Қандастар Ассамблея

Қытай қазақтарынын әлеуметтік шаруашылығы

05.12.2012 5249
Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік шаруашылык жағдайы, негізінен, ҚХР-ның аграрлық экономика өндірісімен тығыз байланыста болды, Жоғарыда пайымдағанымыздай, ҚХР 1950 жылдан бастаи Қытайдың саяси-әкімшілік құрылымдарын кайта құруына байланысты, экономикалық жоспар мен өндіріс құры-лымдарын да социалистік бағытқа бейімдеп қайта құра бастады. Алдымен, ауылды кооперативтендіріп, одан соң оларды коммуналандырды. Алғашқы жылдары экономиканы қалпына келтіру мақсатында диқандар мен шаруаларға қаржылай және техникалық көмек көрсетіп, елдің еңсесін біршама көтерді де, соңынан ауыл тұрғындарының мал-мүлкін Халық коммунасының меншігіне өткізіп алды. Сонымен, ел қатарлы Коммунаға енген қазактар өздері еңбек ететін егін немесе мал шаруашылық отрядтарының жылдық табысы бойынша жыл соңында бір рет ақы алуға мәжбүр болды. Аныктап айтқанда, Халык коммунасындағы енбекшілер әрбір өндіріс отрядтарында еңбек етеді. Бір күндік еңбектің толык бағасы 10 балл бойынша есептеледі, әр күні бригадир ецбекшілердің кітапшасына сол күннің еңбек бағасын қойып отырады. Жыл соңында бухгалтср әрбір еңбскшінің бір жыл ішінде еңбекке катыскан күнін жопе алған еңбек балдарын есептеп, оның сол жылда отрядтан алған азык-түлігін, нссие алған ақшасын есептеп, оны сол адамның отрядтан алатыи еңбекақысынан балансын жасайды. Сонда ол сңбекшілер отрядынан ақы ретінде шамалы ғана акша алатын болады, не болмаса өзінің жылдық істеген еңбекақысы отрядтан алғанына жетпей, қарыз болып шығады да, ол қарызып келесі жылғы еңбегімен жабуға міндетті болады. Қытайдың ауылдарында Халық коммунасы құрылғаннан кейін, өндіріс отрядтары таптық көзқарас бойынша ұйымдастырылды. Бұрынғы кедей диқандар мен малсыз шаруалар мал шаруашылығы отрядтарына жіберілді де, кезінде дәулетті болған жоғары, орта шаруалар егіншілік отрядтарына түсірілді. Өйткені «қанаушы тап өкілдері егіншіліктегі ауыр еңбекті істеуге тиісті» деп қаралды. Қазақтар арасындағы осындай кәсіптік қарама-қарсы орын алмасудың салдарынан әр екі жақ тәжірибесіздіктен өз шаруашылығын тыңғылықты істей алмады. Қазактардан тұратын мал шаруашылығы отрядтарының да, егін шаруашылығы отрядтарының да жылдық табыстары төмен деңгейде болды, тіпті жылдық есептерін зиянмен жабатын жагдайға тап болып отырды. Сондыктан қазақ халқыньщ экономикалық өмірі ол кезде өте төмен күйде болды. Мұның тағы бір басты себебі ҚКП-ның қолданған әсіре солшылдық саясатында екеидігін айтпауға болмайды. ҚКП Орталық комитеті 1962 жылы қаңтар айында Пекинде «Жеті мың адамдық мәжіліс» ашып, өзінін социализм құрудағы он екі жылдық тәжірибесін қорытындылап, бірқатар маңызды шешімдер кабылдады. Соның бірі «Аграрлық саланы қолдауды күшейтін. зор күшпен ауыл шаруашылығын дамыту» бағдарламасы еді. Ол бойынша, үкімет ауыл шаруашылығына берілетін несие мөлшерін көбейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын 27.1%-ға жоғарылату арқылы ауыл-қыстақтарды экономикальіқ жағдайын біршама жақсарткандай болды. Осыған байланысты қазақтардың да тұрмыс деңгейі 1963 жылдан бастап сәл де болса көтерілді. Бірақ мемлекет көлемінде орьш алған бұқаралық саяси қозғалыстар елдің ецсесін көтертпеді. 1963-1965 жылдары бүкіл мемлекет көлемінде «Социалистік тәрбие қозғалысы» жүргізілді. Оған Маоның «Таптық күрес жүргізілсе, барлық іс алға басады» дсген нұскауы басшылыққа алынды. Нәтижесінде бұл қозғалыс «солшылдық қателіктерге ұрындырды».Сондай-ақ,ол«мәдени революцияны»жүргізуге идеологиялық негіз қалады. Мао Цзэдун өзінің социалистік қоғамдағы таптық күрес теориясына сүйене отырып, 1966 жылы Орталықтан қабылданатын қаулы жобаны дайындады. Ол жобаны сол жылдың 16 мамырында ҚКП Орталық комитеті бекітіп, «16 мамыр хабарламасы» деген атпен жария етті. Соның негізінде 1966 жылы 28 мамырда Орталық саяси бюроның қасынан «Орталық мәдени революция басшылық тобы» құрылды. Оның басшысы болып алғашында Маоның оң қол көмекшісі Кан Цин  тағайындалды, кейін оның орнына Маоныц әйелі Цзян Цин тағайындалды. Сонымен, 1966 жылдың жазында қалаларда «Мәдени революция» қозғалысы басталды. 