Қытай қорғанының шығу тарихы

05.12.2012 53189
    Қытай  қорғанының  бейнесі  ---- әркімге  бала кезінен таныс. Дегенмен,  ол  бейнелер  оның  кейін  салынған бөліктері. Яғни,Бейжің маңындағы   немесе  экскурсанттарға  арнайы  қайта жөндеуден  өткен қорған  бөліктері.  Қорғанның IV-III  ғасырларда тұрғызылған  бөліктері  мүлдем мұндай  көрінбейді және Ұлы  Қытай  Қорғаны туралы сөз  қозғалғанда, әрине, оның  XIV ғасырдың  ортасында тұрғызылған  бөлігі  меңзеледі. Ол   шынымен-ақ  ұзыннан-ұзақ тоқтаусыз  созылып  жатыр.         Ұлы  Қытай  Қорғаны----  Аспан  асты елінің  символы әрі  Қытайдың ең  көрікті  жерлерінің  бірі.Бұл әрбір  шетел туристіне  белгілі.Ұлы  Қорғанның  кескіндемелерін  көптеген  буклеттер, атлас  пен  жол  көрсеткіштері  арқылы  көруге  болса  да,  бұл  кереметтің  пайда болу  тарихын  екінің - бірі  біле бермейді.          Қытай мемлекетінің  тәуелсіздігі б.з.д.221 ж. ,  Кішкентай  патшалықтың  билеушісі   «Jen»  ұсақ  патшалықтарды бағындырып,  өзін          «Чиң  Шы  Хуаң  император» деп жариялағаннан  басталады.Император  асқан  қаталдығымен  аты жайылды. Оның  әмірі  бойынша  460 конфуциан - ғалым  тірідей  көміліпті деген  деректер  бар.           Б.З.Д. 213  жылы  Чиң  Шы  Хуаң  бодан  мемлекеттердің  барлық тарихи- шежірелерінің  көзін  жоюға  әмір  береді.Тек   медицина, бал ашу, жер және  орман шаруашылығы  жайлы  кітаптардан   басқа әдебиеттерге  тыйым  салынды.        Бірінші император  билігі кезінде,мемлекетте  өлшем мен  салмақтың  бір  жүйесі  қабылданды, сонымен қатар мемлекет ішінде  қозғалысты  жеңілдету  үшін  арба өлшемі  белгіленді. Осы  кезде  басқа  да ірі көлемді  құрылыстар  жүріп  жатты.   Чиң  Шы  Хуаң  билігі  кезінде, 6500 км жол төселінді,  және  жалпы ұзындығы  2000 км созылған каналдар  салынды   Б.З.Д. IV ғасырда   көптеген  шайқасушы  қытай патшалықтар  арасынан Гиң  мемлекеті  бөлініп  шықты.Ол  сол кездің  императордың  бірінші  императоры болған Шаң  Яңның ерекше  саясаты  арқасында  күшін  біріктіре бастады.Бұл  жігерлі  адамға  «бүкіл елді  әскери  жағдайға  ауыстыру»  қолынан  келді. Оның  саясаты бойынша, егер  бір  азамат қылмыс жасайтын болса,қылмысының  жазасын  оның  бүкіл жанұясы  және тағы да  10 көрші- отбасы  өтейтін болды. Осылайша, мемлекет 1 қылмыскердің орнына   бірден  он  шақтысын  алатын  болды. Мұндай  ішкі саясат Қытайда  ұзаққа  созылды, әрі   көріп  отығанымыздай, бұл,  кейінірек  Қытай  қорғанының  пайда болуына  тікелей қатысты  болды.        Б.З.Д. 246 ж.Шың  державасының  билігіне  «Jen» келеді.Ол  жас  мемлекетті  нығайтып,  бірнеше  жыл ішінде Қытайдың  соңғы  тәуелсіз князьдіктерін жаулап алып,  өзін” Шың  империясының  алғашқы  императоры” деп жариялады.