Қазір шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мәңгі тату болады. Осыдан кейін екі мемлекет осы белгілеген шекара маңындағы өңірде отырған малшыларға таласпау үшін осы келісімшарт бір-біріне тапсырылған күннен (күшіне енген күннен ) бастап ол адамдар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған болса, сол орындарында мал бағып отыра берулері керек. Олар сол бұрыннан бері отырып келген қоныстарында орныға отырып, бұрынғы шаруашылықтарымен шұғылдана берулері керек. Жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады" деп белгіленген. Осы келісім бойынша Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының қазақ жеріндегі негізгі  шеңбері (линиясы) белгіленді. Сонымен қатар қазақ жерінің Қытайға тиген бөлігіндегі қазақтар  отырған жерімен бірге Қытайдың, ал Ресейге тән болған өңірдегі қазақтар тұрған жерімен бірге Ресейдің басқаруында қалды. Демек, 1864 жылғы Қытай-Ресей Шәуешек келісімі іс жүзінде біртұтас қазақ халқының және оның жерінің екі мемлекетке  Қытай мен Ресейге тәуелді болғандығын құжат жүзінде зандастырды. Сөйтіп, шығыстағы атамекеніне оралған қазақтар отырған жерімен бірге Қытайға тәуелді болды. Содан кеййін ғана Цин патшалығы өзінің қарамағындағы қазақтарды шын мәнінде "Қытай азаматы" деп санады. Содан кейінгі жылдарда Цин патшалығы өзінің қазақтарға қатысты құжаттар хаттамасында "Ресей қазақтары" немесе "Ресейге қараған қазақтар" және "Қытайға қараған қазақтар" деп анықтап жазатын болды. Ал егер қайсыбір азамат "істі" бола қалса, ол "істі болған адам" Ресей қазағы болса, онда бұл мәселені дипломатиялық жолдармен Ресей үкіметіне арыздану арқылы шешу қарастырылды. Егер істі адам Қытай қазағы болса, онда оны өздерінің қолданып отырған заңы бойынша жауапқа тартты. Міне, бұл деректер Қытай жеріндегі атамекеніне оралған қазақтардың толығымен Қытай азаматына айналғандығын айғақтайды. Соңдықтан XIX ғасырдың 60-жылдары Қытайда қазақ қауымы, яғни "Қытай қазақтары" деген қоғамдық құбылыс пайда болды деп есептейміз.  

Қытайда қазақ қауымының пайда болуы және олардың қоғамдық-саяси орнының қалыптасуы - тарихи құбылыс. "Қытайдағы қазақтар" немесе "Қытай қазақтары" деген ұғым ертеден келе жатқан ұғым емес. Ол - таяу заманның (жаңа тарихи дәуірдің) туындысы, яғни ол - XIX ғасырдың орта шеніндегі тарихи себептердің салдарынан Қытайда қазақ қауымының пайда болуымен қалыптасқан атау. Олай болса, "Қытайда қазақ қауымы қашан, қалай қалыптасты?" деген мәселеге тоқталайық.

Дүние жүзіндегі елдердің мемлекеттік шекаралары таяу заманда (жаңа заманда) және қазіргі заманда қалыптасқан. Қытайдың мемлекеттік шекарасы да XIX ғасырдың екінші жартысында тұрақтанған болатын. Бірақ Қытайдың батыс өңірінің шекара сызығының белгіленуі мен қазақтардың бір бөлігінің Қытайға тәуелді болуы қатар болған құбылыс екендігін ескермеуге болмайды.