1966 жылы 9 желтоқсан күні ҚКП ОК (Қытай Компартиясы Орталық комитеті) «революцияны жүргізіп, өндірісті дамытудың 10 тармағын» жариялады. Сол жылдың 15 желтоқсанында «Ауыл-қыстақтарда мәдени революция жүргізу туралы нұсқау» түсірді. Сонымен, қытайдың ауыл-қыстақтарында да «мәдени революция» дүркіреп жүріп кетті. «Мәдениет революциясы» дегенді мүлде түсінбеген ауылдықтар «мәдени революцияны» не үшін жоне кім үшін жүргізіп жатқандықтарын өздері де ойлаған жоқ, әйтеуір қалаларда көтерілген «Капитализм жолында жүрген шенеуліктерді жоғал-тайық!» деген ұранға үн қосып, ауыл кадрларын алдарына салып, ауыл-қыстақ көшелерін аралап шеру тартып, алашапқынға түсті. Сонымен, революцияшыл жастар Халық коммунасынан өндіріс отрядтарының басшыларына дейінгі аталмыш билік иелерінің барлығын күреске тартып, қызметтерінен шеттетті де, қалыпты өндіріс тәртібін бұзып, ауыл-қыстақтарда астаң-кестең саяси жадайды қалыптастырды. Соның салдарынан бүкіл Қытай бойынша өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдері 1967 жылы - 9.9%-ға, 1968 жылы 14%-ға азайды. Соған қарамастан. «мәдени революция» 1976 жылға дейін (Мао өлгенге дейін) жалғасты. Осының барысында Орталық үкімет ұлттык экономиканы бірнеше мәрте реттеген болды, бірақ оның нәтижесі айтарлықтай болмады. Өйткені өндіріс қатынастарының тепе-теңдігі бұзылып, экономика саласындағы қарама-кайшылықтар әбден шиеленіскен болатын. Сондыктан «мәдени революция» жылдарындағы Қытай экономикасы, жалпы айтқанда, тоқырау, құлдырау процесінде болды да, кытай халқының, оның ішінде Қытайдағы қазақтардың экономикалық және мәдени өмірі құлазыған күйге түсті. Дегенмен, 1976 жылы Мао дүниеден өтіп, Дэн Сяопин қатарлы көрнекті саяси тұлғалар мемлекеттік билік басына қайта оралғаннан кейін, Қытайдыц саяси жағдайында оң қадамдар жасала бастады. ҚКП-ның 1І-отырысының III лленумы 1978 жылы желтоқсанда Пекинде ашылды. Пленум Дэн Сяоішннің идеясы бойынша аса мацызды тың шешімдер қабылдады. Атап айтар болсақ, идеяны азат етіп, шындыққа бет бұру Компартия мен үкімет қызметінің салмағын социалистік модернизацияға қою, халық шаруашылығын реттік ауыл шаруашылығының дамуын тездету; ғылым, техника мен білім беру салаларына назар аудару; әлеуметтік реформа жүргізу және есікті ашық ұстау сияқты тарихи маңызға ие саяси шешімдер қабылдады. Осыған орай ҚКП ОК 1979 жылы сәуір айында қызмет мәжілісін ашып, экономика мәселесін талқылап, халық шаруашылығын «реттеу, реформалау. жүйелеу және (өнімді) жоғарылату» деген бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама негізінде ҚХР үкіметі 1979 жылдан бастап экономика саласын реттей бастады. Алдымен, ауыл-қыстақ саясатын жақсартып, аграрлық өндірістің дамуын жеделдетті. Үкімет аграрлық өнімдерді сатып алу бағасын 1979 жылы бірден 22.1%-ға өсірді; ауыл-қыстақтардан алынатын салықтың мөлшерін азайтты; ауыл шаруашылығы техникаларының сатып беру бағасын төмендетіп,ауыл шарушылығының дамуын жан-жақты қолдады. Осының нәтижесінде Қытайдың ауыл шаруашылық экономикасы 1980 жылдан бастап дамуға бет алды. ҚКП ОК 1980 жылы «Аграрлық өндіріс жауапкершілігін кемелдеңдіру туралы» №75 қаулы қабылдады. Осы қаулы бойынша, ауыл-қыстақтарда отбасылық өндіріс жауапкершілігі жүйесі орнатыла бастады. 1981 жылдан бастап Қытай ауыл-қыстактарында экономикалық жеке өндірісшілер қалыптасты. Міне, осы жеке өндірісшілер қатарының көбеюіне байланысты ауыл-қыстақты басқару кұрылымдарына реформа жасалды. Бұрынғы Халық коммунасы ауылдық үкімет болып қайта құрылды да, өндіріс отрядтары таратылып, егістік жер мен мал басы жеке адамдарға келісімшарт бойынша жалға берілді. Диқандар мен шаруалардың көп салалы экономикалық кәсіппен шұғылдануына еркіндік берілді. ҚХР үкіметі өзінің аграрлык саладағы реформасы оң нәтиже берген соң, реформаны өнеркәсіп, сауда саласына және қала экономикасына жүргізумен қатар. жоспарлы экономикадан нарықтық экономиканы калыптастыру саясатын қолданды. Қытайда нарықтық экономика қатынастарының қалыптасуына байланысты ондағы қазақтардың әлеуметгік кәсіптік кұрылымы мен экономикалык көзқарастары түбегейлі өзгере түсті. Олар ендігі жерде натуралды экономикамен шектелмей, тауар экономикасы рыногынан қосымша құн табуға, баюға ұмтылатын болды. Солардың алдыңғы легі қазір біршама дәулетті адамдар санатына ене бастады. Бірақ Қытайда нарықтык экономиканың дамуына байланысты үкіметтің «Батыс бөлікті игеру» саясатының атқарылуымен бірге Шынжаңда экономикалық бәсеке күшейді. Осындай нарықтық бәсекеде әр түрлі себептердің салдарынан ондағы қазақтардың көбі жеңіліске ұшырап, даму мүмкіндігінен айрылып қалып жатқан жайы бар. Дсмек, Қытайдағы қазақтардың экономикалық өмір деңгейі әрқилы. Қорытып айтқанда, Қытайдағы қазақтар нарықтық экопомикалық жағдайда орташа деңгейде өмір сүреді, олардың ішінде кедейленіп күн көре алмай отырғандары да, байып, ұлттық капиталиске айналғандары да қазірше байкала қойған жоқ.  

Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік шаруашылык жағдайы, негізінен, ҚХР-ның аграрлық экономика өндірісімен тығыз байланыста болды, Жоғарыда пайымдағанымыздай, ҚХР 1950 жылдан бастаи Қытайдың саяси-әкімшілік құрылымдарын кайта құруына байланысты, экономикалық жоспар мен өндіріс құры-лымдарын да социалистік бағытқа бейімдеп қайта құра бастады. Алдымен, ауылды кооперативтендіріп, одан соң оларды коммуналандырды. Алғашқы жылдары экономиканы қалпына келтіру мақсатында диқандар мен шаруаларға қаржылай және техникалық көмек көрсетіп, елдің еңсесін біршама көтерді де, соңынан ауыл тұрғындарының мал-мүлкін Халық коммунасының меншігіне өткізіп алды. Сонымен, ел қатарлы Коммунаға енген қазактар өздері еңбек ететін егін немесе мал шаруашылық отрядтарының жылдық табысы бойынша жыл соңында бір рет ақы алуға мәжбүр болды. Аныктап айтқанда, Халык коммунасындағы енбекшілер әрбір өндіріс отрядтарында еңбек етеді. Бір күндік еңбектің толык бағасы 10 балл бойынша есептеледі, әр күні бригадир ецбекшілердің кітапшасына сол күннің еңбек бағасын қойып отырады. Жыл соңында бухгалтср әрбір еңбскшінің бір жыл ішінде еңбекке катыскан күнін жопе алған еңбек балдарын есептеп, оның сол жылда отрядтан алған азык-түлігін, нссие алған ақшасын есептеп, оны сол адамның отрядтан алатыи еңбекақысынан балансын жасайды. Сонда ол сңбекшілер отрядынан ақы ретінде шамалы ғана акша алатын болады, не болмаса өзінің жылдық істеген еңбекақысы отрядтан алғанына жетпей, қарыз болып шығады да, ол қарызып келесі жылғы еңбегімен жабуға міндетті болады.