ол тарихха  тәждік  ”Чиң  Шы Хуаң “ есімімен кіреді.     Бұл  адам аса  күшті әрі даңққұмар  кісі болыпты.Оның билігі кезінде  керемет құрылыстар   жүргізілді.     Көне  аңызға сүйенсек,  бір  күні  Чиң  Шы Хуаңның  ұйқылы  жаны , Айға  көтеріліп  Жерге қарапты.Аспан биіктігінен Қытай  империясы оған кішкене  ғана  нүкте  болып  көрініпті.Қорғаусыз  Аспан  Асты  елін  көргенде, Императордың  жаны қысылыпты. Сол кезде  императорға, бүкіл  империяны  қоршап тұратын, жабайылардан құтқаратын, империяны  бір отбасы  ететін  қорған тұрғызу  ойы  келіпті.  Әрине,  Чиң  Шы Хуаң құрылысынан  ештеңе  де  қалмаған.Император сарайының  2-ші  қабатында  10 мың  адам  жай  сиып кететін болған. Әрине,  мұндай ғаламат құрылысқа көптеген жұмысшылар  қажет еді.  Чиң  Шы Хуаң  бұл мәселені  оңай шешті.Еріксіз  жұмыстарға  соғыс  тұтқындарымен  қоса, сотталған  азаматтар да  жіберілді және де      Чиң  Шы Хуаңның  жұмысшылар  армиясы  үнемі  артып отырды. Миллиондаған  адамдар  император  сарайының құрылысында, көркем  бейіттерде   және өте  үлкен шекаралық  қорған жұмыстарында   аяусыз  еңбек  етіп жатты. Күн сайын мыңдаған, он  мыңдаған адамдар мерт  болып  жатты, дегенмен олардың  орнына  басқалары  келіп  отырды. Ал  қайтыс  болғандарды   Қорғанмен бірге қалап   отырыпты. Сондықтан да,  Ұлы  Қытай  Қорғанды --- “ әлемдегі  ең  ұзын мола” деп  те  атайды.    Аңыз  бойынша,   Чиң  Шы Хуаңға  көреген бір  кісі: “ егер құрылыста   «wan» (10 мың  адам) мерт  болып, қорған  ішіне қаланса”“ сенің  тер төккен еңбегің аяқталуы  мүмкін, ---деп болжам  айтыпты.Император «Wan» есімді  адамды  тауып,  оны  өлтіріп, қорғанға  қалауға  бұйрық беріпті.  Чиң  Шы Хуаң  Ұлы   Қытай  Қорғанның  негізін  салып бітпей  жатып,  мемлекетке ғұн шапқыншылығы  басталып кетті, осының  әсерінен  ол  ұлы  құрылысын  аяқтай  алмай қалды. Не  десе де  Қытайдың   символы - Ұлы  қорған.Оның  салуды  Қытайдың  бірінші инператоры  Цинь  бастапты . Ол о баста-ақ  қорғанды  өзінен  кейінгі императорлар  жалғастырып  тұрғызатындай  етіп ойластырған.Мин әулеті  оны кейін  жақсылап  жөндеуден  өткізіп, қорғанды жалғастырып  тұрғызды.Ендігі   бір деректе  Бохай  бұғазынан басталатын   қорған  шамамен 2000  жыл  бұрын  салынған делінген.Бірақ,  бұл  нақты  дерек  емес.Чу, Цин, Ци, Чжао, Вэй, Хан секілді  тағы  да  басқа  хандықтар  өз аймақтарын  жаудан  қорғау үшін   қорғанмен  қоршаған  көрінеді.Кейінен  қытайды  бір  мемлекетке біріктірген   император Цинь б.э.д  221  жылы  ғұндар  даласында қараған  осы   қорғандардың   бәрін  бір - бірімен  біріктіру   жайында жарлық   берген . Ұлы  Қорған - Қытайдың   көне заманындағы  ең ұлы құрылыс.