Қытайдың Цин патшалығы XVIII ғасырдың орта шенінде Жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап, Таянь-Шань тауы өлкесіне өз билігін орнатуы барысында қазақтармен де дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Бұл кезде Қазақ хандығы қайта түлеу үрдісінде еді. Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, Қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бірақ ол кездегі жағдай оны  іргесін өзіне таяп келген Цин патшалығымен тікелей байланыс жасауға мәжбүр етті. Сөйтіп, Абылай хан Цин патшалығының Іледегі әскери қолбасшыларымен бірқатар барыс-келістер жасау арқылы олардың тамырын басып, ниетін байқап, бағып, қытайлар "Қазақтың хандық құқығына қауіпті болмаған соң", Орта жүз ханы ретінде 1757 жылы Цин патшалығымен ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1758 жылы Ұлы жүз ханы Әбілмөмбет те Цин патшалығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Содан соң қазақ-қытай арасында өзара байланыстар өрістеп, екі жақты экономикалық сауда-саттық істері қанат жайды. Қытай Цин патшалығы 1758 жылы - Үрімжіде, 1760 жылы - Іледе, 1763 жылы Тарбағатайда қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрістетті. Екі жақты экономикалық сауданың айтарлықтай дамуы қазақ-қытай арасындағы саяси-дипломатиялық байланыстьщ да өріс алуына мұрындық болды. Қазақ хандарының елшіліктері шамамен әрбір екі жыл сайын Цин патшалығының ордасына барып, императорға тарту-таралғы ұсынып тұрды. Цин патшалығының императоры озіне сәлем бере қараған қазақ елшілеріне (басқа көрші елдердің делегацияларына да) дән риза болып, мақтанып, өзінің ұлылығын, байлығын көрсету үшін оларға қостап қонақасы беріп, еселеп сыйлық ұсынып, бастарына үкілі (қауырсынды) бөрік кигізіп, қошеметтеп, қорғап-бақылап, өз жерлерінен шығарып салып тұрды. Сонымен қатар Цин патшалығы қазақ хандарының өтініші бойынша олардың хандық лауазымын өзінің жарлық хаттарымен (грамотасымен) бекітіп отырды. Бірақ Цин патшалығы қазақ елінің ішкі-сыртқы істеріне қол сұғып, билік жүргізуге бара қоймады. Керісінше, олар қазақтың хандық жүйесінің мығым болуын қолдады және сол арқылы қазақтарды өз шекарасының сыртындағы қамал-қорғаны етуді кездеді. Ол кезде қазақ ханы Абылай Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтары қазақтардың атамекені, "жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек" деген танымда болды. Абылай хан өзінің Цин патшалығы ордасына алғаш жіберген елшілігі арқылы император Цяньлунның қазақтардың атамекені - Тарбағатайды қазақтарға "жарылқап"  беруін  талап  етті.  Осыған  орай Цин  патшасы қайтарған жауабында: "Абылай, сендер - шалғайда жатқан жат елсіндер... Сенің елшің бізге «Тарбағатай тегінде біздің байырғы жеріміз еді. Сол жерді патша бізге жарылқап бере салса» деген талабыңды жеткізді. Бұл өңір - жаңа ғана тыныштандырылған, әлі иен жатқан өлке. Патша, әсілі, ол жерді сендерге қиып бере салар еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірмей-ақ елдесіп алдындар. Сондықтан ол жерді сендерге сыйға бере салу мемлекеттік тәртіпке қиғаш келеді. ...Егер сендер «Әмірсананы тұтқындап әкеп бер» деген біздің талабымызды орындайтын болсаңдар, онда ол жерді сендерге жарылқап бере салуға болады", - деп жазған. Міне, бұдан Абылай ханның қазақтың этнотерриториясы жөніндегі танымын және оны қалпына келтіруге құлшынған дипломатиялық талпынысын байқауға болады.

Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Цин патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң, ол сол жерлерді шаруаларды біртіндеп қоныстандыру арқылы иелену әдісін қолданды. Абылай хан мақсатты түрде Орта жүз бен Ұлы жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшу қозғалысын бастады. Сөйтіп, шығыстағы көне жүртқа өрлей көшкен қазақ шаруалары Цин патшалығының Ертістен Ілеге дейін келденеңдетіп тартқан шекара обаларын ішкерілей қоныстап, мал бақты. Кейбір рулар ол шекара обаларының арғы бетіне өтіп барып, қыстап жүрді. Бірақ Цин патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекаралық қорғаныс әскері көктем шығып, қар кетіп, күн жыли бастағанда қарауылдарды байқауға шығады да, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларын қуып, кері қайтарып тұрды. Бірақ қытай әскерлері қысқа салым ары қайтқанда қазақ шаруалары қайтадан өрлеп көшіп, шекараның арғы бетіндегі жайлы жерлерге барып қыстайды, кейбір рулар жаз айларында да сол жақты жайлап қала береді. Осындай тартысты жағдай Цин патшалығы шекаралық қарауыл обаларын орнатқан күннен басталып, жыл өткен сайын күшейе түсті. Цин патшалығының олардың барлығын түгелдей қуғындап, кері қайтарып отыруға шамасы келмеді. Сонымен, олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке асқан қазақтарды кері қайтармақ болды. Цин патшалығы ордасы шекара қорғаныс шонжары Гүйге түсірген жарлығында: "Дереу әскер жіберіп, Тарбағатайдан кірген қазақ малшыларын қуғындап, шекарадан шығарып жібер. Абылайға адамдарын кері ақайтарып әкетуді айт!" - деп бұйырады. Абылай хан ол кезде шығысқа беттеген халқын кері қайтармай, керісінше, Цин патшалығы ордасьшан Ілені қазақтарға қайтарып беруді талап етеді. Соған орай Цин патшалығы ордасы 1760 жылы 8 маусым күні Абылай ханға жолдаған хатында: "Сенің елшіңнің айтуынша, ойрат жері қазір иен жатыр екен. Қазір Әбілпейіздің қол астындағы Таңатар руы Барлық тауында, Тарбаторсық көлінде тұрады, Қарқаралы руының ішіндегі Есенгелді, Жолымбет рулары Алтынемел, Қаратал, Көксуда тұрады. Сонымен қоймай, патша жарылқағанның үстіне жарылқай түсіп, «қазақтардың Ілеге барып мал бағуына рұқсат берсе» деген екенсің. Тарбағатай қатарлы жерлер-ежелден жоңғарлардың жері, патша ол жерлерді қалың қолмен тыныштандырған. ...Қазақтар, сендердің жайылым жерлерің ұланғайыр кең дала болғандықтан, біздің шекара қарауылымыздан асып келуді ойлайтын жөндерің жоқ, бұрынғы орындарыңда тұра берулерің керек-ті. Тарбағатай сияқты жерлерді сұрағаныңда, Абылай, саған патша бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша өз білгеніңше (шығысқа қарай) өріс жайып келесің?! Жоңғарлар кезінде ол жерлерді күшпен тартып алғанда, сендер олардың маңайына келе алмаған едіңдер. Патша Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана сендер бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алдыңдар. Осыны неге қанағат тұтпайсыңдар?" деп жазған. Бұл мәліметтер сол кездегі қазақтар мен Цин патшалығы арасында жерге таласу күресі бейбіт көріністе қатаң жүріп жатқандығын аңғартады.

