Қандастар Ассамблея

Генерал Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебі

05.12.2012 2688
Генерал Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебі. Мектеп мемлекеттік және шет тілдерін әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген даярлығымен орта жалпы білім беру оқу орны ретінде «Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік мекемені кұру мәселелері» туралы ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы №309 қаулысына сәйкес құрылды. Мектеп-интернат түріндегі оқу орны болып табылады, мектептің тәрбиеленушілері ұландар деп аталады. Мектеп мынадай қызмет түрлерін: 1) ұландардың шығармашылық, рухани және дене бітімін дамыту мүмкіндіктерін арттыруды, адамгершілік пен салауатты өмір салтының тұрақты негіздерін қалыптастыруды, дарашылдықты дамыту үшін шарттар жасау жолымен санатшылдығын байытуды; 2) азаматшылықты және патриотизмді, өз Отаны - ҚР-на деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтың әдет-ғұрпын қадірлеуге, кез келген конституцияға және қоғамдық көріністерге қарсы төзбеушілікке тәрбиелеуді; 3) әлемдік және отандық мәдениеттің қол жеткізулерін жинақтауды; қазақ және республиканың басқа да халқының тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын зерделеуді; 4) мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеруді; 5) оқытудың жаңа технологияларын енгізуді, білім беруді ақпараттандыруды; 6) жоғары жалпы мәдениетті, адамгершілікті, моральдық-психологиялық, іскерлік және ұйымдастырушылық қасиеттерін қалыптастыруды; 7) ұландарға ар-намысты,адамгершілікті, адамның Құқықтары мен бостандығын сыйлауды дарытуды; 8) білім өсіру процесінің құрамдас бөлігі және мектеп қызметінің негізгі бір түрі болып табылатын тәрбие жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Мектептің негізгі міндеттері: 1)ұлттық және жалпы адамдық қасиеттер негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына, ғылым мен практиканың қол жеткізулеріне бағытталған мемлекеттік және шет тілдерін және әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген дене даярлығымен ұландардың жалпы орта білім алуы үшін қажетті жағдай жасау; 2) әскери-кәсіби бейімдеу болып табылады. Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі міндеттері: 1) Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұландарда патриотизм мен интернационализм, халқына және еліне, оның Конституциясына, Республиканың Үкіметіне, Қарулы Күштеріне деген адалдық сезімін дарыту, дәстүрлерді құрметтеу; 2) қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ҚР мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау; 3) ұландарда жоғары адамгершілік, моральдық-еріктік және психологиялық қасиеттерді дарыту; 4) ұландарда құқықтық сананы қалыптастыру, ұжым өмірінің нормаларын сыйлауға тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу, жоғары құқық мәдениетін және тәртіптілікті қалыптастыру; 5) болашақ офицердің жоғары рухани және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұландардың эстетикалық сезімін дамыту, олардың бойына әдемілікке деген сүйіспеншілікті дарыту; 6) салауатты өмір салтына, дене бітімін жетілдіруге қажеттілікті тәрбиелеу; 7) ұландарды әскери оқу орындарында оқыту үшін даярлау мақсатында әскери кәсіптік бейімдеу болып табылады. Мектеп заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) орта жалпы білім берудің екі дәрежедегі жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін жүзеге асырады: негізгі (7-9 сыныптар) және жоғары (10-11 (12) сыныптар; 2) ҚР ҚМ (басымдық құқығы бар) және басқа да мемлекеттердің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін біті- рушілерді жібереді; 3) мектепті белгіленген нормалар бойынша оқулықтармен, оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, спорттық заттармен, т.б. жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимыл жасайды; 4) ҚР заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Ұқсас материалдар