Қорған   656 ж. Немесе  одан  да  көп  жыл  бұрын тұрғызылған . Бұл  Қытай  тарихында  Чұн-Чиу  дәуіріне тура келеді.Қытайдың   орта  және  терістік  бөлігінде  көптеген  ұсақ мемлекеттер  көп  болған.Соның   ішіндегі  Чу  елі  жаудан  қорғану үшін   қорған  салған.Содан  бастап  әр  патшалық  қорған салып, қорғанның   ұзындығы 1,2  мың  шақырымға  дейін  жеткен. 221  б.э.б ж. Чин  әулетінің  патшасы - Чин  Шы  Хуаң  Қытайды бірлікке   келтірді.Солтүстіктегі   көшпенді  ғұндардың  шапқыншылығын   бөгеу  үшін,  патша  солтүстікке   салынған  ішінара  қорғандарды   бір - біріне  тұтастыру   жайлы  бұйрық   береді.Сол кездегі    қорғанның  жалпы  ұзындығы   5000  шақырымға  жеткен, әрі  содан   бастап <<Ұлы   Қорған>>  деп   атала  бастаған. мен ғұндар  арасында   үнемі  соғыс   болып  тұрады  да ,Хан  патшалығы   <<Ұлы Қорғанды>>  батысқа   қарай  Хан   патшалығы  (206  б.э.б - 220) тұсында  қытайлар  соза түсіп ,жалпы  ұзындығы   10  мың шақырымға   жеткізеді .Хан  патшалығының   бұлай   істеуі, жаңа ашылған   <<Жібек   жолын>>   қорғау  үшін  де  еді.      Шың  империясының күйреуінен  кейін,  құрылыс уақытша  тоқтап қалды. Жан-жақтан жау  шапқыншылығы үдеген  сайын  мемлекет әлсірей  бастады. Сондықтан, Чиң  Шы Хуаңнан  кейінгі  императорлар  қорған  құрылысын аяқтауға  бел буады.Олар, егер    қорған  оны  айналып  өте  алмайтындай  ұзақ болса,  басып кіретін   осал жері  болмаса,  мемлекет  қауіпсіздікте болатынына кәміл сенді.Ақыры, барлық  бөлек  дуалдар біріктіріліп, империяның бүкіл шекара бойымен  созылған біріккен  сыртқы  қорған  пайда  болды.  Ұлы  Қытай  Қорғаны--- дүние жүзіндегі ең  ұзын  құрылыс  болып  есептелінеді.Ол Лиаодун  бұғазысынан басталып,содан соң  солтүстік Қытайдан Бейжіңнің  солтүстік - шығы  жағынан өтеді.Мемлекетті жанай өтіп, Гоби  шөліне  кіреді.Қорғанның  нақты  ұзындығы жайлы  әр түрлі пікірлер  болғандықтан,  оның  жалпы  ұзындығы  әр жерде  әр   түрлі  көрсетілген. Қорғанның  басы мен   соңы  арасындағы тік  сызық  ұзындығы   2450 км , ал  қорғанның  бүкіл қосымша  дуалдардың, параллель қоршаулардың  ұзындықтарын  жалпы  есептегенде,6000-нан 6500 км-ге дейін   жетуі  керек.1990 ж.әлдебір қытайлық  қорғанды  жаяу  жүріп  өтіп, жалпы  ұзындық-6700 км екенін  мәлімдеді.   Ұлы  Қытай  Қорғаны--- тас  іргетаста  тұрғызылған.Оның  негізгі  құрылыс  материалы---кірпіш..Дегенмен, кірпіш  қорғанның  сыртқы  дуалдарында ғана  қолданылған. Ал олардың арасы  тапталған топырақпен  толтырылған.Бұл ғаламат   құрылысқа  700 млн.сағат, 180 млн.  м³ жер көлемі,тас  пен  кірпіштің 60 млн. м³  кеткен  деп  есептелінді. Ешбір  Мысыр   Фараонына  мұндай  жұмыс  көлемі  түсіне де  кірмеген.    