Қандастар Ассамблея

Әскери рәміздер мен рәсімдер

05.12.2012 10417
Әскери рәміздер мен рәсімдер — мемлекеттің Қарулы Күштерінің әскери құрамалары мен бөлімдерінде қабылданған рәміздік белгілер мен дәстүрлі рәсімдер. Рәміздік белгілерге: жауынгерлік ту, жалау, әскери ауыспалы байрақтар, әскери нышандар (символ, таңба, эмблема) және әскери айырым белгілері жатады. Жауынгерлік ту немесе әскери ту — әскери бөлімнің рәміздік белгісі. Ол металдан істелген (көбінесе үшкір келетін) ұштығы бар сапқа бекітілген түсті матадан жасалады. Жауынгерлік ту жиынға шақыру және әскерлерді біріктіру белгісі ретінде Ежелгі Шығыс, Үндістан, Қытай т.б. мемл-терде ерте замандарда пайда болған. Қазіргі заманғы жауынгерлік ту бөлімге құралып болған кезде ресми түрде тапсырылады. Әр жауынгер өз бөлімінің жауынгерлік туын сақтауға, қорғауға міндетті. Оны жоғалтқан жағдайда бөлім командирі әскери трибунал сотына тартылады, ал бөлім таратылады. Жалау — әскери құраманың немесе әскери кеменің белгілі бір мемлекеттің Қарулы Күштеріне жататындығын білдіретін ресми бекітілген пішіні мен түсі бар, матадан істелген айыру белгісі. Олар өте ерте заманда пайда болып, 16 — 18 ғ-да түбегейлі орныққан. (қ. Байырғы әскери рәміздер). Әскери айырым белгілері — әскери қызметшілердің жеке әскери атағын, әскери қызметке қатысты дәрежесін, әскердің қай түріне, тегіне жататындығын білдіретін әскери киімдердегі арнайы белгілер. Оған иықтық белгі (погон), ілгешек-түйреуіш (петлица), эполеттер, жағалық, өңірлік, жеңдік өрнектер (нашивки), жапсырма-сырмақтар (шеврон); баскиімдердегі, иықтықтардағы, түйме мен ілгешек-түйреуіштердегі, эполеттердегі белгілер, жығалар, эмблемалар т.б.); канттар (басқа түсті матадан тігілетін жіңішке жолақтар) мен лампастар (жалпақ жолақтар) жатады. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің иықтық белгілерінде олардың әскери атақтарына сәйкес, әскердің қайсыбір түріне қатыстылығын білдіретін жолақтар, жұлдызшалар, өрнектер және эмблемалар мен әріптік белгілер болады. Әскери ауыспалы байрақтар — әскери құрамалар мен бөлімдерге өзара жауынгерлік жарыстардағы, әскери-қызметтік міндеттерін орындаудағы жетістіктері үшін тапсырылатын мадақ белгісі. Сондай-ақ әскери қызмет көрсету де Қарулы күштер салтында қалыптасқан ілтипат білдіру, қастерлеу рәсімі болып табылады. ҚР-ның Қарулы Күштерінде шетел мемл-терінің жоғары лауазымды басшыларын қарсы алу, шығарып салу салтанатында; ҚР Президенті әскери бөлімшелерге келген кезде; ҚР-ның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен зираттарына гүлдесте қою сәтінде; Жауынгерлік туды алып шыққанда; әскери қызметкерлерді, сондай-ақ ҚР алдында айрықша еңбегі бар азаматтарды жерлеу кезінде әскери рәсім жасалады. Әскери қызметшілер бір-бірімен жолыққан кезде құрмет көрсетіп, сәлемдесуге тиіс. Әскери құрмет көрсету тәртібі жарғыда, нұсқаухатта және айрықша нұсқауларда белгіленген. ҚР Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы Жарлығымен Шекара әскерлерінің, Қшкі әскерлердің, ҚР Президенті Күзет қызметінің және Респ. ұланының бірқатар әскери рәміздері белгіленді. С. Көшімбаев, А. Алданазаров  

