Қандастар Ассамблея

Ескелді ауданы

05.12.2012 6048
Ескелді ауданы Ескелді ауданы – Алматы облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 4,3 мың км². Тұрғыны 50,5 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 11,7 адамнан келеді (2006). Аудандағы 38 елді мекен 1 кенттік, 10 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Қарабұлақ кенті. Ескелді би ауданының жері негізінен Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі – басын мәңгі қар мен мұз басқан биік тау сілемдерінен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері (4016 м) орналасқан. Батысы – Көксу, Қаратал өзендері аңғарын қамтыған тегіс жазық. Мұнда аласа таулар (Дауылбай тауы, 922 м) мен қыраттар (Қызылжар, 932 м) кездеседі. Аудан аумағынан ағып өтетін Қаратал өзенінің Қараой, Шежі, Шымбұлақ және Көксу өзендерінің Құсақ, Жаңғыз салалары биік таулардан бастау алады. Ауданда аумағы кіші Үшкөл және Жасылкөл көлдері бар. Жер қойнауынан алтын, күміс (Бурақой), қорғасын, мырыш (Текелі, Батыс Текелі) кентастары өндіріледі. Мәрмәр, әктас кендері барланған. Ауданның климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң (батысында). Жазық өңірдегі қаңтардың орташа температурасы –8 – 11°С. Шілденің орташа температурасы жазық жерінде 23°С-тан, таулы өңірде 18°С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықта 250 – 350 мм, тауда 800 – 1000 мм. Шөлейтті дала белдеміне тән жазық бөлігінің топырағы сортаң, құмдақ сұр және қоңыр келеді, таулы өңірінің топырағы қоңыр, қызыл қоңыр, шалғынды қара. Өсімдіктерден жусан, сұлыбас, сүттіген, бетеге қызыл мия, тал, шырғанақ, ырғай, долана, алма ағашы,қайың, шырша, қарағай өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, аю, барыс, борсық, таутеке, арқар, марал, қырғауыл, кекілік, сарышұнақ, аламан, т.б. мекендейді. Таулы өңірінде «Жетісу аяқтыбалығы» мемлекеттік қорықшасы (4,8 мың га) орналасқан. Ауданда өнеркәсіп бағытында 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Ірісі – «Алматы қанты» жабық акционерлік қоғамы. Ескелді би ауданының ауыл шаруашылығына жарамды жері 580,4 мың га (2006). Оның 51,4 мың га жері жыртылған, шабындық 16,4 мың га, жайылымдар 506,7 мың га жерді құрайды. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді. Ескелді би ауданы - облыстың орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 4,3 мың км². Тұрғыны 48,4 мың адам (1999). Аудандағы 38 елді мекен 1 кенттік, 10 ауылыдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы— Қарабұлақ кенті. Ескелді би ауданының жері, негізінен, Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі — басын мәңті тау мен қар басқан биік тау сілемдерінен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері орналасқан. Батысы — Көксу, Қаратал өзенідері аңғарын қамтыған тегіс жазық. Мүңда аласа таулар (Дауылбай т., 922 м) мен қыраттар (Қызылжар, 932 м) кездеседі. Аудан аумағынан ағып өтетін Қаратал өзенінің Қарой, Шежі, Шымбұлақ және Көксу өзенінің құсақ, Жаңғыз салалары биік таулардан бастау алады. Ауданда аумағы кіші Үшкөл және Жасылкөл көлдері бар. Жер қойнауынан алтын, күміс (Бурақой), қорғасын, мырыш (Текелі, Батыс Текелі) кентастары өндіріледі. Мәрмәр, өктас кендері барланған.

Ескелді ауданы
Ескелді ауданы – Алматы облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 4,3 мың км². Тұрғыны 50,5 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 11,7 адамнан келеді (2006). Аудандағы 38 елді мекен 1 кенттік, 10 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Қарабұлақ кенті. Ескелді би ауданының жері негізінен Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі – басын мәңгі қар мен мұз басқан биік тау сілемдерінен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері (4016 м) орналасқан. Батысы – Көксу, Қаратал өзендері аңғарын қамтыған тегіс жазық. Мұнда аласа таулар (Дауылбай тауы, 922 м) мен қыраттар (Қызылжар, 932 м) кездеседі. Аудан аумағынан ағып өтетін Қаратал өзенінің Қараой, Шежі, Шымбұлақ және Көксу өзендерінің Құсақ, Жаңғыз салалары биік таулардан бастау алады. Ауданда аумағы кіші Үшкөл және Жасылкөл көлдері бар. Жер қойнауынан алтын, күміс (Бурақой), қорғасын, мырыш (Текелі, Батыс Текелі) кентастары өндіріледі. Мәрмәр, әктас кендері барланған. Ауданның климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң (батысында). Жазық өңірдегі қаңтардың орташа температурасы –8 – 11°С. Шілденің орташа температурасы жазық жерінде 23°С-тан, таулы өңірде 18°С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықта 250 – 350 мм, тауда 800 – 1000 мм. Шөлейтті дала белдеміне тән жазық бөлігінің топырағы сортаң, құмдақ сұр және қоңыр келеді, таулы өңірінің топырағы қоңыр, қызыл қоңыр, шалғынды қара. Өсімдіктерден жусан, сұлыбас, сүттіген, бетеге қызыл мия, тал, шырғанақ, ырғай, долана, алма ағашы,қайың, шырша, қарағай өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, аю, барыс, борсық, таутеке, арқар, марал, қырғауыл, кекілік, сарышұнақ, аламан, т.б. мекендейді. Таулы өңірінде «Жетісу аяқтыбалығы» мемлекеттік қорықшасы (4,8 мың га) орналасқан. Ауданда өнеркәсіп бағытында 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Ірісі – «Алматы қанты» жабық акционерлік қоғамы. Ескелді би ауданының ауыл шаруашылығына жарамды жері 580,4 мың га (2006). Оның 51,4 мың га жері жыртылған, шабындық 16,4 мың га, жайылымдар 506,7 мың га жерді құрайды. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді.
Ескелді би ауданы - облыстың орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 4,3 мың км². Тұрғыны 48,4 мың адам (1999). Аудандағы 38 елді мекен 1 кенттік, 10 ауылыдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы— Қарабұлақ кенті. Ескелді би ауданының жері, негізінен, Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі — басын мәңті тау мен қар басқан биік тау сілемдерінен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері орналасқан. Батысы — Көксу, Қаратал өзенідері аңғарын қамтыған тегіс жазық. Мүңда аласа таулар (Дауылбай т., 922 м) мен қыраттар (Қызылжар, 932 м) кездеседі. Аудан аумағынан ағып өтетін Қаратал өзенінің Қарой, Шежі, Шымбұлақ және Көксу өзенінің құсақ, Жаңғыз салалары биік таулардан бастау алады. Ауданда аумағы кіші Үшкөл және Жасылкөл көлдері бар. Жер қойнауынан алтын, күміс (Бурақой), қорғасын, мырыш (Текелі, Батыс Текелі) кентастары өндіріледі. Мәрмәр, өктас кендері барланған.