Қорғанның  стандартты  биіктігі --- 15 м, ені -- 5,5 м.Қорған  үстімен  екі  қарама-қарсы арба  және 5 қатар  солдат   тобы  өте алатын еді.Демек, бұл қорған  --- тек қамал  емес, жол  қызметін де  атқарған.      Әр 100-120 м сайын (екі   жебе  жететін  ара  қашықтық), қорған  үстіне  онша  биік емес   қамалдар  тұрғызылған. Ол жерден  күндіз  түтін, түнде  -- от  белгісі  арқылы бүкіл ел  бойынша  жаңалық таратылып отырған. Тарихшылар:« Бұрынырақта  қамал саны 60 мыңға жеткен екен.»--- деп  мәлімдейді .Қазіргі таңда  қорғанның көптеген  жерлері  шөккен  соң,  қамал  саны әлі де 20 мыңның шамасында деп мәлімденеді.   Кейбір  жерлерде қақпалар кездеседі, бірақ олардың саны  аз. Олар  керуен  жолдары мен  қала  маңында  орналасқан.Негізінен, 5 ірі  керуен  жолындағы 5 қақпа  --- Қытайға кіретін негізгі қақпалар болып  есептелінеді. Солардың бірі Бейжің    маңында орналасқан. Облыстың  бұрынғы  тұрғындары, әлі де   қорғанмен  қоршалмаған жерлерді Қытай  деп  санамайды  екен. Сондықтан да, бұл  жерге бүгінге шейін « шет  жерде» көз  жұмған қытайлықтарды  әкеліп отырады.5 қақпа  маңындағы  қалалар  міндетті  түрде   кең  зираттары бар. « Мемлекет  мықты  кезінде, көршілер   оған баса  көктеп кіре алмайды, ал  егер  мемлекет  әлсіресе  ,  оны  ешқандай  да  қамал  құтқара алмайды, ұзаққа  шыдай алмай, көп  ұзамай беріледі » деген   қағида  бар. Сол  сияқты  , Ұлы  Қытай  Қорғанының  құрылысының  аяқталғанына  жарты ғасыр өтпей жатып,император  армиясының  тарқағанын  пайдаланып, маньчжурлар қорғанға  баса  көктеп кіріп, Бейжіңді  басып алады.Әскери  жағдайдың   ушығуына  байланысты,әрі  соғыста жаңа  техникалар  пайда болуы  әсерінен Ұлы Қорған  өзінің  күш-қуатынан  айырылды. Оны  әскери  жағдайда  ұстап тұру  тым  қымбатқа түсті әрі  тиімсіз  болды.Қорғанның  көптеген жерлері, әсіресе  үлкен қалалар маңындағы бөліктері бұзылып, қираған  еді. Бұл ғаламат құрылыс --- төңіректі  қоршап  тұрған   жай  біраз  көтерілген  дуалдарға ұқсап  қалды.Әсіресе  оның, мың тіпті екі  мың  жыл бұрын  тұрғызылған  бөліктері зардап  шеккен.. Дегенмен, бұл жағдайларға қарамастан ,  қорған бәрін  таңғалдырып  жатты  және  де  дәл  осы құрылыстың---- Қытайдың символына  айналуына  ғажап емес.  Қазір де, мың жыл бұрын  секілді , ол  бүкіл  Қытай арқылы  өтеді. Жолында  ол тауды  кездестіріп  айналып өтпейді,  қайта таумен  бірге жоғары өрмелеп, екінші жағынан  төмен  түседі;ол  құрғақ  даламен  және  қала  маңымен  өтеді.Ол  әрі таңғаларлық  әрі  қайғылы.Бұл  халықтың көпғасырлық   еңбегіне  арналған  ---әлемдегі ең  ірі  ескерткіш, сонымен  қатар ол-- адамзат  қайғысына, әділетсіздікке   арналған ескерткіш.  

