Қандастар Ассамблея

Панфилов ауданы

05.12.2012 11491
  Панфилов ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1923 — 42 жылы Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталды. 1956 жылы ауданға Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) қосылды. Жер аумағы 10,6 мың км2. Халқы 115,6 мың адам (2004). Аудандағы 45 елді мекен 1 қалалық және 12 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Жаркент қаласы Географиясы Аудан солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен (ҚХР) және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен шектеседі. Солтүстік-батысында Жетісу (Жоңғар) Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, солтүстік-батысында Қатутау, Қояндытау жоталарымен шектелген. Ауданның ең биік жері — Мұзтау тауы (4370 м). Оңтүстік-шығыста аласа таулы Ақтау тауы (883 м) жайласқан. Мұнда палеоген кезеңінде (шамамен бұдан 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтологиялық қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық паркінің қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га). Жер қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, Сенім) және Жаркент артезиан алабында термальды су көздері бар. Климаты Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық орташа темп-ра 8 — 10ӘС, шілдеде 20 — 24ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден (жазық өңірде) 500 — 700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады. Аудан жерінен Іле және оның салалары, Іорғас, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Борохудзир (Бұрақожыр) өзендері ағып өтеді. Бірнеше шағын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құркөл, т.б.) бар. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Флорасы мен фаунасы Ауданда өсімдіктердің 100-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркекшөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан: қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі. Жалпы, Панфилов ауданындағы 50-ден аса аң-құс түрлерінің 30-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген. Демографиясы Аудан халқының басым бөлігін қазақтар (63,0 %) құрайды. Одан өзге ұйғыр (29,0%), орыс (5,4%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы 10,9 адам. Ірі елді мекендері: Жаркент қаласы (33,4 мың адам), Көктал (11,2), Пенжім (5,3), Елтай (4,8), Үшарал (4,3), Үлкеншыған (4,5), Алтыүй (3,7), Іоңырөлең (3,4), Алмалы (3,0) ауылдары. Шаруашылығы Ауданда 1997 жылға дейін асыл тұқымды қой, ірі қара және жүгерінің гибридті тұқымдарын өсіруге маманданған 6 ұжымшар, 5 кеңшар болған. Қазір осы салаларға қосымша қызылша тұқымын және өсімдік майын алатын дақылдар өсіру дамуда. Панфилов ауданында 2002 жылдың басында 39 ауыл шаруашылығы ӨК, 3 ЖШС, 1 акционерлік қоғам және 3145 шаруа қожалығы, 16 өнеркәсіп орны, 2 жолаушы таситын, 3 жүк таситын көлік ұжымдары, аудандық телекоммуникация бөлімшесі, жергілікті пошта торабы сияқты меншіктің әр түріндегі 336 заңды және жеке тұлғалар тіркелген. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 648,0 мың га, оның ішінде егістігі — 41,0 мың га, жайылымы 587,0 мың га, шабындығы 19,4 мың га (2002). Мал түліктерінен ауданда 40,5 мың ірі қара, 224,0 мың қой мен ешкі, 12,2 мың жылқы, 390 түйе және 116,0 мың әр түрлі құс болды (2002). Мәдениеті Білім беру, мәдени мекемелерінен ауданда 41 орта, 2 орталау, 6 бастауыш, 1 кәсіптік-тех. мектеп, Жаркент педагогикалық колледжі, Талдықорған Заң колледжінің бөлімшесі, Талғар медициналық колледжінің бөлімшесі, жекеменшік математика-информатикық лицей, 57 кітапхана, 2 музей, 3 мәдениет үйі, 7 клуб, т.б. бар.  

 

Панфилов ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1923 — 42 жылы Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталды. 1956 жылы ауданға Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) қосылды. Жер аумағы 10,6 мың км2. Халқы 115,6 мың адам (2004). Аудандағы 45 елді мекен 1 қалалық және 12 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Жаркент қаласы
Географиясы
Аудан солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен (ҚХР) және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен шектеседі. Солтүстік-батысында Жетісу (Жоңғар) Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, солтүстік-батысында Қатутау, Қояндытау жоталарымен шектелген. Ауданның ең биік жері — Мұзтау тауы (4370 м). Оңтүстік-шығыста аласа таулы Ақтау тауы (883 м) жайласқан. Мұнда палеоген кезеңінде (шамамен бұдан 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтологиялық қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық паркінің қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га). Жер қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, Сенім) және Жаркент артезиан алабында термальды су көздері бар.
Климаты
Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық орташа темп-ра 8 — 10ӘС, шілдеде 20 — 24ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден (жазық өңірде) 500 — 700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады. Аудан жерінен Іле және оның салалары, Іорғас, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Борохудзир (Бұрақожыр) өзендері ағып өтеді. Бірнеше шағын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құркөл, т.б.) бар. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан.
Флорасы мен фаунасы
Ауданда өсімдіктердің 100-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркекшөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан: қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі. Жалпы, Панфилов ауданындағы 50-ден аса аң-құс түрлерінің 30-дан астамы Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген.
Демографиясы
Аудан халқының басым бөлігін қазақтар (63,0 %) құрайды. Одан өзге ұйғыр (29,0%), орыс (5,4%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы 10,9 адам. Ірі елді мекендері: Жаркент қаласы (33,4 мың адам), Көктал (11,2), Пенжім (5,3), Елтай (4,8), Үшарал (4,3), Үлкеншыған (4,5), Алтыүй (3,7), Іоңырөлең (3,4), Алмалы (3,0) ауылдары.
Шаруашылығы
Ауданда 1997 жылға дейін асыл тұқымды қой, ірі қара және жүгерінің гибридті тұқымдарын өсіруге маманданған 6 ұжымшар, 5 кеңшар болған. Қазір осы салаларға қосымша қызылша тұқымын және өсімдік майын алатын дақылдар өсіру дамуда. Панфилов ауданында 2002 жылдың басында 39 ауыл шаруашылығы ӨК, 3 ЖШС, 1 акционерлік қоғам және 3145 шаруа қожалығы, 16 өнеркәсіп орны, 2 жолаушы таситын, 3 жүк таситын көлік ұжымдары, аудандық телекоммуникация бөлімшесі, жергілікті пошта торабы сияқты меншіктің әр түріндегі 336 заңды және жеке тұлғалар тіркелген. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 648,0 мың га, оның ішінде егістігі — 41,0 мың га, жайылымы 587,0 мың га, шабындығы 19,4 мың га (2002). Мал түліктерінен ауданда 40,5 мың ірі қара, 224,0 мың қой мен ешкі, 12,2 мың жылқы, 390 түйе және 116,0 мың әр түрлі құс болды (2002).
Мәдениеті
Білім беру, мәдени мекемелерінен ауданда 41 орта, 2 орталау, 6 бастауыш, 1 кәсіптік-тех. мектеп, Жаркент педагогикалық колледжі, Талдықорған Заң колледжінің бөлімшесі, Талғар медициналық колледжінің бөлімшесі, жекеменшік математика-информатикық лицей, 57 кітапхана, 2 музей, 3 мәдениет үйі, 7 клуб, т.б. бар.