Қытайдың ауылдарында Халық коммунасы құрылғаннан кейін, өндіріс отрядтары таптық көзқарас бойынша ұйымдастырылды. Бұрынғы кедей диқандар мен малсыз шаруалар мал шаруашылығы отрядтарына жіберілді де, кезінде дәулетті болған жоғары, орта шаруалар егіншілік отрядтарына түсірілді. Өйткені «қанаушы тап өкілдері егіншіліктегі ауыр еңбекті істеуге тиісті» деп қаралды. Қазақтар арасындағы осындай кәсіптік қарама-қарсы орын алмасудың салдарынан әр екі жақ тәжірибесіздіктен өз шаруашылығын тыңғылықты істей алмады. Қазактардан тұратын мал шаруашылығы отрядтарының да, егін шаруашылығы отрядтарының да жылдық табыстары төмен деңгейде болды, тіпті жылдық есептерін зиянмен жабатын жагдайға тап болып отырды. Сондыктан қазақ халқыньщ экономикалық өмірі ол кезде өте төмен күйде болды. Мұның тағы бір басты себебі ҚКП-ның қолданған әсіре солшылдық саясатында екеидігін айтпауға болмайды.

ҚКП Орталық комитеті 1962 жылы қаңтар айында Пекинде «Жеті мың адамдық мәжіліс» ашып, өзінін социализм құрудағы он екі жылдық тәжірибесін қорытындылап, бірқатар маңызды шешімдер кабылдады. Соның бірі «Аграрлық саланы қолдауды күшейтін. зор күшпен ауыл шаруашылығын дамыту» бағдарламасы еді. Ол бойынша, үкімет ауыл шаруашылығына берілетін несие мөлшерін көбейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын 27.1%-ға жоғарылату арқылы ауыл-қыстақтарды экономикальіқ жағдайын біршама жақсарткандай болды. Осыған байланысты қазақтардың да тұрмыс деңгейі 1963 жылдан бастап сәл де болса көтерілді.