    Қытай  қорғанының  бейнесі  ---- әркімге  бала кезінен таныс. Дегенмен,  ол  бейнелер  оның  кейін  салынған бөліктері. Яғни,Бейжің маңындағы   немесе  экскурсанттарға  арнайы  қайта жөндеуден  өткен қорған  бөліктері.  Қорғанның IV-III  ғасырларда тұрғызылған  бөліктері  мүлдем мұндай  көрінбейді және Ұлы  Қытай  Қорғаны туралы сөз  қозғалғанда, әрине, оның  XIV ғасырдың  ортасында тұрғызылған  бөлігі  меңзеледі. Ол   шынымен-ақ  ұзыннан-ұзақ тоқтаусыз  созылып  жатыр.

        Ұлы  Қытай  Қорғаны----  Аспан  асты елінің  символы әрі  Қытайдың ең  көрікті  жерлерінің  бірі.Бұл әрбір  шетел туристіне  белгілі.Ұлы  Қорғанның  кескіндемелерін  көптеген  буклеттер, атлас  пен  жол  көрсеткіштері  арқылы  көруге  болса  да,  бұл  кереметтің  пайда болу  тарихын  екінің - бірі  біле бермейді.

         Қытай мемлекетінің  тәуелсіздігі б.з.д.221 ж. ,  Кішкентай  патшалықтың  билеушісі   «Jen»  ұсақ  патшалықтарды бағындырып,  өзін          «Чиң  Шы  Хуаң  император» деп жариялағаннан  басталады.Император  асқан  қаталдығымен  аты жайылды. Оның  әмірі  бойынша  460 конфуциан - ғалым  тірідей  көміліпті деген  деректер  бар.

          Б.З.Д. 213  жылы  Чиң  Шы  Хуаң  бодан  мемлекеттердің  барлық тарихи- шежірелерінің  көзін  жоюға  әмір  береді.Тек   медицина, бал ашу, жер және  орман шаруашылығы  жайлы  кітаптардан   басқа әдебиеттерге  тыйым  салынды.

       Бірінші император  билігі кезінде,мемлекетте  өлшем мен  салмақтың  бір  жүйесі  қабылданды, сонымен қатар мемлекет ішінде  қозғалысты  жеңілдету  үшін  арба өлшемі  белгіленді. Осы  кезде  басқа  да ірі көлемді  құрылыстар  жүріп  жатты.   Чиң  Шы  Хуаң  билігі  кезінде, 6500 км жол төселінді,  және  жалпы ұзындығы  2000 км созылған каналдар  салынды   Б.З.Д. IV ғасырда   көптеген  шайқасушы  қытай патшалықтар  арасынан Гиң  мемлекеті  бөлініп  шықты.Ол  сол кездің  императордың  бірінші  императоры болған Шаң  Яңның ерекше  саясаты  арқасында  күшін  біріктіре бастады.Бұл  жігерлі  адамға  «бүкіл елді  әскери  жағдайға  ауыстыру»  қолынан  келді. Оның  саясаты бойынша, егер  бір  азамат қылмыс жасайтын болса,қылмысының  жазасын  оның  бүкіл жанұясы  және тағы да  10 көрші- отбасы  өтейтін болды. Осылайша, мемлекет 1 қылмыскердің орнына   бірден  он  шақтысын  алатын  болды. Мұндай  ішкі саясат Қытайда  ұзаққа  созылды, әрі   көріп  отығанымыздай, бұл,  кейінірек  Қытай  қорғанының  пайда болуына  тікелей қатысты  болды.

       Б.З.Д. 246 ж.Шың  державасының  билігіне  «Jen» келеді.Ол  жас  мемлекетті  нығайтып,  бірнеше  жыл ішінде Қытайдың  соңғы  тәуелсіз князьдіктерін жаулап алып,  өзін” Шың  империясының  алғашқы  императоры” деп жариялады.ол тарихха  тәждік  ”Чиң  Шы Хуаң “ есімімен кіреді.

