Қандастар Ассамблея

Ақмола облысы

18.02.2014 8759
  Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целионград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км2. Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді (2006).

Тарихы

Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целионград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км2. Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз – Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.

Кен байлықтары

Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.

Өзен - көлдері

Ірі өзендері Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана, Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 тоған салынған, жалпы су көл. 180,6 млн. м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 – 74 млн. м3 Ертіс суы беріледі.

Флора мен фауна

Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған.

Қалалары мен өнеркәсібі

Қалалары – Астана, Степногорск, Атбасар, Макинск, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Щучинск. Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық жері 12501,1 мың га, оның 4806,1 мың га-сы егістік, 287,8 мың га-сы шабындық, 72,2 мың га-сы жайылымдық (2006). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Облыс аумағындағы темір жолдыңдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы [[Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды – Астана – Павлодар темір жолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар, Астана – Алматы]] автомобиль жолдары өтеді.

Ұқсас материалдар