Бірақ мемлекет көлемінде орьш алған бұқаралық саяси қозғалыстар елдің ецсесін көтертпеді. 1963-1965 жылдары бүкіл мемлекет көлемінде «Социалистік тәрбие қозғалысы» жүргізілді. Оған Маоның «Таптық күрес жүргізілсе, барлық іс алға басады» дсген нұскауы басшылыққа алынды. Нәтижесінде бұл қозғалыс «солшылдық қателіктерге ұрындырды».Сондай-ақ,ол«мәдени революцияны»жүргізуге идеологиялық негіз қалады.

Мао Цзэдун өзінің социалистік қоғамдағы таптық күрес теориясына сүйене отырып, 1966 жылы Орталықтан қабылданатын қаулы жобаны дайындады. Ол жобаны сол жылдың 16 мамырында ҚКП Орталық комитеті бекітіп, «16 мамыр хабарламасы» деген атпен жария етті. Соның негізінде 1966 жылы 28 мамырда Орталық саяси бюроның қасынан «Орталық мәдени революция басшылық тобы» құрылды. Оның басшысы болып алғашында Маоның оң қол көмекшісі Кан Цин  тағайындалды, кейін оның орнына Маоныц әйелі Цзян Цин тағайындалды. Сонымен, 1966 жылдың жазында қалаларда «Мәдени революция» қозғалысы басталды. 1966 жылы 9 желтоқсан күні ҚКП ОК (Қытай Компартиясы Орталық комитеті) «революцияны жүргізіп, өндірісті дамытудың 10 тармағын» жариялады. Сол жылдың 15 желтоқсанында «Ауыл-қыстақтарда мәдени революция жүргізу туралы нұсқау» түсірді. Сонымен, қытайдың ауыл-қыстақтарында да «мәдени революция» дүркіреп жүріп кетті.

«Мәдениет революциясы» дегенді мүлде түсінбеген ауылдықтар «мәдени революцияны» не үшін жоне кім үшін жүргізіп жатқандықтарын өздері де ойлаған жоқ, әйтеуір қалаларда көтерілген «Капитализм жолында жүрген шенеуліктерді жоғал-тайық!» деген ұранға үн қосып, ауыл кадрларын алдарына салып, ауыл-қыстақ көшелерін аралап шеру тартып, алашапқынға түсті. Сонымен, революцияшыл жастар Халық коммунасынан өндіріс отрядтарының басшыларына дейінгі аталмыш билік иелерінің барлығын күреске тартып, қызметтерінен шеттетті де, қалыпты өндіріс тәртібін бұзып, ауыл-қыстақтарда астаң-кестең саяси жадайды қалыптастырды. Соның салдарынан бүкіл Қытай бойынша өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдері 1967 жылы - 9.9%-ға, 1968 жылы 14%-ға азайды. Соған қарамастан. «мәдени революция» 1976 жылға дейін (Мао өлгенге дейін) жалғасты. Осының барысында Орталық үкімет ұлттык экономиканы бірнеше мәрте реттеген болды, бірақ оның нәтижесі айтарлықтай болмады. Өйткені өндіріс қатынастарының тепе-теңдігі бұзылып, экономика саласындағы қарама-кайшылықтар әбден шиеленіскен болатын. Сондыктан «мәдени революция» жылдарындағы Қытай экономикасы, жалпы айтқанда, тоқырау, құлдырау процесінде болды да, кытай халқының, оның ішінде Қытайдағы қазақтардың экономикалық және мәдени өмірі құлазыған күйге түсті.