    Бұл  адам аса  күшті әрі даңққұмар  кісі болыпты.Оның билігі кезінде  керемет құрылыстар   жүргізілді.

    Көне  аңызға сүйенсек,  бір  күні  Чиң  Шы Хуаңның  ұйқылы  жаны , Айға  көтеріліп  Жерге қарапты.Аспан биіктігінен Қытай  империясы оған кішкене  ғана  нүкте  болып  көрініпті.Қорғаусыз  Аспан  Асты  елін  көргенде, Императордың  жаны қысылыпты. Сол кезде  императорға, бүкіл  империяны  қоршап тұратын, жабайылардан құтқаратын, империяны  бір отбасы  ететін  қорған тұрғызу  ойы  келіпті.

 Әрине,  Чиң  Шы Хуаң құрылысынан  ештеңе  де  қалмаған.Император сарайының  2-ші  қабатында  10 мың  адам  жай  сиып кететін болған. Әрине,  мұндай ғаламат құрылысқа көптеген жұмысшылар  қажет еді.  Чиң  Шы Хуаң  бұл мәселені  оңай шешті.Еріксіз  жұмыстарға  соғыс  тұтқындарымен  қоса, сотталған  азаматтар да  жіберілді және де      Чиң  Шы Хуаңның  жұмысшылар  армиясы  үнемі  артып отырды. Миллиондаған  адамдар  император  сарайының құрылысында, көркем  бейіттерде   және өте  үлкен шекаралық  қорған жұмыстарында   аяусыз  еңбек  етіп жатты. Күн сайын мыңдаған, он  мыңдаған адамдар мерт  болып  жатты, дегенмен олардың  орнына  басқалары  келіп  отырды. Ал  қайтыс  болғандарды   Қорғанмен бірге қалап   отырыпты.

Сондықтан да,  Ұлы  Қытай  Қорғанды --- “ әлемдегі  ең  ұзын мола” деп  те  атайды.

   Аңыз  бойынша,   Чиң  Шы Хуаңға  көреген бір  кісі: “ егер құрылыста   «wan» (10 мың  адам) мерт  болып, қорған  ішіне қаланса”“ сенің  тер төккен еңбегің аяқталуы  мүмкін, ---деп болжам  айтыпты.Император «Wan» есімді  адамды  тауып,  оны  өлтіріп, қорғанға  қалауға  бұйрық беріпті.

 Чиң  Шы Хуаң  Ұлы   Қытай  Қорғанның  негізін  салып бітпей  жатып,  мемлекетке ғұн шапқыншылығы  басталып кетті, осының  әсерінен  ол  ұлы  құрылысын  аяқтай  алмай қалды. Не  десе де  Қытайдың   символы - Ұлы  қорған.Оның  салуды  Қытайдың  бірінші инператоры  Цинь  бастапты . Ол о баста-ақ  қорғанды  өзінен  кейінгі императорлар  жалғастырып  тұрғызатындай  етіп ойластырған.Мин әулеті  оны кейін  жақсылап  жөндеуден  өткізіп, қорғанды жалғастырып  тұрғызды.Ендігі   бір деректе  Бохай  бұғазынан басталатын   қорған  шамамен 2000  жыл  бұрын  салынған делінген.Бірақ,  бұл  нақты  дерек  емес.Чу, Цин, Ци, Чжао, Вэй, Хан секілді  тағы  да  басқа  хандықтар  өз аймақтарын  жаудан  қорғау үшін   қорғанмен  қоршаған  көрінеді.Кейінен  қытайды  бір  мемлекетке біріктірген   император Цинь б.э.д  221  жылы  ғұндар  даласында қараған  осы   қорғандардың   бәрін  бір - бірімен  біріктіру   жайында жарлық   берген . Ұлы  Қорған - Қытайдың   көне заманындағы  ең ұлы құрылыс.Қорған   656 ж. Немесе  одан  да  көп  жыл  бұрын тұрғызылған . Бұл  Қытай  тарихында  Чұн-Чиу  дәуіріне тура келеді.Қытайдың   орта  және  терістік  бөлігінде  көптеген  ұсақ мемлекеттер  көп  болған.Соның   ішіндегі  Чу  елі  жаудан  қорғану үшін   қорған  салған.Содан  бастап  әр  патшалық  қорған салып, қорғанның   ұзындығы 1,2  мың  шақырымға  дейін  жеткен.