Әскери рәміздер мен рәсімдер — мемлекеттің Қарулы Күштерінің әскери құрамалары мен бөлімдерінде қабылданған рәміздік белгілер мен дәстүрлі рәсімдер. Рәміздік белгілерге: жауынгерлік ту, жалау, әскери ауыспалы байрақтар, әскери нышандар (символ, таңба, эмблема) және әскери айырым белгілері жатады.
Жауынгерлік ту немесе әскери ту — әскери бөлімнің рәміздік белгісі. Ол металдан істелген (көбінесе үшкір келетін) ұштығы бар сапқа бекітілген түсті матадан жасалады. Жауынгерлік ту жиынға шақыру және әскерлерді біріктіру белгісі ретінде Ежелгі Шығыс, Үндістан, Қытай т.б. мемл-терде ерте замандарда пайда болған. Қазіргі заманғы жауынгерлік ту бөлімге құралып болған кезде ресми түрде тапсырылады. Әр жауынгер өз бөлімінің жауынгерлік туын сақтауға, қорғауға міндетті. Оны жоғалтқан жағдайда бөлім командирі әскери трибунал сотына тартылады, ал бөлім таратылады.
Жалау — әскери құраманың немесе әскери кеменің белгілі бір мемлекеттің Қарулы Күштеріне жататындығын білдіретін ресми бекітілген пішіні мен түсі бар, матадан істелген айыру белгісі. Олар өте ерте заманда пайда болып, 16 — 18 ғ-да түбегейлі орныққан. (қ. Байырғы әскери рәміздер). Әскери айырым белгілері — әскери қызметшілердің жеке әскери атағын, әскери қызметке қатысты дәрежесін, әскердің қай түріне, тегіне жататындығын білдіретін әскери киімдердегі арнайы белгілер. Оған иықтық белгі (погон), ілгешек-түйреуіш (петлица), эполеттер, жағалық, өңірлік, жеңдік өрнектер (нашивки), жапсырма-сырмақтар (шеврон); баскиімдердегі, иықтықтардағы, түйме мен ілгешек-түйреуіштердегі, эполеттердегі белгілер, жығалар, эмблемалар т.б.); канттар (басқа түсті матадан тігілетін жіңішке жолақтар) мен лампастар (жалпақ жолақтар) жатады. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің иықтық белгілерінде олардың әскери атақтарына сәйкес, әскердің қайсыбір түріне қатыстылығын білдіретін жолақтар, жұлдызшалар, өрнектер және эмблемалар мен әріптік белгілер болады. Әскери ауыспалы байрақтар — әскери құрамалар мен бөлімдерге өзара жауынгерлік жарыстардағы, әскери-қызметтік міндеттерін орындаудағы жетістіктері үшін тапсырылатын мадақ белгісі.
Сондай-ақ әскери қызмет көрсету де Қарулы күштер салтында қалыптасқан ілтипат білдіру, қастерлеу рәсімі болып табылады. ҚР-ның Қарулы Күштерінде шетел мемл-терінің жоғары лауазымды басшыларын қарсы алу, шығарып салу салтанатында; ҚР Президенті әскери бөлімшелерге келген кезде; ҚР-ның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен зираттарына гүлдесте қою сәтінде; Жауынгерлік туды алып шыққанда; әскери қызметкерлерді, сондай-ақ ҚР алдында айрықша еңбегі бар азаматтарды жерлеу кезінде әскери рәсім жасалады. Әскери қызметшілер бір-бірімен жолыққан кезде құрмет көрсетіп, сәлемдесуге тиіс. Әскери құрмет көрсету тәртібі жарғыда, нұсқаухатта және айрықша нұсқауларда белгіленген.
ҚР Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы Жарлығымен Шекара әскерлерінің, Қшкі әскерлердің, ҚР Президенті Күзет қызметінің және Респ. ұланының бірқатар әскери рәміздері белгіленді.
С. Көшімбаев,
А. Алданазаров

 

Ұқсас материалдар