Дегенмен, 1976 жылы Мао дүниеден өтіп, Дэн Сяопин қатарлы көрнекті саяси тұлғалар мемлекеттік билік басына қайта оралғаннан кейін, Қытайдыц саяси жағдайында оң қадамдар жасала бастады. ҚКП-ның 1І-отырысының III лленумы 1978 жылы желтоқсанда Пекинде ашылды. Пленум Дэн Сяоішннің идеясы бойынша аса мацызды тың шешімдер қабылдады. Атап айтар болсақ, идеяны азат етіп, шындыққа бет бұру Компартия мен үкімет қызметінің салмағын социалистік модернизацияға қою, халық шаруашылығын реттік ауыл шаруашылығының дамуын тездету; ғылым, техника мен білім беру салаларына назар аудару; әлеуметтік реформа жүргізу және есікті ашық ұстау сияқты тарихи маңызға ие саяси шешімдер қабылдады. Осыған орай ҚКП ОК 1979 жылы сәуір айында қызмет мәжілісін ашып, экономика мәселесін талқылап, халық шаруашылығын «реттеу, реформалау. жүйелеу және (өнімді) жоғарылату» деген бағдарлама қабылдады.

Осы бағдарлама негізінде ҚХР үкіметі 1979 жылдан бастап экономика саласын реттей бастады. Алдымен, ауыл-қыстақ саясатын жақсартып, аграрлық өндірістің дамуын жеделдетті. Үкімет аграрлық өнімдерді сатып алу бағасын 1979 жылы бірден 22.1%-ға өсірді; ауыл-қыстақтардан алынатын салықтың мөлшерін азайтты; ауыл шаруашылығы техникаларының сатып беру бағасын төмендетіп,ауыл шарушылығының дамуын жан-жақты қолдады. Осының нәтижесінде Қытайдың ауыл шаруашылық экономикасы 1980 жылдан бастап дамуға бет алды.

ҚКП ОК 1980 жылы «Аграрлық өндіріс жауапкершілігін кемелдеңдіру туралы» №75 қаулы қабылдады. Осы қаулы бойынша, ауыл-қыстақтарда отбасылық өндіріс жауапкершілігі жүйесі орнатыла бастады. 1981 жылдан бастап Қытай ауыл-қыстактарында экономикалық жеке өндірісшілер қалыптасты. Міне, осы жеке өндірісшілер қатарының көбеюіне байланысты ауыл-қыстақты басқару кұрылымдарына реформа жасалды. Бұрынғы Халық коммунасы ауылдық үкімет болып қайта құрылды да, өндіріс отрядтары таратылып, егістік жер мен мал басы жеке адамдарға келісімшарт бойынша жалға берілді. Диқандар мен шаруалардың көп салалы экономикалық кәсіппен шұғылдануына еркіндік берілді.

ҚХР үкіметі өзінің аграрлык саладағы реформасы оң нәтиже берген соң, реформаны өнеркәсіп, сауда саласына және қала экономикасына жүргізумен қатар. жоспарлы экономикадан нарықтық экономиканы калыптастыру саясатын қолданды.

Қытайда нарықтық экономика қатынастарының қалыптасуына байланысты ондағы қазақтардың әлеуметгік кәсіптік кұрылымы мен экономикалык көзқарастары түбегейлі өзгере түсті. Олар ендігі жерде натуралды экономикамен шектелмей, тауар экономикасы рыногынан қосымша құн табуға, баюға ұмтылатын болды. Солардың алдыңғы легі қазір біршама дәулетті адамдар санатына ене бастады. Бірақ Қытайда нарықтык экономиканың дамуына байланысты үкіметтің «Батыс бөлікті игеру» саясатының атқарылуымен бірге Шынжаңда экономикалық бәсеке күшейді. Осындай нарықтық бәсекеде әр түрлі себептердің салдарынан ондағы қазақтардың көбі жеңіліске ұшырап, даму мүмкіндігінен айрылып қалып жатқан жайы бар. Дсмек, Қытайдағы қазақтардың экономикалық өмір деңгейі әрқилы. Қорытып айтқанда, Қытайдағы қазақтар нарықтық экопомикалық жағдайда орташа деңгейде өмір сүреді, олардың ішінде кедейленіп күн көре алмай отырғандары да, байып, ұлттық капиталиске айналғандары да қазірше байкала қойған жоқ.

 

Ұқсас материалдар