Цин патшалығының алғашқы кезде ездері орнатқан шекара қарауыл обаларының орны тұрақсыз, әрдайым қозғалыста болды. Ал шекара қарауыл обаларының төңірегінде қазақ малшылары оған ілесе шығысқа қарай жылжып көшіп отырған. Қар қалың түскен кейбір қатаң қыстарда қазақ шаруалары Цин патшалығының шекара қарауылдарының тұс-тұсынан ары асып барып қыстап, жазда бері қайтып келеді. Кейбір рулар тіпті жазда да сонда жайлап қалып қойып отырады. Олардың бәрін қуғындап қайтарып отыруға Цин патшалығының шекара қорғаныс әскерлерінің шама-шарқы келе бермейді. Бара-бара Цин патшалығы шекара өңірінде қалыптасқан жағдайды мойындауға мәжбүр болады да, өз қарамағындағы шекара маңындағы жерлерге келіп мал баққан қазақтардан тиісті жер төлемін (салығын) алып, олардың сонда малдарын бағып тұра берулеріне жол береді. Сонымен, Цин патшалығы ордасы қазақтарға: "Малдарың жұтап, жайлы қыстау іздеп, біздің қарауылдан өтіп келіп, мал бақпақ болсаңдар, сендер әуелі біздің жергілікті әмбілерге (уәзірлерге) хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің керек", - дейді. Бұған қазақтар қарсы болмай, олармен келіссөздер жүргізу арқылы жер төлемі үшін әрбір жүз бас малға бір бас малды (жылқыны) Цин патшалығының жергілікті өкімдеріне тапсырып түруға келіседі. Сөйтіп, қазақтар сол барған жерлеріне тұрақтап тұрып, мал бағады, Цин патшалығының шонжарлары олардан жер салығын жинап алып тұрады. Осыған орай Цин патшалығының қазақтарға жолдаған жарлығында "Сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып, еніп келесіңдер. Біздің генерал әмбілеріміздің өтініші бойынша, әсілі, сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ патша сендерге кеңпейілдік істеді. Сендердің шекара қарауылымыздың бер жағындағы иен жатқан жерлерге келіп мал бағуларыңа рұқсат берген «Жарлығын» жариялады. Мұның бәрі - сендердің бізбен елдескендіктерің үшін патшаның жасаған шапағаты. Өздерің өсіп-өркендеумен қатар көршілес елдеріңмен де тату тұрып, патшаның мейір-шапағатына мәңгі бөлене беріңдер" делінген. Демек, бүл деректен қазақтардың шығысқа жылжып көшіп, атамекенге оралуын іс жүзінде Цин патшалығының мойындағандығын байқауға болады. Алайда Цин патшалығы шығысқа беттеген қазақтарды тым ары жібермеу саясатын үстанды.