221  б.э.б ж. Чин  әулетінің  патшасы - Чин  Шы  Хуаң  Қытайды бірлікке   келтірді.Солтүстіктегі   көшпенді  ғұндардың  шапқыншылығын   бөгеу  үшін,  патша  солтүстікке   салынған  ішінара  қорғандарды   бір - біріне  тұтастыру   жайлы  бұйрық   береді.Сол кездегі    қорғанның  жалпы  ұзындығы   5000  шақырымға  жеткен, әрі  содан   бастап <<Ұлы   Қорған>>  деп   атала  бастаған.

мен ғұндар  арасында   үнемі  соғыс   болып  тұрады  да ,Хан  патшалығы   <<Ұлы Қорғанды>>  батысқа   қарай  Хан   патшалығы  (206  б.э.б - 220) тұсында  қытайлар  соза түсіп ,жалпы  ұзындығы   10  мың шақырымға   жеткізеді .Хан  патшалығының   бұлай   істеуі, жаңа ашылған   <<Жібек   жолын>>   қорғау  үшін  де  еді.

     Шың  империясының күйреуінен  кейін,  құрылыс уақытша  тоқтап қалды. Жан-жақтан жау  шапқыншылығы үдеген  сайын  мемлекет әлсірей  бастады. Сондықтан, Чиң  Шы Хуаңнан  кейінгі  императорлар  қорған  құрылысын аяқтауға  бел буады.Олар, егер    қорған  оны  айналып  өте  алмайтындай  ұзақ болса,  басып кіретін   осал жері  болмаса,  мемлекет  қауіпсіздікте болатынына кәміл сенді.Ақыры, барлық  бөлек  дуалдар біріктіріліп, империяның бүкіл шекара бойымен  созылған біріккен  сыртқы  қорған  пайда  болды.

 Ұлы  Қытай  Қорғаны--- дүние жүзіндегі ең  ұзын  құрылыс  болып  есептелінеді.Ол Лиаодун  бұғазысынан басталып,содан соң  солтүстік Қытайдан Бейжіңнің  солтүстік - шығы  жағынан өтеді.Мемлекетті жанай өтіп, Гоби  шөліне  кіреді.Қорғанның  нақты  ұзындығы жайлы  әр түрлі пікірлер  болғандықтан,  оның  жалпы  ұзындығы  әр жерде  әр   түрлі  көрсетілген. Қорғанның  басы мен   соңы  арасындағы тік  сызық  ұзындығы   2450 км , ал  қорғанның  бүкіл қосымша  дуалдардың, параллель қоршаулардың  ұзындықтарын  жалпы  есептегенде,6000-нан 6500 км-ге дейін   жетуі  керек.1990 ж.әлдебір қытайлық  қорғанды  жаяу  жүріп  өтіп, жалпы  ұзындық-6700 км екенін  мәлімдеді.

  Ұлы  Қытай  Қорғаны--- тас  іргетаста  тұрғызылған.Оның  негізгі  құрылыс  материалы---кірпіш..Дегенмен, кірпіш  қорғанның  сыртқы  дуалдарында ғана  қолданылған. Ал олардың арасы  тапталған топырақпен  толтырылған.Бұл ғаламат   құрылысқа  700 млн.сағат, 180 млн.  м³ жер көлемі,тас  пен  кірпіштің 60 млн. м³  кеткен  деп  есептелінді. Ешбір  Мысыр   Фараонына  мұндай  жұмыс  көлемі  түсіне де  кірмеген.