Патшалық Ресей үкіметінің Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде, яғни XIX ғасырдың орта шенінде орыстың отарына айналудан ат-тонын ала қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере кешіп, Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап барып жатты. Олар Қытайдың қорғаныс әскерлерінің тосқауылдауына қарамастан, шекара қарауыл обаларының тұс-тұсынан ары асып кетіп жатты. Сондай-ақ, олар өздерін кері қайтармақ болған Цин патшалығы әскерлеріне қарумен қарсылық көрсетті. Тіпті, қан төгіп қүрбан болса да, барған жерлерінен   кері   қайтпады.   Сөйтіп,   XVIII   ғасырдың   орта шенінде Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көше бастаған қазақтар XIX ғасырдың орта шенінде Цин патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепті. Патшалық Ресей отаршылдары XIX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен, патшалық Ресей үкіметі мен Қытай Цин патшалығы арасында шекара мәселесі туындап, екі империяның қазақ даласына таласу дау-дамайы басталды. Ақыры олар мемлекеттік шекараларын келіссөз арқылы ақылдаса отырып белгілеуге уағдаласады. Сөйтіп, Қытай Цин патшалығы үкіметі мен патшалық Ресей үкіметінің өкілдері 1861 жылы Қытайдың батыс-солтүстік шекарасын белгілеу мәселесі бойынша келіссөзді бастады. Олар қазақ жеріндегі мемлекеттік шекара шегін белгілеуге коп таласты, Қытай Цин патшалығы үкіметі «ол жерлер - жоңғарлардың жері, ал жоңғарлар - қытайдың пақыры, сондықтан олардың аяқ басқан жерлері Қытайға тән болуы керек» десе, патшалық Ресей үкіметінің окілдері «ол жерлер қазақтардың ежелгі атамекені екендігін» дәлелдеп дауласты. «Біз ақыры бұл өңірлердің қырғыз (қазақ) даласы екендігін тұрақтандырдық, ол өңірлер қырғыздарға тән болуы керек, әсте Цин патшалығына тән жер емес деген тұжырым жасадық», - дейді ресейлік куәгер. Ресей жақ осы негізде және өздерінің әскери күшіне сүйене отырып, Цин патшалығы үкіметінің өкілін бір мәмілеге келтіргендігі шындық. Сонымен, екі жақ 1864 жылы 7 қазан күні Қытайдың Шәуешек қаласында "Қытай-Ресей батыс-солтүстік шекараны белгілеу келісіміне" қол қойды. Аталмыш келісім жалпы он тараудан тұрады. Соның бесінші тарауында "Қазір шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мәңгі тату болады. Осыдан кейін екі мемлекет осы белгілеген шекара маңындағы өңірде отырған малшыларға таласпау үшін осы келісімшарт бір-біріне тапсырылған күннен (күшіне енген күннен ) бастап ол адамдар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған болса, сол орындарында мал бағып отыра берулері керек. Олар сол бұрыннан бері отырып келген қоныстарында орныға отырып, бұрынғы шаруашылықтарымен шұғылдана берулері керек. Жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады" деп белгіленген. Осы келісім бойынша Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының қазақ жеріндегі негізгі  шеңбері (линиясы) белгіленді. Сонымен қатар қазақ жерінің Қытайға тиген бөлігіндегі қазақтар  отырған жерімен бірге Қытайдың, ал Ресейге тән болған өңірдегі қазақтар тұрған жерімен бірге Ресейдің басқаруында қалды. Демек, 1864 жылғы Қытай-Ресей Шәуешек келісімі іс жүзінде біртұтас қазақ халқының және оның жерінің екі мемлекетке  Қытай мен Ресейге тәуелді болғандығын құжат жүзінде зандастырды. Сөйтіп, шығыстағы атамекеніне оралған қазақтар отырған жерімен бірге Қытайға тәуелді болды. Содан кеййін ғана Цин патшалығы өзінің қарамағындағы қазақтарды шын мәнінде "Қытай азаматы" деп санады. Содан кейінгі жылдарда Цин патшалығы өзінің қазақтарға қатысты құжаттар хаттамасында "Ресей қазақтары" немесе "Ресейге қараған қазақтар" және "Қытайға қараған қазақтар" деп анықтап жазатын болды. Ал егер қайсыбір азамат "істі" бола қалса, ол "істі болған адам" Ресей қазағы болса, онда бұл мәселені дипломатиялық жолдармен Ресей үкіметіне арыздану арқылы шешу қарастырылды. Егер істі адам Қытай қазағы болса, онда оны өздерінің қолданып отырған заңы бойынша жауапқа тартты. Міне, бұл деректер Қытай жеріндегі атамекеніне оралған қазақтардың толығымен Қытай азаматына айналғандығын айғақтайды. Соңдықтан XIX ғасырдың 60-жылдары Қытайда қазақ қауымы, яғни "Қытай қазақтары" деген қоғамдық құбылыс пайда болды деп есептейміз.

 

Ұқсас материалдар