   Қорғанның  стандартты  биіктігі --- 15 м, ені -- 5,5 м.Қорған  үстімен  екі  қарама-қарсы арба  және 5 қатар  солдат   тобы  өте алатын еді.Демек, бұл қорған  --- тек қамал  емес, жол  қызметін де  атқарған.  

   Әр 100-120 м сайын (екі   жебе  жететін  ара  қашықтық), қорған  үстіне  онша  биік емес   қамалдар  тұрғызылған. Ол жерден  күндіз  түтін, түнде  -- от  белгісі  арқылы бүкіл ел  бойынша  жаңалық таратылып отырған. Тарихшылар:« Бұрынырақта  қамал саны 60 мыңға жеткен екен.»--- деп  мәлімдейді .Қазіргі таңда  қорғанның көптеген  жерлері  шөккен  соң,  қамал  саны әлі де 20 мыңның шамасында деп мәлімденеді.

  Кейбір  жерлерде қақпалар кездеседі, бірақ олардың саны  аз. Олар  керуен  жолдары мен  қала  маңында  орналасқан.Негізінен, 5 ірі  керуен  жолындағы 5 қақпа  --- Қытайға кіретін негізгі қақпалар болып  есептелінеді. Солардың бірі Бейжің    маңында орналасқан. Облыстың  бұрынғы  тұрғындары, әлі де   қорғанмен  қоршалмаған жерлерді Қытай  деп  санамайды  екен. Сондықтан да, бұл  жерге бүгінге шейін « шет  жерде» көз  жұмған қытайлықтарды  әкеліп отырады.5 қақпа  маңындағы  қалалар  міндетті  түрде   кең  зираттары бар.

« Мемлекет  мықты  кезінде, көршілер   оған баса  көктеп кіре алмайды, ал  егер  мемлекет  әлсіресе  ,  оны  ешқандай  да  қамал  құтқара алмайды, ұзаққа  шыдай алмай, көп  ұзамай беріледі » деген   қағида  бар. Сол  сияқты  , Ұлы  Қытай  Қорғанының  құрылысының  аяқталғанына  жарты ғасыр өтпей жатып,император  армиясының  тарқағанын  пайдаланып, маньчжурлар қорғанға  баса  көктеп кіріп, Бейжіңді  басып алады.Әскери  жағдайдың   ушығуына  байланысты,әрі  соғыста жаңа  техникалар  пайда болуы  әсерінен Ұлы Қорған  өзінің  күш-қуатынан  айырылды. Оны  әскери  жағдайда  ұстап тұру  тым  қымбатқа түсті әрі  тиімсіз  болды.Қорғанның  көптеген жерлері, әсіресе  үлкен қалалар маңындағы бөліктері бұзылып, қираған  еді. Бұл ғаламат құрылыс --- төңіректі  қоршап  тұрған   жай  біраз  көтерілген  дуалдарға ұқсап  қалды.Әсіресе  оның, мың тіпті екі  мың  жыл бұрын  тұрғызылған  бөліктері зардап  шеккен.. Дегенмен, бұл жағдайларға қарамастан ,  қорған бәрін  таңғалдырып  жатты  және  де  дәл  осы құрылыстың---- Қытайдың символына  айналуына  ғажап емес. 

Қазір де, мың жыл бұрын  секілді , ол  бүкіл  Қытай арқылы  өтеді. Жолында  ол тауды  кездестіріп  айналып өтпейді,  қайта таумен  бірге жоғары өрмелеп, екінші жағынан  төмен  түседі;ол  құрғақ  даламен  және  қала  маңымен  өтеді.Ол  әрі таңғаларлық  әрі  қайғылы.Бұл  халықтың көпғасырлық   еңбегіне  арналған  ---әлемдегі ең  ірі  ескерткіш, сонымен  қатар ол-- адамзат  қайғысына, әділетсіздікке   арналған ескерткіш.

 

Ұқсас материалдар